Материал: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

  • таңертең, қақырықты 2 сағаттай жинамас бұрын тісін тазалауды;

  • ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылған сумен тұп-тура қақырық жинар алдында шаюды;

  • тік тұруын немесе тік отыруын;

  • қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды;

  • бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді.

  1. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнерге жинап, оны қақпақпен жабыңыз.

  2. Жиналған қақырықты қарап бір сағаттан кешіктірмей оны зертханаға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады.
114. Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау
Мақсаты: диагностикалық: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.Көрсеткіштері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.Құрал- жабдықтар: бет перде, клеенкалы алжапқыш,қолғап, көп рет немесе бір рет қолданылатын 3 түкіргіш немесе тығыз бұрандалы қақпағы бар контейнерлер, таза құрғақ мөлдір әйнектен жасалған кең ауызды 50-200 мл банка қақпағымен, жолдаманы жазып банкіге желімдеңіз (науқастың аты жөні, туған жылы, жиналған күні, науқастың теңестіру номерін, жолдама Ф-ТБ-05), ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

  2. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.

  3. Бет перде, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

  4. Таңертең ертең таңғы асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. Науқасқа ашық түкіргішті немесе контейнерді беріңіз.

  5. Науқасты тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.

  6. Наукастың артынан тұрып, аузына түкіргішті немесе контейнерді жақындатуын сұраңыз.

  7. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшерінде қақырықты түкіргіштің немесе контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.

  8. Түкіргішті (контейнерді) қақпағымен жабыңыз.

  9. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.

  10. Таңертеңгі жиналған қақырықты зертханаға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.

  11. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз.
Ескерту:

  • емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;

  • ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:

  • қақырықтың I байқауы – науқас емханаға таңертең қаралғанда медициналық қызметкерінің бақылауымен жинастырады;

  • қақырықтың II байқауы – келесі күні таңертең үйде жиналып, зертханаға апарылады;

  • қақырықтың III байқауы – сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен наукастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);

  • қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;

  • көп рет пайдаланатын түкіргіштер немесе контейнерлер зарарсыздандырылуға және залалсыздандырылуға тиісті;

  • бір рет қолданылатын түкіргіш пайдаланып болғаннан кейін жойылуға тиіс.
115. Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинауМақсаты: диагностикалық: аурудын қоздырғыштарын анықтау.Көрсеткіштері: туберкулез және басқа да жұқпалы аурулар.Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған құрғақ түкіргіш немесе тығыз жабылатын қақпағы бар таза, құрғақ, кең мойынды контейнер, бикс, 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі температурасы 370С қайнатылған (суытылған) суымен, салфеткалар, жолдама бланкасы, қаламсап, стеклограф, қолғап, бет перде, зарасыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.

  2. Түкіргішті немесе контейнерді нөмірлеңіз.

  3. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы толтырыңыз.

  4. Науқаспен сенімді қатнас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  5. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

  6. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, бет перде, қолғапты киіңіз.

  7. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен ыдыстың шетіне тимеуін ескертіңіз.

  8. Науқастан сұраңыз:

  • таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды;

  • ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды;

  • тік тұруын немесе тік отыруын;

  • түкіргіштің қақпағын ашуды;

  • аузын салфеткамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен түкіргішке шығаруын;

  • науқас қақырық жинайтын түкіргішті төменгі еріннін тұсында ұстап, түкіргіштің немесе банканың шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.

  1. Түкіргішті немесе контейнерды қақпақпен жабыңыз.

  2. Түкіргіштің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған ветошпен сүртіңіз.

  3. Жиналған қақырықты қарап, түкіргішті темірлі бикске орналастырыңыз.

  4. Бет перде мен қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  5. Қолды жуып, кептіріңіз

  6. Бактериологиялық зертханаға қақырықты апарыңыз.
Ескерту:

  • қақырық бөлу қиындаған жағдайда оны қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды;

  • антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет.
115. Жеке қалта түкіргішті қолдануМақсаты: Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету.Көрсеткіштері: Тыныс мүшелерінің ауруларында,өкпенің туберкулезінде,қақырықты әр түрлі зерттеулерге жинау.Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған жеке қалта түкіргіші (кен ауызды, шыныдан жасалған күрен түсті тегіс сандық белгісі бар ауызы тығыз бұрандалып жабылатын түтік ), дезинфектанттар.Іс -әрекеттер алгоритмі.

  1. Науқасқа қалта түкіргішін берер алдында оны қолдану ережелерін түсіндіру

  2. Науқасқа қақырықты зарарсыздандыру мақсатында ¼-не зарарсыздандырушы дезерітіндіні түкіргішке құйып беру

  3. Түкіргіш толған кезде, қақырықты зарарсыздандыру үшін оған үстіне толтары дезерітінді құйып 4 сағатқа қалдыру қажет

  4. Зарарсыздандырылған қақырықты канализацияға төгіп тастау керек (түберкулез диспансерлерінде және ауруханада – опилкаға араластырып, арнайы пеште жағып жіберу керек).

  5. Қалта түкіргішті қолданып болған соң ағынды судын астында шайып, оны емдеу мекемесінің арнайы қолданылытын дезерітіндісіне белгілі бір уақытқа батырыңыз.

  6. Қалта түкіргішті ағын судың астында жуып, кептіріп сақтау.
Есте сақтау:Қақырық пен қалта түкіргішті залалсыздандыруҚақырықты зарарсыздандыру үшін: (дезерітіндінің 2 көлемін қақырықтың 1-ші көлемі есебімен) 0,1% деохлор ерітіндісіне 4 сағатқа немесе 10% хлор ерітіндісіне 1 сағатқа салып қояды немесе хлор ұнтағын (200) г/л бір сағатқа сеуіп қояды. Қақырықты залалсыздандырғаннан соң, канализацияға төгеді, ал қақырығы залалсыздандырылған ыдыс пен түкіргішті жай әдіспен жуады. Түкіргішті 2 % сода ерітіндісінде 30 минут бойы қайнатады немесе 0,06% деохлор ерітіндісіне 1 сағатқа салып қояды.116. Жұтқыншақтан жағынды алуМақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.Көрсеткіштері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған пробирка штаттивімен, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған крафт пакетіндегі шпатель, пробиркаларды тасымалдауға арналған бикс, пробиркаларды белгілеу үшін стеклограф, жолдама бланкасы, қолғап, бет перде, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

  2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.

  3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «жұтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз.

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, бет перде мен қолғапты киіңіз.

  5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз

  6. Науқасқа қарама- қарсы отырыңыз.

  7. Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, шпательді басқа үш саусағымен ұстаңыз.

  8. Науқастың аузын кең ашуын сұрап, шпательді аузына енгізіңіз.

  9. Тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз.

  10. Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз.

  11. Тампонды тілдің, тісктік, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына ауыз қуысына енгізіңіз.

  12. Жеңіл айналмалы қозғалыспен жұтқыншақтың артқы бетінен 2-3 рет тампомен жүргізіңіз.

  13. Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей реттілікпен жағынды алыңыз: оң жақ таңдай доғасы, оң жақ бадамшасы, тілшік, сол жақ бадамшасы, сол жақ таңдай доғасы, жұтқыншақтың артқы бетінен шырыштыны алыңыз.

  14. Тампонды ауыздың тілдің тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.

  15. Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  16. Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «кілтке» жабыңыз.

  17. Қолғапты, бет пердені шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз.

  18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  19. Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе 370С термостатқа бактериологиялық зертханаға жөнелтпес бұрын орналастырыңыз.
Ескерту:

  • жұтқыншақтан жағынды таңертен, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады;

  • бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса;

  • егерде жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/153009