Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ, ЖАЛПЫ ОРТА, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҦЙЫМДАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ
ОБЛАСТНОЙ УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ КАБИНЕТ ОРГАНИЗАЦИЙ ДОШКОЛЬНОГО, ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО, ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ

УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ФАКУЛЬТАТИВТЕР МЕН ҚОЛДАНБАЛЫ КУРСТАР


БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ
СБОРНИК

ПРОГРАММ ПРИКЛАДНЫХ И ФАКУЛЬТАТИВНЫХ КУРСОВ ПО БИОЛОГИИ


ОРАЛ - 2015

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу- әдістемеліккабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама №2 05.06.2015 ж

Қҧрастырған: Ж.Н. Қҧспанова облыстық оқу әдістемелік кабинетінің биология, география, химия пәндерінің әдіскері


Пікір жазған: Қ.Б. Болатова – БҚМУ жаратылыстану факультеті, зоология кафедрасының доценті

Бұл бағдарламалар жинағы облыстың биология пәні мұғалімдеріне кӛмекші құрал ретінде ұсынылады. 7-11 сыныптарда биология пәнінен қосымша факультативтер мен қолданбалы курстардың бағдарламалары жинақталып құрастырылды. Оқу жоспарының вариативтік бӛлімінен берілетін қосымша сағаттарға ұсынылатын бағдарламалар жинағы.
2

Мазмҧны


  1. Түсінік хат 4

  2. «Адам эволюциясының құпиялары» таңдау курсының бағдарламасы Ризуанова К.Е 5

  3. «Адам денсаулығының физиологиялық және гигиеналық аспектілерін зерттеулер арқылы оқу» факультативтік курс бағдарламасы

З.А. Мурзагалиева, Р.Т. Насипова. 35

  1. Программа прикладного курса «Цитология»

Тимофеева Л.Л 66

  1. «Сұлулық және денсаулық» факультатив курсы бағдарламасы Г.М. Темірханова, Б.Н. Идрисова 80

  2. «Эволюциялық ілім» қолданбалы курс бағдарламасы

Р.Б. Зейнулина, Ж.Б. Айтқалиева. 100

  1. "Жануарлар этологиясы" факультатив курсының бағдарламасы А.Ә.Меңдіғазиева 130

  2. «Микробиология» қолданбалы курс бағдарламасы Т.К.Батырова. 148

  3. «5-9 сыныптарға арналған Экология курсының бағдарламасы» Ж.Н.Куспанова 166

Тҥсінік хат
Биология пәнінен 7-11 сыныптарға арналған факультативтер мен қолданбалы курстар бағдарламаларының жинағы құрастырылды. Бұл жинақ облысымыздың биология пәні мұғалімдері үшін кӛмекші құрал болып табылады. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкестендіріліп оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптың бағыт-бағдарына сай жасақталған. Яғни қосымша тереңдетіліп, ақпарат кӛбірек берілуге негізделген.

Мақсаты:


  • Пәннен алған білімдерін тереңдету;

  • Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;

  • Биологиялық дүниетанымын, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

  • Экологиялық тәрбие беру;

  • Биология ғылымының тылсым құпияларын білуге бағыт-бағдар беру;



Міндеті:


    • Оқушыларды тың мәліметтерді қабылдай білуге баулу;

    • Білім – біліктілік дағдыларын қалыптастыру;

    • Анықтамалық, ғылыми әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен, интернетпен жұмыс жасап, еркін ақпарат кӛздерін пайдалана білуге баулу;


Оқу жоспарының вариативтік бӛлімінің қосымша сағаттарына негізделіп жинақталған бағдарламалар жинағы, биология пәні мұғалімдеріне пайдаланылуға ұсынылады.

«Адам эволюциясының қҧпиялары» таңдау курсының бағдарламасы (10-11 сыныптарға арналған)



Қҧрастырған: Ризуанова К.Е №44 ЖОББМ биология пәнінің І санатты мұғалімі

Тҥсінік хат


Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын бағдарлы сыныптарда жүргізу үшін «Биология» пәні бойынша «Адам эволюциясының құпиялары» тақырыбында таңдау курсының бағдарламасы құрылды. Таңдау курсы жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес, жалпы білім беретін мектептердің 10-11сыныптарына арналған бағдарламаға, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде 12-жылдық оқытуға кӛшу экспериментіндегі 10 сыныпқа арналған бағдарламаға, Биология 10 сынып (авторлары: Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов), Биология 10 сынып (авторлары: Е.А.Очкур, Л.Е.Аманжолова), Биология 11 сынып (авторлары: Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова, Ж.Шілдебаева) оқулығына негізделіп құрылды. Бағдарлама6 -10 сыныптарда оқытылатын биологияның базалық материалдары негізінде, соның ішінде «Цитология», «Генетика және селекция негіздері», «Адам генетикасы», «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы», «Эволюциялық ілім», «Жердегі органикалық дүниенің дамуы» бӛлімдерінің материалдарын басшылыққа алып жасалған. Курс аптасына 1 рет, жалпы 34 сағатқа жоспарланды.

Курсты оқыту жас ұрпақты адам эволюциясы туралы білімінің кеңеюіне, тірі табиғаттағы адамның орны туралы білім жүйесін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоршаған әлемнің материалдық бірлігі туралы жаратылыстану-ғылыми кіріктірілген білімдерін қалыптастыруға кӛмектеседі.

Таңдау курсының білім мазмұны теориялық және практикалық оқытуға бағытталған тақырыптарды, практикалық дағдыларды меңгерту мақсатында қарастырылған. Таңдау курсын ӛткізу үшін дәріс, ой-толғау, диспут, семинар т.б. оқыту әдістерін пайдалану кӛзделген. Курсты оқыту кезінде оқушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастырумен қатар, жеке оқушының ерекшеліктері ескеріледі.

Оқыту үрдісі кезінде оқушылардың ғылыми, ақпараттық әдебиеттермен, электронды тасымалдағыш құралдармен жұмыс істеуі, интернет желілеріндегі материалдарды пайдалануы жүзеге асырылады. Нәтижесінде оқушылардың әдебиеттерді таңдап алу, конспект жасау, салыстыру, шағын жобалар құрастыру, кӛпшілік алдында ӛз ой-пікірін айта білу дағдылары қалыптасады. Оқушылардың ӛз бетімен жұмыстануы ізденгіштікке, жоспарлай білуге үйретеді. Бұл дағдылар болашақта олардың жоғары оқу орнында оқыған кезінде кӛмектеседі.

Курсты оқыту кезінде оқушылар Ж.Б.Ламарк, Ч.Дарвин, Ф.Энгельс, Фукуяма т.б. адамның шығу тегінің эволюциясына үлес қосқан ғалымдардың еңбегімен танысатын болады.


Курсқа оқушылардың қызығушылығы сабақ кезінде әңгімелесу түрінде, соңғы сабақта сауалнама жүргізумен анықталады.

Курсты аяқтаған кезде әрбір оқушы ӛздерінің шағын жобаларын қорғайды.

Курстың мақсаты: Антропогенездің негізгі сатылары туралы және қазіргі адам қоғамының проблемалары туралы білім қалыптастыру;

Курстың міндеттері:


    1. Оқушыларды адамның шығу тегі туралы кӛзқарастармен таныстыру;

    2. Оқушылардың бойында антропогенез туралы білім жүйесін қалыптастыру;

3.Оқушыларды антропогенез факторын адамның шығу тегі туралы білімді дәлелдеуге пайдалануға үйрету;

4.Қазіргі кездегі адам қоғамының проблемалары мен дамуын қарастыру;

5.Оқушылардың бойында анализ жасау, салыстыру, қорытындылау дағдыларын қалыптастыру;

6. Оқушылардың бойында жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықты ояту;

7.Оқушылардың болашақ мамандығын таңдауы кезінде ӛздерінің мүмкіндіктеріне сыни кӛзқарастарын қалыптастыру;

8.Адамның шығу тегі туралы материалистік кӛзқарас қалыптастыру;

Кҥтілетін нәтиже: оқушылар білуге тиіс:


    • адамның систематикалық орнын;

    • антропогенездің негізгі сатыларын;

    • биологиялық және әлеуметтік факторлардың эволюциядағы орнын;

    • адам нәсілдері, олардың шығу тегін;

оқушылар істей білуге тиіс:


    • адамның жануарлардан шыққандығына дәлелдер келтіре білуі;

    • антропогенездің негізгі сатыларын сипаттай білуі;

    • нәсілдердің теңсіздігі туралы теорияның қателігін дәлелдей білуі;

    • дискуссияларға қатыса отырып, ӛз пікірлерінің дұрыстығын әр түрлі аргументтер келтіре отырып, дәлелдей білуі;

Пәнаралық байланыс:


Тарих, география, әдебиет, экология

«Адам эволюциясының қҧпиялары» таңдау курсының


бағдарламасы

Кіріспе - 2сағат

Таңдау курсы туралы мәлімет. Жер ғаламшарының ғажайыптығы.

І бӛлім. Адамның шығу тегі (18 сағат).


Адам ӛмірінің тарихы, оның биологиялық және әлеуметтік жағдайы- 2сағат

Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы, олардың байланысы.

Әдебиеттермен жұмыс. Оқушылардың қысқаша хабарламасы

―Линней, Ламарк, Дарвин, Энгельс пікірлері бойынша адамның жануарлар дүниесіндегі орны‖.

Адамның табиғаттағы орны - 2сағат


Ғалымдар адамның табиғаттағы орны туралы. Қазіргі адамның систематикадағы орны. Бегілері мен дәлелдер..

Базалық білім: антропогендік гипотеза, Дарвин теориясы, Энгельстің еңбек теориясы, креационистік концепция.

Демонстрация: Омыртқалы жануарлардың қаңқа үлгілері

Адамның ата-тегі – 2 сағат


Адамның тікелей ата тегі - адам тәрізді маймылдар. Ұқсастығы мен айырмашылығы. Әдістер. Дәлелдер. Базалық білім: филогенез, иммунология, рудименттер, атавизмдер.

Адамның шығу тегі туралы ертедегі кӛзқарастар-1 сағат.


Адамның шығу тегі туралы ертедегі кӛзқарастар.

Дарвин және оның адамның шығу тегі туралы кӛзқарастары - 2сағат


Дарвиннің адамның шығу тегі туралы кӛзқарастары. 1871 ж. еңбегі "Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу". Гекслидің, Э.Д.Дарвиннің кӛзқарастары.

Алғашқы адамдар туралы -2 сағат


Антропогенездің биологиялық факторлары (тұқым қуалаушылық, ӛзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, гендер дрейфі, "популяциялық толқындар", изоляция).

Антропогенездің әлеуметтік факторлары (еңбек, ойлау, сӛз, қоғамдық ӛмір, тәрбие).

Базалық білім: антропогенез, социогенез, протоантроп, архантроп, палеонтроп, неантроп, дивергенция).

Демонстрация: Одиссея первобытного человека‖. ильм)

Рефераттық жұмыстар: Антропогенез теориясы – қазіргі к
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216