Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

бар:


Жануарлардың ҧрпақтарына деген қамқорлықтарының ҥштҥрі


  1. Ұрпағына мүлдем қамқорлық жасамайтындар: кӛптеген омыртқасыздар мен балықтар ұрпағына қамқорлық жасамайды. Олар ӛте кӛп мӛлшерде жұмыртқа салады, мысалы, теңіз ай- балығы бір кезеңде 300млн. уылдырық салады. Олардың кӛпшілігі сол мезетте су жануарларына қорек болып кетеді.

  2. Ата–анасының біреуі салған жұмыртқасын ӛз денесінде сақтайды. Теңіз жұлдызы, шаянтәрізділердің кӛптеген ӛкілдерінің аналығы жұмыртқаларын ӛз денесіне бекітіп, жетілдіреді. Бұл жануарлардың мінез–құлқындағы күрделенуді кӛрсетеді.

  3. Жұмыртқаларын арнайы дайындалған орындарға салу. Бұл-ата- аналық мінез–құлықтың күрделенуінің бір кӛрінісі. Мысалы, шыбындар жұмыртқа салу үшін личинкасының қоректенуі мен дамуына қажетті орын–ет пен жануардың ӛлексесін іздейді. Ал, жорғалаушылардың дене температурасы тұрақсыз болғандықтан, жұмыртқасының дамып–жетілуіне қажетті жағдай жасау үшін, ін қазады.

Қосымша мәлімет.


Балықтардың ҧрпағына қамқорлық жасауы

Уылдырығы кӛп су піл (2-2,5млн), треска (2,5-10млн), шортан (100мың1млн), кӛксерке (200мың-1млн) және сазан сияқты балықтар ұрпағына қамқорлық жасамайды, уылдырықтарының кӛптігі арқылы ұрпақ жалғастырады. Албырт тұқымдас құныс балық (1-2мың), кета (2-4мың) сияқты балықтар саны аз болғандықтан, қорғап қалу үшін уылдырығын малтатасты топыраққа кӛміп, бірнеше күн қорғаумен болады. Тікендік екіренің уылдырығы 600-ге жуық, ал кәдімгі кекіренің уылдырықтары 100 болады. Бұл балықтар уылдырығын былқылдақденелілердің шапанша қуысына салады. Уылдырық жарған кекіренің дернәсілдері бақалшақтағы сарыуызды қорек етеді. Аланалығы 60-400-ге дейін уылдырық салатын үштікенді шаншар балықтың аталығы ұя жасап, шабақтарын жауынан қорғайды, тропиктік суларда тіршілік ететін кішкене жайынша-бәсірлердің аталығы, тиляпия балығының аналығы уылдырығына узында сақтап, шабақ ӛрбітеді. Балықтар ұрпағын сақтап қалу үшін әртүрлі әрекеттер жасауға бейімделе алады.

Сарамандық жҧмыс №3


Сабақтың тақырыбы:Жануарлардағы биологиялық сағат және биологиялық ырғақ

Сабақтың мақсаты: жануарлар тіршілігіндегі биологиялық ырғақтылықты зерттеу

Күтілетін нәтиже:

  • Биологиялық ырғақ және биологиялық сағат ұғымдары мен танысады;

  • Биологиялық ырғақтың жануарлар ағзасы үшін маңызын анықтайды;

Сабақтың кӛрнекілігі:суреттер, видеороликтер, слаидтар. Сабақтың барысы:

Биологиялық сағатжануарлар мен адамның уақыт ӛлшемін бағдарлау қасиеті. Ол жасушалардағы физикалық-химиялық және физиологиялық процестердің белгілі бір уақытта қайталанып отыруына (биологиялықырғақ) негізделген. Мұндай қабілеттілік бір жасушалылардан бастап адамға дейін–тірі ағзалардың барлығында болады. Кейбір зерттеушілер «Биологиялық сағат» организмнің геофизикалық факторлардың (жердің электр және магнит ӛрісі, Күн мен ғарыш радиациясының тәуліктік, жылдық, маусымдық қайталануының) ӛзгеруін қабылдау қабілетіне негізделген деп есептейді. «Биологиялық сағат» тұтас ағзалардың да, сондай-ақ клетка ішіндегі процестердің де дұрыс тәуліктік жұмыс ырғағын басқарады.



Жұмыс реті:

  1. Берілген жануарларға тән биологиялық ырғақтылықты анықтаңдар:



  1. Бұл жануарлардың тіршілігі үшін биологиялық ырғақтың

маңызын анықтаңдар.

  1. Қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, ӛсімдіктерді биологиялық сағат бойынша орналастырыңдар.

Глоссарий


  • Зоопсихология–жануарлар деңгейіндегі психикалық бейнелеудің эволюциясы мен заңдылықтар кӛріністері жайлы ғылым.

  • Зерттеу әдістері–психикалық құбылыстар жайлы мәліметтер жинақтау құралы., жануарлар психикалық құбылыстардың заңдылықтары, байланыстары, қарым–қатынастары жайлы ғылыми ақпараттар жинақтау.

  • Психика–объективті шындақтың жануарпсихикасында бейнеленуі қоршаған ортаны бағдарлауда белсенділік дағдыларын қалыптастырады.

  • Қылық–әрекеті–жануарлар психикасының алғы шарты, мінез–қылық функциясына психикалық әрекет қалыптасып қоршаған ортаға организмнің белсенділігін тудырады, бағыттайды.

  • Экстрополяциялық рефлекстер–заттардың кеңістікте орналасуын алдын–ала танып білу рефлекстері.

  • Таксистер–қарапайымдылардың кеңістікті бағдарлаудағы қозғалыс белсенділіктің қозғалыс түрі.

  • Инстинктер-ӛмірлік маңызы бар, белгілі бір әрекетістеуге бой ұрғызатын тұқымқуалайтын қасиет.

  • Коацерваттар-белокты молекулалық күрделі қосындысы

  • Панпсихизм-психика барлығында бар.

  • Антропропсихизм-психика тек қана адамға тән

  • Биопсихизм-барлық тірі материяда психика болады.

  • Фитопсихизм-психика тек қана ӛсімдіктер мен барлық тірілерде бар.

  • Нейропсихизм-психика жүйке жүйесі барларда болады.

  • Анималпсихизм-психика барлық жануарларға тән.

  • Тропизм-ӛсімдікке бағытталған ықпалдарға қозғалысы.

  • Настия-ӛсімдіктердің қозғалысы оған ықпал етуші факторлар мен сәйкес келуі.

  • Таксистер-грек тілінен аударғанда «реттік орналасу» кӛп клеткалы организмнің сұйықтық қозғалысы

  • Хемотаксис–химиялық концентрациялық құрамына қарай градиенттердің қозғалыстары:-жағымды, -жағымсыз.

  • Термотаксис–температураның ықпалына қарай қозғалысы.

  • Фототоксис–жарықтың ықпалына қарай қозғалысы.

  • Реотаксис–судың немесе ауаның ықпалы арқылы қозғалысы.

  • Гальвонотаксис–электр тогымен байланысты қозғалыстар.

  • Инстинктер–биологиялық қажеттіріктерді қанағаттандыруға бағытталған ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге организмнің тұқым қуалау арқылы берілетін күрделі стереотипті қозғалысы, іс- әрекеті,шаралары.

  • Қажеттіктер–биологиялық, рухани.

  • Вилюнас–генетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қажеттілік.

  • Латенттік ҥйрету–жасырын үйрету.

  • Қылық-әрекетті жетілдірудің имитациялық тәсілдері «еліктеу» және

«викарлық» (латыннанvikarus–орынбасатын) үйрету деп бӛлінеді.

  • Еліктеу дегеніміз–іс-әрекеттің немесе қимылдың мақсатын түсінбей-ақ тура кӛшіру арқылы үйрету тәсілі.

  • Викарлық ҥйрету тілеген мақсатқа жетуде қылық-әрекет формасын

«технологиялық үлгі» (аналог) ретінде кӛшіру.

  • Импринтинг (алғашО. Хейнротпен К. Лоренц сипаттаған, ағылшынның imprint–із қалдыру, кӛргенді есте сақтау) дегеніміз–жануар ӛмірінің алғашқы минуттары немесе сағаттарында ұмытылмайтындай «жазылып, еске сақталынып қалуға» әкелетін тума ерекшеліктердің қосылуымен шартталған құбылыс

  • Ҥйрету–жаңа тәжірибені меңгеру немесе жаңаға дағдылану, Провотворовтың анықтамасы бойынша үйрету-жануарлардың белгілі бір сыртқы әсерлерді қабылдау қабілеті:

  • Оқыту–белгілі бір нәтижеге жеткізетін үрдіс(процесс).

  • Габитуация (үйренужәнебейімделу) жүйке жүйесіндегі реакциялардың бірнеше рет қайталаудың арқасында тітіркендіргіштердің әлсіреуі немесе жойылуы.

  • Айдия-кез-келген жаңа әсерлерді қолдана отырып, бұрыңғы тітіркеңдіргіштерге бейімделу процесін тоқтату және жаңа тітіркендіргіштерге деген реакцияларды қалыптастыру құрылысы (жаңа әсерлердің бейімделу процесінің бұзылуы).

  • Сенсибилизация–тітіркендіргіштердің жағымсыз ықпалдар мен үйлесе отырып, жауап берудің арту құбылысы.

  • Гомеостаз–организмнің ішкі жағдайын қалыпта, тұрақтылықта сақтап отырудағы белсенділігі, яғни ӛзін ӛзі реттеуі.

  • Биологиялық (ритмдер) ырғақтар немесе био-ритм-космостық уақыт пен организмнің ішкі тұрақтылығы, ішкі ритмінің сәйкестеліп келетін ырғақтық қозғалыстардың әрекеті.



Қолданылған әдебиеттер:


  1. АвиловаК.В.Позвоночные животные, изучение их вшколе Птицы. Книга для учителя–М.:Просвещение, 1983.–160с.,ил.

  2. Акимушкин И.И.Проблемыэтологии.–М.:Мол.гвардия,1985.–191с,ил.

  3. Алексеев В.А.300 вопросов и ответово насекомых.–Ярославль: Академия развития, 1998.

  4. Анашкина Е.И. 300 вопросов и ответов оптицах.–Ярославль: Академия развития1998.

  5. Брэм А.Э. Жизнь животных.В3–хт.–М.:Терра, 1992.

  6. Владимирова Э.Д., Психология животных–Самара:Изд-во

«Самарскийуниверсит,ет», 2010.–134с.

  1. Дмитриев Ю.Д. Соседипопланете.–М.: Олимп, 1997.–288с,ил.

  2. Дольник В.Р.Непослушноедитя биосферы: Беседы о человеке в компании птици зверей.–М.:Педагогика–Пресс,1994.–208с,ил.

  3. Зорина З.А., Полетаева И.И.Зоопсихология. Элементарное мышление животных: Учебное пособие/З.А.Зорина,И.И.Полетаева.–М.:Аспект- Пресс,2002.

10.Инстинкт.-Методическое пособие покурсам Зоопсихология‖ и

«Этология» для студентов, обучающихся по специальностям

«психология» и «биология» Составитель: ВладимироваЭ.Д.

11.Жизнь животных. В7–мит./Гл.ред.В.Е.Соколов.–перераб.– М.:Просвещение, 1986.–527с,32л.ил.

12.Мак–Фарленд Д.Поведение животных: Психобиология, этология и эволюция:Пер.сангл.–М.:Мир,1988.–520с,ил.

«Микробиология» қолданбалы курс бағдарламасы (10 сыныпқа арналған)


Бағыты: Жаратылыстану-математика

Бағдары: химия- биология

Білім қҧрылымындағы курстың орны: «Микробиология» жалпы биологиядағы «Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметтері» тарауының құрамды бӛлімі.
Қҧрастырған: Батырова Т.К. – Орал қаласы, №34 мектеп- гимназиясының жоғары санатты биология пәні мұғалімі

Тҥсінік хат


«Микробиология» тақырыбына арналған қолданбалы курсының бағдарламасы. «Микробиология» бағдарламасында - барлық микроорганизмдерге қатынасы бар жалпы заңдылықтар, олардың морфологиясы, физиологиясы, биохимиясы, зат алмасудағы рӛлі және табиғатта таралуы мен систематикасы қарастырылған.


Микробиология – ұсақ организмдердің тіршілігі мен даму заңдылықтарын, олардың қоршаған ортамен біртұтастығын және орта факторларының макроорганизмдерге тигізетін әсерін, ұсақ ағзалар әлемінің адамға пайдалы және зиянды түрлерін, табиғаттағы зат алмасуы мен энергия ӛндіруге қатысуы туралы түсінік береді.

Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 10 класына арналған «Қарапайым құрылысты алғашқы организмдер және Вирустар» бӛлімін тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлама. Бағдарламаның мазмұны пән бойынша жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сай дайындалған.

Барлығы 34 сағатқа (аптасына 1 рет) негізделіп жасалынған. Бағдарламада оқу материалын қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы оқыту, қазіргі кездегі ғылыми соңғы жаңалықтарымен және ғаламтор жаңалықтарымен кеңінен таныстыру кӛзделеді. Оқу материалын жан- жақты бере отырып, оқушылардың шығармашылық ізденісін дамытуға, зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіруге кӛңіл бӛлінген.

Бағдарламада оқулықта берілген материалдар тереңдетіліп, бӛлімдер мен тақырыптар жүйелілігі сақталған. Зертханалық жұмыстарға арнайы сағаттар бӛлінген. Оқытудың практикалық бағытын күшейту мақсатында зертханалық жұмыстарда суреттерді, кестелерді, микропрепараттар пайдалана білуге баулу мақсаты қарастырылады. Микробиологияның эволюциялық, генетикалық дамуы және адамның микрофлорасы туралы түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру бағдарламадан тыс қосымша материалдар енгізу арқылы жүзеге асыру қарастырылған.

Қолданбалы курстың мақсаты:


    1. Микробиология табиғатта кеңінен таралған тірі организмдердің ең кӛп, әртүрлі ортада тіршілік етуге бейімделген ұсақ ағзаларды және олардың пайдасы мен зияның білдіру.

    2. Денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, халықшаруашылығы, ветеринарлық, экологиялық, ӛндірістік, мұхит микроорганизмдерінің әр қайсысының ӛз ерекшеліктері мен дамуы бар екенін түсіндіру.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216