Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

Мҧғалімдерге арналған әдебиетттер:


  1. Воробьев Р.И. Загадки живого‖. Биология мектепте№7 1993ж. .5 бет).

  2. Дольник В.Р.Биология-Беседы о человеке‖. Путешествие в мир предков‖ (3-5бет).

  3. Мезенцев В. Энциклопедия чудес‖. Алматы, 1987ж.

  4. Леонтьева Л. Адам қаншаӛмірсүреалады?‖. Алматы, 1983ж. 5.Сәтімбеков Р "Биология дидактикалық материалдар", Алматы "Мектеп" 2007 (51, 64 бет)

  1. Харитонов В.М. Бацевич В.А. Антропогенез теориясы‖.Биология мектепте №2-1997ж.

  2. В.М.Харитонов"Антропогенез теориясы. Қазіргі кӛзқарастар".

Биология мектепте4-1997ж.

Оқушыларға арналған әдебиетттер:


  1. Акимушкин И, Қызықты биология. Молодая гвардия‖ 1967ж

  2. Дольник В.Р.Биология-Беседы о человеке‖. Путешествие в мир предков‖ (3-5бет).

  3. Маркин В. Я познаю мир‖. География. Москва АСТ 1996‖ (114 бет). 4.Сартаев А."Жалпы биология есептері мен тапсырмалары", Алматы "Мектеп" 2007 (86-93 бет)

  1. В.М.Харитонов" Антропогенез теориясы. Қазіргі кӛзқарастар".

Биологиямектепте‖ 4-1997ж.

«Адам денсаулығының физиологиялық және гигиеналық аспектілерін зерттеулер арқылы оқу» факультативтік курс бағдарламасы


(8 сыныпқа арналған)
Қҧрастырушылар:

З.А.Мурзагалиева Бӛрлі ауданы Березов ЖББОМ биология пәні мұғалімі

Р.Т. Насипова Бӛрлі ауданының білім беру бӛлімінің әдіскері

Тҥсінік хат


Факультативтік курстың бағдарламасы және бағдарлама бойынша бірнеше сабақтардың топтамасы биология пәні мұғалімдеріне кӛмекші әдістемелік құрал ретінде жазылған. Факультативтік курс жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған «Биология» оқулығына сәйкестендіріп, мемлекеттік стандартқа сай адам ағзасының физиологиясы бойынша, PASKO құрылғысын қолдана отырып, биологияны зерттеулер арқылы оқыту үшін мұғалімге арналған нұсқаулық негізінде құрылған.

Факультатив мазмұны теориялық және практикалық бӛлімді қамтиды. Теориялық бӛлімде адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы туралы мәліметтер мен практикалық жұмыста зерттелетін сұрақтар қарастырылады, практикалық бӛлімде PASKO құрылғысын пайдаланып сарамандық жұмыстар жүргізу қаралған. Сарамандық жұмыстарды талдауға оқушының сыни ойлауын дамытатын талдау және жинақтаусұрақтары беріледі. Курс бағдарламасымен қатар бағдарламаға сәйкес бірнеше теориялық және практикалық сабақтардың үлгілері берілген.

Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде биологияны оқытудағы маңызды мәселелердің бірі зерттеулер мен тәжірибелер арқылы оқушының ӛздігінен оқуын ұйымдастыру. Зерттеу әдісі оқытудағы басты үдеріс болып табылады. Зерттеулер мен айналысқан оқушылар алдына белгілі бір проблема қойып, олардың жауаптарын табуға тырысады. Оқушылар мұғалімнің тапсырмасы мен талабын орындайтын орындаушы ғана емес, оқыту процесінің барлық кезеңінде белсенділік танытатын тұлға болуы тиіс. Аталған мақсатқа жету үшін оқыту процесінің барысында оқушының бақылау, салыстыру, жүйелеу, негізгі мен жалпыны айыра білу қабілеттерін біртіндеп, үздіксіз дамыту керек.


Факультативтік курс қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушылардың адам денсаулығының физиологиялық және гигиеналық аспектілері туралы білімдерін молайтуға, ой-ӛрістерін дамытып, кеңейтуге, ӛздігінен ізденуге, пәндік олимпиадаларға дайындалуға, зертханалық жұмыстар арқылы зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Сонымен бірге, бағдаралды оқытуға бейімдейді, пәнге қызығушылығын арттырады, болашақ мамандығына бағыт береді. PASKO

құрылғысын қолданып зерттеулер жасау оқушылардың ақпараттық- коммуникативтік дағдыларын дамытып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде терең бақылаулар жасауға мүмкіндік береді.

Білім қҧрылымындағы курстың орны: «Адам денсаулығының физиологиялық және гигиеналық аспектілерін зерттеулер арқылы оқу» факультативтік курсы 8 сынып биологиясының құрамды бӛлігі.

Курс мақсаты – оқушыларды адам денсаулығының құрылу және сақталу аспектілерімен ӛз зерттеулерін жүргізу арқылы таныстыру.

Факультативтік сабақтардың негізгі міндеттері:


  • Денсаулық сақтауға тәрбиелеу;

  • Денсаулықты нығайту мақсатында ӛмір сүру образын ӛзгерту мотивациясын қалыптастыру

  • Ӛз ағзасын және денсаулығын үнемі жетілдіріп отыру қажеттілігін дамыту.

Кҥтілетін нәтиже: Алынған білім нәтижесінде:


  • Оқушыларда денсаулық және денсаулықты сақтау туралы білімдер жүйесі қалыптасады.

  • Салауатты ӛмір салтын ұстану үшін адам ағзасында жүретін физиологиялық үрдістерге қызығушылығы артады

  • Сандық құрылғыларды пайдаланып тәжірибелер жүргізу дағдысы қалыптасады.

  • Адам денсаулығына әсер ететін факторлар туралы қорытынды жасап, олардың әсерін бақылай алады.

Жасӛспірімнің жеке тҧлғасын және салауытты ӛмір салтын қалыптастыру келесі элементтерді қамтиды:


  • Адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы туралы білімдер жүйесі;

  • Денсаулық сақтау бойынша біліктер жүйесі;

  • Денсаулық сақтауға бағытталған ойлау қабілеті. Білім мен білікке қойылатын дағдылар. Оқушылар атауы керек:

  • адамның физикалық, психологиялық және әлеуметтік денсаулығының белгілерін;

  • жақсы денсаулық жағдайының критерийлерін;

  • адам денсаулығы жағдайына әсер ететін факторларды;

сипаттауы керек:


  • мүшелер жүйесінің қызметіне негіз болатын физиологиялық үрдістерді;

  • адам денсаулығының жағдайына әсер ететін факторлардың маңызын;

дәлел келтіруі қажет:


  • ағза денсаулығына қоршаған орта факторларының, дене және ой еңбегінің және күйзеліс пен эмоциялардың әсерін;

  • адам денсаулығын сақтаудың алдын алу шараларын;

  • жеке гигиена шараларын сақтау қажеттілігін;

бақылауы керек:


ӛз ағзасының жағдайын;

білімін қолдануы қажет:


  • салауатты ӛмір салтын ұстануда.



Бағдарлама мазмҧны


Кіріспе (1 сағат)

Оқушылар денсаулығының жағдайы. «Денсаулық» ұғымы. Денсаулыққа әсер ететін факторлар. «Ауру» ұғымы. Факультативтік сабақтардың мақсаты мен мазмұны.

Жҥйке жҥйесі. Ой еңбегінің физиологиясы мен гигиенасы (2 сағат)


Еңбек әрекеті және еңбекке қабілеттілік. Ой еңбегі кезінде ағза қызметіндегі физиологиялық ӛзгерістер. Күн тәртібі және ой еңбегіне қабілеттілік. Ой еңбегін жоғарылататын факторлар.«Биологиялық ырғақ» ұғымы. Адамдардың максималды еңбекке қабілеттілігі бойынша шартты бӛлінуі.

Сарамандық жұмыстар:

  1. Тәуліктік биологиялық ырғақ негізінде дене және ой еңбегімен айналысудың тәртібін құру.

Эндокриндік жҥйе. Эндокриндік жҥйенің физиологиясы мен гигиенасы (1 сағат)


Гормондар. Олардың ферменттер мен витаминдерден ерекшеліктері. Ішкі орта тұрақтылығын реттеудегі гормондардың ролі. Гормоналды қоспалар мен дәрілік препараттарды қабылдаудың әсерінен эндокриндік жүйе қызметінің бұзылуы және оның салдары.

Спортпен және дене еңбегімен айналысудың физиологиясы мен гигиенасы (5 сағат)


Дене еңбегі кезінде қажудың пайда болуы. Физикалық қажудың пайда болу жылдамдығы. Тірек-қимыл аппаратының жұмыс қабілеттілігінің қалпына келуі. Еңбек қабілеттілігін жоғарылату ережесі.

Бұлшықеттер тонусы. Адамның мүшелер жүйелеріне физикалық жүктеменің әсері. Гиподинамияның салдары. Қозғалыс активтілігінің зат алмасуға әсері. Физикалық және ақыл-ой дамуының ӛзара әсері.

Жоғары физикалық жүктеменің организмге кері әсері. Травматизм және жасӛспірімдердегі травматизмнің себептері.

Сарамандық жұмыстар:

  1. Бұлшықеттің қажуы.- 2 с

Ағзаның ішкі ортасы. Ағзаның ішкі ортасының физиологиясы мен гигиенасы (2 сағат)


Қан топтары. Адамның қан тобына байланысты ауруларға бейімділігі. Қан плазмасы. Қанның ұюы және қан құю. Қанның ұюын баяулататын факторлар.

Адам ағзасының иммундық реакциялары. Қан жүйесінің реттелуі.

Жҥрек –қан тамыр жҥйесі. Қан айналымының физиологиясы мен гигиенасы. (6 сағат)


Жүрек –қан тамыр жүйесінің даму ерекшеліктері. Жүрек аурулары: аритмия, гипертензия (гипертония), гипотензия (гипотония), ишемиялық ауру (миокард инфаркті, стенокардия), инсульт, жүрек жетіспеушілігі.

Жүректің жиырылу қызметі. Жүрек жұмысының фазалары. Электрокардиограмма. Адамның жүрек –қан тамыр жүйесінің тыныштық және дене жүктемесі кезіндегі қызметі.

Жүрек –қан тамыр жүйесінің дене жүктемесіне бейімделуі. Жүрек жұмысына және ішкі орта тұрақтылығына алкоголь мен никотиннің әсері. Сарамандық жұмыстар:

    1. ЭКГ: жүрекке әсер ететін факторлар

    2. Физикалық жүктеме және жүрек соғысының жиілігі.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216