Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
мысалы гантельдер мен штангілер кӛтеру, изотониялық жаттығудың классикалық мысалы болып табылады.

Жҧмыс барысы:


Жҧмыс алдында оқушыларға мынадай проблемалық сҧрақтар қойылады:

  1. Изотониялық жиырылудың бір минутынан кейінгі қысу күші изометриялық жиырылудан кейінгі қысу күшімен салыстырғанда қалай ӛзгереді деп ойлайсыз?

  2. Сіздің басым қолыңыздың жаттығудан кейінгі қысу күші басқа қолыңыздың жаттығудан кейінгі қысу күшімен салыстырғанда қалай ӛзгереді деп ойлайсыз?



Тәжірибені нҧсқаулық арқылы орындайды:


  1. Мәліметтерді жинау жүйесімен жаңа тәжірибе бастаңыз.

  2. Спирометрді мәліметтер жинау жүйесіне қосыңыз.

  3. Кестеде х осіндегі уақытпен салыстырғандағы у осіндегі күшті кӛрсетіңіз.

  4. Резеңке тіреуішті күш датчигінің алдыңғы жоғарғы бетіне орнатыңыз.
Мәліметтерді жинау ҥш қайтара жҥргізіледі: жаттығуды орындағанға дейін, изотониялық жаттығудан кейін, изометриялық жаттығудан кейін.
PASKO оқулығындағы нұсқау бойынша барлық жаттығулар жасалып мәліметтер жиналады. Мәліметтерді талдау үшін кестеге түсіріп, алынған ӛлшемдер белгіленеді.

Мәліметтерді талдау ҥшін сҧрақтар қарастырылады:


  1. Жаттығуды орындағаннан кейін қысу күші қалай ӛзгерді?

  2. Изотониялық жаттығудан кейінгі қысу күші изометриялық жаттығудан кейінгі қысу күшімен салыстырғанда қалай ӛзгереді?

  3. Жаттығуды орындағаннан кейінгі алғашқы 60секундтан соң басым және басым емес қолдардың нәтижелері ӛзгеріске түсті ме? Түсіндіріңіз.

Сыни ойлауын дамытатын сҧрақтар:


1. Қалай ойлайсыз, қандай бұлшықеттер тезірек шаршайды: жиі қолданылатын бұлшық еттер ме, әлде сирек қолданылатын бұлшық еттер ме? Түсіндіріңіз.

Тақырыпты қорытындылауға арналған тест сҧрақтары:


  1. Бұлшықеттік жиырылудың қандай түрінде бұлшық еттер қысқармайды және ұзармайды?

    1. Қажу кезінде

    2. Изотониялық

    3. Изометриялық

    4. Изотониялық және изометриялық

  2. Бұлшық ет жете алатын және бұлшық еттің ауқымына тікелей сәйкес келетін күштің сол бір басым бӛлігін суреттеу үшін қандай ұғым қолданылады?

    1. Қуат

    2. Қарсылық кӛрсету

    3. Күш

    4. Кӛрсеткіш

  3. Бұлшық еттердің ауыр зат кӛтеру кезіндегі қысқарулары қалай аталады?

    1. Изотониялық

    2. Изометриялық

    3. Санасыз

    4. Рефлексті

  4. Бұлшық ет анаэробтық шектен асқанда қандай қышқыл шығарылады?

    1. Сүтқышқылы

    2. Сірке қышқылы

    3. Лимон қышқылы

    4. АТФ



Сабақ тақырыбы: Сарамандық жҧмыс №3: ЭКГ: жҥрекке әсер ететін факторлар


Мақсаты: Оқушылар электрокардиограмма датчигін пайдаланып жүрек бұлшықетінің электр белсенділігін бақылайды:

  • ЭКГ жүрек электр әлеуеті толқындарының үш аралығының физикалық жүктемеге дейінгі және одан кейінгі уақыт бойынша ұзақтығын анықтау.

  • Қыз балалар мен ұл балалардың денесіне түсетін жүктемеге дейін және кейінгі ЭКГ бойынша уақыт аралықтарын салыстыру.

  • Тапсырмалардың осы деңгейіне қосымша ретінде жүрекке әсер ете алатын басқа әсерлерді ұсыну.

Зертханалық жҧмысты орындау алдында оқушылар мына тақырыптар мен тҥсініктерді қарастыруы қажет:


  • Адамның қан айналым жүйесі жүректен, қан тамырларынан және онда ағатын қаннан тұратындығын сабақ барысында танысу.

  • Дене шынықтыру жаттығуларын жасап, дұрыс тамақтану және салауатты ӛмір салтын ұстану арқылы жүрек-қантамырлары ауруларының алдын алуға болатыны туралы пікір алмасу.

  • Дене шынықтыруы жаттығуларын орындау кезінде, дене бұлшықеттерін қан мен оттегімен кӛбірек мӛлшерде қамтамасыз ету үшін жүрек тезірек соғады. Жаттығу неғұрлым қарқындырақ болса, соғұрлым жүрек тез соғады. Сондықтан, жүректің жаттығу кезінде соғу жиілігін бақылау –жаттығу қарқындылығын бақылау үшін тамаша әдіс.

  • ЭКГ жүрек соғу жиілігін кӛрсетеді. Ол жүректің тұрақты және тұрақсыз ырғағын бақылауға мүмкіндік береді.

Орындалатын жҧмыс туралы қысқаша ақпарат


Дене белсенділігі тыныштық күйге қарағанда жүректің қаттырақ соғуына әкеледі. ЭКГ датчигі жүрек камералары жиырылғанда ӛндірілетін әлеуетті электртолқындарды ӛлшейді. ЭКГ –бұл жүрек бұлшықетінің қызметін тікелей ӛлшеу емес. Тыныштық күйде ӛлшенетін ЭКГ кӛрсеткіштерін және дене белсенділігі кезіндегі ЭКГ мәліметтерін салыстыру дене белсенділігі кезіндегі жүрек жиырылуындағы ӛзгерістерді кӛрсете алады.

ЭКГ жүректің тұрақты және тұрақсыз ырғағын кӛрсетеді. Жүрек соққан сайын жүрек кардиостимуляторы электр толқынын ӛткізеді. Электр ағыны синустық –жүрекше түйін арқылы жүректің жоғарғы оң камерасына және екі тӛсенгі камерасына, жүректің қарыншаларына ӛтеді. Әр жиырылу электр белсенділіктен кейін пайда болады. Бүкіл дене бойынша орналасқан электродтар жүректен шыққан сигналдарды жазады. Электрокардиограмма сигналының кәдімгі бес толқыны бар:

    • Р толқыны – қанды тӛменгі камераларға ӛткізу үшін жүрекшенің жиырылуына дейін пайда болатын жүректің жоғарғы камераларындағы электр сигналы болып табылады.

    • Q,R,S толқындары –жүректің қарыншалары қанды қолқа арқылы денеге ӛткізуіне дейін пайда болатын электр сигналы болып табылады.

    • Т толқыны –жүректің жоғары камераларының кеңеюі мен аса толуы алдында пайда болатын электр сигналы болып табылады.

Үлгілі ЭКГ-ның бір бӛлігі –электробелсенділіктің жоқтығын кӛрсететін түзу сызық немесе із. Бұл сызық изоэлектр сызық деп аталады. Осы сызықтан ауытқу жүрек бұлшықеттерінің электробелсенділігін кӛрсетеді.

Әдеттегі ЭКГ-де изоэлектр сызықтан алғашқы ауытқуы –бұл жоғарғы тамыр соғысы, одан кейін изоэлектр сызық орнына келеді. Бұл Р толқын деп аталады, оның ұзақтығы -0,04 секунд. Бұл толқын жүрекшенің деполяризациялануынан және жүрекшенің жиырылуынан пайда болады.

Изоэлектр сызық оралғаннан кейін жүректің АВ түйіндері деполяризацияланып ӛткізгіш талшықтардың атриовентикулярлық байламы бойынша Пуркинье талшықтарына сигнал бергенше жүректің қан қуыстарының барлық бӛліктеріне дерлік бір кезде деполяризациялануына келтіретін кішкентай кідіріс пайда болады.

АВ түйіні деполяризацияланғаннан кейін Q толқын деп аталатын тӛмен қарай жүретін соққы пайда болады. Q толқынынан кейін тез
арада R толқын деп аталатын сызық қаттты кӛтеріледі, содан S толқын сызығы тӛмен түсе бастайды және изоэлектр сызық орнына келеді. Осы үш толқын бірге QRS кешені деп аталады. Бұл кешен жүректің қан қуыстарының деполяризациялануынан пайда болады және жүректің қан қуыстарының жиырылуына байланысты.

Аз уақыттан кейін жиырылуға қатысты химиялық иондар бастапқы орнына қайтып келеді. Бұл иондардың қозғалысы изоэлектр сызыққа оралатын жоғарғы толқынды тудырады. Бұл жоғарғы импульс Т толқын деп аталады және жүректің қан қуыстарының қайта поляризациялануын білдіреді.

Р толқыннан Т толқынға ӛту жүректің бір циклі болып табылады. Осындай циклдердің бір минуттағы саны жүрек ырғағының жиілігі деп аталады және тыныштық күйінде жүректің бір минутта 70-80 соғуына тең.

Жҧмыс барысы:


Тақтаға ЭКГ үлгісі жазылып бес толқын белгіленеді. РR аралығын белгілеу: РR аралығы жүректің қарыншаларының деполяризациялануынан

(Р толқынының басы) жүрекшелердің деполяризациялануына дейінгі (QRS кешенінің басы) кезең болып табылады.

QRS кешенінін белгілеу: QRS кешені жүрек қарыншаларының деполяризациялануы кезеңін кӛрсетіп, Q толқынының басынан S толқынының аяғына дейін созылады.

QТ аралығын белгілеу: QТ аралығы Q толқынының пайда болуынан Т толқынының аяқталуына дейін ӛлшенеді. Бұл жүрек қарыншаларының деполяризациялануының басталуынан жүрек қарыншаларының қайта поляризациялануының аяқталуына дейін созылатын кезең.

Тапсырмалар нҧсқаулық бойынша орындалады.


  1. Мәліметтерді жинау жүйесімен жаңа тәжірибені бастаңыз.

  2. ЭКГ датчигін мәліметтерді жинау жүйесіне жалғаңыз.

  3. Кернеуді у осінде милливольтпен х осінде уақыт бойынша секундпен ӛзгертуді таңдаңыз.

  4. Үш электродты тілікшені қағаз астарынан босатыңыз. Бірінші электродты оң білезікке жақсылап жапсырыңыз. Екінші электродты оң шынтақ қуысына салыңыз. Үшіншісін сол шынтақ қуысына салыңыз.




  1. Әр электродты тілікшені қолдың ішкі жағында орналастырыңыз, электрод сымының шетіндегі кӛзі тӛмен қарай кӛрсетіп тұрсын және датчик сымы бос салбырап тұруы үшін электродты тілікшенің ұшын бұрамаңыз.

  2. Қара «қолтырауын» қысқышты электродты тілікшемен білезікте жалғаңыз.

  3. Жасыл «қолтырауын» қысқышты оң шынтақ бүгілісіндегі электродты тілікшеге жалғаңыз.

  4. Қызыл «қолтырауын» қысқышты сол шынтақ бүгілісіндегі электродты тілікшеге жалғаңыз.

  5. ЭКГ-ге түсірілетін адам босаңсып, тыныш күйде болуы керек. Оның тыныш дем алғанын бақылаңыз.

  6. Мәліметтерді жазуды бастаңыз.

Дене жаттығуларын орындағаннан кейін бақылауды дәл осылай қайталайды. Тәжірибелердің барлығының нәтижелері құрылғының жадында сақталады. Жасалған тәжірибелердің нәтижелерін мына графиктерді үлгі ретінде қолдана отырып талдауға болады.






Әр сарамандық сабақты жүргізгеннен кейін оқушылардың тақырыпты толығырақ түсінуі және сыни ойлау қабілеттерін ұштай түсу үшін әр түрлі деңгейдегі сұрақтарды талдау қарастырылады.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216