Материал: 1 Азат орта мектебі кмм таырыбы Толеранттылы (тзімділік) деген не

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

«№1 Азат орта мектебі» КММ


Тақырыбы:

«Толеранттылық (төзімділік) деген не?»




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу
БАҒДАРЛАМАСЫ

Нұр-Сұлтан 2021
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми-әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылды (2021 жылғы 04қараша № 18 хаттама)Пікіржазғандар:Абдрашитова Т.А. – психология ғылымдарының докторы, ЕАГИ профессоры МахановаА.С.–Алматықаласы,«Зердеш»ортамектебініңпедагог-психологы СақтағановБ.К.–PhD,Ы.АлтынсаринатындағыҰБА,Психология,тәрбиежәне тұлғаны дамыту орталғының жетекші сарапшысыБілімберуұйымдарыныңбілімалушыларыарасындағыаутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы. Бағдарлама. – Нұр-Сұлтан:Ы.АлтынсаринатындағыҰлттықбілімакадемиясы,2021.–46б.Авторы:ЕлшібаеваКүлмаш–PhD,профессорВероцкая Гүлжан - психология ғылымдарының кандидаты МирзакановаЖанар-психологияғылымдарыныңкандидатыТәрбиедегі ақаулық, дене жазасының басымдылығы, балада эмоциялық тұрақсыздықтыңдамуына, эмоциялыққимыл-қозғалыс деңгейініңжоғарлауына әкелетіні жиі кездеседі. Ата-аналардың тым қаталдығы, олардың өз беделдерін басты орынға қоюы немесе балаға шектен тыс қамқорлық жасау – жасөспірімдерге кері әсерін тигізеді. Көктем, күз мезгілдеріндегі, яғни «құс қайтып, құстар келер» кезеңдеріндегі табиғат құбылысы да адам ағзасына, әсіресе психикаға салмақ салып жатады. Осы тұрғыда білім алушылардың психологиялық ахуалын бақылау, психологиялық түзету жұмысының бағдарламасы әзірленді.Білім беру ұйымдарындағы педагог-психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілері, тәрбие жөніндегі орынбасарларына арналды.
Нұр-Сұлтан2021Білімберуұйымдарыныңбілімалушыларыарасындағыаутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасыМақсаты:білімалушылардыңпсихикалықсаулығынсақтауСуицидтік іс-әрекетке тікелей себеп - дау-дамайдың пайда болуы. Дау- дамай дегеніміз - белгілі бір адамның маңызды, құнды ұстанымына әсер етуші жағымсыз әрекет, күйзеліс тудыратын жағдай. Бұл жақын адамның қазасы, түсініспеген махаббат, жауапсыз махаббат, жалпы қарым-қатынастың бұзылы және т.б. болуы мүмкін. Басқаларға қарағанда өзін төмен сезіну, айтылған кез- келген сөзді жазғыру сияқты қабылдаудан пайда болған күйзелістен туындайтыны жиі кездеседі.Кейбір сынып жетекшілері өз міндеттеріне атүсті қарап, баланың басындағы болған жағдаяттан хабарсыз болады, оқушының сабаққа қатсуы мен үлгеріміне бақылау жасамайды. Осындай салғырттық оқушыға қажетті көмекті дер кезінде көрсетіп, тиісті шаралар ұйымдастыруға кедергі келтіреді.Баланы балағаттау, кемсіту, тіл тигізу, жағдайларын, педагогтар тарапынан психологиялық және дене зорлығын болдырмау мақсатында мектеп әкімшілігі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты қатаң қадағалап, бақылауға алғандары дұрыс.Психолог-маман мұғалімдер мен ата-аналарға суицидтің не екендігін, оның көрініс беру факторларын, күйзелісте, жабығуда журген балалардың қандай күйде болатындығын жете түсіндіру қажет. Ата-анасына қарсы шығып, шарапқа әуестенген, темекі тартқан, буллинг, төбелескен кез келген жасөспірімнің күйзелісті күйде жүруі әбден мүмкін.Соныменқатаржеткіншектердетүпкіойыөлімгенегізделмеген,суицидтік әрекеттіқулықретіндежасаужиібайқалады.Өзініңөлімініңжақындарынақалай әсер ететіні білгісі келу, мысалы, «Менің атым – Қожа» повесіндегі Қожа мен Сұлтан әрекеттері немесе «екінші рет туылам» деген аңғал үмітінің болуы.Жас суициденттердің басым көпшілігенде өз мүмкіндіктеріне сәйкес келмесе де өздеріне жоғары талап қою жиі кездеседі.Белгілі бір нақты себептермен баласын рухани және эмоциялық тепе- теңдікпен қамтамасыз ете алмаған отбасы, оның суицидтік әрекет жасауына түрткі болып табылатынын атап өткен жөн. Жасөспірімдердің арасындағы суицидтің 92%-на дейін, отбасындағы келеңсіз жағдайларға байланысты туындайтынын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр.

Өз-өзіне қол жұмсау себептері

Көмек іздеу – өзіне қол жұмсауды ойлайтындардың көбісі өлгілері келмейді. Өзін-өзі өлтіруді олар бір нәресеге қол жеткізу үшін құрал ретінде пайдаланады (мысалы,өзіне назар аударту, сүйіспеншілік, махаббат, проблемалардан құтылу, үмітсіздік сезімінен арылу...).Үмітсіздік – өмір мәнсіз, болашаққа үміт артуға болмайды. Өмірді жақсартуға өзгерістер енгізуге еш үміттің жоқтығы.Шарасыздық - барлық проблемалар шешілмейтіндей көрінеді. Оларды бір-бірлеп шешуге ойын шоғырландыра алмайды.Басқа адамның жанын ауыртуға әрекет жасау - «олар әлі өкінетін болады», яғни кек алу.Проблеманышешу/қашужолы-кейдеадамөз-өзінеқолжұмсауарқылы проблемаларын өзімен бірге алып кетіп, отбасына жеңілдік жасаймын деп ойлайды.Батылдығыменкүшінкөрсету -батылжәнекүштіадамғанаөз-өзіне қол жұмсауға қабілетті деген ұғым қалыптасқан.Суицидтік мінез-құлық – суицидтік белсенділіктің-ойдың, талпыныстың, қастандықтың, суицидттік әрекеттер мен өзіне қасірет келтірудің пайда болуы.Суицидтік мінез-құлық өз мөлшерінде де психоауытқуларсыз, психопаттық мінез-құлықта да өзіне назар аудару мінез-құлқында да кездеседі, соңғысы аса аффективті немесе мінез-құлықтың ауытқу (патохарактерологиялық реакция) кезінде девиантты іс-әрекет формаларының бірі болып табылады.Суицидтікмінез-құлықтөмендегідейтиптергебөлінеді.

Демонстративтік (жасанды) мінез-құлық

Аталған суицидттік мінез-құлық негізінде жасөспірімнің жеке басына жәнеөзпроблемаларынаересектердіңназарынаударту,өміріндекездескенауыр жағдаяттармен күресуге дәрменсіздігін көрсету жатады. Бұл айналасындағылардан өзіне көмек сұраудың бір түрі. Әдетте, мұндай демонстративтік суицидттік мінез-құлық өзіне қасірет келтіру немесе өз өмірін қиюмақсатындаемес,текайналасындағылардықорқыту(мысалы,«Меніңатым- Қожа» повесіндегі Сұлтанның әрекеті, Қожаның ойлары, т.б.), жасөспірімдік проблемалардың күрделі екендігін білдіру, ересектердің өздеріне деген көзқарастарының дұрыс еместігін дәлелдеу үшін жасалады. Суицидтік әрекет кезінде
көрсетілетінмінез-құлықкөбінесеқантамырынкесу,залалсыздәрілерді қабылдау, асылуға талпындығын көрсету түрінде байқалады.

Аффективті (қатты ашу-ыза) суицидті мінез-құлық

Кенеттенпайдаболғанэмоциялардыңәсерінегізіндежасалғансуицидтік әрекеттераффективті(қаттыашу-ыза)типкежатады.Мұндайкездежасөспірім өз әрекеттерін жоспарламай, қызуқандылықпен қимылдайды. Әдетте, ашу-ыза сияқты теріс эмоциялар жетегіндегі жасөспірім асығыс суицидтік әрекеттер жасайды.Аффективтісуицидтікмінез-құлықкезіндежасөспірімасыладынемесе улы токсинді препараттарды қабылдайды.

Шынайы суицидтік мінез-құлық

Шынайы суицидтік мінез-құлық ойластырылған, жоспарлы әрекеттер арқылыжүзегеасырылады.Жасөспірім суицидтікәрекетжасауғадайындалады. Суицидтік әрекеттердің мұндай типі кезінде жасөспірімдер, әдетте, туыстары мен достарының бәрімен қоштасып, өз өмірін қию себептері түсіндіріліп жазылған хат тастап кетеді. Мұндай әрекеттер түбегейлі ойластырылып жасалғандықтан, өліммен аяқталады. Шынай суицидтік мінез-құлық кезінде жасөспірімдер көбінесе асылады немесе жоғарыдан секіреді.Өзіне-өзі қол жұмсау – түбегейлі қадам, сондықтан оны орындау туралы шешім бірден қабылданбайды. Оның алдында көбіне ұзақ немесе қысқа мерзімдік қобалжу, ренжу, түңілу, пайда болған кері жағдаятпен күресу және оны шешу жолдарын іздеуге талпыну кезеңі жүреді.Білімберуұйымдарыныңпсихологтарыаутодеструктивтімінез-құлық бойынша ерекше назардағы балалармен (аутодеструктивтімінез-құлық өлшемдерібойыншаанықталған«тәуекел топ») жұмысты әлеуметтік педагогтармен, инспектормен,сынып жетекшілерімен, медбикемен, директордыңтәрбие ісіжөніндегіорынбасарымен өзарабірлесіпатқарыланады. Педагогтармен жұмыстың негізгі міндет – балаға қатысты толеранттылықтықалыптастыру,балаларменжәнеата-аналарменөзарақарым-қатынастапсихологиялық
құзыреттілігінкөтеру.Білім алушылардың арасындағы аутодеструктивті әрекеттер, соның ішіндеөз-өзінеқолжұмсаупроблемасы жылмезгілдеріне байланысты жиілене түсетіндігімедицинажәнепсихологияғылымдарындадәлелденген.Суицидттік әрекеттерге барудың көп факторлары бар, ең көбірек кездесетін факторлардың бірі көктем, күз уақыттарында адам ағзасындағы барлық дерттер қозатын мезгіл, соның ішінде психикалық аурулар да сыр беретін уақытта болуы мүмкін. Сондықтан да, жоғарыда көрсетілген жыл мезгілдерінде білім алушылар мен педагогтардың арасында профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізуді білім беру ұйымдарының педагог- психологтары міндетті түрде жоспарға енгізуі керек.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/173653