Материал: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

  1. Мейірбике науқасты зерттеу алдында, алда тұрған қанды алу утралы алдын ала ескертуі керек және қан ашқарында, дәрі-дәрмектерді қабылдауға дейін алынатынын, ал кешкі тамақта майлы тамақ қолданбау керектігін түсіндіреді.

  2. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолыңызды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен өңдеп, қолғапты киіңіз.

  4. Сол қолыңызбен науқастың сол қолының IV саусағын алыңыз, сіздің бірінші саусағыңыз науқастың қолының сыртқы бетінде, ал қалғандары алақан жағында орналасады.

  5. Тесілетін жерді залалсыздандырылған спиртпен ылғалдандырылған мақта шаригімен тазартыңыз және спирттін кебуін күтіңіз, өйткені тесілгеннен кейін шыққан қан саусақ бойымен ағып кетеді.

  6. Науқастың саусағының тырнақ жағын ақырындап қысыңыз және садақ- скарификаторды тік ұстап орталық сызықтан солға қарай тырнақтан аз ғана кейінжылжытып теріні тесіңіз.

  7. Тілік саусақ терісінің сызықтарына көлденең орналасуы керек, жарақат ашылып тұрады, одан қан оңай және мол ағады. Тері тура тырнақтың қасынан жасауға болмайды, себебі қан оның астына ағады және оны зерттеуге жинап алу қиындайды.

  8. Залалсыздандырылған құрғақ мақта шаригімен қанның алғашқы тамшысын сүртіңіз.

  9. Әрбір қанды зерттеуге жаңа тамшыдан жинайды.

  10. Қан алып болғаннан кейін тесілген жерді 5 % йод ерітіндісімен сүртіңіз.

  11. Қолғап, мақта шариктерін ҚЖКЖК-ға салыңыз.
Ескерту:

  • қол саусақтары күйіп және үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалындап, қатайып кеткен адамдардан қанды құлақтың сырғалығынан алуға болады;

  • ал емшектегі балалардан қанды аяқтың үлкен саусағынан немесе өкшесінен алады.
109. көк тамырдан вакуумдық жүйемен қан алуКөк тамырдан вакуумдық жүйемен қан алу – бұл қан үлгілерін жинау,тасымалдау және сапалы талдау үшін қауіпсіз жүйе. Вакутайнер – тамырдан қан алуға арналған бір рет қолданылатын вакуумды пластикалық жабық жүйе.Үш компоненттен тұрады:

  1. Қаупсіздік клапаны бар екі жақты ине

  2. Бір реттік ұстағыш

  3. Вакуумның белгілі көлемі бар залалсыздандырылған пробиркалар.
Артықшылықтары: қауіпсіздік,тиімділік,сынаманың тұтастығын және зерттеудің репродуктивтілігін қамтамасыз ету,минималды гемолиз,минималды микроклаттар,сынаманы алу мен оның қоспамен байланысы арасындағы уақыт тұрақты,қан/қоспа көлемінің арақатынасының дәлдігі,резеңке бұраудың минималды әсері,улгінің стерильдігі
Мақсаты: диагностикалықКөрсеткіштері: науқасты зерттеу.Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис.Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік тамырлары.Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: қауіпсіздік клапаны бар екі жақты ине , бір рет қолданылатын ұстағыш, штативтегі вакуумдық пробиркалар, лоток, мақта шариктері,пинцет, салфеткалар, 70 этил спирті, бет перде, қорғаныс көзілдірігі, алжапқыш, қолғап, пробиркаларды тасымалдауға арналған бикс, резеңке бұрау, клеенкалы жастықша, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімің аламыз. Емшара таңертең (ашқарынға) ерте асқа дейін алынады Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.

  2. Зертханаға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өндеңіз.

  5. Бет перде, қолғап, қорғаныш көзілдірігін, алжапқышты киіңіз.

  6. Қан алатын жүйені алып, қан алудың негізгі компонеттерінің жарамдылық мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

  7. Орауын ашыңыз.

  8. Инені алып қорғаныс қақпағын ашыңыз (екі жақты инені қолданғанда қорғаныс қақпағын ашыңыз)

  9. Инені ине ұстағышқа қойып соңына дейін бұраңыз.

  10. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

  11. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе киімінің үстінен байлаңыз.Бұрауды былай байлаңыз:оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.

  12. Қаржілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).

  13. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.

  14. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұраңыз. Сосын оны қысуын.

  15. Спирттелген екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз, оларды ҚЖКЖК-ға салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.

  16. Оң қолыңызға жүйені алыңыз: ІІ саусақ иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.

  17. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.

  18. Инеден қалпағын алып, көк тамырды 15 С бұрышпен тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған). Инені 1-1,5 см енгізіңіз.

  19. Ине ұстағышты сол қолға ауыстырыңыз, ал оң қолыңызбен пробирканы ине ұстағышқа қойып, қан келуін қамтамасыз етіңіз.

  20. Залалсыздандырылған пробиркаға қан жинала бастаса резеңке бұрауды босатыңыз.

  21. Пробирканы алынған қан үлгісімен ұстағыштан босатыңыз

  22. Пробиркадағы қанды шайқамай 8-10 рет араластырыңыз.

  23. Басқа да зерттеулерге қажет жағдайда ұстағышқа келесі пробирканы жалғаңыз.

  24. Пробирканы қанды тасымалдауға арналған контейнерге салыңыз.

  25. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынына н қолды сәл бүгуін сұраңыз.

  26. Мәліметтерді зерттеуге қан алу журналында тіркеп жолдамамен зертханаға жіберіңіз.

  27. Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  28. Алжапқыш пен қорғаныс көзілдірігін зарарсыздандырыңыз, қолғап, бет пердені шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  29. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: - қауіпсіз жүйесі бар қанды алу вакутайнер (BD VACUTAINER) медициналық қызметкерлерді максималды сақтауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.110. Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алуМақсаты: диагностикалықКөрсеткіштері: науқасты зерттеу.Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ.Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік тамырлары.Құрал-жабдықтар:залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприц, лоток, мақта шариктері, салфеткалар, 70 этил спирті, бет перде, қолғап, қорғаныс көзілдірігі, алжапқыш, штативтегі таза пробиркалар, резеңке бұрау, клеенкалы жастықша, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Емшара таңертең (ашқарынға) ерте асқа дейін алынады Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.

  2. Зертханаға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қол декотаминациясын жүргізіп, оларды тері антисептигімен өндеңіз.

  5. Бет перде, қолғап, қорғаныс көзілдірігін, алжапқышты киіңіз.

  6. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, оны құрастырып, инеден қалпағын алмай тұрып, ауасын шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

  7. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

  8. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе киімінің үстінен байлаңыз.Бұрауды былай байлаңыз:оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.

  9. Қаржілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).

  10. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.

  11. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұраңыз. Сосын оны қысуын.

  12. Спирттелген екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.

  13. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.

  14. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.

  15. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған).

  16. Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  17. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-10 мл қанды шприцке сорып алыңыз.

  18. Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.

  19. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.

  20. Шприцтен инені алып, контейнерге салыңыз.

  21. Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз.

  22. Пробирканы су өтпейтін тығынмен жабыңыз.

  23. Пробирканы қанмен бірге штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.

  24. Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.

  25. Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  26. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық зертханаға жіберіңіз.

  27. Қолғап, бет пердені шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  28. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:

  • биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;

  • ЖҚТБ және RW қан алуды күннін әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі;

  • қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады;

  • шприцсіз қанды алуға тиым салынады. Тек инемен (қан шашырау қауіпсіздігі бар).

  • жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастын аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз.

  1. Правила сбора мокроты на исследования.
Для безопасного сбора и обращения с мокротой медицинская сестрадолжна быть хорошо обучена, т.к. любая мокрота потенциально может быть инфицирована, в т.ч. микробактериями туберкулеза. Медицинская сестра должна провести с каждым пациентом инструктаж по правилам сбора мокроты на лабораторные исследования. Для сбора мокроты необходимо использовать посуду из прозрачного стекла, хорошо обезжиренную (вымытую содой без мыло), с надежной крышкой, способной предотвратить утечку. Банка должна иметь широкое горло и вместимость 50 мл и более мл. прозрачные банки является предпочтительными по сравнению с банками из темного стекла, т.к. это позволяет произвести осмотр мокроты, не открывая крышку. Запрещается ставить банку с мокротой на бланки направления, поскольку стенки банки могут быть загрязнены мокротой, что ведет к инфицированию бумаги. Медицинские сестры должны быть хорошо обучены процедуре сбора, работы и транспортировки мокроты.

  1. Рекомендуется собирать мокроту вне помещения, вдали от людей или в специально отведенном для этого помещении. Мокроту необходимо собирать одновременно, в течение нескольких часов.

  2. При водянистой мокроте с примесью остатков пищи или со слизью из носовой полости необходимо повторить процедуру сбора мокроты.

  3. Мокроту нужно собирать рано утром (натощак) до приема пищи, после санации полости рта.

  4. Мокроту хранить в прохладном месте на полу.

  5. С целью предотвращения риска заражения при сборе мокроты медицинская сестра должна стоять сзади пациента.

  6. Пациенту необходимо указать на то, что исследованию подлежит только мокрота, отделяющаяся при кашле, а не при отхаркивании.
112. Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинауМақсаты: диагностикалық: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.Көрсеткіштері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.Құрал-жабдықтар:

  • таза құрғақ, кең ауызды 50-100 мл ашық шыныдан жасалған контейнер;

  • контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палатасының №, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні);

  • 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі температурасы 370С қайнатылған су.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Қақырық таңертең (ашқарынға) ерте асқа дейін алынады.

  3. Науқастан сұраңыз:

  • таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;

  • тұп-тұра қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;

  • тік тұруды немесе тік отыруды;

  • қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды; оған жанаспай, терең дем алуды және дем шығаруды жасап, сосын жөтелуді; қақырықты 3-5 мл мөлшерде контейнерге жинаңыз;

  • қақырығы бар контейнерді қақпақпен жабыңыз.

  1. Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде зертханаға жіберіңіз.
Ескерту:

  • егерде жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;

  • қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа ескерту қажет.
113. Атиптік жасушаларға қақырықты жинауМақсаты: диагностикалық: қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау.Көрсеткіштері: тыныс алу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда.Құрал- жабдықтар:

  • таза құрғақ, кең ауызды 50-200 мл ашық шыныдан жасалған контейнер;

  • контейнердінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палата нөмірі, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні)

  • 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі температурасы 370С қайнатылған су.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Қақырық ерте таңертең (ашқарында) асқа дейін жиналады.

  3. Науқастан сұраңыз:
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/153009