Материал: Факультативті мазмны

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


Сабақтыңмақсаты:«Коммуникация»және«Көпшілікалдындасөйлеудағдылары»тақырыптарыбойынша сабақтарды қорытындылау.

Әдістері:ой-талқы,жаттығулар,сауалнаматолтыру,дәптерменжұмысістеу.

Ресурстар:поститтер,плакат,маркерлер,жұмысдәптерлері,«Болжамдар»плакаты,керібайланыссауалнамасы.

Сабақтың барысы



Әсерлермен бөлісу Уақыт: 10 минутПроцесі:
Бүкіл тоқсан ішіндегі сабақтардан алған әсермен бөлісу үшін жеткілікті уақыт жұмсаңыз. Не көбірек ұнады? Ең есте қаларлық сәттер қандай болды?

«Бір-бірлеріне Жаңа жылға тілек айту» жаттығуы


Уақыт:20минут

Материалдары: поститтер, плакат, маркерлерПроцесі:
Оқушыларға бір-бірлеріне Жаңа жылға тілек айтуды ұсыныңыз. Оқушылардың әрқайсысы үш поститке түрлі тілек жазады (ешкімнің атын жазбайды), оларды бір ортақ плакатқа жабыстырады (немесе поститті бүктеп, араластырады) және 3 поститтен алады.

Топтың дамуын бағалау


Уақыт: 5 минутМатериалдары: жұмыс дәптеріПроцесі:
Оқушылардан жұмыс дәптерлерінің №бетін (№ алдын ала қараңыз) ашып, кестенің екінші бағанын толтыруларын сұраңыз.

Балалардан сұраңыз: нәтижелер бірінші күнмен салыстырғанда өзгерді ме, нашарлады ма, әлде жақсарды ма? Неліктен?

Тоқсандағы болжамдарды салыстыру


Уақыт:5минут

Материалдары: «Болжамдар» плакаты, маркерлерПроцесі:
«Болжамдар» плакатын іліңіз. Тізімдегі идеяларды оқи отырып, оқушыларды осы болжамның қаншалықты орындалғаны туралы талқылауға шақырыңыз. Ол үшін «бас бармақ» әдісін қолдануға болады.

«Қазір мен сендер жазған болжамдарды рет-ретімен оқимын. Әр тұжырымнан кейін бұл болжам сендер үшін қаншалықты орындалғанын көрсетіңдер. Ол үшін біз оң қолдың бас бармағын қолданамыз. Саусақты жоғары көтеру болжам 100%-ға орындалды, саусақты

төмен түсіру болжам мүлдем орындалған жоқ, сәйкесінше саусақты бұру арқылы болжамның «орындалу» дәрежесін өзгерте аласыңдар».
Мұғалім-тренер үшін: болжамдар тізімінен бір сөйлемді оқып шығыңыз, топқа қараңыз және барлық оқушылардың саусақтарын көтеріп жауап бергеніне көз жеткізіңіз, жалпы балл шамамен қанша пайыз екенін бағалаңыз. Осы сөйлемнің
жанында қызыл маркермен белгілеңіз: көрсеткіш жоғары бағытталған 100%, көрсеткіш төмен бағытталған 0%. Аралық мәндерді ескеріңіз. Келесі тұжырымға өтіңіз.

«Болжамдар» плакаты бойынша салыстыруды аяқтағаннан кейін топқа алғыс айтыңыз және тұжырымдардың көпшілігіне қол жеткізілгенін хабарлаңыз. Осы сәтті оқушыларды факультатив аясындағы жұмысты жалғастыруға ынталандыру үшін пайдаланыңыз.

Кері байланыс сауалнамасын толтыру


Уақыт:5минут

Материалдары: кері байланыс сауалнамаларыПроцесі:
Оқушыларға басып шығарылған кері байланыс сауалнамаларын (КБС) таратыңыз. Оларды шынайы жауап беріп толтыруды және сізге қайта тапсыруды сұраңыз. Сауалнамалар барлық факультативті үйлестіру, жалпы есеп беру және бағдарламаны жақсарту үшін қажет екенін түсіндіріңіз. Бұл қатысушылардың өздерін бағалауы емес, оқушылардың ұйымдастырушыларға беретін кері байланысы екенін түсіндіріңіз. КБС құрамындағы барлық деректер құпия болып табылады.

Кері байланыс сауалнамасының үлгісі:


Осы факультативке берер бағам (жалпы әсер)

Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай

Материалы және ақпараттық бөлімі Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай_Топ_мүшелерінің_өзара_әрекеттесуі_Үлкен'>Ешқандай_Эмоционалдық_атмосфера_Үлкен'>Ешқандай

Эмоционалдық атмосфера Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай

Топ мүшелерінің өзара әрекеттесуі Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай

Мұғалім-тренердің жұмысы Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай
Маған ең үлкен әсер қалдырды:

Тренингтерде маған кедергі болды:


«Презентация жасау» бөлімі


Мақсаты: оқушыларға әдемі, пайдалы әрі қызық презентация жасауды үйрету.

Қалаулы нәтиже: оқушылар презентация жасау техникасын біледі; оқушылар басты нәрсені ерекшелеп көрсетуді, презентацияны визуалдық тұрғыдан көркемдеу біледі; оқушылар көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгерді; әсерлі презентация жасау принциптерін біледі.

  1. сабақ


Тақырыбы: Презентация жасау. Кіріспе сабақ.Ұғым:презентация.

Сабақтыңмақсаты: кейінгісабақтардыңтақырыптарыментанысу; шағынтоптардың
өздерітаңдаған тақырыптар бойыншапрезентация құруы.

Әдістері:шағынтоптажұмысістеу.

Ресурстар:плакаттар,маркерлер,«Болжамдар»плакаты».

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы сұрау, позитивпен бөлісу).

Уақыт:5минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, орындау.
Уақыт:10минут

Болжамдарды қарап шығу және жаңа болжамдар жазу.


Уақыт:5минут

Тапсырманы хабарлау: топпен презентация көрсетіп, көпшілік алдында сөз сөйлеу.


Уақыт:20минут
Келесі екі тақырып «Презентациялар» және «Креативтілік» деп аталады, солардың негізінде оқушылар тәжірибе ретінде өз презентацияларын жасап, оны қорғауы тиіс. 3-4 адамнан тұратын топтар құрыңыз. Әр топқа бір тақырыптан беріңіз.

Біз «Презентациялар» тақырыбы бойынша 2 сабақ және «Креативтілік» тақырыбы бойынша 2 сабақ өтеміз. Презентацияларды тиімді түрде жасап, сөйлеуді үйрену үшін көп жаттығатын боламыз. Ол үшін қазір 3-4 адамнан тұратын топтарға бөліну керек. Бұл топтарда сендер өз сөздеріңді біртіндеп дайындайтын боласыңдар».

Қатысушыларды топқа бөліңіз.

Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/177504