Материал: Факультативті мазмны

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

Оқу қызметін қорытындылау


Уақыт: 5 минутРефлексия:

Әсерлермен бөлісіңдер:

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?

  • Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?


Үй тапсырмасы: Толыққанды презентация жасаңдар. Тақырыпты таңдаңдар және талқылаңдар, топ ішінде міндеттерді бөліңдер.
  1. сабақ


Тақырыбы: Презентация жасау.Ұғым:презентация.

Сабақтыңмақсаты:презентациялардыңбастықұраушыларытуралытілдесу;презентациятақырыбын,мақсаттары менсұлбасынанықтауды үйрену.

Әдістері:шағындәріс,әңгімелесу,ой-талқы.

Ресурстар:плакаттар,маркерлер,теориялықматериал.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:5минут

«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:5минут

«Презентациялар не үшін керек?», «Екі және одан көп адамнан тұратын аудитория алдында қашан/қалай сөз сөйлейміз?» ой-талқысы
Уақыт:10минут

Материалдары: плакаттар, маркерлерПроцесі:
Екі шағын топ құрыңыз.

Талдау тақырыптары: «Презентациялар не үшін керек?», «Екі және одан көп адамнан тұратын аудитория алдында қашан/қалай сөз сөйлейміз?»

Берілген уақыт – 5 минут. Плакаттарды талқылау 5 минут.

Теориялық блок


Уақыт:20минут
«Presentation» (ағылш.) көпшілік
алдында сөз сөйлеу

Презентациялар не үшін керек?


Маңызды, қызықты нәрсе туралы айту, презентация объектісіне қатысты аудиторияның пікірін, сенімін, бұрыс көзқарасын өзгерту үшін.

Презентацияның мүмкіндіктері:


Адамдармен байланыс орнату.

Эмоцияларды, басқа адамдардың пікірлерін басқару, оның өз пайдаңа қалай өзгеретінін көру.
Бізсапалывизуалдықмазмұнжасаудыжәнетікелейаудиторияалдындасөйлеудіүйренеміз.Бұлтерең білім ауқымы. Дайынсыңдарма?

Презентацияға дайындалу:


Мақсатты анықтау. Презентацияны не үшін және кім үшін жасайсыңдар?Өздеріңесұрақ қойыңдар:

Презентацияның ақпараттық немесе сендіргіш сипаты бола ма? Онда не басым болады? Тыңдаушылардың сендер айтып тұрған нәрсеге деген көзқарасы қандай болады?

Презентацияны аяқтағаннан кейін тыңдаушылардың не істегенін қалайсыңдар?
Аудиторияныталдау.

Презентацияны тыңдайтын адамдар кімдер? Олардың жасы нешеде?

Олардың арасында неше қыз/ұл бар? Олар немен айналысады?

Олар не жақсы көреді?
Негізгіидеялар.

Ой-талқы өткізіңдер. Идеяларды, тіпті ең ерекшелерін айтып, содан кейін олардың ішінен 3-5 таңдаңдар.
Сиқырлы үштікті еске түсіріңдер: сөйлеген сөздің тек үш (3) идеясы/ойы аудиторияның жадында қалады.
Жекеимидждіанықтау.

Аудитория сендерді қалай қабылдауы тиіс? Бұл туралы ойланыңдар. Әсіресе, егер бұл таныс емес адамдар болса.

Адамдар сендерді тыңдаған кезде не ойлайтынын қалар едіңдер?
Визуалдықтүрдересімдеу.

Презентацияның ең көрнекі (визуалдық) бөлігі туралы айта отырып, презентацияның сәтті
болуы оның әдемі көрінуі және сәнді редакторларда жасалуында емес екенін түсінуіміз керек. TED спикерлерінің сөздерін қарап шығыңдар, көбінесе олар көрнекі материалдарды қолданбайды, бірақ баяндамаларының мәні мен хабарламасы өте маңызды.
Егер біз көрнекі материалды қамтитын презентация дайындап жатсақ, онда суреттерді іздеуден бастау үлкен қателік болып табылады. Құрылымы нашар, мақсатсыз презентациялар осылай пайда болады.

Егер уақыт аз болса, суреттерді іздеудің қажеті жоқ. Ақ фондағы қара мәтін, егер ол мағыналы болса және хабарламаны жеткізуге көмектессе, жақсы көрінеді.
Тақырыптытұжырымдау.

Бір ойдан екінші ойға секіретін спикерді тыңдау қиын, сондықтан презентацияның бір тақырыбы ғана болуы керек.

Тақырып презентация соңында проблеманың шешімін ұсынатындай шағын болуы тиіс. Презентацияны он қысқа тармақпен қорыту мүмкін болмаса, тақырыпты қысқарту қажет. Жақсы тақырыпты анықтау оңай – ол сөйлеу құрылымын өзі ұсынады.
Мақсаттыанықтау.

Жақсы презентация әлемнің қалыптасқан көрінісін өзгертеді. Мысалы, адамдар қоршаған ортаға мұқият қарай бастайды немесе жаңа смартфон сатып алады.

Мақсат міндетті түрде өршіл болмауы керек, бастысы нақты болуы тиіс. Сөйлеудің мақсаты болған кезде презентацияның мазмұны дәл болады.
Презентация мақсатын тұжырымдау үшін келесі сөйлемді жалғастырыңдар: мен... қалаймын. Презентация нәтижесінде аудиторияға не болуы керек екенін сипаттаңдар: олар не істейді, қайда барады, қандай ойларын өзгертеді, не сатып алады. Тұжырымдама неғұрлым нақты,
егжей-тегжейлі болса, соғұрлым дәлірек дәлел келтіруге болады және мақсатқа жету мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады.

Оқу қызметін қорытындылау


Уақыт: 5 минутРефлексия:

Әсерлермен бөлісіңдер:

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?

  • Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?



Үй тапсырмасы:


Үлкен мінберде тұрып, күллі әлемге не айтқыларың келер еді? Ойланып көріңдер.
  1. сабақ


Тақырыбы:Презентацияжасау

Ұғымдар:сөзсөйлеуқұрылымы,Googleпрезентациялары,PowerPoint,Canva.

Сабақтыңмақсаты:презентацияжасауғаарналғанплатформаларментанысу;айтатынсөздің дұрысқұрылымын жасап үйрену.

Әдістері: топта жұмыс істеу, шағын дәріс, әңгімелесу.Ресурстар:сергітусәтінжүргізугеқажеттіпарақтар.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:5минут

Сергіту сәті


Уақыт:10минут

Материалдары: жаттығу орындауға қажетті парақтарПроцесі:

Тренер оқушыларға парақшалар таратады. Парақтарда ештеңе жазылмаған, алайда біреуінде

«Қой терісін жамылған қасқыр» деп жазылған. Оқушылар қасқырдың кім екенін анықтауы тиіс. Олар сыныпта емін-еркін жүреді, бір-біріне сұрақтар қояды. Сұрақтарға «иә», «жоқ» немесе «жауап бергім келмейді» деген жауап қана айтуға болады. Сонымен бірге, қасқыр барлық сұрақтарға өтірік жауап береді. «Сен қызсың ба, ұлсың ба?» немесе «Қазір қыс па?» сияқты айдан анық сұрақтар қоюға болмайды. «Сен қасқырсың ба?» деп те сұрауға болмайды.

Тапсырманы 5 минуттың ішінде орындау керек. Егер топ берілген
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/177504