Материал: Орта білім беру

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
7-11-сыныптар аралығында беріледі. Сондықтанда қайталау қажет емес, тек қорытындылау жолдарын қарастыру ұсынылады. Картамен жұмыстар жүргізуді, сарамандық жұмыстарды қайта қарау қажет. Геоэкономика және елтану бойынша географияның қаралмаған өзекті мәселелері бар. Оларды қосымша беру ұсынылады.

10-11-сыныптарға арналған «География»пәнібойыншаөткеноқужылындағымеңгерілмегенкелесіоқумақсаттарыноқутапсырмаларындабіріктіруұсынылады:

  1. тоқсан 1. Географиялық зерттеулер әдістері

    1. Жалпыгеографиялық әдістер. Өзекті географиялық зерттеулер әдістері:

        1. - зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама әдістерін қолдану;

        2. - зерттеу тақырыбына сәйкес эксперттік бағалау әдістерін қолдану;

        3. - зерттеу тақырыбына сәйкес модельдеу әдістерін қолдану;

        4. - зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолдану

Географиялық зерттеу әдістері 7-сыныптан келе жатуына байланыстықолдануорнына салыстырмалыталдаутапсырмасынберуұсынылады;

  1. Картография және геоинформатика

    1. Картография. Заманауи картографиялық әдістер:

11.2.1.1 - тақырыпқа сәйкес электронды картографиялық ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану (сандық карталарды оқу, олардың қолданысымен географиялық объектілер мен аумақтардың орналасуын, сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау, сипаттау және талдау);

    1. Геоинформатика негіздері. Геоақпараттық жүйелер:

        1. - геоақпараттық әдістер мен геоақпараттық жүйелер технологияларының ерекшеліктерін, басқа ғылымдар мен өндіріс салаларымен байланыстарын түсіндіру. Географиялық деректер базасы;

        2. - компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып тақырыпқа сәйкес географиялық деректер базасын құрастыру. Географиялық деректерді визуализациялау;

        3. - компьютерлік бағдарламаларды қолданып тақырыптық карта- сызбалар жасау.

Картографияменгеоинформатикаарасындабайланысорнатуоқумақсатынтапсырмалардакіріктіріпберу ұсынылады;

  1. Табиғатты пайдалану және геоэкология. 3.1 Табиғатты пайдалану. Табиғатты пайдалануды реттеу:

        1. - шаруашылық және тұтыну салалары бойынша табиғатты пайдалануды реттеу механизмін талдау;

        2. - табиғатты пайдалану түрлерінің заңнамалық тәртіппен бекітілген нормаларға сәйкестігін анықтау (жергілікті/аймақтық компоненттің негізінде) Табиғатты қорғау шаралары;

        3. - табиғатты қорғау шараларының тиімділігіне баға беру (жергілікті/аймақтық компонентті қосымша қамту негізінде) Табиғатты қорғауда жеке тұлғаның рөлі;

        4. - жеке тұлғаның табиғатты пайдаланудағы рөлін анықтап,

«экологиялық ізін» есептеу; 1.1Жалпыгеография:

        1. - зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама әдістерін қолдану әдістері;

        2. - зерттеу тақырыбына сәйкес эксперттік бағалау әдістерін қолдану;

Табиғатты пайдалану және геоэкология бөліміне бағдарлама бойынша қайталанулары өте көп сағат саны артығымен берілгендіктен, шолу арқылы қайталау ұсынылады.

Географиядағы геоэкономика, геосаясат, елтану материалдары көлемі жағынан ықшамдалған. Қосымша сабақтарда, қайталау ретінде ірі мемлекеттер, көрші жатқан елдер мысалында түсіндірген орынды. Оқушыларға физикалық, экономикалық географиялық, геосаяси түрғыда түсініктер қалыптастыру ұсынылады.

«География» пәнінен білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде оқытудың келесі белсенді және интерактивті әдістерін қолдану қажет:

  • географиялық деректер базасын пайдалана отырып информатикадан алған білім негізінде картографиялық сауаттылықты арттыру;

  • пікірталастар, сараптамалық жұмыстар жүргізіп қоршаған орта экологиясына назар аудару;

  • экологиялық сауаттылықты жолға қою, жүргізу;

  • қарапайым карта схемалар, аудандастырулар жасауда жергілікті жер компонентерін кеңінен пайдалану, жобалау;

  • нақты жағдайды талдау нәтижесінде оқыту т.б.


«Биология» оқу пәні

«Биология» оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың заман талаптарына сай білімдері мен біліктерін дамыту; өмірдің мәнін, дамуын, оның түрлі

ұйымдасу деңгейлерінде көрініс табуын түсіну; өмірдің ең басты құндылық ретіндегі маңызын түсінетін жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау.

Оқу пәнінің міндеттері:

  1. табиғаттың даму заңдарын түсінуге негізделе отырып, адамның табиғаттағы рөлін анықтайтын маңызды биологиялық білімдер мен біліктер ауқымын кеңейту;

  2. табиғаттың даму және тіршілігін жалғастыру заңдарын жаңа білімдерді алу, оларды ары қарай дамыту және тереңдету негізі және құралы ретінде пайдалану;

  3. жүйені меңгеру барысында ғылым білім мен дүниетаным негіздерін; шығармашылық дербестік пен сын тұрғысынан ойлау қабілетін; зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру;

  4. әдеп мәселелерімен және қоғамның әлеуметтік өмірі мен еңбек әрекетіне тікелей қатысумен байланысты қоршаған шынайылықта еркін бағдарлануға мүмкіндік беретін, бастамашыл тұлғаның қасиеттерін дамыту;

  5. білім алушылардың білім алуды және өздігінен білім алуды жалғастыруы үшін қажетті зияткерлік біліктерді дамыту.

Биологиялық ғылымдар тірі организмдердің құрылымы мен функцияларын, олардың дамуымен, тіршілік ортасымен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Қазіргі заманғы көзқарастар бойынша өмір – бұл ірі органикалық молекулалардан тұратын және энергия мен қоршаған ортамен заттармен алмасу нәтижесінде өз өмірін сақтап қалуға және өзін-өзі қалпына келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің өмір сүру процесі.

Оқу пәнінің мазмұны мынадай төрт бөлімнен тұрады:

  • тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;

  • көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму;

  • ағза мен қоршаған орта;

  • қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда

«Биология» оқу пәнінің төмендетілген оқу жүктемесіне арналған Үлгілік оқу бағдарламасында жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасында қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, тек қана оқу мақсаттарының, зертханалық жұмыстар мен көрсетілімдердің санында айырмашылықтар бар (85-кесте).

  1. 1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   90

кесте. Зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстарының саны

Сынып

Зертханалық жұмыстар саны

Модельдеу жұмыстарының саны

Жаңартылған мазмұндағы

ҮОЖ

Төмендетілг ен ҮОЖ

Жаңартылған мазмұндағы ҮОЖ

Төмендетілген оқу жүктемесіне

ҮОЖ

10 ЖМБ

6

4

2

2

10 ҚГБ

6

4

2

2

11 ЖМБ

7

7

2

1

11ҚГБ

7

4

2

2

Бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі теориядан гөрі тәжірибеге қарай бағытталуы болып табылады. Білім алушыға биологиялық білім беріп қана қоймай, алған білімдерін болашақ өмірінде қолдана алатындай жағдай жасау. Оны жүзеге асыру үшін жаттанды білім бермей, өз қолдарымен тәжірибе жасауға баулу.

Нәтижесінде білім алушылар биология сабақтарында практикалық тапсырмаларды шешу үшін білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған қоршаған ортаны дербес зерттейді.

Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 86-кестеде көрсетілген.

  1. кесте. 10-11-сыныптардағы «Биология» пәні бойынша жиынтық бағалаулар саны

Сыныптар

Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

ЖМБ 10 сынып

2

3

3

3

ҚГБ 10 сынып

1

1

1

1

ЖМБ 11 сынып

2

3

3

3

ҚГБ 11 сынып

1

1

1

1
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/43498