Материал: Орта білім беру

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы «26» шілдедегі № 334 бұйрығымен енгізілген өзгерістер көрсетілген бұйрыққа 15-қосымшада 14-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылған:

«14) «Көбею». Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі. Екінші реттік жыныстық белгілер. Ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу. Менструалдық цикл. Менструалдық циклдағы эстроген мен прогестерон гормондарының маңызы. Контрацепция түрлері, жыныстық жолмен берілетін аурулар: Жүре пайда болған иммундық дефициттiң синдромы (ЖИТС), сифилис, гонорея, гепатит В, С. Алдын алу шаралары.»;

9-сыныптың «Көбею» бөліміндегі «Аталық және аналық гаметалардың құрылысын зерттеу» зертханалық жұмысы, (оқу мақсаты: 9.2.1.2 аталық және аналық жыныс жасушаларының құрылысын зерттеу) ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы «26» шілдедегі № 334 бұйрығымен алынып тасталды;

«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық дүниенің көптүрлілігі туралы, ондағы болып жатқан процестер мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы саналы түсінік қалыптастыру.

Оқу пәнінің міндеттері:

  1. жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшалықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру;

  2. экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;

  3. генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;

  4. оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу.

7-9-сыныптарға арналған «Биология» оқу пәнінің оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасында жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында қаралатын пән мазмұны, барлық бөлімдер сақталған, тек зертханалық жұмыстар, модельдеу және оқу мақсаттарының санында айырмашылықтар бар.

«Биология»оқупәнібойыншаоқужүктемесініңкөлемі:

7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Оқу жүктемесі төмендетілген оқу жоспары бойынша:7-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты; 8-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

9-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды:

  1. тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;

  2. көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму;

  3. ағза мен қоршаған орта;

  4. қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.

«Биология» пәнінде негізінен практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған белсенді оқыту әдістерін қолданған дұрыс.

7-сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 4 модельдеу қарастырылған (50-кесте).

50-кесте. 7-сыныпта зертханалық жұмыстар саны.




Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

3

1

-

2-тоқсан

4

1

-

3-тоқсан

2

-

-

4-тоқсан

5

2

-

Барлығы

14

4

-

8-сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 2 модельдеу, 2 демонстративтік жұмыс қарастырылған, оның ішінде қолданыстағы бағдарламада 8-сыныптан –

3 жұмыс алынған. 11 зертханалық жұмыс жаңадан қосылған. 8-сыныпта өткізілген зертханалық жұмыстар саны төменде 51-кестеде көрсетілген.

51-кесте. 8-сыныпта өткізілген зертханалық жұмыстар саны




Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

5

1

1

2-тоқсан

3

-

-

3-тоқсан

6




1

4-тоқсан

-

1




Барлығы

14

2

2

9-сыныпта 8 зертханалық жұмыс, 1 модельдеу, 7 демонстративтік жұмыс қарастырылған.
  1. 1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90

кесте. 9-сыныпта өткізілген зертханалық жұмыстар саны




Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

5

1




2-тоқсан

1

2




3-тоқсан

2

3

1

4-тоқсан

-

1




Барлығы

8

7




«Биология» пәні тірі табиғат туралы ілімді үйрететін болғандықтан, тәжірибелік дағдыны дамытуға көбірек көңіл бөлінгені дұрыс, ұсыну арқылы эксперименттік жобаны нақтылауды білуі керек.

Практикалық дағдылар биологиялық білім беру мазмұнының маңызды бөлігі болып табылады.

Сабақта үлкейткіштерді қолдану, аспаптармен және препараттық инемен жұмыс, уақытша микропрепараттар дайындау, оларды микроскоппен қарап анықтау сияқты іс-әркеттер де тәжірибелік дағдыларға жатады.

Биологиялық білімнің мазмұнында зияткерлік дағдылар қамтылған. Мысалы, таным процесін жетілдіруге бағытталған атау, сипаттау, негіздеу, анықтау, салыстыру, жалпылау және т.б. сипаттамалар бар.

Білім алушылар тәжірибе жұмыстарын орындау кезінде алған деректердің негізінде жаңалықтар ашады, табиғаттағы заңдылықтарды өз бетімен табады, деректерді өңдеу, нәтижелерді талқылау, жоспарлау мен өз зерттеу сұрағына жауап іздеу үшін өзінің зерттеу жұмысын жүргізу жұмыстарын үйренеді.

Тәжірибе жұмыстарын орындау кезінде білім алушылар табиғаттағы заңдылықтарды өз бетімен табады, жоспарлау мен өз зерттеу сұрағына жауап іздеу үшін өзінің зерттеу
жұмысын жүргізуді үйренеді.

Алған деректердің негізінде жаңалықтар ашады, табиғаттағы құбылыстардың заңдылықтарын өз бетімен табады.

Келесі қадамдар арқылы білім алушының бойында тәжірибелік және зерттеушілік дағдыларды дамытуға болады:

  • ғылыми тәжірибені жоспарлау (зерттеу мақсаттарын анықтау);

  • зерттеу сұрағын дайындау;

  • зерттеу әдісі мен материалдарды таңдау;

  • деректерді жазу және өңдеу (кесте, статистикалық анализ қолдануымен диаграммалар түрінде);

  • қорытынды жасау (тәжірибе жүзінде болжамды дәлелдеу, бақылаудың негізгі нәтижелерін тұжырымдау);

  • алынған нәтижелерді талқылау (кемшіліктер және зерттеу әдістерін жетілдіру бойынша нұсұаулықтарды іздеу).


Оқу бағдарламасы бойынша 7-9-сыныптарда қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Себебі қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары білім алушының ізденіс қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасайды. Модельдеу жұмыстары білім алушының өзіндік ғылыми ізденіс жұмысына бағытталған болғандықтан тоқсанның басында беріледі, оны орындау үшін нақты уақыты айқындалады.



Қолданбалы курстарға немесе таңдау курстарына ұсынылатын тақырыптар: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер», «Әлемнің ғылыми-жаратылыстану эволюциялық бейнесі», «Биологиядағы математикалық модельдер және әдістер», «Тамақтану және денсаулық», «Экологиялық этика»,«Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи ғылыми- жаратылыстану бейнесі», «Биологиялық белсенді қоспалар», «Бәрі біздің түп- тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)»,
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/43498