Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


Біздің заманымыздан бұрынғы V мың жылдықта басталған неолит тас құралдарын барынша пайдаланған дәуір болды. Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Қиын ӛңделетін тастар бірте-бірте тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпен- дер, келілер, дән үккіштер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары дүниеге келген. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.

Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі еді. Онда бірігіп еңбек ету және ӛндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық жағына және шаруашылықтың түріне қарай құрылды. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, ӛсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Кейініректе олар мал ӛсірумен, егіншілікпен және кен ӛнеркәсібімен шұғылдана бастайды.

Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл ӛңдеу кәсібі дами бастады. Мұның ӛзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ӛзгертуге жол ашты. Мал ӛсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарына да жиі қолданылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл ӛңдеудің дербес саласына айналды.

Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола-әр түрлі ӛлшемдегі мыс пен қалайынның, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорыптасы. Мыспен салыстырғанда қола ӛте қатты және балқыту температурасы

тӛмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қазақстан жерінде түсті металдар ӛңдеуге, әсіресе, мал ӛсіруге мықтап кӛңіл бӛлген. Сӛйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында – 1 мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - кӛшпелі мал шаруашылығына ауысады.

Қола дәуірі. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.



Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл ӛңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның ӛзі қоғамда еркектер рӛлінің күшебне әкелді. Сӛйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық ӛмірдегі ірі ӛзгерістер ӛндірістік күштердің ӛсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бӛлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі кӛрініс бере бастады.


Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең- байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск маңындағы Андроново селосының атымен ғылымда шартты түрде

«Андронов мәдениеті» деп аталды.

Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің ӛзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егінді оратын орақ, пішенді шабатын шалғы сияқты құралдарды ӛздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.

Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бергі ӛткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан кӛп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін (б.з.б. XVIII-XVI ғасырлар) және орта кезеңін (б.з.б. XV-X ғасырлар) түгелдей қамтиды.

Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. X- VIIIғасыр- лар) Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік тӛңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жеріне қарай аталған. Дәндіба Беғазы мәдениеті Атасу ӛзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған кӛптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3, кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің, тұрпаты ерекше бәйттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі

бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.

Беғазы мәдениеті дәуірінде дерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Бұл патриархаттық-рулық қоғамның кӛрнекті мүшелерінің қабырлары. Тағы малдарды, жануарларды
қолға үйрету кӛшпелілер қоғамы дамуының заңды кезеңі.

Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усь-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын кӛрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай, қарабидай, тары егілген.

Қола дәуірінде адам қоғамының ӛндіргіш күштерінің дамуына мал ӛсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды ӛндіру, тас пен сүйекті пайдалану аса маңызды роль атқарған. Оған Қазақстан жеріндегі мыстың, қалайының және алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс жайларын анықтау мақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Солардың нәтижесі кӛрсеткеніндей, әдетте қоныс ӛзендердің жағасында, жайылымы мол мүйісте, кӛлдің маңына орналасқан. Қоныстар 6-10 үйден 20 үйден тұрды. Ӛзен жағасында олар бір немесе екі қатар болып тізілген. Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алаң-қотан қалдырылған. Тұрғын үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге дейін жеткен.

Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың ӛмірге керекті және үй тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал шаруашылығы адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, сонымен қатар киім-кешекпен және аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың жүнін түтіп, оны иіріп киім етіп қию үшін жаңадан ұршық және қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Бұлар бірнеше қазбалардан табылды. Мұның ӛзі сол тұста қазақ даласындағы үлкен жетістік еді. Адамдар малдың терісін ӛңдеп, үстіне тон, басына тымақ, аяғына киім етіп киетін болды. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен тоқылды.

Қоныстарды мекендеушілерге керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың кӛбі әйелдер екен. Күйдірген балшықтан ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп ӛрнек салын- ған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дӛңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды.

Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі қарулар найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, шот. Кейбір жауынгелердің қанжарлары болған.


Қоғамда азық-түліктің кӛбеюіне байланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бӛлісін туғызды, басқалардан ӛз алдына бақташылар бӛлініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз ӛзгерістер болады. Ӛңделіп егілген жерлердің кӛлемі ӛседі. Бұл ӛзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен бӛлінуді туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады.

Патриархаттық отбасылық қауымның бірнеше сатыдан ӛткенін айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың тӛрт- бес ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге ӛмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс- мекен осындай бірнеше үйлерден құралатын еді.

Отбасылық қауым отбасылық-ӛндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында ӛндіріс құрал-жабдықтары мен ӛндірілген ӛнім ортақ меншікке айналды.
Сабақтың тақырыбы: Адам эволюциясының ғажайып фактілері.

Мақсаты: Адам ағзасындағы мүшелер жүйесінің ерекше фактілерінен мысалдар келтіру, себептерін білуге ұмтылу;

Бҧлшық ет және қозғалыс туралы таңғажайып фактілер


Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі бӛлігіне дейінгі мӛлшерді құрайды.

Орташа алғанда ерлерде әйелдерге қарағанда дене салмағының бұлшықеттер салмағына қатынасы артық болады.

Ең үлкен бұлшық ет бӛксе бұлшық еті, ол жүру, жүгіру және секіру кезінде аяқты артқа қарай, ал денені алдыға қарай итеру қызметін атқарады.

Ең кіші бұлшық ет – құлақтың түпкі жағында орналасқан кӛлемі «1» санының мӛлшеріндей үзеңгі бұлшық ет.


Есінеу туралы


Адам біршама уақыт тыныштықта болса және үстіртін ғана тыныс алған болса, организмге кӛбірек оттег қажет болатындықтан, есіней бастайды. Есінеу қосымша терең тыныс алуды тудырады.

Есінеу кезінде миға қан барып, жақ пен беттің бұлшық еттері қимылдап, адамды сергітеді.

Кей адамдар есінеген кезде ауыздарын ӛте үлкен ашады, сондықтан қатты есінегенде олардың жақтары жылжиды да, ауыздарын жаба алмай қалады.

Ӛкпе және тыныс алу туралы таңғажайып фактілер


Біз демалғанда немесе ұйықтағанда, тек 3-4 секундта бір рет тыныс аламыз.

Дене жүктемесі шамадан тыс болғанда тыныс алу секундына бір ретке дейін жиілейді.

Терең тыныстағанда ӛкпеге 2-3 литр ауа барады.

Қалыпты тыныс алғанда бір минут ішінде ӛкпе 10 литрдей ауаны, ал қатты тыныс алғанда 150 литрден астам ауаны айдайды.

Демді сыртқа қаншалықты мӛлшерде шығарғанымызға қарамастан, ӛкпеміз де жарты литрдей ауа қалады.

Тыныс алуды тежеп ұстағаннан кейін, адамның терең тыныс алуына оттегінің жетіспеушілігі емес, қанда еріген кӛмірқышқыл газының жетіспеушілігі мәжбүр етеді.

Сезімдер жайлы тамаша мәліметтер


Тілдің дәм сезу бүртіктері негізгі тӛрт дәм – тәтті, тұзды, қышқыл және ащыны ғана ажыратады.

Керісінше, мұрын 10 000-нан астам алуан түрлі иісті ажыратады.

Тамақтану кезінде тіл дәмдерді ажыратқанда, мұрын да ауыздың артқы жағынан мұрын қуысына келген иісті сезеді.

Біздің тамақтың дәмді дейтініміз – тек дәмдер ғана емес, түрлі иістерді сезіну.

Ми туралы таңғажайып мәліметтер


Кәдімгі рентген суретінде дененің жұмсақ бӛліктерін нашар кӛрсетеді, сондықтан одан мидың бӛліктерін кӛре алмайсың.

Рентгенге түсірілген суреттен кӛрінетін зат рентгендік-контрастілік бояғыш деп аталады; оны қантамырларының ішін және мидың айналасындағысын кӛру үшін қанға енгізуге болады. Осындай жолмен миға қан құйылу (инсульт) кезінде болатын қан тамырларының бітелуін табуға болады.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216