Материал: Факультативті мазмны

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ


Факультативтің мазмұны.


7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей

Тре нинг


Тақырыбы


Блок


Тоқсан


1

Кіріспе сабақ: Танысу, болжамдар/келісімдер; курспен, тақырыптармен, жұмыс істеу нышандарымен танысу.


Кіріспе


1

«Команда» бөлімі

Мақсаты: оқушыларда командалық өзара әрекеттесу процестеріне деген оң көзқарас қалыптастыру.

Қалаулы нәтиже: оқушылар бірлескен әрекеттерді қалай үйлестіру және айналадағы адамдармен өзара түсіністікті қалай орнату керектігін біледі; оқушылар командада өзара әрекеттесудің 4 негізін біледі; оқушылар синергия және командадағы ынтымақтастықты қалыптастыратын құралдармен таныс, оқушылар командада жұмыс істеудің жағымды тәжірибесін алды.



2

«Командалық жұмыс» ұғымының анықтамасы, командада жұмыс істеуге арналған жаттығулар. Командада өзара әрекеттесудің 4 негізі.



Команда



1

3

Командада өзара әрекеттесу. Синергия. Ынтымақтастық.

Команда

1

«Көшбасшылық» бөлімі

Мақсаты: оқушыларға өмірдегі көшбасшылық қасиеттердің маңыздылығын көрсету. Қалаулы нәтиже: оқушылар көшбасшылық бұл дағдылар жиынтығы және өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс екенін біледі; оқушылар өздерінің негізгі көшбасшылық дағдыларын дамытқылары келеді; оқушылар әрқайсысы көшбасшы бола алатынына сенімді; оқушылар тренингтік оқытуға оң көзқараспен қарайды.


5

Заманауи көшбасшының қасиеттері. Өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу. Заманауи көшбасшының портретін құру.


Көшбасшылық


1


6

Көшбасшылық мінез-құлық принциптері. Осы принциптерді іс жүзінде меңгеру.


Көшбасшылық


1

7

Көшбасшылық құндылықтар. Өзін-өзі бағалауды нығайту.

Көшбасшылық

1


8

«Көшбасшылық» және «Команда» тақырыптары бойынша нәтижелер.


Қорытынды


1

«Коммуникация» бөлімі

Мақсаты: оқушыларға тиімді коммуникацияның негізгі ережелерін үйрету.

Қалаулы нәтиже: оқушылар өміріміздегі қарым-қатынастың маңыздылығын түсінеді; оқушылар коммуникация кезінде қиындықтардың неге туындайтынын түсінеді; оқушылар басқа адамдармен коммуникацияны қалай дұрыс құру керектігін түсінеді.



9

«Коммуникация» дегеніміз не? Кіріспе сабақ: коммуникацияның заманауи әлемдегі маңыздылығы. SMR ақпаратты беру/алу моделі.


Коммуникация

-лар



2


10

Коммуникациядағы кедергілер. Ақпаратты тиімді түрде беруге не көмектеседі?

Коммуникация

-лар


2


11

Белсенді тыңдау техникасы. Практика. Тиімді коммуникация тәжірибесі.

Коммуникация лар


2




«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бөлімі

Мақсаты: оқушыларға кез келген аудитория алдында ыңғайлы сөйлеу үшін жағымды әдетті қалыптастыруға көмектесу.

Қалаулы нәтиже: оқушылар сөйлеудің не екенін біледі және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытудың маңыздылығын түсінеді; оқушылар тиімді сөйлеудің барлық компоненттерін біледі; оқушылар жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін өздерінің бастапқы деректерімен жұмыс істей алады; оқушылардың көпшілік алдында сөйлеуде оң тәжірибесі бар және олар осы саладағы өз мүмкіндіктерін біледі.


12

Көпшіліктің алдында сөйлеу дегеніміз не, біз қайда және қашан сөз сөйлейміз, сөйлеуге не кедергі келтіреді/көмектеседі? Тыңдаушылардың назарын үлестіру, сөз сөйлеуге дайындалу.

Көпшілік алдында сөйлеу

дағдылары


2


13


Дауыс және интонация, сөйлеу ырғағы, дауыс тембрі, кідірістер. Көпшілік алдында айтатын сөздің құраушылары.

Көпшілік алдында сөйлеу

дағдылары


2


14



Сөйлеу мазмұны, паразит сөздер және оларға қарсы күресу.

Көпшілік алдында сөйлеу

дағдылары


2

15

Қорытынды.

Қорытынды

2

«Презентация жасау» бөлімі

Мақсаты: оқушыларға әдемі, пайдалы әрі қызық презентация жасауды үйрету.

Қалаулы нәтиже: оқушылар презентация жасау техникасын біледі; оқушылар басты нәрсені ерекшелеп көрсету, презентацияны визуалдық тұрғыдан көркемдеу біледі; оқушылар көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгерді; әсерлі презентация жасау принциптерін біледі.


16

Кіріспе сабақ: Шығармашылық сабақ. Тақырыпты хабарлау және түсіндіру. Дайындық.


Презентация


3


17

Презентация жасау қағидаттары. Презентацияны қызықты әрі пайдалы қылып жасау жолдары.


Презентация


3



18

Сөз сөйлеу құрылымы. Айтатын сөзді дайындау қағидаттары. Әдістері мен ерекшеліктері. Презентацияны визуалдық тұрғыдан көркемдеу.



Презентация



3

«Креативті ойлау қабілеті» бөлімі

Мақсаты: оқушылардың ерекше ойлау ниетін ынталандыру.

Қалаулы нәтиже: оқушылар креативті ойлаудың қызықты және пайдалы екенін көреді; оқушылар өздерінің креативті қабілеттеріне сенеді; оқушылар күнделікті өмірде жан-жақты болуға ынта алады.


19

Креативтілік тұлғаның даму әдісі ретінде, креативті адамның қасиеттері.

Креативті ойлау қабілеті


3


20

Күнделікті жағдайларда креативті болу; ассоциациялар әдісі. Креативті әдістерді қолдану. «3 егер» техникасы.

Креативті ойлау қабілеті


3


21


Шығармашылық сабақ. Презентация.

Шығармашы- лық


3




«Жанжалдар» бөлімі

Мақсаты: оқушыларды жанжалды жағдайларда сындарлы әрекет етуге ынталандыру. Қалаулы нәтиже: оқушылар «жанжал», ұғымымен, оның құрамдас бөліктерімен танысты; оқушылар адамдардың жанжалды жағдайда әрекет етуінің түрлі стильдерін меңгерді; оқушылар жанжалдарды сындарлы шешу дағдыларын меңгерді; тиімді қарым-қатынастың өзіндік тәсілдерін әзірлеу қабілетін дамытты.


22

«Жанжалды жағдай» ұғымының анықтамасы, жанжалдардың пайда болу себептері.


Жанжалдар


3

23

Жанжалдардың жағымды жағы (пайдасы).

Жанжалдар

3


24

Жанжалда әрекет етудің 5 стилі, жанжалды жағдайларды

«Ынтымақтастық» стилінде шешу тәжірибесі.


Жанжалдар


3


25

«Жанжалдар» тақырыбы бойынша қорытынды сабақ. Өмірдегі жанжалды жағдайларды тиімді түрде шешу үшін сабақта үйреніп-білген құралдарды одан әрі пайдалануға ынталандыру.


Қорытынды


3

«Уақытты басқару» бөлімі

Мақсаты: оқушыларды уақытты басқару бойынша жеке дағды дамытуға ынталандыру. Қалаулы нәтиже: оқушылар жеке уақытты ұйымдастырудың өз мәселелерін анықтады; оқушылар уақытты тиімді пайдалану маңыздылығын түсінеді; оқушылар күнделікті шаруаларын талдады; оқушылар мақсат қою және жоспарлау құралдарын біледі және түсінеді; оқушылар уақытты басқарудың негізгі құралдарын біледі және түсінеді.


26


Кіріспе сабақ. Тақырыпты хабарлау және түсіндіру.

Уақытты басқару


4


27


Уақытты басқару. Өмірлік режимнің тиімділігі.

Уақытты басқару


4


28

Уақытты басқару құралдары. Франклин пирамидасы. Эйзенхауэр матрицасы. Помидоро әдісі.

Уақытты басқару


4

«Мен және менің эмоцияларым» бөлімі

Мақсаты: оқушыларды өзін-өзі тану, эмоционалдық спектрді түсіну үдерісімен қызықтыру. Қалаулы нәтиже: оқушылар эмоциялар мен сезімдер арасындағы айырмашылықты түсінеді; оқушылар өз эмоцияларын дұрыс білдірудің маңыздылығы туралы біледі; оқушылар сезімдермен бөлісудің маңыздылығын түсінеді; оқушылар өздері үшін эмоциялардың пайдалы көрінісі және басқалардың эмоцияларымен өзара әрекеттесу туралы кеңестер қалыптастырды.



29



Эмоциялар. Менің қызығушылықтарымның матрицасы.

Мен және менің

эмоцияларым



4



30


Эмоцияны басқару. Өзін-өзі ұстай білу, эмоционалдық күйді реттеу.

Мен және менің

эмоцияларым



4




«Мамандықтар» бөлімі

Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандықты таңдау маңыздылығын ұғынуға көмектесу. Қалаулы нәтиже: оқушылар болашақ мамандықты таңдау маңыздылығын ұғынады; болашақ мамандыққа дайындалу бағытын анықтай алады; болашақ мамандықтарының өзектілігін біледі; жоғары оқу орнына түсу үшін дайындалудың маңыздылығын түсінеді.

31

Мамандықты қалай таңдау керек? Таңдау бағыттары.

Мамандықтар

4



32

Барлық материал бойынша қорытынды шығару, оқушылардың рефлексиясы, оқушыларды өзін-өзі дамытуға ынталандыру.



Қорытынды



4
  1.   1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

сабақ


Тақырыбы:Кіріспесабақ.

Ұғымдар:барлықтопмүшелеріментанысужәнеоларғақұрметбілдіру.

Сабақтыңмақсаты:бүкілтопмүшелеріментанысып,достасу;өзінтаныстыружәнеөзітуралыайту; топтажайлы атмосфера құру.

Әдістер:әңгімелесу,өзітуралыайту,практикалықжұмыс,дәптерлеріменжұмысістеу.Ресурстар:жаттығулар,жұмысдәптері,топтықөсукестесі,плакаттар,маркерлер.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу)

Уақыт:5минут
Кіріспе бөлім. Курс, тақырыптар және сабақта жұмыс істеу нысандары туралы айту.

Уақыт:5минут

Адам аттары туралы ойын: «Қарлы кесек»


Уақыт: 5 минутПроцесі:
Мұғалім оқушылардан шеңбер бойынша өз аттарын айтуды сұрайды. «Тамаша, енді, өз атымыздың бірінші әрпіне жақсы сын есім ойлап табайық. Мысалы, менің атым Асылхан, онда сын есім «ақылды» болады. Келесі адам менің атым мен сын есімді қайталайды және өзінің есімін және оған тиісті сын есімді атайды, үшінші адам менің атымды + сын есімді, екінші адамның атын + сын есімді және өзінің атын атайды + сын есімді атайды. Осылайша, шеңбердің соңына дейін».

Қарлы кесек қағидаты – ақпарат біртіндеп өседі. Оқушыларды жігерлендіріңіз, сын есімдерді еске түсіруге көмектесіңіз. Маңызды жайт, шеңберді мұғалім-тренер аяқтауы керек, яғни барлық қатысушылардың есімдері мен сын есімдерді тағы бір рет айтады. Бұл беделіңізге оң әсер етеді және тренингтер мен сабақ арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/177504