Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Сапробтылық Сапробтылық шкаласы бойынша 3 аймақ анықталған: полисабробты, мезосапробты, олигосапробты.

Полисапробты аймақта (ӛте ластанған аймақ) органикалық заттар саны ӛте кӛп, тез ыдырайды да микроорганизмдер оларды тез қабылдайды. Полисапробтық аймақта оттегі жоқ. Микробтар ӛте кӛп (анаэробтық бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер), олар тез шірітіп ашытады. Осы бактериялар әсерінен күрделі органикалық заттар қарапайым заттарға ауысқанда аммиак, күкірт сутегі, индол, скатол, метан, кӛмірқышылы т.б. бӛледі. 1мл суда бактериялардың саны миллионнан асады.

Мезосапробтық аймақта (сәл ластанған аймақ) қышқылдану және нитрификация процесі басым. Құрамында азоты бар қоспалар аммиакқа дейін ыдырайды, олар қышқылданғанда нитритке, нитратқа ауысады. Микробтардың саны кӛп - 1 мл суда мыңдап ӛлшенеді. Ең алдымен нитрифицирленген бактериялар – грам (-) таяқшалар, кокктар. Олар облигатты аэробтар. Сонымен қатар, судағы Clostrіdіum туыстастығына кіретін анаэробтар, Pseudomonas, Mycobacterіum, Flavobacterіum туыстастықтарына кіретін бактериялар, Streptomyces және Candіda т.б. кӛмірсутегілері бар қоспалардың минерализациясына қатысады - целлюлоза, клетчатка, лигнин т.б.

Олигосапробтық аймақ (таза су аймағы) ӛздігімен тазарту процесі аяқталуымен сипатталады. 1 мл суда бактериялар саны 10-нан 1000 дейін. Бұл судың қалыпты флорасы. Әр түрлі микроорганизмдер, сонын ішінде патогенді микробтарда полисапробтық аймақта кӛп болады, бірақ жаймендеп қырыла бастайды, мезосапробтық аймақта олар азаяды, ал олигосапробтық аймақта кездеспейді. Ӛзеннің суында 24 сағатта

микробтардың 50%, 48 сағаттан соң - 25-10%, 72 сағаттан соң - 10-1%. Су қоймаларының ӛздігімен тазартуына (биологиялық тазарту) кӛптеген факторлар әсер етеді.

  1. Таза сумен араластыру, сондықтан ағып жатқан суда ӛздігімен тазару тұрып қалған су қоймаларына қарағанда жиі ӛтеді.

  2. Судың температурасы. Жазғы мезгілде микроорганизмдер активті түрде кӛбейеді. Қысқы айларда ӛздігімен тазару бәсендейді, бактериялар кӛбеюі тек ағын жерде ӛтеді, қырылу қарқыны тӛмендейді, су қоймаларында кӛптеген бактериялар жазға қарағанда ұзақ сақталады. Сондықтан су қоймаларының санитарлық жағдайы қыста нашар, сонымен қатар тӛмен температурада энтеробактериялар, ішектік инфекциялар қоздырғыштары сақталады. 1 шектік инфекциялар су арқылы таралуы жиі қыста байқалады. Зауыттардың қалдық су құрамындағы химиялық заттар - беткейлік-белсенді заттар (ПАВ-ББЗ) және мұнай ӛнімдері ПДК 10 есе асатын болса энтеробактериялар кӛбеюіне, ұзақ сақталуына ықпал тигізеді, су қойманың эпидемиялық қауіптілігін күшейтеді. Су қоймаларының ӛздігімен тазаруына қарапайымдылар жағымды қасиет кӛрсетеді. Олар коллоидтарды, ұсақ қоспаларды жинайды, бактерияларды жояды, ең алдымен патогенді түрлерін де. Бір инфузория 1 сағатта 30 000 бактерияны жояды. Сонымен қатар, бактериялардың паразиттері - бделловибриондар бактериялық клетканың периплазмасына еніп, ішінде кӛбейеді де оларды жояды. Бделловибриондар энтеробактериялар, псевдомонада, вибриондар тұқымдастығына кіретін патогенді бактерияларды жояды. Бделловибриондар қалдық суда, илда, топырақта тіршілік етеді. Ӛте ластанған ашық су қоймаларында, 1 мл суында 1000 бделловибриондар кездеседі. Микробтық ластану азайғанда бделловибриондарда жойылады. Сондықтан таза су қоймаларында олар кездеспейді.

Судың санитарлық - микробиологиялық зерттелуi Санитарлық - микробиологиялық зерттеуге жататын сулар:

  1. орталықтандырылған су құбыры;

  2. құдықтар;

  3. ашық су тоғандары (ӛзен, кӛл);

  4. жүзу хауыздары:

  5. қалдық сулар.

Судың санитарлық - микробиологиялық зерттеуiн жҥргiзу:


  1. орталықтандырылған шаруашылықтың iшуге жарамды суының кӛзін таңдау және бұл кӛздi кезеңді бақылау;

  2. орталықтандырылған сумен қамтуда ауыз судың зарарсыздандыруын тиiмдiлiгің бақылау;

  3. сумен орталықтан қамту, сондай артезиан ұңғымақтар, топырақ суларда бұлақтарға бақылауда;

  4. жеке су пайдаланатындарда судың жарамдылығының дәрежесiн анықтау; (құдықтар, бабұлақтар және тағы басқалар)

  5. ашық су тоғандарды судың күйiмен санитариялық- эпидемиологиялық бақылау : су қойнаулары, тоғандар, кӛлдер, ӛзендер;

  6. жүзу хауыздарындағы суды зарасыздандыру тиiмдiлiгiн бақылау;

  7. қалдық суларды сапасын тексеруге және тазарту дәрежесiнiң тексеру;

  8. жұқпалы аурулардың судан сурастыру.

Ауыз судың сынақтарының таңдау, тасымалдау және сақтауы


  1. Сынама алуды тек микробиологиялық талдау үшiн сынама алудың орындау техникасы бойынша м нұсқау беруді ӛтукен маман ғана iстеп шығарады.

  2. Суға сынама алуы үшiн бiр реттi ыдысты немесе микроорганизмдардың тiршiлiк әрекет ықпал етпейтiн материалдан жасалған бiрнеше рет қолдануға арналған емкосттер қолданады.

  3. емкосттер тығыздап жабылмалы тығындары және қорғайтын қалпақтармен жабдылған болуы керек. Кӛп рет қолдануға болатын ыдыс,оның ішінде пробирка құрғақ қыздыру немесе автоклавтаумен зарасыздандыруға шыдамды болуы керек.

  4. Әр түрлi мақсаттар үшiн бір жерден сынамалар алуда ылғи бiрiншi бактериологиялық зерттеулер үшiн сынақты таңдайды.

  5. Сынаманы стерильденген ыдыстарға жинайды. Ыдысқа сынаманы жинау кезінде, пробканы стерильденген калпакпен бірге шешіп алады. Сынаманы жинау кезінде ыдыстың пробкасы мен жиектері баска да бір жерлерге тимеуі қажет. Ыдысты шаюға болмайды.

  6. Егер судың сынамасын кӛп таралған жерлерден, мысалы крандардан жинайтын болсақ. Онда алдымен оны стерильдеу қажет. Ол үшін кранды күйдіру немесе 10 минут уакыттай суды ашық қалдыру қажет. Сынама алу кезінде судық ағу жылдамдығы тӛмен болуы мүмкін. Сынама алу кезінде кранда резинке шлангтар мен басқа да қондырғылар болмауы тиіс. Ыдысты толтыру кезінде пробка мен судың бетінің арасында бос орын қалуы қажет, себебі пробка тасымалдау кезінде суланбауы ушін. Ыдыс суға толған соң оның бетін стерильді пробкамен және қалпақпен жабады.

  7. Сынамаға алынған судың документі болады. Онда сынаманың алынған жерін, уақытын, күнін, сынама жинаған адамның аты жӛнін және т.б ақпараттар жазылады.

Зертханалық жҧмыс №4


Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Су микрофлорасы

Жұмыстың мақсаты: Судың микрофлорасын анықтай білуге үйрету. Зертханалық жұмыс барысында мынандай орындардан: орталықтандырылған су құбырларынан, құдықтардан, ашық су тоғандарынан (ӛзен, кӛл), жүзу хауыздарынан, қалдық сулардан су

сынамалары алынады.

Кӛрнекілігі: Әр түрлі сулардан сынамалар алып бақылау жүргізу. (Бақылауды арнайы зертханалық орталықтармен байланыса отырып жүргізу керек)

Жүргізілетін жұмыстар:


1.Судың құрамындағы болатын мирооганизмдерді анықтау.

2.Судың қалыпты құрамын жазу

3.Судың ластануын анықтау не үшін қажет

4.Қандай микроорганизмдер судың санитарлы-кӛрсеткіштік микроорганизмдері болып табылады?

5.Судың ластануы туралы шектеулі нормалар не үшін қажет? Зертханалық жұмысты қорытындылау.

Су микрофлорасы (грек, micros - кіші, лат floris — гүл) — суқоймаларда тіршілік ететін микроорганизмдердің оралуан түрлерінің (бактериялардың, микроскоптык балдырлар мен саңырау- құлақтардың) жиынтығы.



2011

Пайдаланылған әдебиеттер


1.Ж. Темірбеков, Д. Темірбекова Микробиология І том Астана – 2011 2.Ж. Темірбеков, Д. Темірбекова Микробиология ІІ том Астана –
3. Лысак В.В.Микробиология 2007 4.Медуницын Н.В. Вакцинология 2004

  1. Тец В.В. Микроорганизмы и антибиотики 2006 6.Ярилин А.А. Основы иммунологии 1999

«5-9 сыныптарға арналған Экология курсының бағдарламасы»



Қҧрастырған:

Ж.Н.Куспанова А.Тайманов ат. №34 мектеп гимназиясының биология пәнінің мұғалімі

Тҥсінік хат


Елімізде соңғы жылдары туындап отырған экологиялық проблемаларолардың тек қана нарықтық-экономикалық факторларға ғана емес, әлеуметтік-экологиялық факторларға да тәуелді екенін кӛрсетіп отыр. Ең бастысы, экологиялық проблемаларды шешуде адамдардың санасын, психологиясын ӛзгертумен қатар жаңаша ойлауды қалыптастыру, табиғатқа деген кӛзқарасты экологияландыру мәселесі тұр. Осы бағытқа орай қазіргі таңда мектептерде 5-9 кластар арасында «Экология» курсын ұйымдастыру маңызды. Экология курсы аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат немесе аптасына 0,5 сағат жылына 17 сағатқа жоспарланды. Экология курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспарын Ә.Бисенова, Ж.Шілдебаевтың Алматы

«Мектеп» 2005 бағдарламасына сүйене отырып жасақталды. Жоспар оқушылардың жас ерекшеліктері және жаратылыстау пәндерінен ӛтілетін тақырыптар мен байланысты құрылды.

Мақсаты:


Экология ғылымының зерттеу объектісі-адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын, табиғи қорлардың сарқылуын, олардың себеп-салдарын анықтау, т.б. Ең бастысы, биосфера тіршілігінің тұрақтылығын сақтау үшін "адам-қоғам-табиғат" арасындағы үйлесімділікті, ізгілікті, біртұтастықты үйлестіру болып табылады. Ол үшін адамзаттың санасына, ой-ӛрісіне, танымдылық кӛзқарасына-қоршаған орта мен қоғам және болашақ ұрпақтары үшін қажеттілікті сезіндіру керек. Яғни бұрыннан қалыптасқан табиғатқа деген тұрпайы түсініктен арыла отырып, экологиялық білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде оқушылардың қоршаған ортаға деген парасатты жауапкешілігін арттыру.

Міндеті:


  • табиғи қорларды тиімді пайдалану мен қорғауда жеке адамның жауапкершілігін күшейту;

  • қоршаған орта мен адамзат арасындағы үйлесімділікті сәйкестендіру;

  • антропогендік ӛзгерістер мен қоршаған ортаның ластануына жол бермеу;

  • экологиялық жағдайларға мән беру және экологиялық проблемаларды шешу
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216