Материал: Факультативті мазмны

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
оныңәдістеріменсебептерін анықтау.

Әдістері:ой-талқы,шағындәріс,әңгімелесу.

Ресурстар:плакаттар,маркерлер,жаттығулар,теориялықматериал.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:5минут

«Көңіл-күй» сергіту сәті


Уақыт: 5 минутПроцесі:
Оқушыларға сыныптың кез келген ыңғайлы жеріне барып тұруды ұсыныңыз.

Мұғалім: «Бүкіл денелеріңді, аяқтарыңды, қолдарыңды, омыртқа мен бастарыңды сезініп, сыныпта қозғалып жүріңдер… Дененің қандай бөліктері ояу және ұйықтап жатқанын сезініңдер. Енді жаттығуды бастаған кездегі көңіл-күй туралы ойланыңдар және бұл көңіл- күйді жүру арқылы білдіріңдер. Өтінемін, сөйлемеңдер және топтың басқа мүшелеріне назар аудармаңдар. (15 секунд)

Енді жүру арқылы басқа көңіл-күйді білдірулерің керек. Толығымен шаршағандарыңды елестетіп көріңдер. Біраз уақыт қатты шаршаған адам сияқты жүріңдер. (15 секунд)

Енді керемет жаңалық алған өте бақытты адам сияқты жүріңдер. (15 секунд) Енді қорқақ адам сияқты. (15 секунд)

Енді айкезбе адам сияқты көздеріңді ашып жүріңдер. (15 секунд) Ал енді ар азабына ұшыраған адам сияқты. (15 секунд)

Енді данышпан сияқты жүріңдер – сендер Нобель сыйлығын алдыңдар. (15 секунд) Өте ұқыпты адам сияқты жүріңдер, арқанмен жүріп келе жатқан даршы болыңдар. (15 секунд)

Қорытындылай келе, жүрістеріңмен не білдіргілерің келетінін өздерің ойлай аласыңдар... (15 секунд)

Бір минутқа тоқтап, қазіргі уақытта өздеріңді қалай сезінетіндеріңді түсінуге тырысыңдар. Өз орындарыңа бара жатқанда осы көңіл-күйді бүкіл денелеріңмен білдіріңдер».

Теориялық блок. Жаттықтырушының кіріспе сөзі


Уақыт: 5 минутПроцесі:

«Адамдардың байланысында үш қате болады: біріншісі орынсыз сөйлеуге ұмтылу; екіншісі – ұялшақтық, қажет кезде сөйлемеу; үшіншісі – тыңдаушыға қарамай сөйлеу». Конфуций



Біз бастайтын жаңа тақырып «Коммуникация» деп аталады. Коммуникация дегеніміз не? (оқушылардың жауап нұсқалары). Иә, дұрыс айтасыңдар. Коммуникация ол ақпарат алмасу. Ол әртүрлі болады. Біз ең алдымен үйдегі жақындарыңмен, мектептегі достарыңмен және дүкендегі бейтаныс адамдармен күн сайын жасайтын коммуникацияларды қарастырамыз. Мұның бәрі байланыс түрлері.

Байланыс адамдар арасындағы байланысу нысаны, өзара әрекеттесу, бірге жасалатын әрекет. «Байланысу» сөзі бірлесуді, біреумен бірге болуды, дос болуды, бөлісуді, біреуге қатысу үлесін беруді білдіреді.

Енді сендерге қояр сұрағым бар: адамдарға байланысу не үшін керек?

«Адамдарға байланысу не үшін керек?» ой-талқысы


Уақыт:15минут

Материалдары: плакаттар, маркерлерПроцесі:
Жұпқа бірігіп/үш адаммен бірлесіп, берілген тақырып бойынша плакат салу. Сурет салу уақыты – 5 минут. Презентация + суреттерді талқылау.

«Қарым-қатынас жасау жолдары» ой-талқысы


Уақыт:10минут

Материалдары: плакаттар, маркерлерПроцесі:
«Өте жақсы, балалар, сендер адамдардың бір-бірімен не үшін байланысатынын айттыңдар. Енді бәріміз бірге ойланайық, біз қалай байланысқа түсеміз (сөйлесеміз)? Байланысудың қандай жолдары бар?»

Мұғалім оқушылардың ойларын бір плакатқа жазады.

Теориялық материал


Уақыт:5
минут
S-M-R коммуникациялар үлгісі S (source) дереккөз, жіберуші

M (message) хабарлама

R (receiver) қабылдаушы
Кодтау және декодтау

R және S-ті кері байланыс біріктіреді.
Жіберуші бар – ол ақпаратты бергісі келетін адам. Алушы бар – ол ақпарат алатын адам.

Жіберуші жібергісі келетін ақпаратты хабарламаға айналдырады (кодтайды). Одан кейін хабарламаны беріп, жіберетін ақпаратты беру арнасын таңдайды. Осылайша хабарлама алушыға жетеді.

Ол оны ашып (кодтың мағынасын ашып), ақпарат алады.
Тиімді коммуникация п ринциптері

  1. Мақсаты (байланыс нәтижесі)

  2. Назар аудару (сұхбаттастың сіздің айтқаныңызға жауап беруін мұқият бақылау )

  3. Икемділік (мінез-құлықта, сендіру әдістерінде )


Коммуникация процес інің міндеттері

  1. Өзін білдіру

  2. Кері байланыс алу

  3. Басқаны тыңдау

  4. Оны естігеніңізді растау


Ақпаратты беру құралдары, сендіру үшін оларды тиімді пайдалану Біз ақпаратты келесілер арқылы алып, өңдейміз :

1% - дәм сезу мүшелері 1,5% - сезу мүшелері 3,5% - иіс сезу мүшелері 11% - есту мүшелері 83% - көру мүшелері

Оқу қызметін қорытындылау


Уақыт: 5 минутРефлексия:

Әсерлермен бөлісіңдер:

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?

  • Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?



Үй тапсырмасы:


Достарыңмен «кодтау-декодтау» қағидатының қалай жұмыс істейтінін тексеріңдер.
  1. сабақ


Тақырыбы:Коммуникация.

Ұғымдар:коммуникация,кедергілерменшуылдар,қарым-қатынастыңвербалдыжәневербалдыемесқұраушылары.

Сабақтың мақсаты: тиімді қарым-қатынас жасауға және ақпараттың дұрыс жетуінекедергікелтіретінфакторлардыанықтау;вербалдыемескоммуникацияжасаужәнеэмоцияларды білдіру үшін ымдау тілін, мимиканы, дене қимылдарын пайдалану қабілетіндамыту.

Әдістері: әңгімелесу, шағын дәріс, жаттығулар, ой-талқы.Ресурстар:плакаттар,маркерлер,теориялықматериал.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:5минут

«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.


Уақыт:5минут

Мәтінді беруге бағытталған жаттығу


Уақыт:15 минут

Процесі:
5 ерікті шақырылады, олардың міндеті – келесі мәтінді жеткізу. Сонымен қатар, мәтінді бір оқушы ғана тыңдай алады. Қалғандары есіктің артында тұрады.

Мәтін:«Қаланың Білім басқармасынан Әлібек Мұхтарұлы қоңырау шалды. Ол өзінің кешігетінін айтты, өйткені ол жаңа информатика кабинетіне орнатылуы керек жаңа компьютерлік жабдықты сатып алуға барады. Оқу меңгерушісіне жоғары сынып кестесін
қайта құрып, екі сағат алгебра пәнін қосу керектігін айту керек».
Талқылау:

  • Неліктен ақпарат толығымен жеткен жоқ деп ойлайсыңдар?

  • Қандай сәттерде ақпарат жоғалады?

  • Күнделікті өмірімізде мұндай бола ма? Үйде, мектепте, достарыңмен?

  • Сендер айтқан нәрселер мүлдем басқаша түсінілген кездер болды ма?

  • Тыңдаушыға барынша көп ақпарат жету үшін не істеу қажет?

  • Өздерің үшін ақпаратты жоғалтпай, осы сияқты жағдайларды қалай азайтуға болады?



«Қарым-қатынасқа не кедергі келтіруі мүмкін?» ой-талқысы (тренер бір плакатқа жазады)
Уақыт:10минут

Материалдары: плакаттар, маркерлерПроцесі:
Байланыстағы кедергілер шуылдар.

Қоршаған ортаның шуылы.


Бұл хабарламаны қабылдауға кедергі келтіретін қарапайым бөтен дыбыс. Мысалы, дискотекада дауыс зорайтқыштың астында тұрып сөйлесу қиын немесе мектеп жанында құрылыс жүріп жатқан кезде мұғалімге сабақ жүргізу қиын.

Физиологиялық шуыл.


Мұнда хабарламаны қабылдаушы белгілі бір физиологиялық күйде болады, соның кесірінен хабарламаны қабылдау қиынға түседі (мысалы, құлағы естімейді немесе көзі көрмейді).

Мағыналық шуыл.


Хабарлама жіберетін және оны қабылдайтын адамның сөздердің мағынасын әртүрлі түсінуінен шыққан шуыл. Бізді көбінесе ата-әжелер түсінбейді, өйткені біз жаңа, сленг сөздерді қолданамыз.

Синтаксистік шуыл.


Грамматика немесе синтаксистегі қателер қарым-қатынасты қиындатуы мүмкін. Әдетте бұл шуылдан хабарламаны басқа тілде беретін адамдар зардап шегеді.

Мәдени шуыл.


Оның себебі көзқарастардағы, әдеттердегі, дәстүрлердегі әлеуметтік, саяси, діни және кәсіби
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/177504