Материал: Факультативті мазмны

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

4 пен 5 раунд дәл сондай.

6-раунд: парақтар бастапқы авторларына оралады. Қатысушылардан басқа шағын топтардың не жазғанын оқып, жанжалды жағдайдың өз позитивті нәтижесін жазуларын сұраңыз – 3 минут беріледі.
Топқа келесі сұрақтар қойыңыз:

  • Жанжалдардың нәтижелері позитивті болады деп ойладыңдар ма?

  • Жанжалды жағдайды сипаттау оңай болды ма, әлде қиын болды ма? Неліктен?

  • Жанжал салдарын позитивті жағынан көру қиынға соқты ма?


Тапсырманықорытындылаңыз.

Жанжалды жағдайларда адамның көңіл-күйінің позитивті болғаны маңызды. Тіпті жағымсыз жағдайдың өзінде жақсы нәрсе табуға болады.

Теориялық блок


Уақыт:5минут
Біз жанжалдарды көбінесе жаман нәрсе деп қабылдаймыз, бірақ бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас пен өмір динамикасының табиғи бөлігі. Тіпті табиғатта да қарсыласу мен соқтығысу үнемі орын алады, мысал ретінде табиғат күштерінің күресі немесе қасқырдың қоянның артынан қууын келтіре аламыз.

Жанжалдар жақсы нәрсеге жетелеуі мүмкін, өйткені олар бізді ерекше шешім іздеуге мәжбүрлейді, осылайша жаңа мүмкіндіктер табуға көмектеседі.



Сонымен қатар, жанжалдарды шешу арқылы біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Қатысушылар басқалардың есебінен жеңе аламыз деп ойлағанда немесе жауды құрметтемегенде жанжал нақты проблемаға айналады. Сондықтан кез келген жанжалды өзара жеңіс мақсатында шешуге тырысу керек.

Сонымен қатар, біз көбінесе жаудың іс-әрекетінен алған моральдік зиянды асыра айтамыз және өзіміз біреуді ренжіткен кезді әлдеқайда аз байқаймыз. Сондықтан атмосфераны бақылау және қарсыласты қорламау өте маңызды.
Жанжалды тудыратын көптеген себептер бар, бастысы олардың мәні неде екенін түсіну.

Мысалдар:

Адалдықтанайырылу.Сен досыңа өзіңді алаңдататын сезімініңді ашып айттың, ал ол оларды жоққа шығарды.

Әлеуметтікқұрылымнаншығару.Достарың жиналып, сенсіз кеш өткізді, сен өзіңді оқшауланған болып сезінесің және ренжисің.

Мақсаттардағы айырмашылық. Қыз бала астанадағы университетке түседі және мансап туралы армандайды, ал оның сүйген жігіті туған қаласында қалып, ерте отбасы құрғысы келеді.

Қызығушылықтардағы айырмашылық.
Бір әкенің бос уақыты аз, оны хоббиіне арнағысы келеді, ал әйелі мен балалары оның назарын өздеріне аударғылары келеді.

Әртүрлі қарым-қатынас стильдері.Аналитикалық ойлау қабілеті дамыған тұйық адам эмоционалды сыныптастарына қарағанда суық әрі тәкаппар көрінеді.

Өзгерістерді қаламау. Сен үйде туған күніңді басқаша атап өтуді ұсынасың, бірақ оның мүмкін еместігі туралы дәлелдерді ғана естисің.

Міндеттерді бөлу туралы келісе алмау. Досың екеуің «Тик-Токта» қызықты парақшаны бірге жүргізуге шешім қабылдадыңдар, бірақ бір-бірің туралы өте аз идеялар ойлап табады деп ойлайсыңдар.

Өзін-өзі дәлелдеу ниеті. Білгіш адам басқалармен мұғалім секілді сөйлеседі, өйткені өзін құзыретті сезінгісі келеді және бұл әрекеті бәрін ашуландыратынын түсінбейді.
Әр жанжалда мәселенің мәнін табу өте пайдалы. Егер осы дағдыға ие болсаңдар, кез келген келіссөздер тезірек өтеді.

«Иә, бірақ... Иә, және…» жаттығуы


Уақыт: 5 минутПроцесі:
3 адамнан тұратын шағын топтар құрыңыз.

Ережелері:

Мектепте соңғы қоңырау ұйымдастырып жатсыңдар деп елестетіп көріңдер. Керемет мереке ұйымдастыру үшін сендерге миллион теңге бөлінді. Ақшаны қалай жұмсау керектігін шешу қажет. Талқылауға бір жарым минут беріледі, әр сөйлемді «Иә, бірақ...» сөздерімен бастау керек.

Екінші айналымға тағы бір жарым минут беріледі, бірақ енді сөйлемді «Иә, және ...» сөздерімен бастау керек.

Ең соңында қатысушылар екінші сөзді қолданған кезде келісімге келу қаншалықты оңай екенін салыстыруы тиіс.

Оқу қызметін қорытындылау


Уақыт: 5 минутРефлексия:

Әсерлермен бөлісіңдер:

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?

  • Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?



Үй тапсырмасы:


«Иә, бірақ... Иә, және…» сөздерін қолданып, үйде ойнап көріңдер. Айырмашылықты байқадыңдар ма?
  1. сабақ


Тақырыбы:Жанжалдар.

Ұғымдар:Жанжалдағымінез-құлықтың5стратегиясы.

Сабақтың мақсаты: жанжалдағы мінез-құлықтың 5 стратегиясымен танысу; жанжалкезінде қандай әрекет ету әдісін қолданатынымызды ұғынып үйрену; әр адам үшінқайстратегиятиімді әрі қолайлы екенін түсіну.

Әдістері: жаттығулар, шағын дәріс, дәптермен жұмыс істеу.Ресурстар:плакаттар,проектор, жұмысдәптерлері.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:5минут

«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.


Уақыт:5минут

«Диалогқа не кедергі келтіреді?» теориялық блогы


Уақыт:5минут

Жанжалды тудырған қарама-қайшылықтан басқа, жағдай көбінесе қатысушылардың сындарлы диалог жүргізе алмауымен күрделене түседі. Әдеттегі қателіктер келесідей болады, олар жанжалды созып, оны одан бетер қиындатып жібереді:
Пассивтілік. Адам жанжалдасудан қорқады, өзінің наразылығын басады, жалтарып жауап береді. Бұл адамның процеске қасақылық жасасуына немесе келіспеушілігін білдіру үшін мысқыл және вербалды емес белгілерді қолданатын пассивті агрессияға әкеп соғуы мүмкін. Сонымен бірге, ол жағдайды ашық талқылаудан
бас тартады.

Егер енжарлыққа бейім болсаңдар, мұндай мінез-құлықтың конструктивті еместігін мойындап, өз мүдделеріңді сыпайы және сабырлы түрде қорғауды үйреніңдер. Егер пассивті адаммен қарым-қатынасқа түссеңдер, наразылығының себептерін одан сұрап алуға тура келеді.
Бағаламау. Бұл психологиялық қорғаудың кең таралған және өте зиянды әдістерінің бірі: жағымды жақтарды төмендетіп, кемшіліктерді асыра сілтеу, әлдебір нәрсені маңызды деп мойындамау, тиісті құрмет көрсетпеу: «Бұл мәселе емес», «Бес алдың ба? Жаман емес. Ал мен...» және т.б.

Нәрселерді құнсыздандыратын адам оны санадан тыс түрде, сонымен қатар шабуылдау үшін емес, өзін қорғау үшін айтады, мысалы, басқа адамдардың жетістіктерін қызғанғаннан істейді. Немесе ол өз әдетінше әрекет етеді. Әдетте жақындарымыз біздің уайымымызға теріс пікірмен қарайды: «Бір нәрсе жетпей ме? Ал Африкада балалар аштан өліп жатыр».

Мұндай жағдайда не істеу керек? Кем дегенде, құнсыздандыруға дәл сол әдіспен жауап бермеу керек. Егер оған бейім болсаңдар, мұны байқауға тырысып, тіпті жаттығу ретінде жақын адамдарыңнан осындай сәттерді көрсетулерін сұраңдар.
Тақырыптанжалтару.Егер адамға ыңғайсыз немесе жағымсыз сұрақ қойылса, ол мәселенің мәнінен алшақтататын жауап қайтара алады. Мысалы, «Кеше тағы ыдыс жуған жоқсың» «Ол

алдыңғы күні болды». Абстракция. Бұл тақырыптан жалтарудың жиі қолданылатын нұсқаларының бірі.

Мысалы: «Мені сүйесің бе?» «Философтар махаббат не деген ортақ қорытындыға әлі келген жоқ».
Шамадан тыс жалпылау. Біз оны бойымызда «ішкі сыншы» оянған кезде өзімізге қатысты
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/177504