Материал: Білім алушылара арналан тжірибелік дады жне білік ксіби алгоритм жиынтыы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
117. Мұрын қуысынан жағынды алуМақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау.Көрсеткіштері: мұрын микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда. Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: мақта-дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған пробиркалар штативімен, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары бұралып жасалған темір өзегі бар таяқша, крафт пакетіндегі шпатель, пробиркаларды тасымалдауға арналған бикс, стеклограф, жолдама бланкасы, қолғап, бет перде, вазелин майы, турундалар, ҚЖКЖК.Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, емшараны жүргізу үшін науқастың келісімін алыңыз.

  2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.

  3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Мүрын-2» , пробирканы штативке орнатыңыз.

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, бет перде мен қолғапты киіңіз.

  5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

  6. Науқасқа қарама-қарсы отырыңыз.

  7. Науқастың мұрын қуысын қарап, оның таза екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

  8. Мұрын қуысының алдыңғы бөлігін тазартып алыңыз (науқастың мұрнын сіңбіруін сұраңыз), вазелин майымен оларды жібітіп алып мұрын ішіндегі қабыршақтарды тазалап алыңыз. Содан кейін құрғақ мақта турундасымен тазартыңыз.

  9. Беті жабық «Мүрын-2» деген пробирканы сол қолдың III-IV-V саусақтары астына алыңыз, ал оң қолмен тығынынан ғана ұстап, пробирканың (оң қолдың саусақтары тек пробирканың тығынына ғана тиуі тиіс) ішіндегі мақта оралған темір өзекті шығарып алыңыз.

  10. Науқастың мұрынының үшын сол қолдың үлкен саусағымен көтеріңіз, ал оң қолмен тампонды жеңіл айналмалы қозғалыспен бір мұрын қуысына, содан кейін екінші мұрын қуысы ішіне 1,5-2 см тереңдікке, мұрын қабырғаларына, мұрын қалқасына тығыз жанастыра тигізіп енгізіңіз.

  11. Мұрын қуысынан тампонды шырышпен шығарыңыз.

  12. Ептеп пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай өзекті оның ішіне тампонды енгізіңіз.

  13. Пробирканың ауызы тығыз жабылғанын қадағалаңыз.

  14. Пробирканы штативке орналастырып, сосын бикске оны «кілтке» жабыңыз.

  15. Қолғапты, бет пердені шешіп, ҚЖКЖК- ға салыңыз.

  16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  17. Алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жіберіңіз.
Ескерту: материалды апарғанға дейін t 4-60С тоңазытқышта сақталуы қажет.

  1. Правила сбора мочи на исследование
Сбор мочи производится в чистую, сухую не протекающую посуду с широким горлом, посуда не должна содержать остатков дезинфицирующих и моющих средств. Посуду нельзя мыть раствором соды (моча быстро ощелачивается). Нельзя использовать пакеты из – под молоко, синтетических моющих средств. Собранная для анализа моча не должна содержать примесей в виде выделений из влагалища или менструальной крови. В экстренных случаях если женщина находится в менструальном периоде, то мочу берут катетером. Во время менструации мочу желательно не брать на исследование. Непосредственно перед сбором мочи для анализа необходимо произвести подмывание наружных половых органов в направлении спереди назад. Накануне исследования пациенту необходимо воздержаться от употребления больших количеств моркови и свеклы, от приема мочегонных средств, сульфаниламидов. Нельзя менять питьевой режим за сутки до исследования. На исследование берется первая утренняя свеже выпущенная моча. Перед сбором мочи в амбулаторных условиях медсестра должна: - обучить пациента правилам подготовки посуды для сбора мочи; - обучить пациента технике подмывания перед сбором мочи; - обучить пациента технике сбора мочи на исследование; При тяжелом и бессознательном состоянии больного моча собирается в мочеприемник или судно, затем сливается в приготовленную посуду для направления в лабораторию. Моча, собранная для анализа, должна быть исследована в течение 1 часа с момента сбора. Если по каким – либо причинам исследование откладывается на более долгий срок, то в моче могут быть образоваться осадки в виде «слизистого облака» и бактерии, находящиеся в моче, начнут размножаться, используя глюкозу. Результатом этого могут быть: - неточные показатели содержания глюкозы.- сдвиг рН мочи в щелочную строну.
- лизис эритроцитов. - разрушение цилиндров 118. Жалпы клиникалық анализге зәрді жинауМақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.Көрсеткіштері: науқасты жалпы зерттеуҚұрал-жабдықтар: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ қақпағы бар шыны банка, зәр қабылдағыш немесе судно, қолғап,науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтар, жолдаманы жазып банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы), ҚЖКЖК.Іс-әрекеталгоритмі:

  1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

  3. Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  5. Жолдамасы жапсырылған банкіні науқасқа беріңіз.

  6. Таңертең гигиеналық емшара жүргізу іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз (сыртқы жыныс мүшелерін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз).

  7. Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

  8. 100-200 мл зәрді даярланған банкіге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.

  9. Қақпақпен банкіні жабыңыз.

  10. Ыдыстағы зәрді жолдамасымен қайда апаруды және қандай уақытта, қандай жерге қоюы тиіс және бұл туралы кімге хабарлау керек екенін науқасқа және оның туыстарына түсіндіріңіз.

  11. Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға апарыңыз.

  12. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ғасалыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:

  • әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;

  • зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.
119. Нечипоренко әдісімен зәрді жинауМақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).Құрал-жабдықтар: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойнынды таза, құрғақ шыны банка, қолғап, жолдаманы жазып банкіге желімдеп, жапыстырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы), ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгор1итмі:

  1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз.

  4. Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

  5. Даярланған банкіге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинаңыз.

  6. Жиналған зәрді зертханаға апарыңыз.

  7. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: тәуліктің кезкелген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады.Нечипоренко тәсілі – бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері дұрыстықпен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит формаларын, науқастарды динамикалық бақылау және жүргізілген емнің тиімділігін бағалау.Формалды элементтердің қалыпты көрсетілімдері:

  • лейкоциттер – 1 мл-де 4000-ға дейін;

  • эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін;

  • цилиндрлер – жоқ.
120. Зимницкий байқауына зәрді жинауМақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік, күндізгі және түнгі диурездерді анықтау.Көрсеткіштері: бүйрек аурулары.Құрал-жабдықтар: сыйымдылығы 500 мл кең мойынды 8 таза құрғақ шыны банкілер, жолдаманы жазып әрбір банкіге желімдеп жапыстырыңыз (бөлімше, палатасынын №, зерттеу мақсаты,порциянын №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы).Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз:

  • зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады;

  • бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын;

  • зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.

  1. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.

  2. Жеке нөмірленген банкілерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз.
№1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін№2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін№3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін№4 порция – сағат 15-тен 18-ге дейін№5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін№6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін№7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін№8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін

  1. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек.

  2. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын зертханаға апарыңыз.
Ескерту:

  • дайындалған банкаға зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №»;

  • порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос банкі жіберіледі.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/153009