Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

Сабақтың барысы: Ҧйымдастыру бӛлімі


Баяндамалар: «Семей ядролық полигоны» Гаисина Албина

«Батыс Қазақстанның экологиялық жағдайы» Арыстанғалиева Диана

«Байқоңыр ғарыш айлағының экологиясы» Мамырова Арзу

Ауаның, судың, топырақтың ластануы, озон қабатының жұқаруы, қоршаған ортаның ӛзгеріске ұшырауы, климаттың ӛзгеруі бұлардың барлығы экологиялық апаттар деп аталады.

Семей Азғыр Тайсойған


↓ ↓

Каспий → Экологиялық апат аймақтары ← Арал
↑ ↑ ↑

Байқоңыр Сарышаған Қарағанды


Еліміздің аумағында ядролық қарудың сыналғанын әлем мойындап отыр. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынып келген. Соның ішінде тек Семей полигоны ғана кӛпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан халық беймәлім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының шамамен 33,6 млн Га жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалған. Атом қаруы сыналған жерлерді салыстырсақ, Қазақстанда-500- ден астам, Ресейде-225, АҚШ-1032 жарылыс жасалған. Бұдан Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін кӛруімізге болады. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үндістан, Пәкістанда да сыналған. Дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр (Ресей) мен Лабнор (Қытай) Қазақстанға шекаралас жатқан аумақтар.

Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталынды.

1990 жылғы мәліметтерге қарағанда, сынақ жасалған жерлердің кӛлемі облыстарда 16686 мың Га жерді қамтыған.

Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 ядролық қару сыналған. Маңғыстау облысында-3 рет, Батыс Қазақстанда-4 рет, Атырауда-17 рет сыналған. Осылардың ішіндегі ең ірісі Азғыр полигоны 61 мың Га жерді алып жатыр. Зерттеу нәтежелері бойынша Нарын, Азғыр құмдарында ауыр металдардың шектеулі рауалы кӛбейіп, цезий-137, кадмий-80, стронций-150, қорғасын-80, нитрат-88 есеге артқан.

1988-1991 жылдар аралығында тек қана Тайсойған полигонында 24000 зымыран сыналып, 300 мың тонна жанармай жағылған. 1994 жылы 5-шілдеде және 27 қазанда апатқа ұшыраған «Протон» зымыран тасығышынан бӛлінген гептилен уы Қарағанды облысының жеріне орасан зор қауіп тӛндіруде. Оның зардабы әлі белгісіз болып отыр.
Еліміздің аумағында барлығы 16 млрд тонна радиоактивті қалдық жинақталған. Полигондардың ішінде Семей ӛңірі ең кӛп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы Курчатов қаласы орналасқан. Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауасы, суы, топырақ құрамы ластанып отыр. Қазірдің ӛзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Оның басым кӛпшілігі Семей ӛңірінің тұрғындары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру және жүйке ауруымен ауырғандар санының кӛрсеткіші бұл аймақта республика бойынша жоғары болып отыр.

Ядролық қаруды сынау 1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды.

Сабақты бекіту:



Экологиялық апат түрлері

Апаттардың

зардаптары

Апаттан қорғану

жолдары

1

Қоршаған ортаның ластануы







2

Техногендік апат







3

Ресурстардың таусылуы







4

Топырақ эрозиясы







5

Озон қабатының жұқаруы







6

Табиғат апаттары







Ҥйге тапсырма: Полигон аймақтарына қосымша мәлімет дайындап, әкелу.

Экология - 6 класс №19 сабақ барысы Тақырыбы: «Қоршаған орта және адам» Мақсаты:


Білімділік: Қоршаған ортаның тірі ағза үшін маңыздылығын түсіндіру және қоршаған ортадан пайда болатын аурулар жӛнінде түсінік қалаптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттырып ойлау қабілетін , сӛз тапқырлығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшыл болуға, іздемпаздыққа, ӛзін – ӛзі басқаруға,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Шараның тҥрі: танымдық ойын.

Шараның кӛрнекілігі: слайд.

Жоспары: 1.Таныстыру кезеңі

  1. «Бізден сұрақ – сізден жауап» кезеңі

  2. «Ойлан тап» кезеңі

  3. «Полиглот кезеңі»

  4. «Шешендік ӛнер» кезеңі

  5. «Кӛкпар» кезеңі

  6. «Ой толғау» кезеңі

  7. «Рӛлдік ойын»

  8. Қорытынды

1-жҥргізуші. Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қоршаған орта және адам атты танымдық ойынға қош келдіңіздер! Қазіргі кездерде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастың күрделіне түскені мәлім. Жер шарындағы халық саның жедел ӛсуімен ӛндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейтті. Әсіресе, ХХ ғ. II жартысын бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық ӛндірістің кӛлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады.«Табиғатқа бағынбаймыз, оны ӛз иелігімізге айналдырып бермесін тартып аламыз»деген кӛзқарас қалыптасты. Соның салдарынан қазіргі кезде адам ӛз әрекетінің нәтижесінде түрлі ауруларға ұшырады. Бұл қазіргі таңдағы басты проблеманың бірі.

2-жҥргізуші Бар ізгілік тек білімнен алынар. «Білімнен аспанға жол салынар»- деген екен Жүсіп Баласағұн. Ал, олай болса құрметті

сайыскерлер енді ұшқыр ой, кӛп ақыл, терең біліммен биология пәнінен алған білімдеріңіздің асқақтылығын кӛрсетіңіздер!

1-жҥргізуші Кезек келіп ӛжеттеніп, сӛз алыппын, Танысалық ғажап атын, ғажап күн.

Тегіміз бір батырақ та, бай да емес,

Емеспіз бе азаматы-қазақтың – демекші әр топ ӛздерін таныстырып ӛтсін. (Әр топ ӛздерінің тобының аты, не себепті таңдағаны, ұраны).

2-жҥргізуші: Тапқыр, білгір дарынды

Жарыс бар бүгін арынды Сүйсең туған жеріңді

Ортаға сал барыңды-дей отырып «Бізден сұрақ-сізден жауап» бӛлімін бастайық. Шарты: Әр топқа 10 сұрақ қойылады. Жауап берсе 10 ұпай, бере алмаса 2-ші топ жауап беріп ұпайды ӛз
қоржынына сала алады.

Сҧрақтары: І – топ


  1. Адамның қоршаған ортасын құрайтын нелер? (ӛсімдік, жануар, топырақ, су, ауа)

  2. Туберкулез ауруының қоздырғышы не? (кох таяқшалары)

  3. Қан қысымының тӛмендеуі қалай аталады? (гипотония)

  4. Организмдегі физиологиялық процесстерді сақтауға қажет,ӛсімдік текті және жануар текті қоректік заттардың құрамында болатын қажетті органикалық заттар? (витаминдер)

  5. Жердің тіршілік тараған қабаты? (биосфера)

  6. Семейде ең алғаш ядролық қару қай жылы сыналды? (1949 ж 29 тамызда.)

  7. Арал теңізінің апатқа ұшырағанға дейінгі кӛлемі? (1066 км2)

  8. Арал апатына байланысты қазіргі кезде ондағы тұрғындардың денсаулығы нашарлаған.

Соңғы мәліметтер бойынша бұл ӛмірде Республикамыздың басқа ӛңірімен салыстырғанда қаңдай аурулар жоғарғы кӛрсеткіш беріп отыр? (бүйрекке тас байлану, туберкулез)

  1. Каспийдің деңгейі қай жылдан бастап кӛтеріле бастады? (1978)

  2. Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың неше түрі белгілі болды? (150-ден астам)

ІІ – топ


  1. Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы кӛздерін неше топқа бӛлеміз және оларды атаңыз? (4 топқа физикалық ластану, химиялық ластану, биологиялық ластану, эстетикалық ластану)

  2. Физикалық ластану дегеніміз: (радиоактивті заттар электромагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер )

  3. Химиялық ластану дегеніміз: (кӛміртегі ӛнімдері, күкірт, кӛмір сулар, фторлы қосылыстар, ауыр металдар)

  4. Лондондық тұманның типі (кӛмір мен мазутты пайдаланғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада концентрациясының кӛбейіп кетуі.)

  5. Арал теңізінің апатқа ұшырағанға дейінгі тұздылығы (10-12 %)

  6. Арал тенізінің апатқа ұшырағаннан соң суының тұздылығы қанша пайызды құрады? (40%)

  7. Арал апатына себеп болған факторлар: (суды ӛте кӛп қажет ететін күріш, мақталар дақылдарын барынша кӛбейтіп жіберуі)

  8. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша атмосферадағы озонның қанша пайызға азаюы қауіпті ісік ауруларын кӛбейтіп жіберетінін анықтады. (1%)

  9. Семейде жарылыстың нешеуі атмосферада болды? (27)

  10. Атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерінің жұқаруы ең алғаш қай кезде байқалды? (19 ғ.1980 жылы)

Ойлан –тап кезеңі.


1-жҥргізуші:Ойшыл болса қай бала,

Тез табады сол ғана Қане ойланып кӛрейік,

Тебіреніп сәл ғана.-деп Ойлан тап бӛлімін бастайық. Ойынның шарты: Екі топқа сурет беріледі ,қай топ суретті дұрыс әрі жылдам құрастырады сол топқа 10 ұпай екінші топқа 5 ұпай беріледі.

Полиглот кезеңі.


2-жҥргізуші: «Тіл қаруы-сӛз,сӛз қаруы-ой», «Ақыл-ой, алғыр сӛз адамның ең жоғарғы қасиеті» деген екен Ғ.Мүсірепов. Тіл ұлттың жаны, халықтың үні.Сондықтан да қазіргі заман талабына сай бірнеше тілді білу қажет. Қазақтан шыққан ӛткір ойлы, жанжақты ғұлама этногроф, тарихшы, әдебиетші, геогроф саяхатшы Ш.Уалиханов сегіз тілде еркін сӛйлей білген екен. Ал біздің балалар 3 тілде қаншалықты сӛйлей алатынын байқап кӛрейік.

Сҧрақтары


  1. Қораңда малың болсын,кӛшеңде ... болсын (талың,дерево,tree)

  2. Адам кӛркі шүберек, ағаш кӛркі ... (жапырақ,лист,leaf)

  3. Құлан құдыққа құласа,құлағында ... ойнайды (құрбақа,жаби,frog)

  4. Жалғыз кірпіш қорған болмас, жалғыз ағаш ... болмас( орман, лес,forest)

  5. Қыз ӛссе елдің кӛркі, ... жердің кӛркі (гүл, цветок,flower)

  6. Біреуге мал қайғы біреуге ... қайғы (жан,душа,soul)

  7. Мақтаның анасы жер,атасы ... (су,вода,woter)

  8. .. қалсада әдет қалмайды (ауру,больной,disease)

Шешендік ӛнер


1-жҥргізуші:Бұл күнде мазасы кеткен жер, Мейірім тастай боп қатқан жер Адамға ӛкпесі қарс айырылып Тілімтілім боп тозған жер Тіріге қызмет ете алмай

Жүйкесі үзіліп құнары қашқан жер.

2- жҥргізуші: «Ойлау – таңданудан басталады»-деген екен Аристотель. Бұл кезеңде оқушылар ӛзінің шешендігін кӛрсетеді.Топбасшылар ортаға шығып 2 конвертке салынған 2 тақырыптың біреуін таңдап алады,сол

таңдап алынған тақырыбына байланысты әр топ 4 минут ішінде шығарма жазады.Шарты:Ойыншылардың сӛйлеу мәнері ,сӛз саптау,сӛйлем құрай білуіне қарай бағалаймыз,жақсы жазған топқа 10 ұпай беріледіБерілетін тақырып:«Адамның қоршаған ортаға әсері.» 2«.Қазақстанның экологиялық жағдайыма менің қосар үлесім»

Кӛкпар кезеңі


1-жҥргізуші: Түседі бүгін білім жарысына

Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа Талапкердің талабы таудай екен

Аямас тиіп кетсең намысына, - деп ортаға топ басшыларын шақырып,кӛкпар
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216