Материал: Орта білім беру

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

Шектеу шаралары кезінде білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтауды ауызша сұрақ қою, қарапайым практикалық тапсырмалар,өзарабақылау,жазбашажұмыстар,тестілеуарқылы жүргізу ұсынылады.

«Информатика» пәні бойынша анықталған олқылықтарды 4 блокқа топтастырға болады:

  • ақпарат, ақпараттық процестер (ақпаратты ұсыну және өлшеу);

  • қолданбалы программалар (компьютерлік графика, 3D – баспа, мәтіндік құжатпен жұмыс, электронды кестемен жұмыс, деректер базасы);

  • программалау (робототехника, алгоритмдеу, Python тілінде программалау);

  • компьютерлік жүйелер, желілер және қауіпсіздік (компьютер мен желінің техникалық сипаттамалары, компьютер таңдау);

Бұл топтастыру білімдегі олқылықтардың орнын толықтырудың нақты жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Мысалы, «Информатика» пәні бойынша өткен оқу жылындағы меңгерілмеген оқу мақсаттарын оқу тапсырмаларында біріктіру ұсынылады:

  1. сыныпта - 6.1.1.2 компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекеттесуін түсіндіру оқу мақсаты мен 5.1.1.1 ақпараттың цифрлық тасымалдау құралдарын сипаттау оқу мақсатын;

  2. сыныпта - 7.1.1.1 компьютердің жады түрлерінің мақсаттарын сипаттау (жедел есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, сыртқы жады, кеш-жады) оқу мақсаты мен 6.1.1.2 компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекеттесуін түсіндіру оқу мақсатын;

  3. сыныпта - 8.1.3.1 желінің өткізу қабілетін анықтау оқу мақсаты мен

7.1.3.1 компьютерлік желілерді жіктеу оқу мақсатын;

  1. сыныпта - 9.1.1.1 мақсатына байланысты компьютердің конфигурациясын таңдау оқу мақсатын меңгертуде 8.1.1.1 процессордың функцияларын және оның негізгі сипаттамаларын қарапайым деңгейде түсіндіру оқу мақсатын;

        1. «дерекқор, жазба, өріс» терминдерін түсіндіру;

        2. электрондық кестеде деректер базасын жасау оқу мақсаттарын меңгертуде электрондық кестенің элементтерін пішімдеуді қайталап оқыту ұсынылады.

Информатика сабақтарындағы пәнаралық байланыстар білім алушылардың пәндерге қызығушылығы мен оқу сапасын арттыруға, ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді, оқу пәндеріне кешенді көзқарас қалыптастырады, ой-өрісін кеңейтеді, білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді, бағдарламалық материалды терең

түсінуге және меңгеруге көмектеседі, білім алушыларды ғылыми-зерттеу әрекеттеріне баулиды. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін жоба әдісін қолдану пәнді оқытудың тиімділігін арттырады, пәндер бойынша оқыту сапасын арттырады.

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспарда білім алушылардың жобалық жұмыстарының тақырыптары мен мақсаттары жоспарланған. Сондықтан оқу жылы ішінде білім алушылардың көрсетілген тақырыптар бойынша жобалар мен шығармашылық жұмыстардың орындалуы педагогтер назарында болуы керек.

Жобалау әдісін қолданған кезде педагог дайын білім беруден гөрі білім алушылардың зерттеу, іздеу, шығармашылық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Жобалық жұмысты сабақта немесе сабақтан тыс уақытта орындауға болады. Білім алушылар жаңа білім іздеу арқылы жаңа нәтижелерге қол жеткізеді, талқылайды, жоба бойынша қорытынды шығарады, жобаны жетілдіреді, нәтижені жариялайды.

Ұзақ мерзімді жоспарда бөлімшелер мен тақырыптар тоқсандарға бөлініп
көрсетілген. Тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге бөлінетін сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелер арасында сағат санын бөлу практик-педагогтердің еркінде, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылуы тиіс.

5-9-сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік саясатына ерекше көңіл бөлінуі керек. Пән бойынша білім алушылардың академиялық тілін дамытуға айрықша назар аудару ұсынылады. Бағдарламалау тілі - ағылшын тілі, көптеген компьютерлік интерфейстер ағылшын тілінде ұсынылған. Педагог білім алушылардың назарын информатика бойынша академиялық тілді қолдануға аударуы, сондай-ақ информатиканы оқуға қажетті тілдік дағдыларға көңіл бөлуі қажет. Сонымен қатар педагогтер білім алушының бай академиялық тілін қалыптастыру мақсатында диалог/жазу үшін пайдаланылатын ұғымдарды қамтитын жүйелі тілдік қолдауды жүзеге асыруы керек.

5-9сыныптардағыИнформатика»пәнібойыншажиынтықбағалаусаны.

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.

Аталған ұсынысты ескере отырып оқу жылының тоқсандары бойынша жиынтық бағалау саны 47-кестеде берілген.

47-кесте. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

5 сынып

1

1

1

1

6 сынып

1

1

2

1

7 сынып

2

1

2

1

8 сынып

1

1

2

1

9 сынып

2

1

2

1

ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2019 жылғы 26 қарашада

№ 509 өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ енгізілген:

14-4. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады.

Осы тармаққа сәйкес 5-9 сыныптағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Жаратылыстануды оқыту білім алушылардың бойында табиғат
құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, тәжірибеге бағдарланған дағдыларды дамытып, тұлғалық сапасын және құндылықтар жүйесін қалыптастырады.

7-сыныптан бастап білім саласы құрамына жаратылыстану білім беру бағытының: «География», «Биология» «Физика» және «Химия» пәндері кіреді.

Қазіргі жаратылыстану-ғылыми білім берудің мақсаты – табиғат құбылыстарын зерттеуде жүйелілік, сабақтастық принциптерін түсіну, ғылыми парадигманың өзгеруі жағдайында ғылыми дүниетаным мен әлемнің заманауи көрінісін қалыптастыру.

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары білім алушыларда міндеттерді анықтау, бақылау, болжау, жіктеу, талдау сияқты табиғатты танып, білу дағдыларын қалыптастырады.

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады. Атап айтқанда, жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу жоспарлары және төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.

«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.

Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/43498