Материал: Факультативті мазмны

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
және сезімдеріміз жараланған кезде басқаларға қатысты қолданамыз. Жеке жағдай заңдылық ретінде, ал адамның ситуациялық мінез-құлқы оның тұлғасының қасиеті ретінде қабылданады. Жалпылау мәселенің мәнін бұрмалайды және егер сұхбаттасушы шынымен қателік немесе әдепсіздік жасаса, оны ренжітеді. Егер біз өзімізге теріс жалпылау жасасақ, бұл дәрменсіздік сезімін тудырады. Мысалы: «Сен әрдайым сөзімді бөлесің», «Мен адамдарға ешқашан ұнамаймын».
Шынайы болмау. Біз осал болып көрінуден қорқатындықтан, сонымен қатар стратегиялық тұрғыдан өз сезімдерімізді көрсете бермейміз. Бірақ шынайы болмау жанжалды одан әрі ушықтырады. Егер адамнан бір нәрсе алғыларың келіп (және сендерге оны беруі тиіс деп ойласаңдар), өз тілектеріңді тұспалмен білдірсеңдер, түсінбеушілікті одан бетер арттырасыңдар.

Жаттығу. Жанжалдағы мінез-құлық туралы көріністер


Уақыт: 15 минутПроцесі:
5 топ құрыңыз. Оларға жоғарыда аталған, диалогқа кедергі келтіретін тәсілдерді таратыңыз. Қатысушылардан өз көріністерін қоюды сұраңыз, онда жанжалдың бір қатысушысы осындай мінез-құлық танытсын. Көрініс қою уақыты 10 минут. Презентация.Талқылау.

Теориялық блок


Уақыт:5минут
Біз бір жыл бойы түрлі дағдыларды үйрендік. Көшбасшы, яғни процесс, қарым-қатынас және нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдауға дайын адам ретінде сендер командадағы жанжалды елемей жүре алмайсыңдар. Жанжалдыжағдайлардыбасқарудыүйренукерек!

Жанжалды басқару дегеніміз – оны барынша ерте және аз шығынмен аяқтау.

Жанжалды басқарудың 5 жалпы стратегиясы бар:



Қашу.Мәселенің бар екенін жоққа шығару немесе барлығын сол күйінде сақтау.

Қайкездеорынды:сұрақ маңызды болмаса, уақыт қолайсыз болғанда, жай ғана «тынышталу» керек кезде;

Қайкездеорынсыз:мәселе маңызды, өздігінен жойылмайтын кезде, осы жерде және қазір шешуді талап еткенде, әйтпесе жағдай ушығады.
Бейімделу/жуып-шаю. Жанжалға түскен тараптар арасындағы айырмашылықтарды азайтуға тырысу, үйлесімділік көрінісін жасау.

Қайкездеорынды:тараптар арасындағы қарым-қатынас осы проблемадан гөрі маңызды болса, мәселе соншалықты маңызды болмаса;

Қайкездеорынсыз:мәселе қарым-қатынастан гөрі маңызды болғанда, шешуді талап еткен кезде.

Соқтығысу/үстемдік
ету.Екі тарапты бір-бірімен жақындастыру, мықтының жеңіске жетуі. Қайкездеорынды:тез арада шара қабылдау керек кезде, жағдай төтенше болып, жедел әрекет ету қарым-қатынастан гөрі маңызды болғанда. Тараптардың бірі үшін қолайсыз шешім қабылдау қажет, сондықтан келісімге келу мүмкін емес;

Қай кезде орынсыз: қарым-қатынас жедел әрекеттен, асығыстықтан маңызды болса және қауіп-қатер болмаған кезде.
Ымырағакелу.Екі тараптың келісімге келу үшін бір нәрседен бас тартуы.

Қай кезде орынды: тараптар бір-біріне бір нәрсе бере алатын, бірақ ресурстары шектеулі болған жағдайда. Қарсыластардың шамамен тең мүмкіндіктері бар және олар үшін кем дегенде уақытша шешім қабылдау маңызды болғанда. Тараптар үшін бірнеше қолайлы шешім болған кезде;

Қайкездеорынсыз:тараптардың ұстанымдары шындыққа жанаспайтын кезде, күмәнді міндеттемелер бар болған кезде.
Ынтымақтастық/проблемалардышешу.Екі тараптың кез келген нәрседен бас тартпай, барлығына қолайлы шешім табуы.

Қайкездеорынды:мәселені түрлі тұрғыдан қарастыру керек кезде. Ымыраға келу мүмкін емес, бірақ тез шешім қабылдауға қысым болмаған жағдайда.

Қайкездеорынсыз:тараптар ынтымақтастыққа жеткілікті деңгейде мүдделі болмаған, уақыт жетіспеген жағдайда.

Біз кез келген командалық қарым-қатынас сенім мен жеңу-жеңу стиліндегі ойлау негізінде құрылатындығын есте ұстауымыз керек, жанжалдарды
шешу осыған тікелей байланысты.

Дәптермен жұмыс істеу: «Өзіңе беретін кеңестерің»


Уақыт: 10 минутМатериалдары: жұмыс дәптеріПроцесі:
Қатысушыларданбетіндегі (№ жұмыс дәптерінен алдын ала қараңыз) «Өзіңе беретін кеңестерің» кестесін өз беттерінше толтыруларын сұраңыз.





Үйде, туыстармен, отбасымен болған жанжал

Жақын достармен, сыныптастармен болған жанжал

Бейтаныс

адамдармен болған жанжал

Мен жанжалды жағдайда өзімді қалай сезінгім келеді?










Мен жанжалды жағдайда не

істеймін?











Үй тапсырмасы:


Өмірлеріңде болған түрлі жанжалды жағдайларды еске түсіріп көріңдер. Олардың жағымды тұстары болды ма?
  1. сабақ


Тақырыбы: 3 тоқсан бойынша қорытынды сабақ.Ұғымдар:қорытынды,жанжалдар,креативтілік.

Сабақтыңмақсаты:«Презентацияжасау»,«Жанжалдар»және«Креативтіойлаудағдыларындамыту» тақырыптарыбойынша сабақтардықорытындылау.

Әдістері:ой-талқы,жаттығулар,сауалнаматолтыру,жұмысдәптерлеріменжұмысістеу.

Ресурстар:поститтер,плакат,маркерлер,жұмысдәптерлері,Болжамдар»плакаты»,керібайланыссауалнамасы.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:10минут

Сергіту сәті/массаж/отырып шеңбер құру

Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/177504