Материал: Факультативті мазмны

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:5минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:5минут

«Креативтілік дегеніміз ол…» ой-талқысы


Уақыт:10минут

Материалдары: плакаттар, маркерлерПроцесі:
2 топ құрыңыз.

Топтар «Креативтілік дегеніміз ол…» тақырыбын ашу үшін бір нәрсе жазып, бейнелеуі тиіс. Жұмыстарын басқа топтарға көрсетіп, презентация жасайды.

Ой-талқы қорытындысы мұндай қасиеттер бәрінің бойында бар, оларды тек дамыту керек!

Теориялық блок


Уақыт:5минут

Креативтілік ол мүмкіндіктерді көру/табу қабілеті.


Шығармашылық қабілеттер адамның шығармашылық шешімдерді, түбегейлі жаңа идеяларды қабылдау және құру қабілеті.

Күнделікті өмірде шығармашылық қабілеттер тапқырлық ретінде көрінеді ол мақсатқа жету, қоршаған ортаны, заттар мен жағдайларды әдеттен тыс қолдана отырып, шешімі жоқ болып көрінетін жағдайлардан шыға білу деген сөз.

Кең мағынада – ол мәселенің ерекше және тапқыр шешімі, әдетте мамандандырылмаған құралдар немесе ресурстар арқылы қабылданады. Сонымен қатар, бұл проблемаларды ерекше, стандартты емес түрде шешу қабілетін де білдіреді.
Көп жағдайда адамдар креативтілікті кәсіптермен (жазушылар, суретшілер, сценаристер, режиссерлер, бишілер және т.б.) немесе шығармашыл тапсырмалармен (жаңа стратегияларды,

өнімдерді, шешімдерді әзірлеуге арналған ой-талқылар) байланыстырады. Бірақ креативті ойлау бұл жағдайға жаңа көзқараспен қарау деген сөз. Креативтілікбәрінекерек!Барлықкәсіптердежәнекәсіби қызметтентысжерлердешығармашылықболуытиіс.

Шығармашылық көбінесе ретсіздікпен және логиканың жоқтығымен байланысты болғанына қарамастан, креативті ойлау әдісіне аналитикалық және ұйымдастырушылық қабілеттер тән. Ерекше шешім қабылдау үшін қазіргі уақытта осы салада не болып жатқанын түсіну, зерттеу, талдау, қиын жағдайдан шығудың стандартты емес нұсқаларын іздеу қажет.

Маңызды ерекшелігі ол жаңа нәрсені қабылдау, тәуекелге бару және стереотиптерді ұстанбау болып табылады.

Біз бүгінгі және келесі сабақта креативтілігімізді түрлі жаттығулар арқылы жаттықтырамыз.

«Дыбыстау» жаттығуы


Уақыт:5минут

Материалдары: проектор (интерактивті тақта), бейнежазбаларПроцесі:
Сіз проектормен (интерактивті тақтада) көрсететін бейнежазбаны қатысушылар өз беттерінше дыбыстайды.

Оқушыларға өздерінің жеке дыбыс жазатын студияларын құруды ұсыныңыз. Сіз дыбысы жоқ бейнежазбалар қосасыз, ал еріктілер оларды өз қалауы бойынша дыбыстайды.

Бейнежазбалардың мысалдарын бағдарлама үйлестірушілері береді, сонымен қатар, өзіңіз де таңдай аласыз.

Бейнежазба көрсету мүмкіндігіңіз болмаса, ерікті оқушыларға (3-5 адам) сөзсіз көрініс қоюды ұсыныңыз, сюжет ретінде танымал ертегі беріңіз. Қалғандарына ертегінің атын айтпаңыз. Екі ерікті ертегіні дыбыстай алады.

«Сөзді тауып айту» жаттығуы


Уақыт:10минут

Материалдары: апта күндері жазылған парақшаларПроцесі:
7 шағын топ құрыңыз. Әр топқа бір сөз жасырыңыз, олар оның қандай сөз екенін табуы тиіс. Жауабын табу тәсілі – осы сөздің ішіндегі әріптерге басталатын сөздер ойлап табу. Бірақ ол қарапайым сөздер емес, мағынасы жағынан сәйкес келетін сөздер болуы тиіс: ол сөздер бастапқы жасырынған сөзді сипаттайтын сөйлем құрауы қажет.

Топтарға бастапқы сөз жазылған қағазды беріңіз. Ол апта күндері болсын. Бір топқа дүйсенбі, екінші топқа сейсенбі және т.с.с. беріледі. Жаттығуды орындау үшін топтарға 5-7 минут уақыт беріңіз, одан кейін шыққан сөйлемді айтуларын сұраңыз.

Оқу қызметін қорытындылау


Уақыт: 5 минутРефлексия:

Әсерлермен бөлісіңдер:

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?

  • Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?



Үй тапсырмасы:


Үйде кез келген сөздерді қолданып, «Сөзді тауып айту» жаттығуын орындап көріңдер. Қызық болатынына сенімдімін.
  1. сабақ


Тақырыбы: Креативті ойлау дағдыларын дамыту.Ұғымдар:креатив, ассоциациялар әдісі.

Сабақтыңмақсаты:оқушылардыкреативтіойлауқабілетіндамытудағдыларыбойыншажаттықтыру;креативтіліктідамытудың түрліәдістеріментанысу.

Әдістері:жаттығулар,ассоциацияларәдісі,ой-талқы.

Ресурстар:плакаттар,маркерлер,теориялықматериал,поститтер.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері
туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:5минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:5минут

Теориялық блок


Уақыт:5минут
Бүгін біз креативті ойлауды дамытуға көмектесетін әртүрлі құралдармен танысамыз.

«3 егер» техникасы. Бұл техника қолданыстағы процестерді, нәрселерді, компанияларды өзгерткісі келетін адамдар үшін пайдалы.



Көптеген жаңашыл адамдар қолда бар нысанды алып, тұжырымдаманы түрлендіріп, оны жаңа қылу үшін маңызды сұрақтар қояды. Стив Джобс смартфон идеясынан бастаған жоқ. Ол жай ғана қолда бар ұялы телефонды алып, «Оны қалай жақсарта аламыз?» деген қарапайым сұрақ қойды.
Сендер де шығармашыл ойлауды үш «егер» айналасында құруға тырысып көріңдер: Егер мұны (нысан/жүйе/әлеуметтік қатынастар және т.б.) өзгертсек, не болады?

Егер бұл нысанды 10 жылдан кейін қолданғымыз келсе, онда оның қай жерін өзгертіп я жақсартар едік?

Егер бізде миллион долларлық инвестиция болса, оны көбейту үшін не істер едік?

Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/177504