Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
рата білгендігін атап кӛрсеткен. Адам еңбек ету нәтижесінде ғана жоғары сатыға кӛтерілген. Адам мен еңбек бірінен – бірі бӛлінбейді. Еңбек адамды хайуанаттар әлемінен бӛліп алып жоғары кӛтереді, оның дене және рухани жағынан ӛсуіне мүмкіндік туғызады‖, - деп маңызды тұжырым жасаған,

Сабақтың тақырыбы: Адам нәсілдері. Нәсілшілдікті және әлеуметтік дарвинизмді сынау.


Мақсаты: Адам нәсілдерінің түрлерімен таныстыра отырып, нәсілдердің теңдігі туралы түсінік қалыптастыру;

Адамның тарихи даму кезеңдерінде биологиялық факторлармен бірге әлеуметтік факторлардың да әсері болады Оған еңбек етуге үйрену,

қоғамдасып тіршілік ету жағдайы және еңбек ету сипаты ерекше әсер етті. Жер бетінде қазіргі кезде ӛмір сүріп жатқан адамдардың бәрі де бір ғана түрге жатады. Оны биологиялық жүйелеуде саналы адам (Homo sapiens) деп айрықша құрметті атаумен атайды. Бұл атаудан адамның басқа организімдерден ақыл – ой, сана арқылы ажыратылантыны айқын байқалады. Әрбір жеке адамның ӛсіп дамуы, биологиялық заңлылықтар бойынша жүріп жатады. Барлық адамдардың жалпы дене құрылысы мен ақыл – ойының дамуы бір – біріне ӛте ұқсас. Қазіргі адамдар – дың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайына байланысты морфоллгиялық айырмашылық белгілері қалыптасқан. Мұндай белгілер бірте –бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын ӛзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым қуалайтын ӛзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье нәсілдер (1684 ж) деп атады. Адамдардың тек сыртқы түр келбетінде ғана бір –бірінен айырмашылықтар бар. Ондай айырмашылық белгілерге терісінің, шашының, кӛзінің түсі, мұрыны мен ерінінің пішіні, т. б. жаталы. Жер бетіндегі адамдардың осындай сыртқы айырмашылықтарына сәйкес, негізінен, үш ірі нәсілге бӛледі.

Нәсілдер–негроидтік (қара түстілер), еуропеоидік (ақ түстілер) және монголоидтік (қоңырқай түстілер) деп аталады. Әрбір ірі нәсілдің ӛзі кӛптеген ұсақ нәсілдерге бӛлінеді.

Негроидтік нәсілдердің шаштары бұйра әрі қара түсті, терісінің түсі де қара, сақал –мұрты баяу ӛседі. Мұрны жалпақ, бет пішін сопақша, кӛздері үлкен, еріндерінің қалындығы айқын байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен, Африкада ӛмір сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да таралған.

Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез ӛседі, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде ӛмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықта ӛмір сүреді.


Монголоидтік нәсілдердің де ӛзіне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал –мұрты баяу ӛседі. Кӛбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішініде де жалпақ, кӛзлері қысықтау, еріндерінің қалыңдығы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда ӛмір сүреді. Бұл негізгі үш нәсілден ғалымдар Солтүстік Америкадағы үндістер мен аустралиялықтарды ӛз алдына жеке нәсілдер деп бӛледі. Үндістердің сыртқы түрі ӛздеріне тән қыр мұрынды, сопақ бетті, ұзын шашты болып келеді. Ал аустралиялықтардың терісі қара түсті, шашы толқын пішінді, сақал –мұрты қалың ӛседі. Аустралиялықтар тісінің құрылысы, қан құрамы, саусақ бедерлері жағынан монголоидік нәсілдерге ұқсас болып келеді. Нәсілдердің шығу тегі туралы ғалымдар арасында қарама-қарсы

тұжырымдар бар. Кейбір ғалымдар жер бетіндегі нәсілдер бір ғана жерде пайда болып, кейіннен басқа аймақтарға таралған деген пікірді қостайды. Оны моноцентризмдіктұжырымдеп атайдй. Ол гректің бір және латынның орталық, деген сӛздерінен алынып, «бір орталықтан шыққан», деген ұғымды білдіреді. Нәсілдердің пайда болуы туралы келесі тұжырым- полицентризм (грекше-кӛп) деп аталады. Ол тұжырым бойынша нәсілдер әрбір аймақта ӛз алдына жекелей пайда болған деп түсіндіреді. Кӛпшілік ғалымдар қазіргі кезде моноцентризм тұжырымын қолдайды. Қазақстандық ғалым Әділ Ахметов ӛзінің кӛп жылдық ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде, қазақ халқы мен Солтүстік Америкадағы үндістер арасындағы туыстық белгілердің бар екендігін атап кӛрсетті. Нәсілдердің шығу тегі, туыстық жақындықтарын, тарихи қалыптасуын және олардың сыртқы орта жағдайларының, әсеріне бейімделуін нәсілтану
ғылымы зерттейді. Кейбір кер тартпа ғалымдар әр түрлі пиғылдағы нәсілшілдік пікірлерді уағыздайды. Олар кейбір нәсілдерді басқа нәсілдерден жоғары қойып, ақыл-ойы жоғары дамыған, қабілетті, дарынды деп дәріптейді. Енді бір нәсілдерді қабілетсіз, дарынсыз, тӛмен дәрежелідеп кемсітеді. Мұндай пікірлер нәсілдер арасында алауыздық тудырып нәсілдерді бір-біріне қарсы қояды. Кейбір нәсілшіл ғалымдар кей нәсілдерді биологиялық тұрғыдан сапасыз леп кемсітелі, осындай дәлелсіз пікірлер арқылы нәсілдердің шыққан тегінің бір екендігін қасақана бұрмалап түсіндіреді.Соңғы кездегі нәсілдердің қан құрамы зерттеген ғалымдар барлық нәсілдердің қан құрамының бірдей екенін дәлелдеп берді.

Кейбір нәсілшіл ғалымдар табиғатта болатын табиғи сұрыпталу, тіршілік үшін күрес заңдылықтары адамзат қоғамында да болады деп уағыздайды. Ондай ғалымдар Ч. Дарвиннің табиғатта болатын заңдылықтар туралы пікірін қоғамда да қатысы деп арнайы бұрмалап түсіндіруге тырысады. Мұндай теріс пиғылдағы теория ғылымда әлеуметтік дарвинизмтеориясы деп аталады. Әлеуметтік дарвинистер адамның бойында ата тегінен алған туа пайда болған қатыгездік, жауыздық, мейірімсіздік басым белгілер болады деп түсіндіреді.
Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдар туралы

Мақсаты: Қосымша ақпарат кӛздерін пайдаланып, қазбадан табылған еңбек құралдары туралы мағлұматтар жинау, үлгісімен танысу; Адам ақыл-ойының еңбек арқылы дамығанына кӛз жеткізу;

Лабораториялық жҧмыс: Қазбадан табылған адамның еңбек құралдары үлгісімен танысу



Неолит кезеңінен артефакттер.



Тӛменгі палеолит рубиласы Адамзат тарихы ӛзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ-ұзақ кезендерге бӛлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі болып үш кезеңге

бӛлінеді.

Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын кӛтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның ӛзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкӛріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар кӛне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит). Адам қоғамындағы кӛне, орта және соңғы тас дәуірі.


Алғашқы адам тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі ӛндіргіш күштердің ӛте тӛмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын ӛнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар ӛздігінен ӛсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың ӛзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бӛлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді.

Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен. Ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын ӛмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см/3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептәуір кӛлемді де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты ӛткір болып, кесу үшін пайдаланылған.

Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі- Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс ӛзені жағасындағы Кіші Қаратау жлтасының солтүстік-шығыс бӛлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады. Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сӛндірмей ұстай білген. Олар аңдарды аулаумен, тамақ болатын ӛсімдіктерді

жинаумен шұғылданған. Орталық Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда осы маңда орналасқан ежелгі адамдар еңбекке тас құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі дӛңгелек құралдар жасап, қажеттеріне жарата білген.

Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар кӛп жерде алдымен отбасының қамқаоршысы, бала ӛсіруші ана тӛңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның ӛзі аналық-матриархаттық дәуір деп аталды.

Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы XII-V және V-III мың жылдықтардың арасын қамиды (мезолит- орта тас дәуірі, неолит-соңғы тас дәуірі). Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесінің құрамы ӛзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны кӛбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216