Материал: Факультативті мазмны

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

«Құндылықтар» жаттығуы


Уақыт: 15 минутМатериалдары: жұмыс дәптеріПроцесі:
Тренер оқушыларға келесі нұсқау береді:

Жұмыс дәптерлеріңніңбетін ашыңдар (№ алдын ала қараңыз).

Пікірлеріңе сәйкес келетін әрбір тұжырымға «плюс» белгісін қойып, келіспейтін тұжырымға

«минус» қойыңдар. Содан кейін өздерің үшін ең маңызды деп санайтын 3 тұжырымды анықтап, маңыздылығына қарай 1-ден 3-ке дейінгі сан қойыңдар.

Өздерің үшін маңызды емес тұжырымдар үшін де солай істеңдер: маңызды емес үшеуін таңдап, оларға дәрежесіне сәйкес сан қойыңдар. Яғни, сендер үшін ең елеусіз тұжырым №1 болады және т.с.с.

Мен үшін маңызды:


  • Алға қарай жүру

  • Төзімді болу

  • Шынайы болу

  • Жаңа нәрселерді білу

  • Билікте болу

  • Жеңіске жету

  • Көп жұмыс істеу

  • Өзін-өзі тану

  • Заңға бағыну

  • Достарыма көмектесу

  • Жай ғана өмір сүру

  • Еркін болу

  • Бай болу

  • Бақыт іздеу

  • Жаңа нәрселер ойлап табу

  • Денсаулыққа мән беру

  • Әр минуттан рақаттану

  • Білімді болу

  • Өмірдегі ең жақсы жолдарды іздеу

  • Дінге сену

  • Өз еліммен, қаламмен мақтану

  • Керекті адамдармен танысу

  • Қоғамдық нормаларға сай болу

  • Тату отбасыда тұру

  • Сүйікті болу

  • Жақсы көру

  • Танымал болу

  • Маңызды жаңалықтарды ашу

  • Пайдалы болу

  • Маңызды деп санайтын нәрсе үшін күресу Өз қағидаларын жазуды ұсыныңыз.

Оқу қызметін қорытындылау


Уақыт: 5 минутРефлексия:

Әсерлермен бөлісіңдер:

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?

  • Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?



Үй тапсырмасы:


Сыныпта бастаған жұмысты аяқтаңдар.
  1. сабақ


Тақырыбы: 1 тоқсан бойынша қорытынды сабақ.Ұғымдар:көшбасшылық, команда.

Сабақтыңмақсаты:«Көшбасшылық»,«Команда»тақырыптарынқорытындылау;бастынәрселердібөліп көрсетужәнетұлғалық өсуаймақтарын анықтау.

Әдістері: әңгімелесу, сауалнама толтыру, дәптермен жұмыс істеу, ой-талқы.Ресурстар:плакаттар, маркерлер,жұмысдәптерлері.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:5минут

«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:5минут

Әсерлермен бөлісу


Уақыт: 5 минутМатериалдары: жұмыс дәптеріПроцесі:
Бүкіл тоқсан ішіндегі сабақтардан алған әсермен бөлісу үшін жеткілікті уақыт жұмсаңыз. Не көбірек ұнады? Ең есте қаларлық сәттер қандай болды?

«Көшбасшылық және Команда» ой-талқысы


Уақыт:15минут

Материалдары:плакаттар,маркерлер

Процесі:
Оқушыларға көшбасшылық және командада жұмыс істеу бойынша кеңестерді қамтитын плакат дайындауды ұсыныңыз.

Талқылау және плакат жасау үшін 7 минут уақыт беріңіз. Жұмыстардың презентациясын жүргізіңіз.
Топтың дамуын бағалау Уақыт: 5 минутМатериал: жұмыс дәптеріПроцесі:
Оқушылардан жұмыс дәптерлерінің №бетін (№ алдын ала қараңыз) ашып, кестенің екінші бағанын толтыруларын сұраңыз.

Балалардан сұраңыз: нәтижелер бірінші күнмен салыстырғанда өзгерді ме, нашарлады ма, әлде жақсарды ма? Неліктен?

Тоқсандағы болжамдарды салыстыру


Уақыт:5минут

Материалдары: «Болжамдар» плакаты, маркерлерПроцесі:
«Болжамдар» плакатын іліңіз. Тізімдегі идеяларды оқи отырып, оқушыларды осы болжамның қаншалықты орындалғаны туралы талқылауға шақырыңыз. Ол үшін «бас бармақ» әдісін қолдануға болады.

«Қазір мен сендер жазған болжамдарды рет-ретімен оқимын. Әр тұжырымнан кейін бұл болжам сендер үшін қаншалықты орындалғанын көрсетіңдер. Ол үшін біз оң қолдың бас бармағын қолданамыз. Саусақты жоғары көтеру – болжам 100%-ға орындалды, саусақты төмен түсіру болжам мүлдем орындалған жоқ, сәйкесінше саусақты бұру арқылы болжамның «орындалу» дәрежесін өзгерте аласыңдар».
Мұғалім-тренер үшін: болжамдар тізімінен бір сөйлемді оқып шығыңыз, топқа қараңыз және
барлық оқушылардың саусақтарын көтеріп жауап бергеніне көз жеткізіңіз, жалпы балл шамамен қанша пайыз екенін бағалаңыз. Осы сөйлемнің жанында қызыл маркермен белгілеңіз: көрсеткіш жоғары бағытталған 100%, көрсеткіш төмен бағытталған 0%. Аралық мәндерді ескеріңіз. Келесі тұжырымға өтіңіз.

«Болжамдар» плакаты бойынша салыстыруды аяқтағаннан кейін топқа алғыс айтыңыз және тұжырымдардың көпшілігіне қол жеткізілгенін хабарлаңыз. Осы сәтті оқушыларды факультатив аясындағы жұмысты жалғастыруға ынталандыру үшін пайдаланыңыз.

Кері байланыс сауалнамасын толтыру


Уақыт:5минут

Материалдары: кері байланыс сауалнамаларыПроцесі:
Оқушыларға басып шығарылған кері байланыс сауалнамаларын (КБС) таратыңыз. Оларды шынайы жауап беріп толтыруды және сізге қайта тапсыруды сұраңыз. Сауалнамалар барлық факультативті үйлестіру, жалпы есеп беру және бағдарламаны жақсарту үшін қажет екенін түсіндіріңіз. Бұл қатысушылардың өздерін бағалауы емес, оқушылардың ұйымдастырушыларға беретін кері байланысы екенін түсіндіріңіз. КБС құрамындағы барлық деректер құпия болып табылады.

Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:


Осы факультативке берер бағам (жалпы әсер)

Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай

Материалы және ақпараттық бөлімі Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай_Топ_мүшелерінің_өзара_әрекеттесуі_Үлкен'>Ешқандай_Эмоционалдық_атмосфера_Үлкен'>Ешқандай

Эмоционалдық атмосфера Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай

Топ мүшелерінің өзара әрекеттесуі Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай

Мұғалім-тренердің жұмысы Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай
Маған ең үлкен әсер қалдырды:

Тренингтерде маған кедергі болды:




«Коммуникация» бөлімі


Мақсаты: оқушыларға тиімді коммуникацияның негізгі ережелерін үйрету.

Қалаулы нәтиже: оқушылар өміріміздегі қарым-қатынастың маңыздылығын түсінеді; оқушылар коммуникация кезінде қиындықтардың неге туындайтынын түсінеді; оқушылар басқа адамдармен коммуникацияны қалай дұрыс құру керектігін түсінеді.

  1. сабақ


Тақырыбы:Коммуникация.

Ұғымдар:коммуникациялар,SMR-сұлба,кодтау,декодтау,керібайланыс.

Сабақтыңмақсаты:коммуникацияқажеттілігіменмаңыздылығын,
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/177504