Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
мүмкін.

Бронхит: Біз темекі тартқанды жақсы кӛреміз.

Қатерлі ісік: Біз темекі тартқанды жақсы кӛреміз.

Туберкулез: Сендердің сандарыңның кӛбейгені біз сияқты ауруларға ӛте жақсы.

Аманжол: Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оң білім алуға бӛгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем беретін нәрсе.
Гауһар:

Ешбір оғаш қылығыңды ұмытпаған, кешпеген, Ол – табиғат заңдылығы ешбір ғылым шешпеген. Кӛңіліме желік кірсе, қасиетті сол заңға,

Қарсы келіп қалам ба деп сескенем.

«Темекіні тастадым» ӛлеңі

Жасұлан: Мен бүгін сергек күйдемін, Жүрісім ширақ бүтіндей.

Түн де ӛтті тәтті түстей бір, Жӛтелсіз әрі түкірмей.

Гүлнұр: Атандым жұртқа танымал, Қуақы кісі тілі ӛткрі.

Ӛз ортамның гүлімін,

Ал жүзім қызыл шырайлы. Ақ жарқын ӛңім топ-толық, Ұмыттым тұмау-сұмауды, Тӛсек тартып жатқанды.

Аманжол: Азаматтар! Келе ме емін білгіңіз?

Ашсам ба сырын әлде шын, Мәлімдеймін азаматтар мен бүгін Темекіні тастаңдар.

Мұғалім тақтадағы схема бойынша темекі тақырыбын қорытындылайды.

ІІ бӛлім:

2-жүргізуші: 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні. Бұл күн жапа шегушілердің қайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігін түсінетін ниетке толы.

1-жүргізуші: СПИД пандемиясы аумақты, ұлтты, жалпы адамзатты жынысы мен жасына ажыратып жатпайтын, бүкіл жер шарына қаһарын тӛгіп, бүкіл қоғамды зардаптайтын дүлей күш.

Мұғалім: Біз бүгін темекі, арақ, есірткі жайында сӛз қозғадық. Жалпы ғасыр дерттерінің қатарында осы үшеуімен қатар СПИД дерті бар. «Енді тақтадағы схемадан СПИД-тің зардабына шолу жасап ӛтейін.

2-жүргізуші: 1) Бүгінгі конференцияда кӛтеріліп отырған ғасыр індеттері темекі, арақ, нашақорлық, СПИД туралы ӛз ойларын ортаға салу үшін дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері Арман ағай мен Мұрат ағайларға береміз.

2) Ортаға талқыға түсіп отырған мәселелер тӛңірегінде ӛз ойын ортаға салу үшін сӛз ішкі істер бӛлімінің жасӛспірімдер ісі жӛніндегі қызметкері Оралхан ағайға береміз.

1-жүргізуші: Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасӛспірімдер бойынан алшақтату әр адамның ӛз еркіне, біліміне байланысты.

2-жүргізуші: Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос- жолдастарына байланысты.

1-жүргізуші: 29 қазан дүниежүзілік алкогольден бас тарту күні. Биылғы 29 қазанда баспасӛз беттерінде жарияланған деректерде былай
делінген:

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі жанындағы нашақорлық, психиатерапияның республикалық ғылыми тәжірибелік орталығының мәліметтеріне жүгінсек, бүгінде еліміздегі нашақорлықты емдеу ұйымдарының диспансерлік және кеңестік есебінде 245 716 адам тіркеуде тұр. Ал дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының кӛрсеткіштері спиртті ішімдік тәуелділігінен әлемде жыл сайын 2,3 миллион адам кӛз жұматынын кӛрсетіп отыр», - деп жазылыпты.

2-жүргізуші: Елбасы ӛзінің халыққа жолдауы «Қазақстан 2030» бағдарламасында «Салауатты ӛмір салты» туралы нақты айқындап кӛрсетіп берді. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да, тәрбиелі, шыныққан да шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза кӛк желекті дамыған елде тұруы керек.

1-жүргізуші: Бүгінгі конференциямыздың қорытынды сӛз кезегін мектебіміздің мектеп директорының тәрбие ісі жӛніндегі орынбасары: Абдрахманова Розаға сӛз кезегі беріледі.

2-жүргізуші: Адам!

Адам!

Бӛлісіп уайымды

Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі! Бір-біріңе болыңдар мейірімді, Бір-біріңе болыңдар қайырымды, Дерт шалмасын,

Ешқашан ӛрт шалмасын,

Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.

Бір-біріңе болыңдар қайырымды, - дей отырып, бүгінгі конференциямызды аяқтаймыз.
Сабақ тақырыбы: Күнделікті шашты күту. Мақсаты:Шашты ӛсіру,күту жолдарын үйренеді Сабақ барысы:

Мамандар әр екі ай сайын сусабынды ауыстырып отыруға кеңес береді. Бағасы қымбат сусабындардың бәрі де сапалы бола бермейді. Бірақ, тым арзан да болмау керек. Ӛйткені, ӛте арзан құралдардың құрамында бас терісі мен шашқа зиянды элементтер табылуы мүмкін. Кӛптеген бағасы

қымбат сусабындардың құрамында табиғи майлар мен мұқият тазалайтын қоспалар бар. Солардың әсерінен сусабынды кішкене үнемдеуге болады. Ал, шашын күнде жумаса, жүре алмайтын арулар үшін қымбат сусабынды қолдану – шығын болуы да мүмкін. Күнде жуылатын шашқа кететін қаржылай шығынды былай қойғанда, ол бас терісіне де зиян екенін трихология мамандары растап отыр. Әр адамның шашы ӛзіндік құрылым мен ӛзіндік түрге ие. Сусабынды шаш түріне қарай таңдау қажет. Құрғақ не майлы шашты күнара (араға бір күн тастап) жуып отырған тиімді. Шашты жиі жуған сайын оның
майлылығы арта тҥседі. Май қабаты бас терісін құрғап кетуден сақтайтындықтан күнде тазарып отыратын шашта тез пайда болады. Байқасаңыздар, бұйраланған шашқа қарағанда бұйраланбаған шаштар тез майланады да, кір боп кӛрінеді. Оның мыры тіке шашта майдың тез таралуында ғана. Шаштың майлануы – кір емес, бас терісі аурудан аман, шаштың сау екендігінің кепілі. Ӛйткені, май қабаты шаш талшықтарындағы дымқылдың сақталуы мен су сіңірмеуіне ықпал етеді. Шашыңызды күнде жуған сайын оны табиғы қорғанысынан айырып отыратыныңызды ұмытпаңыз.

Шашты жуғанда бір ғана ережені ұстаныңыз: су сабынды (шампунь) мейлінше аз қолдануға тырысыңыз. Кӛп жаққан жағдайда шашқа артық салмақ түсіп, құрғатып жібереді. Шаштараздан кеңес: 1 шәй қасық сусабынды 1 стақан суда араластырып жағыңыз. Сусабынды шаштың барлық ұзындығына құймаңыз. Оны тек шаштың түбіне жақсаңыз болғаны. Жуған кезде сусабынның кӛпіршігі соңына қарай ағады. Бұл оларды жуу үшін жеткілікті. Сусабынды жылы сумен кетіру қажет. Ӛйткені ыстық су шашты құрғатып, қайызғақтардың пайда болуына әсер етеді. Содан кейін барып бальзам-шайғышпен шайыңыз.

Бальзам-шайғыштар немесе кондиционерлер шашқа жұмсақтық пен олардың жақсы таралуын қамтамасыз етеді. Оларды тиімді қолдануға тырысыңыз. Әр жуған сайын бальзамды массаждап шашқа жағып, 3 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін жақсылап шайыңыз. 3 минуттан артық уақытқа қалдырып қажеті жоқ. Ӛйткені бальзам шашқа сіңбейді, тек сыртқы келбетіне әсер етеді. Шаштарың жарнамадағы жұлдыздардың шаштарындай жарқырап тұрсын десеңіз, жуып, шайып болғаннан кейін шашты минералды сумен шайып жіберу қажет. Олар шашты біраз жұмсартып, жылтырауына кӛмектеседі және құнды минералдармен қамтамасыздандырады.

Шашқа арналған маскалар қоректік заттарға бай. Оларды шашта 10 минут ұстаған абзал. Егер масканы жаққаннан кейін сыртынан пленкамен, содан кейін орамалмен орап қойса, маска жақсы әсер етеді. Әр жуған сайын маска қолданған міндетті емес. Аптасына 1-2 рет қолданса болады. Құрғақ шаштар әрдайым ылғалдандыруды қажет етеді. Сондықтан аптасына 1 рет ылғалдандыратын маска жасап тұрған жақсы.

Жұмсақ, әрі жұқа шаштарға кӛлем беру үшін жұмыртқаның сарысы мен зәйтүн майын алып, араластырып, шашты жумас бұрын жағып қойыңыз. Шашты арнайы пленкамен орап, сыртынан орамалмен орап
, 10

минуттай ұстаңыз. Шашыңызды ұзын етіп ӛсіргіңіз келсе, ұштарын әрдайым түзеп отыруды ұмытпаған жӛн.Шаштарыңыз мүлде жатпай, жан- жаққа ұшып, икемге келмейтін уақыттарда мынадай тәсіл қолданып кӛріңіз: аса майлы емес қолға арналған кремді алып, кішкене ғана түйірін алақаныңызға ысқылап, шашыңызды сипап ӛтіңіз. Бұдан еш зиян болмайды, майланып, кір болып тұрғандай да әсер қалдырмайды. Әдемі шаштар оларды дұрыс күтудің нәтижесінде ғана болмайды. Жеп-ішетін тағамдағы дәрумендер мен минералдар да шаштың мықтылығына іштен әсер береді. А, С, Е дәрумендері шашқа күш пен кӛлем береді. Шаштарыңыз тез майланып, әлсізденіп, кӛлемін кетірмесін десеңіз, мынадай масканы жасап кӛріңіз: бір шәй қасық бал алып, оны ¼ стақан жылы суда араластырыңыз да, кішкене ғана миуалы (фруктовый) сіркесуын қосыңыз. Бұл дәрілік масканы шаштың түбіне және біразын шаштың ӛзіне жағыңыз. Кепкенше 15 минуттай ұстап, жуып тастаңыз. Бұл маскадан кейін шаштарыңыз қатайып, түспейтін болады. Оларды жатқызу да оңайға түсіп, шаш үлгісі де кӛп уақытқа дейін ұсталады. Сабынның орнына айран немесе жұмыртқаның сарысын пайдалануға болады. Айранды бастың терісі мен шашқа жақсылап жағып, басты орамалмен байлап, 5-10 минуттан кейін ыстық сумен жуу керек. 1-2 жұмыртқа сарысын ағынан айырып, ішінде аздаған мӛлшерде суы бар ыдысқа құйып араластырып, шашты сонымен жуып, сонан соң ыстық сумен шаяды. Шашты жуып болған соң, оны жұмсақ сүлгімен сүрте отырып, кептірген дұрыс. Басты орамалмен байламайды. Құрғақ шашты жуар алдында бірнеше сағат бұрын кез келген ӛсімдік майымен майлайды.

Халық тәжірибесі


Шаш селдіремесін, тартымды күйінен таймасын десеңіз, халықтың мына тәжірибесіне, ақыл-кеңесіне назар аударыңыз:

  • Бас теріңізге массаж жасап тұрыңыз. Сонда құйқадағы қан айналымы, шаштың ӛсуі жақсарады.

  • Шашты су күйінде тарамаңыз, фен қолданып жатқызуға, сәнденуге әдеттенбеңіз. Ӛз түсінен күңгірт түске боямаңыз, ол Сізді жасыңыздан әлдеқайда есейтіп кӛрсетеді.

  • Бальзам, кондиционер тәрізді заттарды кӛп пайдалануға әуестенбеңіз. Басыңызды қышқылы орташа, жұмсақ сұйық сабынмен жуыңыз.

  • Шашыңызды кез келген сусабынмен, иіссабынмен жуа бермеңіз.

  • Шаштың жылтыраған, табиғи қалпын сақтау үшін алдымен оны таза ұстау керек. Егер ол кір болса, шаштың ӛңі болмайды әрі бас терісінде әртүрлі микроорганизмдер жиналуы мүмкін.

  • Басты аптасына бір рет жуған жӛн. Шаң-тозаңы кӛп жерлерде жұмыс істейтіндер аптасына 2-3 рет жууына болады. Бірақ жуу жиілеп кеткен жағдайда шаш құрғап, сынуға бейім. Сондықтан шашты аранулы майлармен сылау керек. Сылау ұзын шашқа тән, қысқа шаш ӛзі-ақ тез майланады.

  • Шашты жұмсақ сумен, әсіресе, жаңбырдың, қардың суымен немесе қайнатылған сумен жуған жақсы. Кейбір қайнамаған жай суға жуса, сабын

кӛпірмей, бастың кірі ашылмайды. Суды жұмсарту үшін бір литр суға бір шай қасықтан асырмай борлы қышқыл натрийді араластырады. Мұнымен жуып болған соң, басты бір литр суға бір ас қасық сіркесуын қосып шаяды. Қазір шаш жуу үшін әдеттегі сабыннан гӛрі сұйық сабын жиі қолданылып жүр. Сусабынды шаштың қасиетіне қарай таңдап пайдаланған жӛн. Олар қатты сабынға қарағанда әлдеқайда жұмсақтау. Шашты жуып болғаннан кейін жылы сумен әбден шайған дұрыс.

  • Жуылған шашты бӛлме жылуында кептіру керек. Ал күннің кезінде, жанып тұрған отқа тақап немесе электрлі кептіргіштермен кептіру қатты құрғатып жібереді.

  • Кейбір шаш қатты құрғақ болғандықтан, ұшы қақиып тұрады. Мұндай шаштарды он күнде немесе екі аптада бір рет жууға тырысқан жӛн. Жумастан бұрын айына бір рет басқа соя немесе зәйтүн майынан компресс жасап тұру керек. Оны былай дайындауға болады: кішкене ыдысқа аталмыш майды шамалап құяды да оны ӛзге табаққа құйылған ыстық суға салып қояды. Жылыған майға бір шай қасық лимонның сӛлін қосып, араластырып, шашқа және бас терісіне жағады. Сонан кейін целофан қалпақ киіп, сыртынан қалың орамал немесе сүлгі орап тартады. 10-12 сағат ӛткен соң, сусабынға немесе сабынға жұмыртқаны араластырып басты жуып алады.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216