Білім
олқылықтарының
орнын
толықтыру
бойынша
жұмысты
ұйымдастыру кезінде оқытудың
келесі белсенді және интерактивті әдістерін
қолдану
ұсынылады:
-
кластерлер мен графикалық органайзерлер құру:
-
пікірталастар жүргізу;
-
тарихи оқиғаларды жобалау;
-
нақты жағдайды талдау;
-
проблемалық оқыту т.б.
ТәрбиеліккомпонентПән
мазмұны
ата-бабаларымыздың
бірегей
мәдениетін,
Қазақстанның
әлемдік
тарихтағы
орны
мен
рөлін,
оның
әлемдік
өркениетке
қосқан
үлесін
түсінуге,
мүмкіндік
береді.
Мектептегі
сыныптан
тыс
жұмыстар:
-
олимпиадалар мен жарыстар, таңдау бойынша бос сабақтар түрінде;
-
оқу бағдарламасына сәйкес қосымша арнайы сабақтар түрінде;
-
пәнаралық және кіріктірілген сабақтарда және т. б.
Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың дербестігін дамытуға ықпал етеді,
зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастырады, пәнді оқуға қызығушылығын
арттырады. Сонымен қатар білім алушылардың іздеу қабілеті дамиды, олардың
теориялық
білімдері
толықтырылып,
тереңдетіледі.
«Құқық негіздері» оқу пәніАзаматтық
қоғам
мен
құқықтық
мемлекеттің
қалыптасуының
басты
алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық
сауаттылық пен мәдениениетін қалыптастыру. Сондықтан жалпы білім беретін
мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың қоғамда әлеуметтік
бейімделуі үшін қажетті негізгі құқықтық білімдері мен дағдыларын меңгеруді
қамтамасыз
етуге бағытталған.
«Құқық негіздері» оқу пәнінің мақсаты - құқық жөнінде негізгі білімдерді
игеру арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты азаматты тәрбиелеу және олардың
бойында заңды құрметтеу дәстүрі мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз
азаматтық
құқықтары
мен
міндеттерін
жүзеге
асыруға
қажетті
білім
мен
дағдыларды
қалыптастырып дамыту.
Пәнді
оқыту
оқушыларда
азаматтық
құқықтарын
жүзеге
асыруға,
мiндеттемелерiн
орындауға
қажетті
білім
мен
дағдыларды,
саяси-құқықтық
сананы
қалыптастырады.
«Құқық
негіздері»
оқу
пәнінің
базалық
білім
мазмұны:
Құқық
және
мемлекет, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Еңбек құқығы,
Отбасы
құқығы,
Әкімшілік құқық,
Қылмыстық
құқық
бөлімдерін қамтиды.
«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:9-сыныпта аптасына
1 сағат,
оқу
жылында 34
сағатты құрайды.
Ұзақ
мерзімді
жоспардағы
тақырыптар
проблемалық
сұрақтар
түрінде
құрастырылған. Оның басты себебі – кез келген тақырып оқушыларды бірден
ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ
қоюға,
өздігінен
талдау
жасау
дағдыларын
дамытуға
жәрдемдеседі.
«Құқықнегіздері»пәніноқытудакелесіпедагогикалықәдіс-тәсілдердіқолдануұсынылады: -
«Кейс стади», оқушылардың проблемаларды анықтауда өз ойларын, пікірлерін айту, дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеуді одан әрі жоспарлау
қабілеттерін
дамытатын
ынталандырушы–проблемалық,
ситуациялық
жағдай
туғызу;
-
белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «фишбоун», «автор орындығы», т.б. әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды табу, әр оқушының идеясын ұсыну, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау және шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдау);
-
сабақта оқушылардың белсенділігін қажет ететін құқықтық проблемаларды талқылау;
-
оқушылардың пікірталас өткізу және құқықтық мәселелерді талқылауына игі ықпал ету үшін компьютерлік қарым-қатынас құралдарын (мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалану.
Оқушылардың
құқықтық
мәселелер
мен
жағдайаттарға
талдау
жүргізу
үшін
сабақта
құқықтық-нормативтік
актілермен,
заң
түсіндірмелерімен
және
т.б.
құқықтық
деректермен
жұмысты көптеп
ұйымдастыру
ұсынылады.
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)
өткізу
қарастырылған
(61-кесте).
61-кесте. «Құқық
негіздері»
оқу
пәні
бойынша
жиынтық
бағалау
саны
-
Сынып
| Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
| 2-тоқсан
| 3-тоқсан
| 4-тоқсан
|
9-сынып
| 1
| 1
| 1
| 1
|
Сонымен, «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша 9-сыныпта бөлім үшін
ғана
жиынтық
бағалау
жүргізіледі
және
олардың
қорытындысы
бойынша
жарты
жылдық
баға
қойылады,
ал
тоқсан
бойынша
жиынтық
бағалау
жүргізілмейді.
«Өзін-өзі тану» оқу пәні«Өзін-өзі
тану»
пәні
бойынша
оқу
үдерісінің
басты міндеті: тұлғаның құндылықтар жүйесін, қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын анықтау; оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру; жас ерекшеліктеріне қарай, жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі ретінде дамыта отырып, әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.
5-9-сыныптардағы «Өзін-өзі тану» базалық мазмұны төрт тарауды қамтиды: «Таным қуанышы»; «Адам болам десеңіз ...»; «Адам және әлем»;
«Адамзаттың рухани тәжірибесі».
6-сыныпта II «Адам бол» бөлімнің 9-10 тақырыбы «Басқа адамды сезін» деген атаумен берілген.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-9-сыныптарда аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағатты құрайды.
Оқушылардыңбілімінбағалау.Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «сынақ» қойылады. Егер оқушы негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Өзін-өзі тану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптарды орындап, жоба күнделігін әзірлесе, оқушыға «сынақ» қойылады.
«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ
«Технология және өнер» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады: «Музыка» – 5-6-сыныптар, «Көркем еңбек» – 5-9-сыныптар.
«Музыка» оқу пәні
5-6-сыныптарға арналған
«Музыка» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
6-сыныпқа арналған «Музыка» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына 2021-2022 оқу жылында өзгерістер енгізіледі. Білім алушылардың ұлттық аспапта ойнауды үйренуге деген ынтасын ескере отырып, қазақ тілінде оқытатын мектептерде 6-сыныпта «Музыка» оқу пәнінің шеңберінде «Домбыра» курсы кезең-кезеңімен енгізіледі. Домбыра бүкіл әлемге танылып, қазақ халқының игілігіне айналды. Курста білім алушылар домбырада ойнауды үйреніп қана қоймай, халық композиторларының шығармашылығымен, Қазақ музыкасының тарихымен, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісованың салған дәстүрлерімен танысады. Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқытуды бастау, содан кейін домбырада ойнауды үйретуге көшу (бұйрық шыққаннан кейін) үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компонентінің сағаттары есебінен барлық кейінгі сыныптарда
«Домбыра» курсын өткізу ұсынылады. Бұл курсты өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, басқа музыкалық аспапта ойнауды үйретуге болады. 7-сыныптан бастап «Домбыра» таңдау курсын Үлгілі оқу бағдарламасының вариативтік компонентінің сағаттары есебінен өткізу ұсынылады.
Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары шығармашылығы, әлемдік классика және заманауи музыканың үздік үлгілері негізінде білім алушылардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту
Пәнді оқытудың міндеттері: өзге өнер түрлері мен оқу пәніне музыка өнерін кіріктіре отырып әлем тұтастығының бейнесі жөнінде түсінігін қалыптастыру;