Материал: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Ескерту: емшара алдында науқас қуығын босатуы керек.104.Тұзды (гипертониялық) клизманы коюМақсаты: ішектің созылып, керіліп, жиырылуын күшейту және мол сұйықтықтың ішек тесігіне жиналу арқылы жуан ішектің төменгі бөлігін нәжістен және желден босату.Көрсеткіштері: операциядан кейінгі кезеңде, атониялық іш қатуда, жуан ішектің шырышты қабығының қабыну процесінде, әр түрлі ішек ісінуінде.Қарсы көрсеткіштері: жуан ішектің төменгі бөлігіндегі қабыну, ойықжара процесінде, анус аймағының сызатында, асқазан-ішектен қан кеткенде, қанаған геморройда.Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: тұзды ерітінді (10% натрий хлорид 100-200 мл), алмұрт тәрізді баллонша немесе Жане шприці, жел шығаратын түтік, лоток, қысқыш, салфеткалар, жаялық, клеенка, шпатель, қолғап, вазелин майы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз, науқасты кермемен қоршаңыз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  4. «Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл тұзды ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

  5. Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз ұшына вазелин майын 20-30 см ұзындығына жағыңыз.

  6. Науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бугілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.

  7. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіп ,оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

  8. Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын ала ауаны шығарып, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына жалғастырып, жаймен тұзды ерітіндіні енгізіңіз.

  9. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.

  10. Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарып алыңыз.

  11. Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.

  12. Аналь тесігі аймағын тазартыңыз.

  13. Науқасты арқасына бұрылып жатуын сұраңыз. Науқастың қал жағдайын сұраңыз.

  14. Ұштыкты, жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  15. Қолғапты шешіңіз.

  16. Қолғапты, салфеткаларды ҚЖКЖК- ға салыңыз.

  17. Қолыңызды, жуып кептіріңіз.
ХІ. Құықты катетерлеу 105. Әйелдердің қуығын катетерлеуМақсаты: емдік: қуыктағы несепті дер кезінде шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.Көрсеткіштері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ертінділерді енгізу, несіптік және жыныс жүйелеріне операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.Қарсы көрсеткіштері: уретраның (үрпінің) жарылуы, жедел уретрит, гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, зәр шығару каналының жедел қабынуы.Асқынулар: уретралды қызба, уретраның, қуықтын шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережесін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған катетер, 2 дана анатомиялық пинцеттер, корнцанг, лоток, салфеткалар, 2 дана қолғап, вазелин майы, 1:5000 фурацилин ерітіндісі,тері антисептигі, 1% спирттелген йод ертіндісі, несеп жинайтын ыдыс, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс,судно, алжапқыш, клеенка, жаялық, керме, науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтар, ҚЖКЖК. Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Наукаспен өз-ара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.

  2. Науқаска емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Науқасты кермемен оңашалаңыз.

  4. Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратуына көмектесемыз.

  5. Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз.

  6. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп,тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғап пен алжапқышты киіңіз.

  7. Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу іс-әрекетін) жүргізіңіз.

  8. Катетерлеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз.

  9. Тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ертіндісімен өндеңіз.Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз

  10. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз, зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашыңыз.

  11. Фурацилин ерітіндісіне малынған дәке салфеткасын пинцетпен алып, оң қолыңызға ұстаңыз.

  12. Несеп шығатын тесікті антисептикалық ерітіндімен тазалаңыз, кіші жыныс еріндерінің арасын жоғарыдан төмен қарай қимыл жасап жуыңыз.

  13. Дәке салфеткасын ауыстырып, фурацилин ерітіндісімен малынған дәке салфеткасын несеп шығатын каналдың тесігіне 1 минуттай басып ұстаңыз.

  14. Қолданылған дәке салфеткаларын ҚЖКЖК-ға, пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Пинцетті ауыстырыңыз.

  15. Ораудын саңылаусыздығын оның жасалған күнін тексеріңіз.Ораудан ашып катетерді пинцет арқылы алыңыз.

  16. Оң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің тұмсық (домалақ бітеу) ұшынан 5-7 см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстаңыз.

  17. Катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың ІV-ші, V-ші саусақтарының арасына қысып ұстаңыз.

  18. Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.

  19. Сол қолмен жыныс еріндерін ажыратып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізіңіз.

  20. Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз.

  21. Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  22. Зәр бөлінуі аяқталғаннан соң катетерді шығарыңыз, сол қолыңызбен қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін басыңыз. Катетерден шығарғаннан сон зәр ағымы зәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді).

  23. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз.

  24. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерін ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  25. Алжаапқышты дезерітіндімен 2 рет 15 мин арлығымен сүртіңіз.

  26. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  27. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
106. ерлердің қуығын катетерлеуМақсаты: қуыктағы несепті дер кезінде шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.Көрсеткіштері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ертінділерді енгізу, несіптік және жыныс жүйелеріне операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.Қарсы көрсеткіштері: уретраның (үрпінің) жарылуы, жедел уретрит,простатит, эпидидимит, гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.Асқынулар: уретралды қызба, уретраның қуықтын шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережесін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған катетер, 2 дана анатомиялық пинцеттер, корнцанг, лоток, салфеткалар, алжапқыш, 2 дана қолғап, вазелин майы, 1:5000 фурацилин ерітіндісі, несеп жинайтын ыдыс,тері антисептигі, 1% спирттелген йод ертіндісі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, клеенка, жаялық, керме, науқастың жыныс мүшесін жууға арналған құрал-жабдықтар, ҚЖКЖК. Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Наукаспен өзара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.

  2. Науқаска емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Науқасты кермемен оңашалаңыз.

  4. Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратқан.

  5. Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз.

  6. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп,тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғап пен алжапқышты киіңіз.

  7. Жыныс мүшесін жууға арналған құрал-жабдықты дайындап (стандартты қараңыз), оны жүргізіңіз.

  8. Қолғапты шешіп,қолымызды тері антисептикасымен өңдеп, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ертіндісімен өңдеңіз,қолғапты киіңіз.

  9. Науқастың оң жағына тұрып сол қолыңызға залалсыздандырылған салфетканы алып оны жыныс мүшесінің үстіне қойып 3,4- ші саусақтарыңызбен ұстап, ал 1,2- ші саусақтарыңызбен оның күпегін жыныс мүшесінің басынан жылжытыңыз.

  10. Қолыңызды тері антисептигімен өңдеңіз

  11. Оң қолыңызға пинцетпен дәке тампонын алып оны фурацилин ертіндісіне малып алыңыз, жыныс мүшесінің басын айналмалы қозғалыстармен сағат тілінің бағытында жоғарыдан төмен зәр шығару каналынан переферияға қарай тампондарды ауыстыра отырып жуыңыз.

  12. Зәр шығару каналының сыртқы ашық тесігіне бірнеше тамшы залалсыздандырылған вазелин майын тамызыңыз.

  13. Ораудын саңылаусыздығын оның жасалған күнін тексеріңіз. Пинцетті ауыстырыңыз.Орауды ашып катетерді пинцет арқылы алыңыз.

  14. Оң қолыңызға залалсыздандырылған пинцетпен катетердің тұмсық ұшынан 5-7 см қашықтықта алыңыз, катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың ІV-ші, V-ші саусақтарының арасына қысып ұстаңыз.

  15. Катетердің тұйық жағына лотоктың үстінен 15-20 см арақашықтықта залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.

  16. Сол қолдың 1-2 саусақтарымен жыныс мүшесінің басын ұстап тұрып катетердің бірінші 4-5 см енгізіңіз.

  17. Катетерді тағыда 4-5 см арақашықтықта ұстап жәймен 19-20 см ұзындығына зәр шығару каналына енгізіңіз.

  18. Жыныс мүшесін төмен қарай түсіріңіз.

  19. Катетердің қалған бөлігін зәр жинауға арналған ыдысқа салыңыз.

  1. Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  2. Зәр бөлінуі аяқталғаннан соң катетерді шығарыңыз, қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін сол қолыңызбен басыңыз. Катетерден шығарғаннан сон зәр ағымы зәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді).

  3. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз.

  4. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерін ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  5. Алжпқышты дезерітіндімен 2 рет 15 мин аралығынд сүртіңіз.

  6. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  7. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Ескерту: егер катетерді енгізген кезде кедергі пайда болса науқасқа тынышталып, өзін бос ұстауын кеңес беріңіз. Катетерді енгізген кезде еркектердің уретрасының физиологиялық бүгілістері мен тарылуларын ескере отырып, жыныс мүшесін ішіне қарай қисайтып, катетерді енгізіп кейін астына қарай қисайту керек.107. Қуықты жууМақсаты: қуықтың қабыну процесін емдеу, тіндердің іру өнімдерін, іріңді немесе ұсақ тастарды механикалық жолмен шығару. Зәр мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу алдында.Құрал-жабдықтар: науқастың жыныс мүшелерін жууға және катетерлеуге арналған құрал-жабдықтар, қуықты жууға арналған 370С дейін жылытылған антисептикалық ерітінді (фурацилин ерітіндісі немесе перманганат калийдің әлсіз ерітіндісі және т.б), Жане шприці, қолғаптар, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыды с, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқастың бөксе астына клеенканы және жаялықты салыңыз. Науқасты арқасымен жатқызып, тізелерін бүгіп, аяқтарын санынан ажыратыңыз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, оларды 70% спиртпен ылғалдатылған мақта шариктерімен, тырнақ пластинкасын 1% спирттелген йод ертіндісімен өңдеп, қолғапты киіңіз.

  4. Наукастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (іс-әрекетті қараңыз).

  5. Әйелдің қуығына катетерлеуді жүргізіңіз (іс-әрекетті қараңыз).

  6. Катетерлеу арқылы қуықты босатыңыз (катетерді шығармаңыз).

  7. 50-100мл мөлшеріндегі жылытылған фурацилин ерітіндісін Жане шприціне сорып алыңыз.

  8. Катетердің бос шетіне Жане шприцін жалғастырып, фурацилин ерітіндісін поршеннің қысымымен итеріп қуыққа енгізіңіз.

  9. Катетерден Жане шприцін шығарып алып, қуыққа енгізілген катетердің бос шетін несеп жинайтын ыдысқа салыңыз, сұйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады.

  10. Жуылған су таза болып шыққанша, жууды бірнеше рет қайталаңыз.

  11. Қуықта аз мөлшердегі ерітіндіні қалдырып, катетерді шығарыңыз да зарарсыздандыру ерітідіндісіне салыңыз.

  12. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  13. Науқастың тұруына және ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз, оны 1 сағат бойы бақылаңыз.
Ескерту: қуықты жуар алдында бір несеп шығаруда бөлінген несеп мөлшерін өлшеу арқылы, қуықтың сыйымдылығын анықтайды.ХІІ. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау108. Лабораториялық анализге саусақтан қан алуМақсаты: диагностикалық – жалпы клиникалық анализге қан алу; қанның пішінді элементерінің сандық және сапалық құрамын анықтау (эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің); қандағы гемоглобин санын және эритроциттердін тұну жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау; қандағы глюкозаны анықтау, сонымен қатар қан ұю және қан ағу уақытын анықтау.Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.Терінің тесілетін жерлері: құлақтың сырғалығы, төртінші саусақ, жаңа туған нәрестенің өкшесі.Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған садақ-скарификаторы, мақта шариктері, қолғаптар, 70% спирт, 5% йод ерітіндісі, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/153009