Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
факторлар.

Топырақтың ауыр металдармен ластануының аймақтық кӛрсеткіштері. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің қазіргі экологиялық жағдайы. Топырақтың жел және су эрозиясы. Токсификация, азотфиксация және токсикация процестері туралы түсініктер.

Қазақстандағы жайылымдардың экологиялық жағдайы.

Жайылымдарды жақсарту жолдары.

Ӛсімдіктер экологиясы. Ӛсімдіктердің табиғаттағы және тіршілік үшін маңызы. Ӛсімдіктердің кӛптүрлілігінің азаюы. Орман экологиясы. Қазақстандағы ормандардың сиреп кету себептері. Ормандарды қалпына келтіру мәселелері. Ӛсімдіктерді қорғау формалары. Сирек кездесетін және дәрілік ӛсімдіктер экологиясы. Ӛсімдіктер экологиясының аймақтық проблемалары.

Ӛсімдіктерді қорғау мен кӛбейтудің ӛзекті проблемалары. Ӛсімдік зиянкестерімен күресудің химиялық және биологиялық жолдары.

Ауыл шаруашылығында биологиялық әдісті қолдану. Арамшӛптерді зерттеудің маңызы.

Жануарлар экологиясы. Жануарлар-табиғат туындысы. Жануарлар дүниесінің тіршілік үшін маңызы. Жануарлардың кӛптүрлілігі. Құстар мен жануарлар дүниесіндегі ғажайыптар.

Қазақстандағы жануарлар дүниесінің қазіргі экологиялық жағдайы. Сиреп немесе біржола құрып бара жатқан жануарлар. Адамның іс- әрекетінің жануарлар дүниесіне тікелей және жанама әсері. Сиреп бара жатқан аң мен құстарды қалпына келтіру жолдары.

Геоэкология-география ғылымының бір саласы ретінде қалыптасқан ғылым. Оның негізгі мақсаты-геграфия салаларының экологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Адам экологиясы туралы түсініктер.

ІІІ. Биосфера туралы тҥсінік (4 сағат)


Биосфера-Жер шарындағы тіршілік нышаны кездесетін барлық жерді қамтиды. В.И.Вернадский-биосфераны ғылыми тұрғыда зерттеп, оның негізін салған ғалым. Биосферадағы тіршіліктің негізгі қорғаушы күші-Күн энергиясы және химиялық элементтердің тірі және ӛлі заттар арасындағы, табиғат құрауыштары арасындағы зат алмасу процестері. "Тірі заттар" деп аталатын химиялық элементтердің табиғаттағы таралуы және тірі ағзалардың рӛлі.

Биосфераның қазіргі экологиялық жағдайы. Биосфераның ластануы мен ластағыштары. Ноосфера туралы ойлар. Биосферадағы адамның іс- әрекетінен туындап отырған күрделі ӛзгерістер. Биосфераның тұрақтылығын сақтау проблемалары.

  1. сарамандық сабақ. Биосфераның құрылымын сызбанұсқа түрінде сыза отырып, оның бӛліктеріне жеке-жеке сипаттама беру.

Тірі ағзалар және тіршілік. Тіршіліктің құрылым деңгейлері.

Тіршіліктің біртұтастылық заңдылықтары.

Тірі ағзалардың негізгі тіршілік орталары. Тірі ағзалардың Жер шарына тарала бастауы. Қолайлы орта. Ортаға бейімделу әрекеттері. Ағзалардың тіршілік ортасының қалыптасуы және тұрақтануы.

Құрлық-ауа-тіршілік ортасы. Ӛкілдері. Бейімделу ерекшеліктері.

Су-тіршілік ортасы. Судағы ағзалардың бейімделу ерекшеліктері.

Судағы ағзалардың экологиялық топтары.

Топырақ-тіршілік ортасы. Топырақтағы ағзалардың экологиялық топтары. Ӛкілдері. Бейімделу ерекшеліктері.

Тірі ағзалардың ӛзі-тіршілік ортасы. Паразиттік тіршілік ету формалары. Ӛкілдері.

ІV. Табиғи бірлестіктер мен агробірлестіктердің қазіргі экологиялық


жағдайлары (4 сағат)

Табиғи бірлестіктер-биотоп, биоценоз туралы түсініктер. Биоценоз және биогеоценоз табиғи бірлестіктерінің құрылымы мен құрауыштары. Адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері. Экологиялық апаттар. Олардың түрлері. Адамның табиғатқа тигізетін тікелей және жанама әсерлері. Қоршаған ортаны ластайтын заттар.

V. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар (8 сағат)


Қоршаған ортаның негізгі ластану кӛздері. Қоршаған ортаның ластану себептері. Ластағыш заттар. Ластану кӛздерін жіктеу. Химиялық,

физикалық, биологиялық және антропогендік ластану кӛздері. Ластағыштардың тірі ағзаға тигізетін зардаптары.

Химиялық ластану. Оның түрлері. Жылыжай эффектісі.

Қоршаған ортаның радиациялық ластануы. Радиациялық ластанудың негізгі кӛздері. Радиацияның зиянды шектеулі мӛлшері.


Қоршаған ортаның биологиялық ластануы. Биологиялық ластану, оның зардаптары. Жұқпалы аурулар, олардың таралу жолдары. Аурудан сақтану және сауықтыру шаралары.

Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары. Экологиялық апат аймақтары туралы түсініктер. Қазақстандағы радиациялық апат аймақтары. Атом қарулары мен зымыранды сынау және оның мақсаты. Хиросима және Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбасы. Қазақстандағы Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған полигондары. "Невада-Семей" қоғамдық қозғалысы. Қоршаған ортаның экологиясын бақылау.

Арал ӛңірінің экологиялық жағдайы. Арал теңізінің бұрынғы және қазіргі жағдайы. Арал ӛңіріндегі антропогендік факторлар. Арал апатына себеп болған факторлар. Арал теңізін құтқару жӛніндегі болжамдар мен жобалар.

Балқаш кӛлі мен Каспий теңізінің экологиялық жағдайы. Іле- Балқаш су алабындағы экологиялық проблемалар. Қапшағай су қоймасының салынуы. Іле ӛзені бойындағы экожүйелердің игерілуі. Антропогендік факторлар. Іле тоғайының экологиясы. Шарын ӛзенінің жағдайы. Аң мен құстардың сиреп кету фактілері.

Балқаш кӛлі. Кӛлдің ластану кӛздері. Балқашмыс комбинаты. Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері. Сарышаған полигондары және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттарының зардаптары. Каспий теңізі экологиясы. Мұнайды ӛндіруге байланысты теңіз суының ластануы. Каспий теңізінің деңгейінің кӛтерілуіне байланысты туындаған проблемалар. Теңіз жағалауының ластануы және әлеуметтік

жағдайлардың шиеленісуі. Қарабұғазкӛл тәжірибесі.

Қала экологиясы және әлеуметтік проблемалар. Қазақстандағы ӛнеркәсіп кешендері шоғырланған ірі қалалар. Ауыз су, ауа, тұрмыстық қалдықтар мен ақаба сулар проблемалары.

Ӛндіріс экологиясы. Ӛндіріс және тұтыну қалдықтары. Қала ауасының қалдықтары. Қала ауасының ластануы. Автокӛліктер.

Қоршаған ортаның аймақтық проблемалары. Агроэкология. Азық- түлік құрамындағы әр түрлі зиянды заттар. Ауыл шаруашылығы жерінің техногендік ластану мәселелері. Ауыл шаруашылығын химияландыру зардаптары. Пестицидтер. Химиялық препараттардың, ауыр металдардың азық-түлік құрамына ену жолдары мен зияны.

VІ Экология және табиғат қорғау (3 сағат)


Табиғат қорғаудың экологиялық негіздері. Табиғат-тіршілік бесігі. Адам баласының табиғатты пайдалану барысындағы іс-әрекеттері. Адамның жағымды және жағымсыз іс-әрекеттері.

Табиғатты қорғау қажеттілігі. Табиғатты қорғаудың мақсаты мен міндеттері. Экология-табиғат қорғаудың теориялық негізі. Табиғат қорларының жіктелуі. Табиғатты қорғау құжаттары. Табиғатты қорғау мен оны тиімді пайдаланудың ұстанымдары. Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары.

"Қызыл кітап" және оның рӛлі. "Қызыл кітаптың" мақсаты мен міндеттері. Қазақстанның "Қызыл кітаптары"және құрылымы.

Қазақстанның ерекше қорғалатын аумақтары. Қазақстанда қорықтар ұйымдастырудың іс-тәжірибелері. Алғашқы мемлекеттік қорықтар. Қорықтарды ұйымдастыру ісінің қиындығы. Жетістіктері мен кемшіліктері. Қорықшалар. Табиғи саябақтар. Табиғат ескерткіштері. Зоологиялық саябақтар. Ботаникалық бақ.

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы. Қорықтың табиғаты және физикалық географиялық жағдайы. Фаунасы мен флорасы. Қорықтың қазіргі экологиялық жағдайы.

Алматы мемлекеттік қорығы. Қорықтың ұйымдастырылуы. Физикалық географиялық жағдайы. Фаунасы мен флорасы. Ағзалардың кӛптүрлілігі. Қорықтағы сирек кездесетін және "Қызыл кітапқа" енгізілген аң мен құстар. Сирек кездесетін және дәрілік ӛсімдіктер.

Алакӛл мемлекеттік қорығы. Қорықтың физикалық географиялық жағдайы. Алакӛл балықтары. Су құстары. Қарамойнақ шағала. Алакӛл қорығының болашағы.

Наурызым қорығы. Қорықтың ерекшелігі, табиғаты. Фаунасы мен флорасы. Қорғалатын жануарлар дүниесі мен ӛсімдіктер әлемі.

Қорғалжын қорығы. Физикалық географиялық жағдайы. Фаунасы мен флорасы. Ерекше қорғалатын аң мен құстары. Қоқиқаз-қорықтың сәні. Қорықтың қазіргі жағдайы мен болашағы.

Марқакӛл қорығы. Физикалық географиялық жағдайы. Фаунасы мен флорасы. Марқакӛл табиғаты. Марқакӛл балықтары, сирек әрі қорғауға алынған түрлері.

Барсакелмес қорығы. Қорықтың фикалық географиялық жағдайы. Арал теңізінің тартылуына байланысты туындап отырған экологиялық проблемалар. Қорықтың қазіргі жағдайы мен болашағы.

Ҥстірт қорығы.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216