Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

Мҧғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі:
1. «Биология және салауаттылық негіздері»ғылыми-педагогикалық журнал-2014

2.«География, биология,экология орта мектепте»әдістемелік журналы-2013 3.Л.З.Тель, Е.Д.Деленов. Валеология 7-9 сыныптарға арналған оқулық.- Астана,2003

  1. Е.А. Резанова, И.П.Антонова «Анатомия, физиология и гигиена человека с основами медицинской экологии» Москва

  2. Денсаулық энциклопедиясы.Алматы «Балалар әдебиеті»,баспасы-2007 6.З.Ж.Асқарова.Биология .8-сыныпқа арналған оқулық.-Алматы: «Мектеп

»баспасы,2004

Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі: 1.Л.З.Тель,Е.Д.Деленов. Валеология 7-9 сыныптарға арналған оқулық.- Астана,2003

2. Е.А.Резанова.И.П.Антонова «Анатомия,физиология и гигиена человека с основами медицинской экологии» Москва

3.Денсаулық энциклопедиясы.Алматы «Балалар әдебиеті»,баспасы-2007 4.З.Ж.Асқарова.Биология .8-сыныпқа арналған оқулық.-Алматы: «Мектеп

»баспасы,2004

Тақырыбы: Ғасыр дерті (конференция сабақ)


Сабақтың мақсаты: Адамзат ӛміріне қауіп тӛндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты ӛмір салтын қалыптастыру. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.

Кӛрнекіліктері: сызбалар, плакаттар, баяндамалар, суреттер, нұсқаулық- кітапшалар, нақыл сӛздер.

Мұғалім: Қош келдіңіздер, бүгінгі конференцияға жиналған қауым! Сіз бен біз бүгін 8-сынып оқушыларының арасында ӛткелі отырған

«Ғасыр дерті» атты конференцияға жиналып отырмыз. Бұл конференцияның мақсаты – темекі, арақ, нашақорлық, СПИД туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды осы зиянды әдеттерден қорғау, қарсы күресе білуге шақыру. Ендігі сӛз кезегі сынып оқушыларында.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Осы конференцияға шақырылған қонақтармен таныстырып ӛтейін:

  1. Мектеп мейірбикесі: Молдағалиева Жаналық.

  2. Мектеп директорының тәрбие ісі жӛніндегі орынбасары:Абдрахманова Роза

  3. Биология пәнінің мұғалімдері: Темірханова Гулбану

  4. Мектебіміздің психологы: Талғатова Ансағаным

  5. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері: Жумалиев Наухан

  6. Жасӛспірімдер ісі жӛніндегі ішкі істер бӛлімінің қызметкері: Хайруллина Альфия

2-жүргізуші: Осы отырыста ӛз ойларыңызды, сіздерді толғандырып жүрген мәселелерді толық шешуге, қиналған сұрақтарыңызға қатысып отырған қонақтарымыздан жауап алуға болады.

1-жүргізуші: Алдымен «Ғасыр дерті» деген не, соған тоқталып ӛтейік. Оқушылардан қандай жауап болар екен.

Дұрыс айтасыздар! Ғасыр дерті дегеніміз қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен қанат жайып, ушығып тұрған арақ, темекі, есірткі, СПИД мәселелері. Ендеше алдыңғы кезекте темекінің зиянына тоқталайық.

2-жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында

«Жалпы адамдар неліктен ӛз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға тӛзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан.

І бӛлім: Темекі


1-жүргізуші: Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және ӛкпе, рак
ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97%ӛкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні ӛкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мӛлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына ӛкпесіне 1 литр қара май жинайды.

2-жүргізуші: Ӛкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың ӛлімі 20% . Қатерлі ісік ауруынан болатын ӛлім 30%, ӛкпе рагы 90% темекі зардабынан болады.

1-жүргізуші: Баяндама : «Шылымның адам ӛміріне зияны» Айгерім: Бұл отырған шылымқор, сорады кеп шылымды ол, Қанша айтсаң да алмайды, «тартпа» деген тіліңді.

Қой десең де қоймайды, кӛк түтінге тоймайды, Сора-сора уыты ӛн бойына жайлайды.

Кірпік әсте қақпайды, жӛтел қысып жатпайды, Шылымсыз тек жүрмейді, жоқ боп қалса тілдейді, Бірақ оның зиянын білсе-дағы білмейді.

2-жүргізуші: Бұл тыңдағандарыңыз шылым шегудің зияны туралы әннің бір шумағы. Бүгінгі әңгімеміз осы қоғамдық құбылыс туралы болмақ. Темекі шегу сәнге берілу ме, әдет пе, әлде ауру ма? Сол туралы болмақ. Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-ӛрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу жараспаған. Ал кісі ӛліміне апаратын жаман әдет қайдан келген? Ол туралы бізге сыныбымыздың тарихшысы айтып береді.

Тарихшы (Айгерім): Темекі адамға ерте кезден бастап белгілі болған, оны діни ғұрыптарға пайдаланған. Еуропалықтардың шылым шегуге қатысты тарихы былайша басталған. Христофор Колумбтың әйгілі

«Пинта» кемесінің матросы Родриго Грианна «Алда жер кӛрінеді» деп айғай салады. Олар бейтаныс құрлыққа келгенде Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның шығыс жағалауы деп ойлады. Осы жерде жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа сыйлықтармен қатар «Ретум» деген шӛптің кептірілген жапырақтарын ұсынады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап шегеді екен. Еуропалықтарға темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері мен балалары да темекі шеккен. Колумбтың матростары достастық белгісі ретінде «ӛмір түтігін, яғни темекіні шеккен».


Биолог (Аслан): Темекі алқатұқымдас класына жатады. Бұл тұқымдастың 62 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Австралия мен Полинезияда ӛседі. Қазақстанда темекінің үш түрі ӛседі. Ол бір жылдық шӛп, гүлдері түтікше тәріздес насекомдар арқылы және ӛздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп ӛседі. Дәні қауашақ ішінде орналасқан ұсақ тұқымды, 1 грамында 10 мың тұқым болады. Құрамында никотин және басқа да улы алкалоидтар бар. Темекінің жабайы түрі ӛсетін жерлерде оның жапырағын жеген малдар уланып, қырылып қалады. Мәдени және дәрілік ӛсімдік ретінде тараған темекі 120 елде ӛсіріледі. Дүниежүзінің ӛндіріс орындары бір жылда 6 млн тонна ӛнім шығарады. Ал Қазақстанда жылына 9 мың тонна темекі ӛсіріледі. Одан жылына 12,6 млрд темекі экспортқа шығарылады, 3 млрд темекі басқа елден алынады.

Мұғалім: Оқушының берген осы ақпаратына биолог мамандардың алып- қосары бар маекен? Қысқаша шолу жасап ӛтсеңіздер.

1-жүргізуші: Адам үнемі білуге құмарланып тұрады. Осыған байланысты араларыңызда ӛмірінде бір рет болса да темекі тартып кӛргендерге сұрақ қояйық. Бірінші рет тартқанда қандй күйде болдыңыз, осыдан кейін тағы да тартқыңыз келеді ме, жаман әдетті неге тастап кетпедіңіз? Темекі шегу әдетке айналады. Бұл сұраққа жауапты дәрігер ретінде зерттеу жүргізген Мирасбектен алсақ.

Дәрігер (Бақыт): Темекі түтігіндегі құрамды бӛліктер қанға сіңеді. Екі- үш минуттан соң ми клеткаларына жетеді де, уақытша белсенділігі артады. Бұдан шылымқор ӛзін уақытша жақсы сезініп, тыныштанғандай болады. Бір жыл ішінде ол адам шылымқор болады. Аяқ астынан темекіні тастаған адамның басы ауырып, еңсесі түсіп, ашушаң күй кешеді.

Мұғалім: Оқушының осы жауабына дәрігер мамандар не дейді екен?

2-жүргізуші: Мен мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге адамдар темекі шегеді? Бұл туралы сыныбымыздың социологы не ақпарат берер екен, соны тыңдайық.

Социолог (Жасұлан): Зерттеулер бойынша шылымқорлар темекіні тастағысы келсе де, олардың 80 пайызы ӛздігінен қоя алмайды екен.

«Ағзамыз темекіге үйреніп қалған, денсаулығымызға зияны жоқ, керісінше тыныштандыруға кӛмектеседі, стресс жағдайынан арылуға себебін тигізеді» деп ойлайды. «Барлығы темекінің зияны туралы біледі, тбірақ
темекі шегуді неге тоқатпайсыз?» деген сұраққа

«Шаршағанымызды басады, күш беретін сияқты, шекпесем ӛзімді жайсыз сезінемін» деп жауап береді. Осы ақпарат туралы мектеп психологының пікірін білсек.

1-жүргізуші: Біздің ағзамызға темекі шегу қауіпті ме? Осы сұраққа жауап беру үшін химик ретінде зерттеу жүргізген Раушангүлге сӛз береміз.

Химик (Шынар): Темекіні сорғанда оның ұшында температура 60-900 – қа жетеді. Осы кезде құрғақ айдау үдерісі арқылы 60-қа жуық зиян түзіледі. Оның 12-сі улы. Темекіні ақырын тартқанда 20 пайыз никотин, жылдам тартқанда 40 пайыз никотин болады. Никотин ағзаға 21-23 секунд ішінде сіңеді. Адамдар үшін никотиннің 2-3 тамшысы ӛлімге әкеп соғады. Темекі тартқан адам 30 жыл ішінде 1 кг дейін никотин тартады. Темекі түтінінде никотиннен басқа да улы заттар бар. Олар: аммиак, иіс газы, синиль қышқылы, мышьяк, висмут, 20 жыл ішінде ӛкпеде 6 кг қақ түзіледі. Тек 5 пайызы ған фильтрде тұрады.

Мұғалім: Оқушының осы ақпаратына Жаналық Жолдауқызы сіздің қосар пікіріңіз бар ма?

2-жүргізуші: Енді біз әйелдер арасындағы темекі шегушілік туралы әңгіме қозғасақ. Бұған дейін біздің қазақ қыздары, әйелдері темекі шекпеген ғой. Сіздерден сұрайтынымыз: қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар? Әйел ағзасына темекі қалай әсер етеді? Бұл туралы сынып дәрігерінен сұрасақ.

Дәрігер (Айсана): Әйелдер ағзасына темекі ерлерге қарағанда кӛп зиян әкеледі. Егер әйел жүкті кезде шылым шексе жатырдағы балаға әсер етеді, бала ӛлі тууы мүмкін. Шылымқор әйелдердің 42 пайызы бала сүю бақытынан айырылады. Олардың балалары аурушаң, әлсіз болады. Шылымқор әйелдердің 30 пайызы инфаркт ауруымен ауырады. Олардың терілері сұрланып, тістері мен саусақтары сарғайып кетеді.

1-жүргізуші: Темекі шегуді қалай қоюға болатынын дәрігерден сұрайық. Дәрігер (Айымгул): Темекіні қоюдың әр түрлі әдістері бар. Темекіні бірден қойып кетуге немесе бірте-бірте күнделікті тартатын темекі санын азайта отырып қоюға болады. Сол сияқты дәрігерлер психотерапия, ине қою, гипноз арқылы да темекіні қойғыза алады. Бұл әдеттен арылудың негізгі жолы шылым шегушінің ниетіне байланысты. 2-жүргізуші: Жасӛспірімдер біреу-міреу байқап қалмау үшін темекіні жасырынып, асығыс терең тартады. Темекінің зардабын ӛкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216