Тақырыбы:Уақыттыбасқару.
Ұғымдар:уақыттыбасқару,мақсатқою.
Сабақтың мақсаты: уақытты басқару – қызықты әрі қажетті нәрсе екенін, шаруалардыжәне жалпы өмірді үйлестіру – адамға қажетті дағды екенін ұғыну; мақсат қою менжоспарлауқұралдарынбілужәнетүсіну.
Әдістері:әңгімелесу, шағын дәріс, ой-талқы, дәптерде жеке жұмыс істеу.Ресурстар:плакаттар,маркерлер, жұмысдәптері, поститтер.
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт:5минут
Уақыт:10минут
Материалдары: плакаттар, маркерлерПроцесі:
Екі шағын топ құрыңыз. Қатысушыларға «уақыт» сөзімен байланысты барлық ассоциацияларды жазуды ұсыныңыз.
Берілетін уақыт – 5 минут.
Нәтижелердіңпрезентациясынжасау.
Уақыт:2минут
Уақытты өз пайдаңа қалай жұмсауға болады?
Сағат пен минутты ысырап етпей, оларды ең бастысы, өзіңе қалай арнауға болады?
Тайм-менеджмент – ол орны толмайтын уақытты жеке мақсат пен құндылықтарға сәйкес пайдалануға мүмкіндік беретін технология.
Тайм-менеджмент – ол жеке элементтердің жиынтығы ғана емес (бәрін қалай уақтылы орындау керек, қалай кешікпеу керек, жиналыстарды қалай өткізу керек). Бұл адамның өзін және өз қызметін басқару жүйесі.
Өзістеріміздіталдаймыз.
Уақыт:8минут
Материалдары: поститтер, плакаттар, маркерлерПроцесі:
Қатысушыларға поститтер мен плакаттар
таратыңыз. 1 оқушы – 1 плакат.
«Поститтерге күнделікті жұмыстарыңды, міндеттеріңді, істеріңді жазыңдар. Мәселен, «сабақ оқимын», «футбол көремін», «Инстаграмда отырамын», «досыммен сөйлесемін», «спорт үйірмесіне барамын».
1 постит – 1 іс.
Жазуға берілген уақыт – 5 минут.
Мағынасы бойынша ұқсас поститтерді бір топқа жинаңдар. Топтарға ат қойыңдар».
Қатысушыларға топтастырылған істер – негізгі салалар екенін айтыңыз.
«Негізгі салалар – ол қызметіміздің негізгі бағыттары, өміріміздің негізгі «арналары». Мұнда екі нәрсені жақсылап түсіну керек:
Өмірде тепе-теңдіктің болуы маңызды. Әрбір негізгі сала – ол күнделікті жұмыстардың, міндеттердің үлкен ауқымы, бірақ олардың бәрі тепе-теңдікте болса ғана адам өзін жайлы сезінеді (дәл осы себептен тайм-менеджментті зерттейміз). Әрине, «тепе-теңдік» ұғымын әркім өзінше түсінеді. Бірақ ойлап қараңдаршы, егер «сабақ» уақыттың 70%-ын алса, ал
«денсаулық» саласы мүлдем болмаса, онда болашақта бұл адам өзін жайсыз сезінуі немесе ауруға шалдығуы ықтимал».
Тренер қатысушылардың назарын барлық салаларды тепе-теңдігіне аударуы тиіс.
Негізгі салалар – ол жасөспірім үшін жоспарлаудың негізі. Бәлкім, оқушыларыңыз осы тапсырмадан кейін уақыттарын қайда жұмсайтындары жайлы алғаш рет ойланатын шығар. Және егер адам атақты музыкант болуды армандап, бірақ іс жүзінде күнделікті уақытын мүлдем басқа нәрселерге жұмсаса, онда «Мен шынымен осыны армандаймын ба?» немесе
«Арманымды мақсатқа айналдыру үшін уақытты қалай басқара аламын?» деген сұрақтар қою керек.
Уақыт:5минут
Қатысушыларғакелесіәңгіменіоқыпберіңіз:
Бір күні, 1952 жылғы 4 шілденің тұманды таңында, Калифорния жағалауынан 34 км қашықтықта орналасқан Әулие Каталина аралында Флоренс Чадвик жүзуін бастады. Ол сол кездің өзінде Гиннестің рекордтар кітабына Ла-Маншты екі бағытта жүзіп өткен әлемдегі алғашқы әйел ретінде енген. Енді ол жаңа рекордқа дайындалып жүрді. Оны теледидардан миллиондаған адам тамашалап отырды. Су тастай болатын. Тұман қалың болды. Бірақ Флоренс ештеңеден қаймықпай жүзді. 15 сағаттан кейін ол өзін қайыққа шығаруды сұрай бастады. Еріп жүрушілер оны берілмеуге көндіре бастады, өйткені ол жағалауға жақындап қалған еді. Бірақ Флоренс жағалауға қараған кезде ол тек ақ, қалың тұманды көрді. Сонда ол толықтай әлсіреді. Оған тек бір шақырым жүзу керек болатын. Флоренс журналистердің «Неге рекорд қоя алмадыңыз?» деген сұрағына: «Жағалауды көре алғанымда ғой, шіркін! Қолымнан келер еді, жүзіп жетер едім» деп жауап берді. Оның жауабы қанатты сөзге айналды.
«Жағалауымды көре алсам ғой, шіркін». Мақсатымызды көре алсақ қой, шіркін. Ол мақсатын көрмегендіктен беріле кетті. Дәл осындай жағдай күнделікті өмірде, мақсатымызды әдеттегі әрекеттердің ақ, қалың тұманы арасында жоғалтқан кезде болады.
Мақсат жазуға деген уәждеме
Құрметтітренер,сізқатысушылардымақсаттарыжайлыойландыруүшінтөмендегімәтіндіқолдана аласыз(өзсөзіңізбен айтқаныңызжөн).
Шын мәнінде, кез келген адам өзі толық ұғынбайтын,
қиял
сияқты
мақсаттар
қояды.
Көптеген
адамдар
айналада
көргісі
келетіні
және
өзгерткісі
келетіні
туралы
ойланғанды
ұнатады.
Кейбіреулер өздерінің келбетіне риза болмайды, ал басқалары жақын адамдары мен сүйікті
істеріне көбірек уақыт бөлгілері келеді, ал үшіншілері мансап пен материалдық әл-ауқат
туралы армандайды. Бірақ сонымен бірге, санаулы адам ғана нақты не қалайтынын, бұл үшін
не істеу керектігін және қажетті нәтижеге жету үшін қандай жол таңдау керектігін дәл айта
алады.
Көп жағдайда адамдар жоспар құруға және нақты тұжырымдалған міндет қоюға қорқады.
Шынында да, бүкіл өмір мән-жағдайларға тәуелді және кедергілер мен қиындықтарға толы
болса,
бір
нәрсені
жоспарлап,
армандаудың
керегі
не?
Жақсы
нәрсе
«болады»
деп
күту
әлдеқайда оңай. Бірақ бұл «жақсы нәрсе» қандай да бір себептермен өте сирек «болады».
Нәтижесінде
теріс
эмоциялар
және
өз тағдырына
наразылық туындайды.
Бірақ алдына нақты мақсат қойған адам басқаша өмір сүреді: арманына жету жолындағы
қиындықтар мен кедергілерді сәтсіздік ретінде емес, шынымен шешуге және алға жылжуға
көмектесетін
қызықты
тапсырмалар
ретінде
қабылдайды.
Оның
өмірі
жарқын
әсерлерге
толы,
ол өзін және жетістіктерін мақтан тұтады. Пассивті адамнан өз тағдырының режиссері мен
құрылысшысына
айналады.
Мақсат қою өмірді жақсартуға шынымен көмектесетініне көз жеткізу үшін ақылға қонымды
мақсат
қоюдың қандай
артықшылықтары бар
екенін
тұжырымдап көрейік.
-
Жағдайды бақылау
Адам өмірін жылдам ағып жатқан өзенмен салыстыру жаңа болмаса да, көрнекі теңеу болып
табылады.
Өзеннің
бір
жағынан
екінші
жағына
өту
керек
деп
елестетіп
көріңдер.
Мақсаты
жоқ
адам оқиғалар ағымына мойынсұнып, ағынның оны кез келген жерге апаруын күтеді. Әрине,
ол
өзеннің
ар
жағына
барғысы
келеді,
бірақ
бәрі
жағдайға,
яғни
өзеннің
оны
қайда
апаратынына
байланысты.
Өзінің мақсатын (қарама-қарсы жағадағы нақты жерге жету) нақты білетін адам белгіленген
нүктеге
жету
үшін
бар
күшін
салады:
ағынмен
күресіп,
бар
күшімен
жүзеді,
қозғалыс
траекториясын
есептейді және
т.б.
Қалай ойлайсыңдар, қайсысының қарсы бетке жету ықтималдығы жоғары? Әрине, нақты
мақсатқа сәйкес жағдайды мүмкіндігінше бақылауға тырысатын адам ғана дегеніне жете
алады.
-
Өмірдің мәні
Күлкілі
болып
көрінсе
де,
нақты
тұжырымдалған
мақсаттар
өмірдің
мәнін
табуға
көмектеседі.
Бұл
адамға
қай
жаққа
қозалу
керектігін
көрсетіп
қана
қоймайды.
Егер
күнделікті
өмір
қызықты
жолға
айналса,
ондағы
әр
қадам
нақты
болып, мақсатқа
жақындатады.
Әр
сәттің
мәні
болады,
себебі
ол
арманды
жақын
әрі
шынайы
қылады.
Өмірдің
мәні
–
нәтижеде
ғана
емес,
өмір
сүрудің
өзінде.
Жолда
қандай
кездейсоқ
әрі
жағымды
тосын
сыйлар
кездесетініне
таңғаласыңдар.
Тіпті
күнделікті
жаяу
жүру,
тігуді,
тоқуды
немесе
шет
тілін
үйрену
сияқты
күнделікті
жұмыстарды
орындаған
кезде
қандай
керемет
мүмкіндіктер
ашылатынын
көресіңдер.
Міндеттерді
нақты
анықтай
білсеңдер,
өмірлерің зая
кетпейді.
-
Өнімділік
Нақты мақсатты анықтағаннан кейін оған жету жолындағы жеке міндеттерді бөліп көрсетуге
болады. Олардың көбісін жақын
арада,
ал
кейбіреулерін
дәл
қазір
шешуге
болады.
Абстрактілі
қиялдың орнына нақты іс-әрекеттерге көшесіңдер, қиындықтарды біртіндеп жеңіп, нақты
мәселелерді
шешесіңдер,
демек
шынымен
дұрыс
бағытта
қозғала
бастайсыңдар
және
нәтижелерді
бірден дерлік
көре
аласыңдар.
-
Өз күшіне деген сенімділік және ынта