Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
құрайды.

Популяцияның құрылымын генетикалық және статистикалық әдістермен зерттеуді алғашқы рет 1903 жылы В. Иоганнсен қолданды. Тұқымның кӛлеміне қарап үрме бұршаққа сұрыптау жасаған Иогансен олардың ұрпақтарының тұқым кӛлеміне қарай ауытқуларын бақылады. Атап айтқанда егер ірі тұқым себілсе ұрпағы ірі, кішкене тұқым себілсе ұрпақтарының кӛлемі кішірейтінін байқады.

Әрбір ұрпаққа генофонд кӛптеген жаңа мутациялармен толықтырылып отырады. Бұл процесс мутациялық қысым деп аталады. Демек, популяциядағы әр түрлі гендер аллельдерінің жиілігі мутациялық қысымға, яғни тіке және кері мутациялар жиліктерінің қатынасына қарай ӛзгеріп отырады. Мутацияның популяцияда таралуы осы локустың мутабильділігіне ғана емес сонымен бірге осы организмдердің ӛмір сүргіштігі мен ӛскелегендігіне қандай әсер ететіндігіне де байланысты болады. Жаңадан пайда болған мутацияның қайсысы болсын генотиптің

біртұтас жүйесіне ӛзгеріс енгізеді. Осыған орай мутациялардың басым кӛпшілігі алғашында зиянды болады, ӛте сирек жағының ӛзі түр үшін бірдей пайдалы болып кетуі мүмкін. Организм генотиптің орта жағдайына неғұрылым бейімделгіштігін қамтамасыз етуі арқалы сақталу процесін сұрыптау деп атайды. Сұрыптаудың негізгі үш түрі бар. Тұрақтандырғыш немесе қалыптастырушы сұрыптау ауытқуларды жойып мутация популяцияны бір қалыпта ұстайды. Қозғаушы сұрыптау, керісінше, бұған дейінгі қалыптасқан организдерді жоя отырып популяция тепе-теңдігін бұзады. Ақырында дизруптивті сұрыптау популяцияда фенотиптердің шеткі вариантарын сақтап (үзіліс басталғанша) аралық формаларды жойып отырады. Организимнің тірі қалуы және ұрпақ беру мүмкіндігі оның ортаға бейімделу дәрежесіне байланысты боллады. Организмдердің бейімделу қабілеті неғұрлым кең болған сайын, олардың сақталу және популяциядағы мүмкіндігі молая түседі. Генотиптері тіршілік ету жағдайларына бейімделуі неғұрлым жақсы қамтамасыз ететін организмдер бейімделуді шамалаларға қарағанда кӛбірек ұрпақ береді, ал осыған байланысты белгілі бір геннің популяциядағы шоғырлануы да табиғи сұрыптаумен анықталады. Қолдан қолдан сұрыптағанда басты маңыз ӛнім беретін белгілерге беріледі.

«Генофонд» жӛнінде ҧғым. Табиғи мутациялық процестің және сұрыптаудың нәтижесінде әрбір популяция ӛзіне тән нәсілдік қасиеттерімен, хромосома құрылымымен сипатталады. Осы тұқым қуатын бірліктердің популяциядағы жиынтығын А.С. Серебровский генофонд деп атады. Генофонд деген теориялық қана емес практикалық маңызы ӛте
зор.

Малдардың әрбір тұқымы басқа тұқымдардан ең бірінші генофонды арқылы ерекшеленеді. Әр тұқымның ӛнім дәрежелері, сыртқы пішіні, физиологиялық ерекшеліктері және анатомиялық құрылысы осы гендер жиынтығымен анықталады. Егер тұқымның генофонында бағалы нәсілдік бастама болмаса немесе құнды гендер шоғыры ӛте аз болса, онда бұл тұқымды қажетті бағытта жетілдіру ӛте қиынға түседі. Мысалы, сүттілігі, ырт пішіні және салмағы ӛте жақсы қара ала тұқымды сиырлардың сүті ӛте сұйық, жоғары майлылығы сирек болады. Ал осы белгі бойынша тұқымды жақсарту үшін сүт майлылығы жоғары басқа тұқыммен шағылыстыру керек. Бұл жұмыс зоотехникті кӛп ойландырады, себебі жаңа тұқым шығару үшін қажетті бастапқы материалды ( тұқымды ) дұрыс алу қажет.

Популяция қҧрылымына туыстас шағылысудың ықпалы. Ӛздігінен ұрықтанатын организимдер популяциясына қолдануға Харди- Вайнбергтің формулалары әрине жарамсыз. Ондай ұрықтанудың немесе туыстас шағылысудың генетикалық мәні, В.Иогансен кӛрсеткендей, популяцияны генотиптері әр түрлі линияларға ажыратты. Бұл кезде гетерозиготалы гендер гомозиготалы қалыпқа ауысады.Нақтылы популяцияның соңғы саны тағы бір маңызды нәтижеге әкеліп тірейді.

Популяция қҧрылымы. Популяция деп ӛмір сүру ортасы бір және оған бейімделу қабілетіде бірдей, бір- бірімен будандасып, ұрпақ бере алатын бір түрге жататын дарақтарды атайды. Қолдан сұрыптау жолымен алынатын жануарлар тұқымдарымен ӛсімдіктер сорттары да жекелеген популяцияға жатады. Популяцияның қалыптасу процессі және оның динамикасы микроэволюция болып есептеледі. Популяцияның генетикалық құрылымын анықтау селекционерлерден басталады деуге болады. Себебі олар қандай болмасын бір сорт не тұқым шығару үшін будандастыратын ата-ана жұбын таңдап алумен қатар, бірнеше буын бойы олардың ұрпақтарын зерттейді. Бірақ популяцияны генетикалық тұрғыдан зерттеудің ғылыми негізгі тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары, яғни Мендель заңдары ашылғаннан кейін салынды. Популяция құрылымын ең алғаш статистикалық және генетикалық әдістер қолдана отырып зерттеген дат генетикі В. Иогансен. Оның 1903 жылы

«популяциядағы және таза линиялардағы тұқым қуалау» деген еңбегі жарық кӛрген.

Организимдердің эволюциясы барысында сапасы жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар генотиптердің ӛзгергіштікке ұшырауына байланысты бір генотип үнемі бір генотиппен алмасып отырады. Оны популяцияның генетикалық құрылымының динамикасы дейміз. Популяциядағы генотиптік ӛзгергіштіктің негізіне мутациялық және комбинативтік ӛзгергіштік жатады.

Қорытынды.



Сабақтың тақырыбы : Макроэволюция. Тірі табиғат эволюциясы. Биологиялық прогресс және регресс

Сабақтың мақсаты: Органикалық дүние эволюциясының бағыттарын қарастыру, макроэволюция ұғымын түсіндіру. Биологиялық прогресс және регресске нақты мысалдар келтіру. А.Н.Северцовтың ұсынған сызбанұсқасын түсіндіру.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың тҥрі: кіріктірілген – ізденіс сабағы.

Сабақтың формасы: жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері .

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың әдістері:


1.«Ой қозғау» — нені білеміз?

  1. «Ізде» — нені білгім келеді?

  2. «Ой дамыту» — танымды дамыту

  3. «Ой қорыту» — нені білдік.

Сабақтың кӛрнекілігі : 1.Интерактивті тақта (слайдтар, сызбалар), электронды оқулық

Сабақ барысы: 1.Ҧйымдастыру: а) ұжымдық әрекет,

ә) санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті, б) қауіпсіздік техника ережесін сақтау әрекеті,

в) оқушы назарын аудару, сабақ жоспарымен таныстыру: Сабақ 4 кезеңнен тұрады:

1.«Ой қозғау» — нені білеміз?

  1. «Іздену» — нені білгім келеді?

  2. «Ой дамыту» танымды дамыту

  3. «Ой қорыту» нені білдік.

  1. «Ой қозғау» — үйтапсырмасын сұрау: а) жалпылама сұрау

б) жеке сұрақ-жауап.

  1. «Іздену» интерактивті тақтаны пайдалана отырып, кӛрнекі түрде жаңа сабақты түсіндіру.

«Эволюция жолдары» тірек -сызбасы Кесте толтыру

Бұрыннан білемін

«+»

Мен үшін жаңалық

« !»


Түсінбедім

«?»

Кейбір ақпаратпен келіспеймін

«-»













Прогресс және регресс терминдерін тарих, экономика сабақтарында жиі пайдаланамыз.Дамудың прогрессивті , регрессивті түрлері деген термин биология саласында да пайдаланылады.Бүгін біз, осы даму түрлерін эволюциялық тұрғыдан қарастырамыз.

Бейімделушілік, түрлер саны, таралу аймағы
(ареалы).

Сіздер қалай ойлайсыздар , табиғатта прогресс тиімді ме, әлде регресс тиімді ме? (прогресс)
  1. «Ой дамыту» жаңа сабақты пысықтау.


1.Тұқымды ӛсімдіктер: ашық және жабықтұқымды. Ароморфоз?

  • Жел арқылы тозаңдану, тұқым, гүл, жеміс пайда болды 2.Псилофиттерден қырықжапырақтектестер (папоротник),қырықбуындар, плаундар пайда болды. Осы ӛсімдіктердегі ароморфоздарды ата?

  • Тамыр, жапырақ.

3.Тырнада қандай идиоадаптация қалыптасқан? Бүркітте ше?

-Әртүрлі ортада тіршілік ету сүтқоректілердің түрліше идиоадаптациялануына әкелді.

4.Дегенерация деген не?

-Дегенерация — биологиялық прогреске ұшыраудың үшінші жолы. Тіршілік ету ортасының қарапайымдануына байланысты, кейбір мүшелер жойылады.

Биологиялық диктант (бір құбылыс сипаттамасы оқылады, оқушылар анықтамасын жазады).

1. Омыртқалы жануарларда жақ сүйектің пайда болуы. (Ароморфоз) 2.Жануарлардағы бүркеніш рең. (Идиоадаптация)

3.Жыландардың аяқтарының болмауы. (Дегенерация) 4.Ақбӛкендердің саны мен таралу ареалының азаюы. (Регресс) 5.Кӛбелек пен құстың қанаты. (Аналогия)

6.Інжугүлдің тамырсабағы, картоптың түйнегі, пияздың пиязшығы. Бұл не? (Гомология)
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216