Материал: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Зимницкий байқауы – бұл бүйректің қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік ішінде аныктауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесі мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды.Қалыптағы бүйрек кызметіне тән:

  • Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады.

  • Барлық 1 тәулікте ішкен сүйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді.

  • Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы.

  • Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы.

  • Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербеледі.
121. Диастазаға зәрді жинауМақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).Көрсеткіштері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.Құрал-жабдықтар: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ шыны банка, жолдаманы жазып банкіге желімдеп, жапыстырыңыз (бөлімнің қолы).Іс әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа алда болатын емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Зәрді жинауға ыдыс беріңіз.

  2. Таңертең жаңа бөлінген зәрді 100-200 мл даярланған банкіге жинаңыз.

  3. Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде зертханаға апарыңыз.
Ескерту: қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбейуі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.122. Қантты анықтауға зәрді жинауМақсаты: диагностикалық: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.Көрсеткіштері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.Құрал-жабдықтар: сыйымдылығы 3л және 200 мл таза құрғақ шыны банкілер, мөлшерленген ыдыс, шыны таяқша, жолдаманы жазып банкіге желімдеп, жапыстырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғап, ҚЖКЖК.Іс- әрекет алгоритмі:

  1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

  2. Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.

  3. 3 литрлік банкаға бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді флакон көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).

  4. Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).

  5. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз..

  6. 3 литрлік банкідегі бөлінген бір тәуліктің ішіндегі зәрдің жалпы мөлшерін өлшеңіз.

  7. 3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.

  8. 100-150 мл зәрді 200 мл банкіге құйыңыз және жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз.

  9. Жиналған зәрді клиникалық зертханаға апарыңыз.

  10. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз . Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:

  • Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02 промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.

  • Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).

  • Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.
123. Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтауМақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау.Көрсеткіштері: қант диабеті.Құрал-жабдықтар: зәр, ұзынша-сопақ тесті реактивімен, қолғап, ҚЖКЖК.Іс -әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  2. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  4. Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.

  5. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.

  6. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

  7. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:

  • қалыпты нәтижеде – реакция кері, зәрде глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде – зәрде глюкоза анықталады (глюкозурия).
124. Розин байқауын жүргізу(зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі өт пигменттерін анықтау).Құрал-жабдықтар: 1% спирттік йод ерітіндісі (1 г кристалды йод), сыйымдылығы 100 мл цилиндрде 20-30 мл 96% спирт (ректификатпен немесе Люголь ерітіндісімен ерітіп дайындайды), таза, құрғақ шыны түтік, тамызғыш, зәрді жинауға арналған ыдыс, қолғап, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

  2. Зәрді ыдысқа жинауға науқасты үйретіңіз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  4. 4-5 мл зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз.

  5. Шыны түтіктің қабырғасына абайлап 1% спирттік йод немесе Люголь ертіндісін тамызғышпен тамызыңыз.

  6. Қараңыз: шыны түтікте ерітінділердің шек арасында жасыл сақина пайда болады (егерде билирубин болса).

  7. Қолданған тамызғышты, шыны түтікті, зәрді жинауға арналған ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  8. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
125. Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтауМақсаты: диагностикалық (зәрдегі билирубинді анықтау).Көрсеткіштері: жедел және созылмалы гепатиттер.Құрал-жабдықтар: жаңа жиналған зәр, ұзынша-сопақ тест реактивпен, шыны түтік, қолғап, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

  2. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  4. Зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз.

  5. Зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.

  6. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын төгіңіз.

  7. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

  8. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: жаңа жиналған зәр күн сәулесінен сақталуы керек, неге десең сәуленің әсерінен билирубин биливердинге жылдам тотығады. Қалыпта билирубин зәрде анықталмайды.126. Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу(әйелдерге)Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету.Көрсеткіштері: бүйрек аурулары.Құрал-жабдықтар: жылы қайнатылған су, сабын, қағаз сүлгі, қағаз салфеткалар, қақпағы бар залалсыздандырылған ыдыс, лабораторияға жолдама, ҚЖКЖК.Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа алда тұрған зерттеу (зәрді жинау) мақсаты мен ережесі туралы мәліметті беріңіз.

  2. Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салып, зәрді жинауға арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.

  3. Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.
Науқастың іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

  2. Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтарыңызды ажыратыңыз. Жыныс еріндерін емшара аяқталғанша саусақтарынызбен ажыратыңыз.

  3. Қайнатылған сумен жәэне сабынмен жыныс мүшелерін мұқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, үлкен жыныс еріндерін және зәр шығаратын түтіктің тесігін құрғатыңыз.

  4. Салфеткаларды кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  5. Зәр жинауға арналған ыдысты алыңыз. Ыдыстың және қақпақтың ішкі бетіне тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз.

  6. Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын түтіктің тесігінің жанына орналастырыныз.

  7. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, сонан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.

  8. Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінің» 3-5 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда бітіріңіз.

  9. Ыдысты қақпақпен жабыңыз және қағаз сүлгісіне қойыңыз.

  10. Қолыңызды сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

  11. Науқасқа киімін киюін сұраймыз.

  12. 3әрі бар ыдысты мейірбикеге беріңіз.
Ескерту:

  • бикстегі зәрді жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз;

  • материалды жібергенге дейін тоназытқышта t4-60С сақталуы қажет.

  • зәрді микрофлораға зерттеу антибиотиктер, уросептиктер қабылданғанға дейін және жеделдету диурезінде қалыпты жағдайдағы су ішу тәртібінде тағайындалады;

  • егерде зәрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.
127. Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу(еркектерге)Максаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, науқасты өз бетінше зәрді жинауға үйрету.Көрсеткіштері: бүйрек аурулары.Құрал-жабдықтар: жылы қайнатылған су, сабын, қағаз сүлгі, қағаз салфеткалар, қақпағы бар залалсыздандырылған ыдыс, лабораторияға жолдама, ҚЖКЖК.Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы хабарлаңыз.

  2. Қағаз сүлгіні төсеңіз, оның үстіне қағаз салфеткаларын жайыңыз, зәрге арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.

  3. Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіріп, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.
Науқастың іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

  2. Жыныс мүшесін ұстаңыз, жыныс мүшесінің басын босатыңыз және оны сабындап сумен жуыңыз.

  3. Салфетканы қолдана отыра, жыныс мүшесінің басын құрғатыңыз.

  4. Салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.

  5. Зәрді жинауға арналған ыдысты алыңыз, қақпақтың ішкі бетіне тигізбей ыдыстың қақпағын ашыңыз, қақпақты қағаз сүлгіге ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

  6. Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын каналдын тесігіне ұстаңыз.

  7. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, содан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.

  8. Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінен» 3-5 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда тоқтатыңыз.

  9. Ыдыстың қақпағын жабыңыз.

  10. Ыдысты қағаз сүлгісіне қойыңыз.

  11. Науқасқа киімін киюін сұраймыз.

  12. 3әрі бар ыдысты мейірбикеге беріңіз.

  13. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
Ескерту:

  • бикстегі зәрді жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз;

  • жиналған зәрді апарар алдында температурасы 4-60С тоңазытқышқа сақтайды;

  • микрофлораға зәрді зерттеу антибиотиктерді, уросептиктерді қабылдамас бұрын және диурез қалыпты су ішу тәртібінде;

  • егерде табиғи жолмен зәр жиналмаса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша, қуыққа катетерлеу жүргізіледі.
Зерттеуге нәжісті жинау ережелері. Нәжісті зерттеу – асқорыту аурулары бар науқастар үшін зерттеудің маңызды бөлігі болып табылады.Нәжісті жинау үшін мойны кең, тығыз жабылатын , бір рет қолданылатын шыны ыдыс қажет. Ыдыс таза, құрғақ, түссіз, герметикалық және дезинфекциялық және жуғыш зат қалдықтары болмауы қажет. Қағаз, картон, және сіріңке қораптарын қолдауға болмайды, өйткені бұл қолдар мен жұмыс беттерінің инфекциясына және талдау нәтижелерінің бұрмалануына әкелуі мүмкін. Жұмыс барысында барлық сақтық шаралары сақталуы керек, өйткені нәжісте патогенді қоздырғыштар болуы мүмкін (вирустар, бактериялар, қарапайымдылар, гельменттер). Зерттеу үшін және нәжістің кебуін болдырмау үшін, төмен концентрациядағы паразиттерді анықтау үшін жеткілікті нәжіс қажет (10 мл сұйықтық, 1 үлкен шәй қасық безендірілген нәжіс). Нәжісті зерттеу үшін осынша мөлшерде жеткізіледі: полученном за одну дефекацию, свежевыделенным, таза құрғақ шыны ыдыста 15-20минут ішінде жеткізу қажет, өйткені вегетативті формалар қоршаған ортада тез жойылады. Нәжісте бөтен қоспалары болмауы тиіс. Исследование кала на простейшие проводят 4 – 5 раз с промежуткам и 2 – 3 дня. Нәжіске зерттеу на простейшие 2-3 күнде 4-5 рет аралықта жүгізіледі. Егер нәжісте дәл уақытында зерттеу мүмкіндігі болмаса, онда оны бірнеше сағатқа дейін тоңазтқышта немесе салқын жерде сақтауға болады. Бірақ зерттеу дәл нәжісті алған күні жүргізілуі тиіс. Кал при хранении должен быть защишен от прямых солнечных лучей и тепла. Нәжіс сақтаған кезде тікелей күн сәулесінен және жылудан қорғау керек. Нақты зертханалық мәліметтерді алу үшін мейіргер науқасқа нәжісті қалай дұрыс жинау керектігін айтуы қажет.Науқас нәжісті жинамас бұрын білуі тиіс:

  1. Нәжістің түсін өзгертетін және дәрілік препараттардан бас тартуы тиіс: темір, висмута, бария, танина, карболена.

  2. Ішектің перестальтикасын өзгертетін препараттарды қолданбауы тиіс (атропин, кофеин, патопон, белладонна, пилокарпин).

  3. Употреблять касторовое, вазелиновое масло, красящие вещества.

  4. Применять свечи (суппозитории).

  5. Стваить клизмы.

  6. Применять грелки на живот и другие тепловые процедуры (физиотерапевтические).
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/153009