Материал: Факультативті мазмны

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:5минут

«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.


Уақыт:5минут

Теориялық блок. Эмоцияны басқару


Уақыт:5минут
Аудиторияғасұрақ:

  • Эмоцияларды бақылауға бола ма?

  • Эмоцияны басқаратын адамдарды мысал ретінде келтіре аласыңдар ма? (өмірден алынған бірнеше мысалды алдын ала дайындау қажет)

  • Қандай бұрынғы жағдайда едәуір ұстамды болғыларың келер еді? Мұны қалай үйренуге болады?

Қазір балалардың эмоцияны басқаруды үйрену бойынша керемет мүмкіндіктері болатындарын айтыңыз.
«Лайықты жауап» жаттығуы Уақыт: 15 минутМатериалдары: карточкаларПроцесі:
Оқушылар шеңбер құрып отырады. Әркім тренерден карточка алады, онда қатысушылардың бірінің сыртқы келбеті немесе тәртібі туралы ескерту жазылған.

Тыңдаушылар оң жағындағы көршісінің көзіне қарап, кезекпен-кезек карточкада жазылған сөзді айтады, ал көршісінің міндеті – осы ескертуге лайықты жауап беру. Одан кейін жауап берген қатысушы оң жағындағы көршісіне бұрылып, карточкасын оқиды. Бәрі

«шабуылдаушы» және «қорғанушы» болып көргенде жаттығу аяқталып, топ талқылауға кіріседі.
Талқылау:

Тренер қатысушыларға сұрақ қояды: Тапсырманы орындау оңай болды ма? Ескертулерді жүректеріне жақын қабылдады ма?

Әдетте тыңдаушылар дөрекі сөздерді қабылдамағандарын айтады, себебі оларды нақты өздеріне айтылған ескерту деп санамайды.

Сосын бәрі шынайы өмірде қарым-қатынас
кезінде осындай ескертулерге сындарлы жауап беруге көмектесетін түрлі жауап нұсқаларын іздейді.
Жаттығуғаарналғанкарточкалар:


Сен өзіңді тым жоғары санайсың. Бастық сияқты әрекет етесің.

Сен ешқашан ешкімге көмектеспейсің.

Сені кездестірсем, жолдың арғы жағына өткім келіп кетеді.

Сен мүлдем әдемі киіну білмейсің.

Неге бәріне қабағыңды түйіп қарайсың?

Сенімен ешқашан істес болмау керек.

Сен басқа әлемнен келгендейсің.

Адамдарға жаман көзбен қарайсың.

Сенімен бір нәрсе туралы келісу мүмкін емес. Сен бәрібір бәрін ұмытып кетесің.

Дауысың сондай шіңкілдеген, жыныма тиеді.

Мына түрің не?!

Сен бос сөз айта бересің.

Неге үнемі бәріне айғайлайсың?

Сен мүлдем қалжыңдау білмейсің.

Сенің тәрбиең өте нашар.



«Бір күннің эмоционалдық ретроспективасы» жаттығуы


Уақыт: 5 минутМатериалдары: жұмыс дәптеріПроцесі:
Қатысушыларға жұмыс дәптерлерін ашып, бір күн ішінде сезген барлық эмоцияларын жазуды ұсыныңыз. Бұл жаттығуды орындаған кезде эмоцияларды рет-ретімен жазған жөн екенін айтыңыз, яғни таңертең оянғаннан бастап, ұйықтағанға дейін сезген эмоцияларын жазсын.

Жаттығуды аяқтағаннан кейін еріктілер жазған эмоцияларын оқып бере алады. Одан кейін оқушылардан бір күн ішінде қандай эмоцияны көбірек сезгендерін сұраңыз. Жағымды эмоциялар ма, әлде жағымсыз эмоциялар ма? Олар бір нәрсе өзгерткілері келе ме?

Теориялық блок. Тақырып бойынша қорытынды


Уақыт:5минут
Біз күн сайын әртүрлі эмоциялар сеземіз. Олардың көпшілігін тіпті ұғынбаймыз, ал саналы түрде байқайтын эмоцияларды әрдайым бақылауда ұстай алмаймыз. Көбінесе бұл бізге ғана емес, айналамыздағы адамдарға да зиян тигізеді.
Эмоцияларды басқарудың төрт қадамы:
Эмоцияларды анықтау және айту. Біз өзімізді түсінудің маңыздылығы туралы көп айттық. Күшті эмоция сезінген кезде өздеріңнен: «Қазір маған не болып жатыр?» деп сұрау керек. Жағдайды ұғынған кезде оны түсіну әрі еңсеру әлдеқайда оңай болады.
Сезім білдіру. Сезім білдіру қабырғаны соғуды немесе асыра көңіл көтеру дегенді білдірмейді. Оларды көрсету жеткілікті, әр адам өз сезімдерін білдіруге құқылы. Оларды үнемі басуға тырыспаңдар. Неғұрлым көп бассаңдар, соғұрлым көп шыдай алмауларың мүмкін.
Сезімдердің күшін бағалау. Міне, мен ашулымын. Қатты ашулымын. Қаншалықты қатты
ашулымын? Егер 1-ден 10-ға дейін бағаласақ, қаншалықты қатты ашулымын? (1 бұл маңызды емес нәрсе, ал 10 – жанартаудың атқылауы). Сезімнің күші туралы ойлау – бұл саналы болу жолындағы өте үлкен және маңызды қадам. Біз санауға болатын нәрсені басқарамыз. Бұл қарапайым әдіс қиындықтарды асырмауға мүмкіндік береді және қуаныш сәттерін жақсы сезінуге көмектеседі.
Сезімдер мен әрекеттер арасындағы айырмашылықты іздеу. Француз жазушысы Гийом Мюссо: «Ешкім өзін-өзі әрдайым бақылап, ешбір эмоцияға берілмей өмір сүре алмайды» дейді. Бірақ өкінішке орай, біз көп жағдайда эмоцияларды әрекет белгісі ретінде жиі қабылдаймыз, бұл орны толмас салдарға әкеп соғады. Эмоциялар мен әрекеттерді ажырату үшін тоқтап, «Бұл қандай жағдайға әкеп соғуы мүмкін?» деген сұрақ қою жеткілікті. Егер бұл қуаныш пен бақыт сәті болса, онда бұл сұрақ тіпті қажет емес тек сол сәттен ләззат алыңдар. Бірақ егер бұл ашулану немесе қайғы болса, жауапқа өте мұқият қарау керек, өйткені мұндай сәтте дұрыс емес әрекеттердің салдары қайтымсыз болуы мүмкін.
Эмоцияларды бақылау, өз сезімдеріңді білу – ол спортпен шұғылдану немесе музыкалық аспапта ойнау сияқты дағды. Оны жетік меңгеру үшін уақыт пен тәжірибе қажет. Бірақ егер оны өмірдің бір бөлігіне айналдырсаңдар, өмір сендер үшін мәңгілікке өзгереді.

Оқу қызметін қорытындылау


Уақыт: 5 минутРефлексия:

Әсерлермен бөлісіңдер:

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?

  • Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?



Үй тапсырмасы:


Дәптерлеріңе өз эмоцияларыңды сезіну және өзгелердің эмоцияларымен жақсы өзара әрекеттесу үшін не істеуге болатыны немесе өздеріңе қалай көмектесуге болатыны туралы кеңестер жазыңдар.

«Мамандықтар» бөлімі


Мақсаты: оқушылардың болашақ мамандықты таңдау маңыздылығын ұғынуы.

Қалаулы нәтиже: оқушылар болашақ мамандықты таңдау маңыздылығын ұғынады; болашақ мамандыққа дайындалу бағытын анықтай алады; болашақ мамандықтарының өзектілігін біледі; жоғары оқу орнына түсу үшін дайындалудың маңыздылығын ұғынады.

  1. сабақ


Тақырыбы: Мамандықтар.Ұғым:мамандық.

Сабақтыңмақсаты:болашақмамандықтытаңдаумаңыздылығынұғыну;мамандықтаңдаудақандай критерийлер бар екенін түсіну.

Әдістері: ой-талқы, дәптермен жұмыс істеу, әңгімелесу-пайымдау, шағын дәріс.Ресурстар:тест,жұмысдәптері, плакаттар,маркерлер.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:5минут

Сергіту сәті. Мамандықтар тізбегі


Уақыт:5минут
Оқушылар шеңбер бойынша «Қалалар» сияқты ойын ойнайды, тек соңғы әріпке мамандық немесе кәсіп атау керек.

Тапсырманы қиындатуға болады: оқушылар айтқан мамандықтарға
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/177504