Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
иірімдері болмайды.

Алты апталық ұрықта сүт бездерінің бірнеше жұптары болады. Сонымен қатар омыртқа жотасының құйрық бӛлімі дамиды, бұл бӛлім одан кейінгі уақытта редукцияланып құйымшаққа айналады. Сонымен құрылысының және эмбриональдық дамуының негізгі белгілері, саналы адам түрінің сүтқоректілер класында, Приматтар отрядтарында, адам тәрізді маймылдар отряд тармағындағы алатын орнын нақты анықтайды. Сонымен бірге адам тек ӛзіне ғана тән ерекшшеліктерге ие: тік жүру, тӛменгі аяқ-қолдар (аяқтар) бұлшық еттерінің күшті жетілуі, бірінші бармағы мықты дамыған күмбез пішінді табан, қозғалмалы қолдың басы, тӛрт жерден иілген омыртқа жотасы, жамбастың горизонтал жазықтыққа 60оС бұрыш жасап орналасуы, ӛте үлкен кӛлемді ми, ми сауытының ірі болуы және бет сүйектерінің кішілеу болуы, бинокулярлы кӛз, ӛсімталдық (ұрпақ бергіштік) қасиеттерінің шектеулі болуы, 180оС-қа дейін қозғалысты жасауға мүмкіндік беретін иық буынын және т.б. Адам құрылысы мен физиологиясының бұл ерекшеліктері – оның жануар ата- тектерінің эволюциялық нәтижесі.

Сабақтың тақырыбы: Антропогенез – адамның шығу тегі туралы және эволюциясы туралы ілім. Адамның жануарлардан шыққан дәлелдері.


Мақсаты: Антропогенез туралы тҥсінік бере отырып, адамның пайда болу жолдарына дәлелдер келтіру;

Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін, материалдық және рухани қазыналарын зерттеитін кешенді ғылым антропология деп аталады. Антропология терминін алғаш ғылымға Аристотель енгізді. Жалпы, тірі организмдердің тарихи дамуы кезеңінде ең соңында пайда болған әрі жоғары сатыдағы тұрған тіршілік иесі –адам. Қазіргі кездегі жер бетіндегі адамдардың бәрі де бір ғана түрге

– саналы адамға жатады. Адамның шығу тегі туралы кӛптеген кӛзқарастар бар.

Адамның шығу тегі жалпы тіршіліктің пайда болуымен тікелей байланыста қарастырылады. Діни ұғымдар бойынша адамды Құдай, Аллаһ тағала, т.б. жаратушы құдіреттер топырақтан, саз балшықтан жаратқан деген пікірлер бар.

Жаратылыстану ғылымдарының пайда болуы және олардың даму кезеңдеріне байланысты адамның пайда болуы туралы басқа да кӛзқарастар қалыптасты. Әсіресе анатомия, эмбриология, палеонтология, т.б, ғылымдардың деректеріне байланысты адамның шығу тегі туралы ғылыми кӛзқарастар қалыптаса бастады. Тірі организмдерді алғаш рет швед ғалымы Карл Линнеи ғылыми жүйеге бӛліп жіктеге (1735 ж.). Ол ӛз еңбегінде адамды сүтқоректілер класының, приматтар (маимылдар) отрядына жатқызып, түрін саналы адам деп атады. Француздың жаратылыстанушы ғалымы Ж.Б.Ламарк та адамның адамтектес

маймылдардан шыққандығын қуаттайды. Ағылшын ғалымы Чарлиз Дарвин де ӛзінің эволюциялық ілімі бойынша адам адамтектес маймылдардан пайда болған деген пікірді қолдады.

Адам мен жануарларда болатын ортақ белгілер. Адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі мүшелердің құрлысында бір – біріне ұқсас белгілер кӛптеп кездеседі. Ондай белгілердің бірінші тобына – адам денесінде кездесетін рудиментті (латынша арғы тегінен қалған қалдық белгілер) мүшелерді жатқызуға болады. Қазіргі кездегі адам денесіндегі мұндай рудиментті мүшелер 90 –ға жуық. Ондай мүшелерге тері асты, құлақ маңындағы бұлшық еттерді, терідегі түктерді, омыртқа жотасындағы құйымшақ бӛлімін, соқырішекті, т.б. мүшелер жатады. Адамда
мұндай кейбір мүшелердің атқаратын қызметі де ӛзгерген. Мысалы, жануаларларда болатын соқырішек, негізінен, ас қорытуға қатысатын болса, адамда қорғаныштық қызмет атқарады.

Адам денесінде кейде кездесетін жануарларға ұқсас белгілердің екінші тобына атавизмді (латынша – арғы тегін қайталау) мүшелер жатады. Ондай мүшелерге кейде құйрықты баланың дүниеге келуі, денесіне қалың түк ӛсуі, кӛп емшекті адамдардың тууы, т.б. жатқызуға болады. Адам денесінде кездесетін мұндай рудиментті және атавизмді мүшелер адамның арғы тегінің жануарлардан шыққандығына нақтылы ғылыми дәлел бола алады.

Адам мен адамтектес маймылдардың ҧқсас белгілері. Адам мен адамтектес маймылдардың сыртқы құрылысында және мінез – құлығында да кӛптеген ұқсас белгілер бар. Мысалы, сыртқы орта жағдайларындағы тітіркендіргіштерге байланысты кӛңіл күйінің ӛзгеруінен, ұрпақтарына қамқорлық жасауынан (сүйіспешілігі, ызалануы), т.б. айқын аңғаруға болады. Сонымен қатар маймылдарда да орталық жүйке жүйесі және есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Осыған байланысты адам мен маймылда шартсыз, шартты рефлекстер ұқсас қалыптасады. Адамтектес маймылдардың да құйрығы болмайды, саусақтарының ұшы жалпақ әрі онда жалпақ тырнақтары бар. Олардың сезім мүшелері, терісінің құрылысы, қан топтары, жалпы аурулары және олардың денесінде тіршілік ететін паразиттері де ұқсас болады. Хромосомаларының құрылысы да ұқсас келеді. Адамда – 46, ал адамтектес маймылдарда – 48 хромосома бар. Міне, осы айтылған белгілердің бәрі де адам мен адамтектес маймылдардың арғы тегінің бір – біріне жақын екендігін дәлелдей түседі.

Адам мен адамтектес маймылдардың бір – бірінен айырмашылық белгілері. Адамтектес маймылдардың кӛп белгілері адаммен ұқсас болғанмен, олар адам сияқты күрделі еңбек құралдарын жасай алмайды. Адамның тікелей тік жүруіне байланысты ӛзіне ғана тән белгілер қалыптасқан. Ондай белгілерге – омыртқа жотасының алға–артқа қарай иілуін, кеуде қуысының жазық пішінділігін, жамбас қуысының кеңдігін атауға болады. Адамның аяқтары қолынан ұзын және миы ӛте жақсы дамыған. Адам қолының басбармақ сүйегі басқа саусақтарға қарама


  • қарсы орналасқан. Ресей ғалымы Е. Тетушкин 2001 жылы адам мен

адамтектес маймылдардың қан құрамын салыстыра отырып зерттеген. Ол адамдардан гиббодар -17, 9 млн, орангутандар -13,9 млн, горилла -7,2 млн, ал шимпанзелер -5,9 млн жыл бұрын бӛлінген деген қорытынды жасады. Ол шимпанзенің қан құрамы мен нәруыздардың 99,6% -ы адамға ұқсас екендігін анықтады.

Сабақтың тақырыбы: Антропогенездің қозғаушы кҥштері.


Мақсаты: Адам эволюциясындағы еңбек пен қоғамдасып ӛмір сүрудің маңызын кӛрсету;

Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық факторлары. Адам – органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын ӛзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алады. Адам эволюциясындағы мұндай табиғи заңдылықтарды. Ч. Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Адамтектес маймылдар бірте – бірте тік жүруге кӛшіп, қол мен аяқтың қызметі бір – бірінен бӛліне бастады. Қол еңбек құралдарын жасауға дағдылана түсті. Табиғи сұрыталу адамдардың жеке топтардың еңбек құралдарын жасауды жетілдіре түсуінде, ұжымдасып аң аулауына, қарттарға қамқорлық жасауына қолайлы жағдай туғызды. Бұл арада әлеуметтік ӛмірдің де елеулі орын алатынын Фридрих Энгельс (1820 – 1895 ж.ж) ӛз еңбегтерінде дәлелдеп берді. Ол, әсіресе еңбектің, қоғамдасып тіршілік етудің, ақыл – ойдың және сӛздің маңызын атап кӛрсетті.

Еңбек – адам эволюциясының маңызды факторларының бірі.


Кез келген еңбек құралдарын жасау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Ф.Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің ролін жоғары бағалады. Ол: Еңбек – адамзат ӛмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз„-деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты әлеуметтік қозғаушы күші болды. Адам ӛз еңбегі арқылы еңбек құралдарын жасап алды. Жануарлар табиғатқа ӛз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етті. Ал адам ӛзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты ӛзгерте алады. Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Адам ӛз еңбегі арқылы ӛзіне де ӛзгерістер енгізді. Еңбек – адам эволюциясына тән негізгі фактор. Қорыта айтқанда, тік жүруге кӛшу адам эволюциясындағы ең негізгі басқыш болды. Адамның алғашқы қалыптасу кезінде қол нашар дамығандықтан, ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте – бірте осындай белгілер тұқым қуалау арқылы ұрпақтарға беріліп отырды. Ф. Энгельс: Қол – еңбек ету құралы ғана емес, с
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216