Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

5. «Ой қорыту» жаңа сабақты қорытындылау.


Рефлексиялық үлестірме.

Сабақ соңында үлестірмедегі қажетті графаға «+» белгісін қойыңыз.
Сабақтың тақырыбы: Қоршаған орта және адам денсаулығы

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік: Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.Жас ұрпақтың салауатты ӛмір салтын қалыптастырудағы ой ӛрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың ӛмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.

  2. Дамытушылық: Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек ӛмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.

  3. Тәрбиелік: Ӛзін-ӛзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу. Салауатты ӛмір салтына тәрбиелеу. Оқушыларға, Қазақстан-2030 ел президентінің Қазақстан халқына жолдауына сәйкес болашақ ғасыр иелеріне терең білімді тәрбие беру.

Сабақтың_кӛрнекілігі'>Сабақтың кӛрнекілігі: флипчарт, слайд, кӛрме, мақал-мәтелдер, қанатты сӛздер

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың тҥрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: СТО-технологиясының әдіс- тәсілдері. Пән аралық байланыс: Медицина, Валеология, Сабақтың барысы:

І. Қызығушылығын ояту. Тренинг ӛткізу «Денсаулық»

ІІ. Мағынаны тану Денсаулық сӛзін топтастыру


Адам денсаулығына әсер ететін факторлардың 53%- салауатты ӛмір салтына

20% - тұқым қуалаушылықа

17% - қоршаған орта жағдайларына

10%- денсаулық сақтау мекемелеріне байланысты

Денсаулыққа әсер ететін факторлар (оқушылар ӛз ойларын жазады)


Жағымды

Жағымсыз







Денсаулық әркімнің ӛз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның ӛзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты ӛмір сүруге болады.

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән кӛптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тыныс алуы, тамақтануы, ӛсуі, дамуы табиғи орта жағдайында


ӛтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бӛлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам – ӛзі ӛмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның ӛсуіне, дамуына жӛне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Басқа ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген. Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Ӛзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде ӛмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде ӛзгертті.

Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуының маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды ӛзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазақстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.

Адам денсаулығына ӛмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты ӛмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс кӛрсетілмеуі де әсерін тигізеді.

Ӛкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүниежүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың ӛлімі 20% . Қатерлі ісік ауруынан болатын ӛлім 30%, ӛкпе рагы 90% темекі зардабынан болады. Темекінің зардабын ӛкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін.Темекі шайыры ми мен жүрек тамырларын бұзады, ӛкпенің кӛпіршіктерін зақымдайды Темекінің адам ӛмірі мен денсаулығына тигізетін
залалы

Есірткі


Дәрігерлердің айтуына қарағанда, есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Гашиш шеккен адамдардың жүрек соғуы мен тамыр соғуы артады. Созылмалы қан тамыр аурулары барларда (инфаркт) тамыр бітелу болды. Ұзақ уақыт апиын тартқандарда тыныс жолы аурулары пайда болады. Сонымен бірге жүрек, ми, бүйректерде де зиянды зардап туғызады.

Ішімдік


Алкоголъды арақтар әуелі тӛте тиген жерлеріндегі органдарды зияндайды. Мысалы, ауызда рак, ӛңеште қабыну, тіпгі қылтамақ рагы, асқазанда бастабында запыран, біртіндеп, асқазан жарасын майданға

әкеледі. Тіпті асқазан тесілуіне де жолашады. Әрі, арақ ас сіңіру жүиесін бүзады. Ұйқы безін қабындырады. Дененің "химия зертханасы" сияқты болған бауырға арақтың тигізетін зияны ерекше. Бауырдың майлануына, ары қарай циррозға (бауырдың қабынуы), тіпті бауыр рагына апарып соғады. Цирроз дегенде ойыңызға бірден арақ келеді. Себебі цирроз ұзақ уақыт арақ ішкендерде жиі кездесетін, соны ӛліммен бітетін ауру.

Экологиялық жағдай


Адам денсаулығына қоршаған орта жағдайларының әсері зор.Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуының маңызы ӛте зор. Арал, Семей, Атырау ӛңірлерін атап кетуге болады.

Компьютерлік сырқат белгілері


Негізінен, компьютердің алдында отырып, жұмыс істейтіндердің шағымданатын сырқат белгілері екі топқа бӛлінеді:

  1. Кӛздің кӛру қабілетінің нашарлауы.

  2. Бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы. Кӛру қабілетінің нашарлауы оның бұлдырап, анық кӛрмеуі, ӛзіне түскен салмақтан күйген тәрізді ашып, қызаруы. Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бӛлінеді.

  1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс – тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына кӛмектеседі. Тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.

  2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам ӛмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам ӛзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ ӛмір сүруіне де септігін тигізеді.

  3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нәтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс ӛсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жӛне т. б. Адамның ұзақ ӛмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рӛлі зор. Кӛбіне кӛкӛніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артык салмақ – аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау – адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сүндетке отырғызу – терінің таза болуына

септігін тигізеді. Намаз оқу – тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам ӛз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі кӛңіл бӛліп отыруы тиіс. Ұзақ ӛмір сүрудің негізгі шарты денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.

Адам денсаулығының басты үш кӛрсеткіші бар. Олар: біріншіден – адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады. Екіншіден – адамның психикалық кӛңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден – жеке тұлғаның қоғамдағы ӛз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы аркылы білінеді
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216