Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
жылы

Дарвин ӛзінің негізгі шығармасын - «Табиғи сұрыпталу арқылы ӛмірдің пайда болуы» жарыққа шығарады.

Дарвинизмнің ең басты қателігі оның ӛмір бұл күрес дейтін ілімі. Осы ілім анағұрлым күшті әрі сол ортаға бейімделген органикалық заттар мен ағзаларға қолдануға жарамды, ӛйткені күшті әлсізді табанына басып жаныштап отыруы тиіс. Бірақ бұл идеяны адамдарға қатысты қолдануға болмайды. Дарвинге жүгінсек, артықшылықты раса‖ ӛмір сүру күресінде жеңіске жетуі тиіс. Оның ойынша олар еуропалық ақ адамдар да, ал африкалықтар мен азиялықтар бұл күресте жеңіліс табуы керек. Ол тіпті бұлар кӛп кешікпей құрып кетеді деген тұжырым жасайды. Мысалы Дарвин былай деп жазады: Тек ғасырлармен ғана ӛлшеуге болатын алдағы аз уақыттың ішінде ӛркениетті раса оларды сӛз жоқ құртып тынады, ал бұдан кейін әлемдегі жабайылардың бәрін жояды. Сонымен бірге антропоморфты маймылдар яғни маймылдың адамға айналу сатысындағылар‖ да құртылып жіберіледі.

Дарвин үздіксіз шиеленісті ауқымы зор табиғи құбылыс ретінде қарастырады. Бұл тіршілік үшін күресте әрқашан күштісі және жағдайға анағұрлым жақсы бейімделгені жеңіске жетеді, ал бұл тек солар ӛмір сүруге құқылы, ӛйткені осы заң табиғаты тұрғы¬сынан ӛзін ақтай алады деп мәлімдеуі содан. Ӛнегелік құндылықтар мен рухани жетілу оның іштен шыққан шұбар жыланы‖ ӛмір сүру үшін күрес‖ идеясының басты жауы болды

Ч.Дарвин дүниежүзілік саяхаты кезінде сыртқы орта жағдайларының әсерінен
жануарлар мен ӛсімдіктердің ӛзгергіштігін байқаған соң, олардың жасанды және табиғи жағдайдағы ӛзгерулеріне қатысты деректерді жинауға кіріседі. Ӛсімдіктердің іріктемелері мен үй хайуанаттарының қолтұқымдарының алуан түрлілігіне ерекше назар аударады. Соның нәтижесінде табиғаттың дамуы табиғи заңдарға ғана байланысты екенін және адамның іріктемелер мен қолтұқымдарды тұқым қуалайтын ӛзгергіштік пен қолдан сұрыптау арқылы шығаратындығын дәлелдеді. Ч.Дарвин табиғатта жаңа түрлердің қалай пайда болатынына ерекше кӛңіл бӛлді. Ол организмдердің табиғи жағдайда қалай кӛбейетіндігіне де назар аударды. Барлық организмдер артына ұрпақ қалдыру үшін ӛте қарқынды кӛбейетіндігіне кӛптеген мысалдар келтіріп, ӛсімдіктер мен жануарлардың кез келген түрлері табиғатта геометриялық прогрессиямен кӛбеюге қабілеттілігін дәлелдеді. Әрбір организм ӛте кӛп ұрпақ бергенімен, олардың жыныстық жетілуге дейін ӛмір сүретіндері аз болатындығын байқады. Дегенмен кӛбею кезіндегі ұрпақтардың басым кӛпшілігі әр түрлі әсерлерден (қоректің жетіспеуі, қоршаған орта жағдайларының қолайсыздығы, т.б.) кӛптеп қырылады. Табиғатта ұдайы тіршілік үшін күрес жүретіндігін айта келе, Дарвин бір даралардың кӛбейіп артына ұрпақ қалдырып, екінші даралардың жойылып отыратындығы табиғи сұрыпталудың әсерінен болатынын дәлелдеді.

Қорытынды: Картадан Ч.Дарвиннің саяхат жасаған жерлеріне сипаттама беріледі.

Тақырыбы: Тҥр тҧжырымының тарихы. Микроэволюция ілімі Мақсаты: Микроэволюция туралы ілім, түр тұжырымының тарихын түсіндіру.

Сабақтың барысы: Қызығушылығын ояту


«Тҥр» сӛзін топтастыру

Сабақтың ӛтілу барысы


  1. Микроэволюция туралы ілімнің қалыптасуы, оның міндеттері және эволюцияны зерттеудің әдістері. Эволюцияның генетикалық негіздері.

  2. Ӛзгергіштік – тірі организмдердің ортақ қасиеттері. Фенотиптік, генотиптік және паратиптік ӛзгергіштік. Генотиптің реакция мӛлшері.

  3. Мутациялардың формалары. Харди-Вайнберг ережесі.

Жаңа түрлер және олардың ұсақ (түрішілік) санаттары – түршелер мен популяция түзу үдерістері микроэволюция деп аталады. Микроэволюция түр түзу кӛбінесе оқшаулануға негізделеді. Осыған орай ол негізгі екі: географиялық және экологиялық түр түзу типтеріне бӛлінеді. Географиялық тип кезінде аналық түрдің таралу аймағы бӛлініп қалады екен, яғни оның популяциясы географиялық тұрғыда оқшауланады. Мысалы, бірнеше ондаған жылдарға созылған қуаңшылық салдарынан Австралия орталығында ӛмір сүруге мүмкіндік іс жүзінде болмай қалғандықтан, бір кездері бірегей болған бұйра тотылар мекендемейтін, жеңіс бермейтін шӛл орналасты. Қуаңшылықтың беті қайтқан кезде тотылар таралып, қайтадан материктің ортасынан орын тепті. Сӛйтіп олар оқшауланған биологиялық дербес түр шықты. Анықтар айтқанда шағылыса алмайтын дербес түрлер пайда болды.

Экологиялық тҥр ӛзгеруде жаңа формалар бір аумақта пайда болады, яғни таралу аймағы қалпында қалады. Экологиялық түр түзу үдерісінің мәні бастапқы түр популяцияларының әртүрлі орта жағдайларына бейімделуінде, олардың оқшауланып, дербес түрлер сапасына ие бола бастауында. Сірә бұл үдеріс географиялық оқшауланудан сирегірек ӛтетін болуы керек, алайда бұлда іске асады. Мәселен, шымшықтардың арнаулы қорекке бейімделуінен бӛлінбеген алғашқы таралу аймағына дербес бес түр қалыптасқан. Түр түзудің мұндай типіне кӛл экожүйесінен кӛптеген мысалдар келтіруге болады. ӛйткені кӛл бір ғана географиялық нүкте ғой, оның ішінде табиғи кедергі жоқ және болуы да мүмкін емес. Алайда сонымен бірге қандайда біркӛлдің әр бӛлігінің экологиялық шамаластығы әр түрлі болып келеді. Мәселен, судың түбі мен беткі қабатындағы су температурасы және химиялық құрамы ерекше, сондай-ақ жағалау және орталық аумағындағы тірі ағзалар мӛлшері мен типінде айырмашылық болады. Солардың әрқайсысында арнаулы қорек ресурстары – біреуінде сан
алуан балдырлар, екіншісінде балықтардың уылдырықтарыжәне шабақтары болғандықтан, қорек түрлері де ӛзгеше болып келеді. Зерттеушілер Ланао кӛлінде бұдан 10 мың жыл бұрын бес туысқа жататын

балықтардың 18 жаңа түрінің бастапқы балық түрінен түзілетінін дәлелдеді.

Бұдан 10 млн жыл бұрын пайда болған Байкал кӛліндегі жәндіктердің орасан кӛп эндемик түрлері сипаттап жазылған. Эндемик дегеніміз – бұл ғаламшарда тек бір орында ғана ӛмір сүретін ағзалар.

Белгілі түрлердің қалыптасуы кезінде бұл түр түзу типтері бірін – бірі алмастырып, толықтырып, бірлесе әрекет етеді.


ИКРОЭВОЛЮЦИЯ
Түр түзілу типтері Нәтижелері:

    1. тіршілік формаларының саналуандығы

    2. жаңа түрлер мен түршелердің пайда болуы


Географиялық Экологиялық 3. тірі ағзалардың салыстырмалы

бейімделушілігі

Бекіту сҧрақтары:


  1. Түр түзілу типтерінің бір-бірінен айырмашылығы қандай?

  2. Микроэволюция дегеніміз не?

Материалдар жинақтау



Тақырыбы: Популяция-эволюцияның элементарлық ӛлшем бірлігі Мақсаты: Популяция ұғымы оның критерийлары және популяцияның генофонд ұғымы туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмҧны:


  1. Популяция ұғымы. Популяцияның критерийлері. Популяцияның түрлері.

  2. Популяцияның генофонды жайлы ұғымы. Популяциялар генофондтарының интеграциялығы.

Жаңа биологияның жауапты міндеттерінің бірі- популяциялар мен түрлердің эволюциясын саналы түрде басқарып қажетке қарай бағыттау болып табылады.Түрлер мен популяциялардың эволюциясы табиғаттың заңдылығына байланысты, ол жануарлар,ӛсімдіктер,микроорганизмдер мен вирустарда адам сана – сезімімен басқарылып бағытталуы тиіс. Эволюция мен селекция ӛте күрделі факторлардың жиынтығынан негізделген, олардың ішінде ең бастылары: табиғи және қолдан сұрыптау, ортаның әсеріне немесе адамның мақсатына сәйкес, топтардың генетикалық жүйелігі
ӛзгереді.

Бүгінгі күнге дейін анықталып суреттелген жарты миллионға таяу жануарлар түрі бар, ал әлі ашылып суреттелмеген түрлердің саны кем дегенде 1 – 2 миллионнан асады. Ғалымдардың есебі бойынша, бір кезде жер бетінде ӛмір сүріп кеткен, қазір жоқ ӛсімдіктер мен жануарлардың түрлері қазіргіден 5-9 есе кӛп. Түрлер эволюциялық жолмен табиғи сурыпталу арқылы соңғы 3млрд. жыл бойы пайда болды деген 100жыл

бұрын айтылған пікір биологиядағы ашылған елеулі жаңалықтардың бірі болып табылады. Мал тұқымын асылдандыру, одан алынған ӛнімді арттыру үшін тек жеке ӛкілдердің ғана емес топтық бүкіл тұқымның генотипінің жүйесін білу керек. Тұқым қуалау, ӛзгергіштіктің заңдылығын, оларды туғызатын, анықтайтын факторларды білудің табиғи жағдайлардағы жануарлардың ӛсіп ӛнуін, ондағы генетикалық процестердің зерттеудің эволюцияны толық біліп оны басқаруда маңызы ӛте зор.

Популяция дегеніміз Н.В Тимофеев-Ресовскийдің анықтауы бойынша ӛмір сүретін ортақ мекені бар, сол жердің беімделген, туыстас жиынтықтардан оқшауланған (аралық кеңістікте, мезгілдік, физиологиялық генетикалық) және ӛзара шағылыса алатын бір түрге енетін организмдердің жиынтығын айтады. Мысалы, Колгуев аралындағы бұғылар Қиыр Солтүстік материктегі бұғылардан теңізбен бӛлінген. Осының нәтижесінде колгуев бұғыларының ерекше популяциясы пайда болған, олар осы түрдің қалған бұғылармен салыстырғанда генотипі де, фенотипі де ӛзгеше ірі және ӛмір сүргіштігі жоғары. Популяция түрдің бір бӛлігі. Ол тағы, мәдени ӛсімдіктерде және үй жануарларында кездеседі. Популяция ретінде "таза күйінде" ӛсірілетін ауыл шаруашылық малдарының тұқымын келтіруге болады. Егер бір шаруашылықта малдың екі түрлі тұқымын бір – бірімен шағылыстырмай жеке ӛсірсе, онда екі тұқымдағы малдар екі популяцияға жатады. Әдетте популяция тұйық топ. Оған басқа жерден әкелмейді сондықтан популяцияда жұп таңдау ӛз ішінде жүреді. Әрбір популяция ӛзінің белгілі генофондымен, яғни құрамына кіретін ген аллельдерінің жиынтығымен сипатталады. Популяциялар эволюцияның қозғаушы үш факторы: тұқым қуалаушылық, ӛзгергіштік және сұрыптаудың ӛзара әрекеттесу негізінде тіршілік жағдайларының әсерімен қалыптасады. Олардың құрылуы түрді мекеннің нақты жағдайларына "лайықтаудың" тәсілі болып табылады. Популяциялардың қалыптасу процестері мен олардың ӛскелен дамуы микроэволюция
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216