Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
онымен бірге қол – еңбектің ӛз жемісі‖- деп түсіндірді.

Қоғамдасып тіршілік ету – адам эволюциясының қозғаушы


кҥші.

Адамның ең ежелгі маймылға ұқсас ата тектері де топтасып ӛмір

сүрді. Олардың еңбек етуіде қоғамдық сипатта болды. Сондықтан

Ф.Энгельс адамның арғы ата тегі топтасып тіршілік еткен маймылдардан іздестіру керек екенін атап кӛрсетті. Топтаса жүріп еңбек еткендіктен, олардың арасында ӛзара қауымдық қарым қатынас қалыптаса түсті. Олар ұжым болыпаң аулауды, жыртқыш аңдардан қорғануды, қоғамдасып бала тәрбиесіне кӛңіл бӛлді. Ересектер ӛз ӛмір тәжірибелерін ұрпақтарына үйретті. Адам бірте – бірте отты пайдалануды және оны сақтауды үйренді. Адамның арғы ата – тектері бірте – бірте ӛсімдіктекті тағамдарды пайдаланудан жануартекті тағамдарды кӛбірек пайдалануға кӛшті. Ол үшін олар аң мен балық аулау құралдарын жасауды жетілдіре түсті. Қоғамдасып тіршілік ету жағдайы адамның ата – тектерінің табиғатты танып білуіне, ӛмір тәжірибелерінің жинақтала түсуіне мүмкіндік жасады. Олардың бір–біріне ымдау, ишарат және дыбыс шығарып хабарласуғды талап етті. Ең ежелгі адам пайдаланған сӛздер еңбекпен тікелей байланысты болды. Адам да жануарлар сияқты сезім мүшелері арқылы сыртқы орта тітіркенулерін қабылдайды. Бұл – бірінші хабаршы жүйе арқылы жүзеге асады. Екінші хабаршы жүйе адамның жоғары дәрежелі жүйке қызметіне тікелей байланысты. Адамның ағы тектерінің ӛзара сӛзбен қарым – қатынас жасауы адам миының дамуына, ойлау қабілетінің арта түсуіне ықпал жасайды. Сӛз бірте – бірте тәрбие құралына айналды. Қоғамдық қарым – қатынастардың қалыптасуына сәйкес адамдар арасында табиғи сұрыпталу ӛз мәнін бірте – бірте жойды. Оның есесіне әлеуметтік фактор (еңбек ету, сӛз) адам эволюциясында негізгі орын алды. Ойлау, сӛйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым қуаламайды. Тек адамның морфологияық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым қуалайды. Қоғамның дамуына байланысты адамдардың еңбек ету қабілеті арта түсті. Түрлі шаруашылық салалары дамыды, ӛнеркәсіп ӛркендеді, ғылым, ӛнер, сауда, дін, т. б.ӛрісін кең жайлы. Тайпалардан бірте – бірте ұлттар пайда болды.

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдар туралы Мақсаты: Адамдардың пайда болу тарихымен таныстыру.


Ежелгі адамдар (архантроптар). Ежелгі адамдардың барлық топтары бір ғана тік жүретін (Homo eretus ) адам түріне жаталы. 1891 жылы нидерландтық ғалым Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн – 600 мың жыл аралығында ӛмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эжен Дюбуа деп атады. Ол гректің

маймыладам‖ адам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл – адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 грам, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен. Питекантроптың ортан жілігінің құрлысының адамның ортан жілігіне ұқсас болуы, оның тік екі аяқпен жүріп, тіршілік еткенін аңғартады. Оның кейбір белгілерінің маймылға. ал кей белгілерінің адамға ұқсастығына байланысты

оған “маймыладам”деген ат берілді. Кейінен оның қаңқа қалдықтары Қытай, Германия, Венгрия, Солтүстік және Оңтүстік Африка жерлерінен де табылды. Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға (ежелгі адамдарға) немесе тік жүретін (Homo erectus) жатқызады. Ежелгі адамдардың сыртқы дене құрылысының едәуір айырмашылықтарына қарамастан, олардың бәрі бір ғана түрге жатқызады. Архантроптар жер бетінде бұдан 1 млн жыл мен 500 мың жылдар аралығындағы кезеңде тіршілік еткен. Бұлардың қаңқа қалдықтарының табылған жерлеріне сәйкес питекантроп (ява адам), синантроп (қытай адамы), гайдельберг адамдары деп атайды. Ежелгі адамдардың сыртқы белгілері аустралопитектермен, епті адамдармен салыстырғанда қазіргі адамдарға кӛбірек ұқсас, әрі миының салмағы да үлкен : 750, 900 г, кейде 1000 – 1100 г. Арханотроптардың бойының ұзындығы 165 – 170 см. Бұл белгілердің бәрі де олардың қазіргі адамдарға едәуір ұқсас екендігін дәлелдей түседі.

Архантроптардың бір тобы – синантроп (қытай адамы) Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пикин маңындағы үңгірден табылды. Олар аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және тас құралдарды әрі отты пайдаланған. 1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғылымда
гейдельберг адамы деп атап, архантроптарға жатқызды. Архантроптардың тіршілік әрекеттерінде де күрделі ӛзгерістер болмағандығы байқалады. Олар кӛбіне ірі жануарларды ұжымдасып аулап, отты пайдалана білген.

Архантроптардың тарихи даму кезеңіндегі негізгі ерекшеліктердің бірі – сӛздің пайда болуы. Олардың сӛздік қоры тек жеке сӛздерден ғана құралған. Сӛз ежелгі адамдар арасында басты қарым – қатынас құралы болған. Архантроптардың қаңқа қалдықтары Орталық Еуропа мен Алдыңғы Азия ӛңірінен де кӛптеп табылаған. Қазақстан жерінде де ежелгі адамдардың қоныс тұрақтары, пайдаланған тас құралдары мен аулаған жабайы жануарларының қаңқа қалдықтары кӛптеп табылады. Соңғы жылдары Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары соны дәлдейді.Тас дәуіріне қатысты тастан жасалған құралдар Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Алтын Қолат жайлауының маңынан табылған. Кейіннен мұндай тас құралдар Жамбыл обылыс, Қызылту елді мекенінен де табылды. Осындай зерттеулер нәтижесінде ғалымдар Қазақстан жерінде ежелгі адамдардың қоныс тұрақтары шоғырланған бірнеше аймакты анықтады. Ондай аймақтарға Маңғыстау, Үстірт, Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау, Солтүстегі ұсақ таулы Кӛкшетау және Нарын – Бұқтыма, Ертіс маңы жатады. Осындай деректерге сүйеніп, қазақстандық кӛрінекті ғалым. Ж. Таймағанбетов және т.б. Қазақстан жерінде ежелгі адамдар бұдан бір миллион жылдай бұрын ӛмір сүрген деп тұжырымдайды. Архантроптардан бастап қазіргі адамдардың келіп шығуы 500 мың жылдай уақыт аралығын қамтыған. Архантроптардың эволюциясынада ми салмағының артуы, қоғамдасып тіршілік ету, еңбек құралдарын жетілдіре түсу және отты пайдалану–эволюцияның басты бағыттары болды. Дегенмен де

архантроптардың эволюциялық дамуында биологиялық факторлар, соның ішінде табиғи сұрыптау басты рол атқарды.

Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар.


Ертедегі адамдар. Ертедегі адамдарды ғылыми тілде палеонтроптар, кейде неандерталь адамдары деп атайды. Палентроптар қазіргі адамдардың тікелей арғы тегі болып саналады. Жалпы алғанда, ертедегі адамдардың тіршілік әрекеті, ақыл – ой және әлеуметтік ӛмір сүру жағдайлары қазіргі адамдарға ұқсас болған. Олардың сүйектерінің қалдығы алғаш рет 1848 жылы Еуропада табылған. 1856 жылы Батыс Германия жеріндеегі Неандерталь ӛзенінің аңғарынан ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтары табылды. Палеонтроптар бұдан 1,5 млн – 250 мың жыл бұрын ӛмір сүрген. Ертедегі адамдардың бойының ұзындығы 155–165 см, ал миының кӛлемі 1400 болған. Палеонтроптардың ойлау қабылеті жақсы дамыған. Бұл кезде түрлі қолӛнер салалары пайда болған. Қоғамдық сана қалыптасып. түрлі наным – сенімдер, тасқа, сүйекке ойып сурет салу және ӛлген адамдарды жерлеу салты болған. Ертедегі адамдар ауа райы қолайсыз ауыр жағдайларда үңгірлерде тұрып, үнемі отты пайдаланған. Олар топасып аң аулаған және Жер шарының кӛп аймақтарында ӛмір сүрген. 1938 жылы орыс ғалымы А. П. Окладников

(1908 – 1981 ж.ж) Ӛзбекстандағы Тесіктас үңгірінен ертедегі адамдардың сүйек қаңқаларын тапты. Ертедегі адамдардың мекенжайлары, пайдаланған тас құралдары және аулаған жануарлардың сүйек қалдықтар Қазақстан жерінен де кӛптеп табылды, Қазақстандық ғалым Х. А. Алпысбаев 1958 – 1962 жылдары Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау ӛңірінен ертедегі адамдардың қоныстарын тауып зеріттеп, ғылымға кӛп жаңалық қосты. Ертедегі адамдардың пайдаланған тас құралдары Орталық Қазақстан, Бетпақдала ӛңірінен де табылды. Ә.Х.Марғұланның бұл салада сіңірген еңбегі орасан зор. Ғылымда бұл дәуірді тас дәуірі (немесе тас ғасыры) деп атайды. Тас ғасырдың мұралары Шығыс Қазақстан (Алтай ӛңірі), Семей маңынан, Арал аймағынан, Шығыс Қазақстан

(Алтай ӛңірі), Семей маңынан, Арал аймағынан, Сарыарқа жерінен, Батыс Қазақстан ӛңірінен, Маңғыстау алқабынан да табылды. Ертедегі адамдар 50 – 100 –ден топтасып ӛмір сүрген. Ер адамдар бірігіп аң ауласа, әйелдер жемістерді, ӛсімдіктердің жеуге жарайтын мүшелерін жинаған. Ал тәжірибесі мол қарт адамдар құрал – саймандар жасап беретін болған. Ертедегі адамдар ӛзлері аулаған жануарлардың терілерін ӛңдеп,
киім жасап киген. Ертедегі адамдар ӛмір сүрген кезеңде болып тұратын мұз басу жағдайлары олардың ӛміріне кӛп қауіп – қатер тугызып отырған. Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде ертедегі адамдардың ӛте тӛзімді әрі батыл. әрі ептілері ғана тірі қалып, ұрпақ жалғастырған. Бұл кезеңде: ұжымдасып еңбек ету, тіршілік үшін бірлесе отырып күресу және ақылға салып ойлау маңызды рол атқарды.

Осы заманғы алғашқы адамдар.


Оларды ғылыми тілде қазба түрдегі неонтроптар немесе кӛпшілікке арналған әдебиеттерде кроманьон адамдары деп те атайды. Ӛйткені бұл

кезеңнің адамдарының қаңқа қалдықтары ең алғаш рет 1868 жылы Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылған. Кроманьон адамдары бұдан 50– 30 мың жыл бұрын ӛмір сүрген. Бұл кезеңде ӛмір сүрген адамдардың мекен - жайлары Қазақстанның да кӛптеген жерлерінен табылды. Неоантроптардың бойының ұзындығы 170 – 180 см, 30 – 40 жыл ӛмір сүрген. Бас сүйегіндегі ми сауытының кӛлемі шамамен 1400 1600 см

. Алдыңғы ми сыңарларының самай және маңдай бӛлімдері ӛте жақсы дамыған. Неоантроптар ӛздеріне баспана салып, сонда тұрған. Олар, негізінен,етті тағамдарлы кӛбірек пайдаланған. Аң аулау үшін тастан, сүйектен әр түрлі құралдар жасай білген. Ӛздері тұратын үңгірлердің қабырғаларына әр түрлі бояулармен, кейде тастармен қашап та, суреттер салған. Бұл кезеңде қолӛнердің түрлі салалары да дамыған. Қыштан ыдыс жасауды білген. Кроманьон адамдары алғаш рет кейбір жануарларды қолға үйрете бастаған және егіншілікке де алғаш қадам жасаған. Тайпа, ру болып ӛмір сүру салты қалыптасқан. Айналасындағы табиғи туындыларына сыйыну, оларды қастерлеу, т. б. сияқты нанымдарға ерекше кӛңіл бӛлген. Эволюция барысында олардан осы заманғы саналы адам пайда болды. Неоантроптардың эволюциясында тәрбиелеу, үйрету және тәжірибе жалғастыруға басты кӛңіл бӛлген. Олар кӛбінесе ӛздерінің ептілігі, батылдылығы және тапқырлығы арқылы жаңа ӛмір сүру салтына кӛшкен. Ұрпақтарына деген қамқорлық, қарттарды қадірлеу және олармен санасу дәстүрі басым болған. Тайпа, ру және отбасы үшін күресе білу мен ӛзінің келешегін ойлау басты мақсат болып саналған. Қазіргі адамның пайда болуы, дамуы және қалыптасуы ұзақ уақытқа созылған ӛте күрделі құбылыс. Орыс ғалымы Я. Я. Рогинскийдің (1895 – 1986 ж.ж) пікірі бойынша адам эволюциясында мынадай басты морфологиялық ӛзгерістер болған. Біріншеден, адам қол, аяқ және тұлға сүйектерінің ӛзгеру арқылы тік жүріп тіршілік етіуге кӛшкен. Екіншіден, миының құрылысы күрделеніп, дамыған және оның кӛлемі де ұлғайған. Үшіншіден, адамның жақ сүйектері кішірейіп, сӛйлеу қабілеті пайда болған. Адамның пайда болуында еңбектің алатын орнын ғұлама ғалым әл – Фараби бабамыз да орынды бағалаған. Ол адамдыңжер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғары сатысына кӛтерілгендігін, адам еңбек құралдарын жасап, оларды қажетіне жа
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216