Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

жолдарын іздестіру;

  • адамның іс-әрекетіне баға беру және адам денсаулығын сақтау;

  • табиғат қорғаудың экологиялық негіздерін білу;

  • экологиялық білім, әдеп, сана мен мәдениетті қалыптастыру.

  • анықтамалық, ғылыми әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен, интернетпен жұмыс жасап еркін ақпарат кӛздерін пайдалана білуге баулу.

Экология – тірі ағзалардың бір бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін жаратылыстану ғылымы. Экологиялық біліммен қаруланған оқушы ӛзінің туған жерінің тазалығын, байлықтарын сақтап, тірі ағзаны қорғауға үйренеді. Экологиялық білімді ұрпақ, жеке тұлға қалыптасады.

Пәнаралық байланыс: биология, география, химия, медицина, физика, математика, валеология, тарих және т.б.

Жұмысты ұйымдатыру формалары: дәріс беру, зертханалық жұмыстар орындау, экскурсия ұйымдастыру, пікір алмасу, әңгімелесу, болжамдар жинақтап талдау, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын қорғау.

Экологиялық білімді қалыптастырудың негізгі принциптері:


Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру бірнеше арнайы талаптарды қажет етеді. Олар: оқу жоспарларын, оларға сәйкес оқулықтар және техникалық құралдар жасау, табиғат мұражайларын, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Бұлардың бәрінде мұғалім әзірлігінің деңгейі, оқушылардың экологиялық ой-ӛрісі мен біліктілігішешуші рӛл атқарады.

Биология, география, химия пәндерінің мұғалімдері оқу жоспарларында техникалық құралдарды пайдаланады, табиғат мұражайларына, зообаққа, табиғат аясына топсеруен ұйымдастырады. Мұғалімдер қоршаған орта туралы оқушылардың білімін анықтайды, олардың экологиялық ой-ӛрісін қалыптастырады.

Қоршаған орта жайында білім беру-сол ортаның күйін және онымен байланысты мәселелерге жауапкершілікпен қарауға және оларды шешуге қамқорлық жасау керек. Ол үшін күнделікті туындайтын мәселелерді шешетіндей білім, жеке және ұжымдық жұмыстардың дағдысы болуы керек.

Экологиялық білім беруді жүзеге асыруда оның ең негізгі міндеттеріне кӛңіл бӛлу керек. Атап атқанда:

    • экологиялық білім жүйесін қалыптастыру;

    • қоршаған ортаны қорғауға деген адамгершілік қасиеті мен жауапкершілігін тәрбиелеу;

    • экология саласындағы білім жетістіктері мен нормативтік құқықтық құжаттарды білу.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың әр түрлі әдістерін, формаларын және әдіснамаларын қолдану керек. Олар:

    1. Оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін ұдайы жетілдіріп отыру (семинар, конференциялық сабақтар, компьютерлік ойындар, әңгімелеу, диспуттар, викторина және т.б)

    2. Оқушының шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, адамның іс- әрекетінің табиғатқа әсерін, оның болашақтағы зардаптары туралы алдын ала білуге және оны болжауға тәрбиелеу (табиғаттағы ӛзгерістерге талдау жасай білу, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, бағалау және болжау).

    3. Іздену және ғылыми зерттеу жұмыстарының элементтерін меңгеру, экологиялық мәселелерді шешуде батыл әрі дұрыс шешім қабылдау және ӛз беттерінше білімін кӛтеру (оқу және оқыту барысында шешім қабылдау).

    4. Жергілікті экологиялық проблемаларды шешудеоқушылардың практикалық іс-әрекетін қалыптастыру (туған ӛлкенің "Қызыл кітабын" ұйымдастыру, экологиялық ұйым мен үйірмелер құру, экологиялық соқпақ ұйымдастыру, табиғат ресурстарын жоспарсыз пайдалануға жол бермеу, экологиялық білімді үгіттеу-дәріс, кӛгілдір экран, газет-журнал басылымдары және т.б арқылы).

Экологиялық білімді жүзеге асыруда білім берудің негізгі принциптерін сақтау керек. Олар, негізінен: ғылымилық, байланыстылық, тепе-теңдік, қызығушылық, үздіксіздік, жалғастырушылық, интеграциялау, кӛрнекілік, қабылдаушылық және ӛлкелік принциптер.

Ғылымилық принципі-негізінен, оқушыларға білім беруде фактілер, құбылыстар мен процестер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары және экологиялық апаттылық жағдайлардың нәтижелері ғылыми тұрғыда дәлелденген материалдар негізінде берілуі және пайдаланылуы тиіс.

Байланыстылық принципі-негізінен, табиғаттағы тірі және ӛлі табиғат пен орта (топырақ, ауа,су, ӛсімдіктер мен жануарлар) арасында тығыз байланыстың бар екені тәжірибелер мен мысалдар арқылы беріледі.

Тепе-теңдік принципі-табиғаттағы биоценоздар, экожүйелер арасындағы тепе-теңдіктің сақталмауы. Олардағы бір құрауыштың ӛзгеруі табиғатта тепе-теңдіктің бұзылуына апарып соғады.

Қызығушылық принципі-оқыту барысында білім берудің барлық әдістері мен формалары оқушылардың бойында еліміздің сұлу табиғатына деген қызығушылығын оятып, туған ӛлкесін, оның табиғи байлықтарын сүюге, аялауға ұмтылдыру арқылы отаншылдыққа тәрбиелеу.


Ҥздіксіздік принципі-оқушылардың білім қорын, ой-ӛрісін балабақшада сәби кезінен бастап, бастауып сынып, одан жоғары сыныптарға кӛтерілу деңгейлеріне үйлестіре отырып дамыту. Жоғары сыныптарда экологиялық жағдайларға ӛз бетінше баға беретіндей деңгейге бірте-бірте жеткізу.

Интеграциялау принципі-экологиялық білім беруде жаратылыстану пәндері (биология, география, химия, математика, физика және т.б) мен гуманитарлық пәндер (әдебиет, тарих, қоғамтану және т.б) арқылы оқушыларға берілетін білім негіздерін жеке адамнан қоғамдық деңгейге кӛтеру. Кӛпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру.

Кӛрнекілік принципі-оқушыларға экологиялық білім беруде оқу процесінде кӛрнекі құралдар, диафильмдер, киносюжеттер, кеппешӛптер, жинақтамалар (коллекция) бейнекӛріністер, биоиндикаторлар мен табиғаттағы бақылаулар (экологиялық соқпақ) нәтижесін пайдалану.

Қабылдаушылық принципі-негізінен, мұғалімнің экология ғылымының мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлауы, экологиялық терминдердің түсініктілігін, ұғымдар мен заңдарды қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, жатық әрі түсінікті тілмен беруі.

Ӛлкелік принциптер-экологиялық білім беруде оқушылардың тұрмыстық салт-дәстүрлері, қала немесе ауылдық жерлерде тұру жағдайларын ескеру. Мүмкіндігінше жергілікті, аймақтық мәселелерді кӛтеру, оған оқушылардың араласуын, туған ӛлкесіне деген патриоттық сана-сезімін ояту.

«Экология» курсы бойынша бағдарламалар


  1. Экология (5 сынып), 34 сағат І Экологияға кіріспе (1сағат)

"Экология" деген сӛздің мәні. Отбасы, үйдің тазалығы, тұтыну бұйымдары. Синтетикалық заттар. Адамға пайдалы және зиянды әсері. Тұтыну бұйымдары мен адам арасындағы байланыс. Сақтық шаралары. Экологияны оқытудың қажеттілігі. "Экология" пәнінің "Дүниетану" пәнінен айырмашылығы. Экологияны ӛмірмен байланыстыру.

ІІ Ҥйдің ауласындағы тіршілік (2 сағат)


Бізді қоршаған табиғи орта. Бӛлме ӛсімдіктері. Оларды күту. Ауладағы гүлзарлар. Әрбір ӛсімдіктің рӛлі мен маңызы. Гүлді қсімдіктер. Гүлшоғырындағы жәндіктерді ажырату. Үй жануарлары. Жануарлардың табиғаттағы рӛлі мен маңызы. Жануарларды күту. Сақтық шаралары. Ӛсімдіктер, жануарлар мен адам арасындағы қарым-қатынастар туралы ұғым.

  1. сарамандық сабақ. Үйдегі және ауладағы ӛсімдіктер мен жануарларды атап, олардың әрқайсысының табиғат пен адам үшін маңызын талдау.

ІІІ Адам және табиғат (5 сағат)


Адам мен табиғат арасындағы байланыс. Табиғат кешендері. Табиғаттың күрделі екендігі туралы түсініктер. Кӛшедегі гүлзарлар мен ағаштар. Ағаштардың түрлері. Мектеп ауласындағы үлескілер. Үлескілер кешені.

Мектеп үлескесіндегі жеміс ағаштары. Ауылшаруашылығы дақылдары. Бау-бақша.

Ӛсімдіктер мен ауа арасындағы байланыс. Ауаның қажеттілігі. Ауаның сапасы. Ауаның тазалығы. Құстар мен жәндіктер және құстар мен ӛсімдіктер арасындағы байланыстар. Табиғаттағы тепе-теңдік туралы ұғым. Жәндіктердің рӛлі. Жәндіктерге қамқорлық. Ауладағы, кӛшедегі және мектеп үлескісіндегі табиғат кешендері. Табиғаттағы бӛгде заттар. Олардың пайдасы мен зияны. Алғашқы экологиялық зерттеулер.

ІV Пайдалы және зиянды заттар мен ағзалар (6 сағат)


Ауладағы қоқыстар, олардың зияны. Қоқыс заттардың түрлері және қордалануы. Ӛндірістік, ауылшаруашылығының қалдықтары және

тұрмыстық қоқыстар. Қоқыстардан тазалаудың маңызы. Сенбіліктер және оның рӛлі.

Пайдалы және зиянды ӛсімдіктер туралы ұғымдар. Арамшӛптер. Улы ӛсімдіктер. Сақтық шаралары. Пайдалы ӛсімдіктерді қорғау.

Пайдалы және зиянды жануарлар туралы ұғымдар. Пайдалы жәндіктер. Оларды қорғаудың қажеттілігі. Зиянды жәндіктер. Олардың табиғаттағы рӛлі. Жабайы аңдар мен құстар. Үй құстары. Жыртқыш құстар. Жыл құстары.


Улы және адам баласына қауіпті жәндіктер. Үйдегі жәндіктер. Улы жәндіктерден сақтану жолдары.

Жойылып бара жатқан құстар мен жануарлар туралы түсініктер. Құстарды, жануарларды қорғау қажеттілігі. Тірі ағзаларды қорғауды ұйымдастыру жолдары. Алғашқы экологиялық зерттеулер.

  1. сарамандық сабақ. Үйде, аулада және табиғатта кездесетін пайдалы және зиянды жануарлар мен құстарды анықтаңдар.

V Табиғи қорлар және экология (8 сағат)


Табиғаттағы қорлар туралы түсініктер. Табиғи қорлардың адам үшін қажеттілігі.

Ауа, оның тіршілік үшін маңызы және қорғау жолдары. Ауаның сапасы. Ауаның ластануы. Ластағыш заттар. Табиғи ластану кӛздері. Адамның іс-әрекетінен ауаның ластануы.

Су қорлары. Жақын маңдағы ӛзендер мен кӛлдер. Судың сапасы. Судың ластануы мен себептері. Ластағыш заттар. Тұрмыстық лас сулар. Суды қорғау туралы түсініктер.

Топырақ туралы түсініктер. Топырақ қорлары. Топырақтың адам және тіршілік үшін маңызы. "Топырақ-ӛсімдік-жануар" арасындағы байланыстар. Топырақтың ластануы мен тозуы.

Ӛсімдіктер-табиғат қорлары. Орман-ел байлығы. Жасыл ӛсімдіктердің тіршіліктегі маңызы. Сирек кездесетін ӛсімдіктер. Ӛсімдіктерді қорғаудың қажеттілігі.

Жануарлар-табиғат қорлары. Сирек кездесетін жануарлар. Жануарларды қорғау қажеттілігі. Жануарларды қорғаудың алғашқы сатылары. Құстарды қорғаудың маңызы.

  1. сарамандық сабақ. Табиғат қорларын жіктей отырып, оларды қорғаудың алғашқы қарапайым түрлерін таныстыру (үй жануарлары мен құстар тәжірибесі арқылы).

VІ Жыл маусымдарына байланысты табиғаттағы ӛзгерістер (8 сағат)


Жыл маусымдары. Табиғаттағы маусымдық ӛзгерістер. Ауа-райы.

Ауа-райындағы ӛзгерістер мен табиғат арасындағы байланыстар.

Күз кӛріністері. Табиғаттағы ӛзгерістер. Жан-жануарлар дүниесіндегі ӛзгерістер. Құстардың жылы жаққа ұшуы. Оның себептері. Қыстап қалатын құстар. Құстарға қамқорлық жасаудың қажеттілігі.

Ӛсімдіктердегі маусымдық ӛзгерістер.

Ағаш жапырақтарының түсінің ӛзгеруі мен себептері. Жапырақтың топырақ түзудегі рӛлі.

Қыс кӛріністері. Табиғаттағы ӛзгерістер. Қар кӛшкіндері мен оның зардаптары. Аң мен құстарды қыста суықтан қорғау. Жануарлардың қыстағы тіршілігі. Адам қамқорлығы.

Кӛктем кӛріністері. Табиғаттағы ӛзгерістер. Кӛктемдегі сел және оның зардаптары. Құстардың келуі. Жан-жануарлар дүниесінің
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216