Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

Курс бағдарламасы бойынша берілетін бірнеше сабақ жоспарларының ҥлгілері.


Тақырыбы:Кіріспе. «Денсаулық» ҧғымы. Денсаулыққа әсер ететін факторлар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың «денсаулық» ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Салауатты ӛмір салтын сақтаудың адам ӛміріндегі маңызын түсіндіру.

Дамытушылық: денсаулықты күту іскерліктерін дамыту. Тәрбиелік: денсаулықты күтуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Кӛрнекілігі: Ӛмір,денсаулық, бақыт туралы сӛздер, кестелер, фломастер. Сабақ барысы:

  • ұйымдастыру бӛлімі

  • оқушыларды топпен отырғызу

  • сабақ тақырыбы мен мақсатын түсіндіру

Мҧғалімнің кіріспе сӛзі:


«Тазалық денсаулық негізі, саулық байлық негізі» деп халық мақалында айтқандай, денсаулық үшін күрес әр адамның міндеті.

2.Миға шабуыл. Адасқан сӛздерді үйіріне қосу . 1.Тәні саудың……………сау.

2.Ауру кісі ……… сүймес, Ауыр жүкті жылқы сүймес.

3.Тазалық ………..негізі, Саулық байлық негізі.

4. Ауру келді ………кірді. 5. Ұйқы ………………….., Жұмыс шынықтырады.

Адасқан сӛздер: жаны, күлкі, саулық, әлек, тынықтырады.

3. Дәйексӛздің мағынасын тҥсіндіру


1.―Дені сау адам — табиғаттың ең бағалы туындысы‖ (Т.Корлейль)

2. Денсаулықтың қадірін жастан білу — азаматтық парыз. (М.Әлімбаев )

4.Тренинг: «Аяқталмаған сӛйлем»


Бақытты ӛмір – бұл

(Автор орындығына отырып қандай адамды бақытты адам деп ойлайтындарын ортаға салады. Бала пікіріне көлденең ойайтылмайды)

5. Антонимдік әдіс (оқушылар екі нұсқадағы тақырыптардың ӛздері бірін таңдап алады да, себебі, мен ҧсынамын ұстанымында пікір қорғайды)

1-нҧсқа


Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар.

  1. Қоршаған орта ластығы. (күн,ауа,су, топырақ, т.б,)

  2. Дұрыс тамақтанбау.

  3. Денсаулық сақтау шараларының тӛменгі сатыда болуы

  4. Зиянды заттарды қабылдау.

  5. Тазалықты сақтамау.

  6. Отбасындағы кері жағдайлар.

  7. Адамда стресс жағдайларының жиі болуы

2-нҧсқа


Денсаулыққа дҧрыс әсер ететін факторлар.

  1. Дұрыс тамақтану.

  2. Қоршаған орта тазалығы. (күн,ауа,су,топырақ, т.б.)

  3. Дене шынықтыру.

  4. Зиянды заттарды қабылдамау.

  5. Жеке бастың тазалығын сақтау.

  6. Қоршаған ортаға, қоғамға, адамдарға деген дұрыс кӛзқараспен қарау.

  7. Эмоциялардың оң болуы.

  8. Үйдегі дене еңбегінің дұрыстығы
  1. Дидактикалық ойын


«Денсаулық» сӛзінен мүмкіндігінше 2 минутта кӛп сӛз жазу,осы сӛздердің денсаулыққа қатыстыларын атау.

Жауап болатын сӛздер: (Ау, сау, саулық, дауыс, уыс, нас, лас, дау, қалақ, далақ, сан, салақ, қала, ала, қылау, қанау, ауа, су, қауын, сауын, ну, асық, қасық, дала, сана, науқан, салық, қылық, нала, ене, дене, дауыл, ауыл, лақ, алау, қысқа, т.б.)

  1. «Тамшыдан теңіз» Сӛз ұйқастары беріледі, ӛлең құрастыру керек.

……………баламыз,

……………даламыз,

……………жоямыз,

……………келеміз,

…………..қоямыз ,

…………..құрамыз,

…………..тұрамыз,

…………..боламыз!
  1. Рефлексия


Мен қандаймын…..?

(Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күліп тұрған смайликке белгілейді)

Салған суретке талдау жасалады

Сабақ тақырыбы: Эндокриндік жҥйенің физиологиясы мен гигиенасы Мақсаты: Гормондар мен эндокриндік жүйе туралы түсінік беру. Ішкі секреция бездерінің физиологиялық маңызы және ішкі орта тұрақтылығын реттеудегі гормондардың рӛлін ұғындыру. Гормоналды қоспалар мен дәрілік препараттарды қабылдаудың әсерінен эндокриндік жүйе қызметінің бұзылуы және оның салдарын болжау.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу. Тренинг.Топқа бӛлу

Жаңа сабақ:


Дәріс: Организмнің қызметін реттеуде ішкі секреция бездері маңызды роль атқарады. Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, қалқанша маңы бездері, бүйрек үсті бездері, айрықша без, ұйқы безі жатады. Iшкi секреция бездерінің ӛнiмдерiн гормон деп атайды. Гормон - ӛте белсендi химиялық зат. Ол қанға немесе лимфаға сіңiп, мүшелер мен мүшелер жүйесiне, тiптi күллi организмге әсер етедi.

Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық жүйке жүйесінің барлық бӛлімдерінің әсері (ми сыңарларының қыртыстары, гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. бӛлімдері) әр дәрежеде зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады.

Ағзаның ӛсуі мен дамуы, жас кезеңдерінің алмасуы ішкі сереция бездерінің қызметімен байланысты. Эмбрионның үшiншi аптасында жыныстық жетiлу басталады. Бұл кезде алғашқы жыныстық белгiлер пайда болады. 4-5 айлық ұрықта жыныстық белгiлер айқын кӛрінеді. Осы кезден бастап аталық жыныc бездерінің ӛcу қарқыны 1 жасқа дейiн бiркелкi, 1 жастан бастап жынстық жетiлу басталғанша ӛте баяу дамиды, оның мӛлшерi де айтарлықтай ұлғаймайды. Ал аналық жыныc безiнің ӛсу қарқыны ұрықтық дамудың 7-9 айыңда және 1 жасқа дейiн күштi болады, сонан соң 7-9 жасқа дейiн ӛсуін күрт баяулайды. Осыған байланысты балалық кезең ер балаларда 9-11, қыз балаларда 7-9 жасқа дейiн созылады. Аталған мерзiмдерге дейiн ер балалар мен қыз балалардың ӛcyi мен дамуы бiрдей болады. Олар бiр-бiрiнен алғашқы жыныстық белгiлер мен ер жынысқа тән тұқым қуалайтын психикалық ерекшелiктер бойынша ғана ерекшеленедi.

Ӛзіндік жұмыс: Қосымша материалмен жұмыстана отырып семантикалық карта толтырады.

1.Гипоталамус – гипофиздік жүйе

    1. Гипофиз

    2. Қалқанша без

    3. Қалқансерік бездер

    4. Айырша без

    5. Ұйқы безі

    6. Бүйректүсті бездері

    7. Жыныс бездері

    8. Домалақ без – эпифиз

Семантикалық карта



Гормондар

Ағзадағы бездер

Қалқанша безі

Қалқанша маңы безі

Бүйрекүсті безі

Гипофиздің

алдыңғы бӛлігі

Гипоталамус

Аталық аналық бездер

Тестостерон



















Норадреналин



















Эстрадоил



















Паратгормон



















Окцитоцин



















Ӛсу гормоны



















Вазопрессин



















Тироксин



















Адреналин




















Қорытындылау: Тест сҧрақтары:

  1. Тимус безі орналасады:

а) бас миында ә) мойын бӛлімінде б) кеуде бӛлімінде в) құрсақ бӛлімінде

  1. Ағзада кальций алмасуын реттейтін гормон:

а) тироксин ә) адреналин б) инсулин в) паратгормон

  1. Йодтың жетіспеуі қай бездің қызметін тӛмендетеді? а) ұйқы безі ә) қалқанша без б) бүйрек үсті безі в) тимус

  2. Ішкі секреция бездерін атаңыз:

а) май безі ә) қалқанша безі б) сүт безі в) сілекей безі

жауаптары: 1-б, 2- в, 3-ә, 4-ә



Сабақ тақырыбы: Сарамандық жҧмыс №2: Бҧлшықеттің қажуы Мақсаты: Қол бұлшықетінің бүгу күшін анықтау және изотониялық және изометриялық жаттығудан кейінгі қажуды салыстыру.

Зертханалық жҧмысты орындау алдында оқушылар мына тақырыптар мен тҥсініктерді қарастыруы қажет:


  • Бұлшықет жасушалары, басқа да жасушалар сияқты, қалыпты жұмыс істеуі үшін оттегі мен энергияны қажет етеді.

  • Бұлшық ет изометриялық және изотониялық жаттығуларды қосқанда түрлі әрекеттерді атқарады.

Орындалатын жҧмыс туралы қысқаша ақпарат


Біріңғай салалы бұлшықеттер ӛздері жиырылады да автономды жүйке жүйесімен реттеледі. Олар ішкі мүшелердің қабырғасында орналасқан, соның қатарында ӛкпенің бронхыларын, қуықты, асқазанды, қантамырларды, кӛздің қарашығын, және жатырды астарлайды. Адам ағзасында болатын басқа да үрдістер сияқты бұлшық еттердің жиырылуы энергияны қажет етеді. Бұлшық еттерді қозғайтын энергия АТФ молекуласынан алынады.

Бұлшық еттер жүйкелер мен нейробұлшықеттің бірігуі бар қозғалыс бірліктерінен тұрады, олар жүйке мен бұлшық еттерді байланыстырады. Осындай ұйымдасу жалғыз жүйкеге аталған қозғалу жүйесіндегі барлық бұлшық ет клеткаларына белгі беруді және қозғалу бірлігіне бір уақытта қысқаруды мүмкін етеді.

Бір жүйкенің серпіні бұлшық еттің тырысуына әкеліп соғады. Бұлшық ет ынталандырылады, содан кейін максималдық созылуға дейін босайды. Егер серпінді беру тоқтаусыз жалғасса, онда бұлшық еттік тырысу артады, ӛткені бұлшық ет бұлшық еттік жиырылулар арасында тынығып үлгермейді. Жасушалық бұлшық еттердің тынығусыз, ұзақ созылмалы бұлшық еттік қысқаруы «түйілу» деп аталады. Бұл ретте АТФ деңгейі тӛмендейді де, бұлшық еттік қажу пайда болады.

Изометриялық жаттығу


Изометриялық жаттығуды орындау кезінде бұлшық еттер жиырылады, бірақ қозғалмайды, сондықтан бұлшық ет талшықтары қалыпты ұзындықты сақтап отырады. Жаттығулар әдетте қозғалмайтын беткейіне қатысты жасалады, мысалы қабырғаны алақанмен басу. Изометриялық жаттығу белгілі бір бұлшық етті немесе бұлшық ет тобының күшін дамыту үшін тиімді болып табылады.

Изотониялық жаттығу


Изотониялық жиырылуды орындау кезінде дене бӛліктері қозғалады және бұлшық еттер жиырылып және созылып отырады. Отырып –тұру, еденнен тартылу және биікке тартылу изотониялық жаттығуларға жатқанмен, ауыр затты,
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216