Материал: Факультативті мазмны

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

«Қарындаштар» жаттығуы


Уақыт:20минут

Материалдары: қатысушылардың санына сәйкес келетін қаламдар немесе қарындаштарПроцесі:
Қарындаштарды немесе қалпақшалары жабылған қаламдарды бір-біріне жақын тұрған оқушылардың саусақтарының арасына қыстыру.

Алдымен оқушылар дайындалып көреді: жұпқа бөлініп, бір-біріне 70-90 см қашықтықта қарама-қарсы тұрады және қарындашты сұқ саусақтарымен көлденең ұстауға тырысады. Қарындаштарды тек сұқ саусақтарының жұмсақ жағымен ұстау керек, басқа адамдарды ұстауға болмайды (яғни, бір-бірін басқа саусақпен ұстауға, қолдарынан ұстауға және т.б. болмайды).

Тапсырма: қарындаштарды түсіріп алмай, қолды жоғары-төмен, оңға-солға қозғалту.
Дайындықты аяқтағаннан кейін топ шеңбер құрып тұрады (оқушылар арасындағы арақашықтық 50-60 см), қарындаштарды көрші тұрған қатысушылардың сұқ саусақтарының арасына қысып ұстау керек. Бүкіл топ қарындаштарды түсірмей, тапсырманы бірге орындайды.

Қолды көтеру, түсіру, бастапқы күйге оралу. Қолды алға созу, артқа қарай апару.

Бір қадам алға, екі қадам артқа, бір қадам алға қозғалу (шеңберді кеңейту және тарылту). Алға еңкею, артқа шалқаю, тік тұру.

Сәл отыру, тұру.
Талқылау:

  • Шеңбердегі қарындаштар құламауы үшін қатысушылардың әрқайсысы қандай әрекет орындауы тиіс?

  • Осы әрекеттерді орындаған кезде нені басшылыққа алу қажет?

  • Айналадағы адамдармен өзара түсіністікті қалай орнату қажет, басқа адамды қалай

«сезінуге» болады?

Оқу қызметін қорытындылау


Уақыт: 5 минутРефлексия:

Әсерлермен бөлісіңдер:

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?

  • Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?



Үй тапсырмасы:


Отбасыларыңа команда болу үшін не көмектеседі?
  1. сабақ


Тақырыбы:Команда.

Ұғымдар:команда,өзараәрекеттесу,командалықжұмыс,синергия.

Сабақтыңмақсаты:«командалықжұмыстағысинергия»ұғымынанықтау;командалықөзараәрекеттесупринциптерінмеңгеру.

Әдістері:шағындәріс,жаттығулар.

Ресурстар:теориялықблокжәнежаттығуматериалдары,маркерлер,плакаттар.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:5минут

«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:5минут

Теориялық материал. Командалық өзара әрекеттесу, синергия туралы әңгімелесу


Уақыт: 15 минутМатериалдары: жұмыс дәптеріПроцесі:
Командада жұмыс істей білу бұл көшбасшының маңызды дағдысы.

Сендер қаздардың үшбұрыштап ұшқанын көрдіңдер ме? Бірлесіп ұшса, бір құсқа қарағанда сегіз есе көп қашықтыққа ұша алатынын білдіңдер ме? Мұның бәрі ынтымақтастық туралы. Құстардың отарында ең мықтылары алдында ұшып, ауаны бөліп отырады. Ортасындағылар көшбасшыларды айғайларымен қолдайды. Егер бір құстың күші таусылса, онда отардың ішіндегі біреуі міндетті түрде онымен бірге жерге түседі. Олар бірге қиын уақыттың өткенін күтіп, келесі отарға қосылады.

Адамдар да ынтымақтастықтан пайда көре алады. Мәселелерді шешуде әртүрлі адамдардың көзқарастары мен бірегей тәжірибелері неғұрлым көп қолданылса, сәттілік мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Сондықтан қазір әлемде әртүрлілік, төзімділік пен басқа адамдарға құрмет туралы көп айтылады.

Біз түрлі тәсілдермен үйренеміз, ойлаймыз, әлемге басқаша қараймыз және бұл айырмашылықтар күш-жігерді біріктіре алатындарға көмектеседі. Адамдардың әртүрлі екенін түсіну өте маңызды және бұдан ешбір адам артық не кем болмайды.

Айырмашылықтар арқылы өзара көмек пен бірлескен шығармашылық үшін мүмкіндік табуды үйреніп, осы қуатты әрі таңғажайып құралды қолдана білген жөн! Оны синергия деп те атайды.


Синергия

Синергия емес

Айырмашылықтарды іздеу және бағалау

Айырмашылықтарға төзу

Командада жұмыс істеу

Жалғыз жұмыс істеу

Жаңа идеялар мен көзқарастарға ашық болу

Өз пікіріңнің ғана дұрыс екеніңе сену

Жаңа, жақсы шешімдер табу

Көну

Табиғатта синергияның мысалдары өте көп: мәселен, ұсақ балықтар акуланың терісін жабысқан паразиттерден тазартады. Акула өзін жеңіл сезінеді, ал балықтар әрдайым қоректенеді.

Адамдардың арасында да синергияның керемет үлгісі бар – ол жеке түрде шығара алмайтын дыбыстарды бірлесіп шығаратын музыкалық топ.

Қазіргі әлемде командалық ойыншы болу қабілеті жеке еңбекке қарағанда жоғары бағаланады. Айырмашылықтардыбағалайбілу –командалықжұмыстыңнегізі.

Синергияға жету үшін келесі жоспарға сәйкес әрекет ету керек:


  • Мәселені немесе мүмкіндікті тұжырымдау.

  • Барлық қатысушылардан шешімді қалай көретіндерін сұрау.

  • Өз нұсқасын айту.

  • Ой-талқы жүргізу.

  • Барлық ұсыныстардың артықшылықтарын қамтитын шешім табу.


Әрине, синергияның мектепте, үйде, ата-аналар, достар және жақын адамдармен байланыста тиімді екені сөзсіз. Ол адамдармен қарым-қатынас жасағанда әрқашан тиімді болады. Синергияның тағы бір артықшылығы – басқалармен қарым-қатынастың жақсаруы. Жаман емес, солай ма?

«Пілдің суретін сал» жаттығуы


Уақыт:15минут

Материалдары: плакат, маркерлерПроцесі:
Плакатқа 5х5 кесте сызыңыз. Топқа плакаттың алдына тұруды ұсынып, әрқайсысына маркер беріңіз. Олардың міндеті – пілдің бір бөлігін кезекпен-кезек салу.

Әдетте сурет топ мүшелерінің қарым-қатынасын көрсетеді. Балалардың қалай және қайда сурет салатыны кейінгі талқылау тақырыбы болуы мүмкін.

Оқу қызметін қорытындылау


Уақыт: 5 минутРефлексия:

Әсерлермен бөлісіңдер:

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?

  • Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?



Үй тапсырмасы:


Достарыңмен қарым-қатынастарыңда синергия бар ма? Ойланып көріңдер.

«Көшбасшылық» бөлімі


Мақсаты: оқушыларға өмірдегі көшбасшылық қасиеттердің маңыздылығын көрсету. Қалаулы нәтиже: оқушылар көшбасшылық бұл дағдылар жиынтығы және өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс екенін біледі; оқушылар өздерінің негізгі көшбасшылық дағдыларын дамытқылары келеді; оқушылар әрқайсысы көшбасшы бола алатынына сенімді; оқушылар тренингтік оқытуға оң көзқараспен қарайды.

  1. сабақ


Тақырыбы:Көшбасшылық

Ұғымдар:көшбасшылық,автопортрет.

Сабақтыңмақсаты:адамдарәртүрліекенін,бірақолардыңбасынқосып,біріктіретіннәрсеәрдайымбар екенін ұғыну.

Әдістері: жаттығулар, жеке түрде жұмыс істеу, әңгімелесу-пайымдау.Ресурстар:жұмысдәптерлері.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/177504