Материал: Факультативті мазмны

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


Нұсқалары: адам атының бірінші әрпіне келетін қала аты, жеміс, түс, қимыл, т.б.

«Болжам» жасау


Уақыт:5минут

Материалдары: плакаттар, маркерлер, жұмыс дәптеріПроцесі:
Оқушылардан мұнда не үшін келгендері және осы сабақтардан не күтетіндері туралы ойлануын сұраңыз.

Оларға осы факультативке топ ретінде өз мақсаттарын қоя алатындарын айтыңыз. Балаларға бірнеше мысал келтіре отырып көмектесіңіз: «жаңа дос табу», «көшбасшылық қасиеттерді үйрену» және т.б. Енді оқушылар өз идеяларын айтсын, оларды жазып алыңыз. Бұл үшін топқа 5 минут берілетінін айтыңыз.

Оқушылардың жасын естеріне салыңыз. Жасы кіші қатысушылар үшін болжамдар оңайырақ болуы мүмкін. Бірақ тұжырымдардың дәлдігі туралы ұмытпаңыз. Сіздің міндетіңіз қатысушылардың ойларын мүмкіндігінше дәл тұжырымдау, сонда соңғы сабақта

барлықтарыңыз не болатынын нақты түсінесіздер. Мысалы, «бір нәрсені үйрену» тұжырымы анық емес. Болжамды айтқан оқушының идеясын нақтылау керек.

«Келісім» жасау


Уақыт:5минут

Материалдары: плакаттар, маркерлер, жұмыс дәптеріПроцесі:
Балалар осы топта мүмкіндігінше тиімді жұмыс істеуге көмектесетін белгілі бір ережелерді бірге жазсын. Оқушылардың бәрі әртүрлі және әркімнің өз әдеттері бар екенін, бірақ топтағы жұмыс нәтижелі болуы үшін бастапқыда белгілі бір ережелерді айту керектігін түсіндіріңіз. Егер топқа қиын болса, мысал келтіріңіз.

Тренер ой-талқы ережелері бойынша «Келісімдер» жазады.

Егер қажет деп санасаңыз, топтың келісімімен өз идеяларыңыз бен ұсыныстарыңызды (тармақтарыңызды) енгізе аласыз. Олардан осы келісімдер жазылған плакатқа қол қоюды сұраңыз.
Оқушылар Болжамдар мен Келісімдерді жұмыс дәптерлеріне жазып алады және қажет болса, оларды бір жыл ішінде қайталап жүреді.
«Егіздер» жаттығуы Уақыт: 10 минутПроцесі:
Оқушылардың тұруын сұраңыз және жаттығу кезінде аудиторияда еркін жүре алатындарын айтыңыз.

«Қазір бір-біріміз туралы көбірек білеміз. Сендерге 3 адамнан тұратын топтарға бөліну керек. Мен топқа бірігудің принципін айтамын. Үшеуің бір-біріңе бос уақытта не істегенді ұнататындарыңды айтуларың керек. Үштікке бірігу принципі алақанның өлшемі. Алақандары бірдей үш адам топ болып бірігіп, хобби туралы әңгімелесуі тиіс, үш минут беріледі. Бастайық!»
Талқылау тақырыбы мен қандай музыка тыңдағынды жақсы көремін. Принципі киімдегі түймелер саны.

Тақырыбы мен адамдарды қандай қасиеттері үшін сыйлаймын. Принципі ағалары мен әпкелерінің саны.

Тақырыбы менің арманым. Принципі – дүниеге келген кездегі жыл мезгілі.
Оқушыларға белсенді болғандары үшін рақмет айтыңыз. Тренингтеріңізде әрдайым қызықты тақырыптар мен тапсырмалар болатынын және олар өздері және басқалары туралы көп нәрсе
біліп, көп нәрсе үйренетінін айтыңыз.

Топтық өсу кестесі


Уақыт: 5 минутМатериалдары: жұмыс дәптеріПроцесі:
Оқушыларға топтағы сезімдері жұмыс барысында өзгеруі мүмкін екенін айтыңыз. Жеке топтық өсу кестесін толтыруды ұсыныңыз, осылайша жылдың соңына қарай бір жыл бойы

топтарында не болғанын, өзара қарым-қатынастары қалай өзгергенін талдай алады. Бұл олардың жеке пікірі.

Дәл қазір топта өздерін қалай сезінетіндерін түсініп,бетіндегі (№ алдын ала қараңыз) кестедегі бірінші бағанды толтыруды ұсыныңыз.

Топтың әрбір қатысушысы бағандарды өз бетінше толтырады.

Сұрақтарға шын жүректен жауап беруді сұраңыз, өйткені олардың жауаптарын ешкім көрмейді.

Оқу қызметін қорытындылау


Уақыт: 5 минутРефлексия:

Әсерлермен бөлісіңдер:

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?

  • Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?



Үй тапсырмасы:


Топ мүшелеріне жақын болу үшін олардан не туралы сұрағыларың келетінін ойлаңдар.

«Команда» бөлімі


Мақсаты: оқушыларда командалық өзара әрекеттесу процестеріне деген оң көзқарас қалыптастыру.

Қалаулы нәтиже: оқушылар бірлескен әрекеттерді қалай үйлестіру және айналадағы адамдармен өзара түсіністікті қалай орнату керектігін біледі; оқушылар командада өзара әрекеттесудің 4 негізін біледі; оқушылар синергия және командадағы ынтымақтастықты қалыптастыратын құралдармен танысты, оқушылар командада жұмыс істеудің жағымды тәжірибесін алды.

  1. сабақ


Тақырыбы:Команда.

Ұғымдар:команда,адамдартобы,командалықжұмыс.

Сабақтыңмақсаты:жаттығулардымысалретіндеалып,командатуралыәңгімелесу;

«командалықжұмыс»ұғымынанықтау;командалықөзараәрекеттесубойыншажаттығу;тиімдікоманда құраушыларын анықтау.

Әдістері:шағындәріс,жаттығулар,ой-талқы.

Ресурстар:жаттығуларғаарналғанматериалдар,плакаттар,маркерлер.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:5минут
«Сергіту сәттеріне
арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:5минут

«Команда дегеніміз не?» ой-талқысы


Уақыт: 5 минутМатериалдары: жұмыс дәптеріПроцесі:
4 шағын топ құрыңыз. Топ болып, командалық жұмысты бейнелейтін шағын қойылым қою керектігін айтыңыз. Ол кез келген мысал болуы мүмкін.

Дайындыққа берілген уақыт – 10 минут. Презентация.

Қатысушылармен бірге қойылымдарды талқылаңыз.

Теориялық материал. Командада өзара әрекеттесудің төрт негізі


Уақыт:5минут

Материалдары: плакаттар, маркерлерПроцесі:
Өзпікірінбілдіру. Команданың әр мүшесі қорлау мен қателіктерден қорықпай, шынайы, ашық және нақты сөйлейді.

Ынтымақтастық. Әр қатысушы ортақ мақсаттарды көздейді, ақпаратпен бөліседі, өз үлесін қосуға тырысады және кері байланыс алады.

Тәжірибежасау. Сәтсіздіктер болып тұрады, ең бастысы қателіктерден сабақ алу, жұмыс барысында жаңа әдістер іздеу және табу.

Талдау. Команда жұмыс нәтижелерін үнемі түсінеді, қорытынды жасайды және келесі циклде пайдалы әрекеттерді енгізуге тырысады.

Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/177504