Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

Материалдар жинақтау



Тақырыбы: Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта ӛрлеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар

Мақсаты: Эволюциялық кӛзқарастардың дамуы мен креационистер мен преформистердің талас тартыстары туралы мәлімет беру.

Сабақтың барысы: Қызығушылығын ояту


«Эволюция» фильм кӛрсетіп, ӛз ойларын сҧрау Сабақтың ӛтілу барысы:

  1. Кӛне дүниедегі табиғаттың даму туралы эволюциялық идеялар (Гераклит, Эмпедокл, Демокрит, Лукреций) Аристотельдің биологиялық мұрасы. Аристотель – зоолог.

  2. Орта ғасыр және қайта ӛрлеу дәуіріндегі биологиялық ойлар 18-19 ғ бірінші жартысында эволюциялық кӛзқарастардың дамуы. Креационизм мен трансформизмнің, преформизммен эпигенездің талас тартыстары

Ертедегі Грецияда жаратылыс ғылымдарының дамуы мен кӛне философия тарихы бір-бірімен байланысты. Біздің эрамызға дейінгі V – ІІ ғасырда гректің алғашқы философ-материалистері, бір жағынан философ, ал, екінші жағынан, олар табиғаттағы әртүрлі құбылыстарды түсінгісі келген тұңғыш жаратылыс зерттеушілер болды. Олардың кӛзқарастары, тозығы жеткен алғашқы қауымдық қоғам құрылысының орнына жаңа

қоғамдық құрылыс – құл иелену қоғамы орнап, қоғамдық қатыстар түбегейлі ӛзгерген дәуірде қалыптасты.

Ғылым ежелгі гректің діни сенім сарындарына негізделген ескі дүние ұғымдарымен тартыста пайда болды. Табиғаттағы тіршілікті қарапайым бақылаулармен діни жорамалдар қисынды ұштасып, ондағы барлық құбылыстары әрқилы құдайдың ақылды әрекетерінің нәтижесі деп түсіндірілді. Адамның ӛмірі құдайдың қолында, оның және оны қоршап тұрған дүниенің тағдыры, ол бастан-ақ шешілген деп саналады.

Осы сияқты фантазиялық сенімдерге алғышқы философ- материалистер ӛздерінің стихиялы-диаклектикалық бейнедегі кӛзқарастарын қарсы қойды. Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат қозғалыста, ӛзгерісте болады деп қарады. Олардың бәрі жаңадан пайда болады және жойылады, сондай-ақ біреуінен екіншісі дамып, жаңа зат пайда болады. Дүниені құдайлар жаратқан жоқ, ол хаостан пайда болып, содан бері ондағы заттар үнемі қозғалыста болып келеді. От, ауа, су және жер – осы тӛрт стихиядан дүниедегі барлық зат құралған деп таниды. Ежелгі грек философтарының ұғымынша осы стихияның әрқайсысы материяның белгілі қалпын бейнелейді. Мысалы, жер стихия ол қатты субстанция, су – сұйық, ал ауа – газ тәрізді деп ойлаған. От ӛзінің құрылысына қарай ауаға қарағанда материяға
едәуір нәзік бейне береді. Бұл стихия ӛзгеріп бір-біріне ауысып отырады.

Сӛйтіп, ежелгі грек философтарында табиғат тұтас, ондағы барлық заттар, барлық құбылыстар бір-бірімен байланысты деп тұжырымдаған.

Жаратылыстанудағы метафизикалық дәуір


Табиғат жайында метафизикалық кӛзқарастың дамуы. Римнің құл иеленуіші империясында үкіммен құлдарын аса ауыр еңбегінің арқасында ұсталып тұрді. Біздің эраның басында мажуси (пұтқа табыну) дінінің орнын христиан діні басты. Бастапқы кезде бұл дінді езілген еріксіз адамдар – құлдар қабылдады. Ол дәуірде дін заңнан тыс тұратын. Діни адамдар ақыретте жұмақтың тӛріне шығып рахат кӛреміз деген сеніммен ӛлімге бас бұрды, қатал азаптарға да кӛнді. Құлдықтағы, бақыттың дәмін татпаған адамдар, осы күнәкәр Жерде дін үшін ӛкінішті азапқа кӛніп, кейін жұмақта мәңгі ӛмір сүреміз деп дәмеленді. Бұл жаңа діннің психологиясы осындай еді. Ӛзінің бостандығы және тұрмысы үшін күресте құлдардың басын қосып топтастырудың орнына, дін олардың жігерін қайтарып, амалсыз, тағдырға кӛнуді талап етті. Шынында, бұл жаңа дін құл иеленуішілерге тиімді болып жер бетінде олардың правосын қорғап оны баянды етті. Таңданарлықсыз-ақ, кейінірек христиан діні Римде ресми дінге айналды.

410 жылы Рим империясы құлаған жылдары христиан дініне еркін құлшылық ету тәртібі енді, бұл шіркеу беделін одан әрі кӛтеріп, оның мемлекеттік ролін күшейтеді. Кейінірек бұған Европада монах ордерінің шығуы себеп болды. Салынып жатқан монастырьлар діннің орталығына айналып, оған кӛп халық ағылып келіп жатты. Оларды бұған тартқан бір жағынан діни сенім болса, ал екінші жағынан жеке адамдардың қара

басының экономикалық мүддесі болды. Кедейлердің монастырьға тартқан ақыреттің рахатына сену, ал байлар үшін монастырьларға арқа сүйей отырып ӛздерінің байлықтарын сақтау, сонымен бірге шіркеудің қоғамдық тұрмысқа тигізіп отырған ықпалын пайдаланып ӛздерінің үстемдігін баянды ету болды.

Діни адамдар мен дворяндардың әл-ауқаты кедей шаруаларына қанаумен байланысты болды, сондықтан бұлардың арасында қайшылықтар бірте-бірте күшейе түсіп, Х ғасырдан ХІІ ғасырдың аяғына дейін шіркеу ӛкімет билігін ӛз қолына алу үшін күресті күшейтіп отырды.

Бұл жағдайдан шығу жолы – крест жорықтар болды. Қылышпен жарақатталған, католик шіркеуінің кресін таққан сері жауынгерлер баю үшін Шығысқа аттанды. Кӛптеген қан тӛгіліп, мыңдаған кінәсыз
қаза тапты. Мектепте табиғаттану сабақтарына тыйым салынды, бүкіл пән аласталынды. Табиғатқа табынудың орынан аруаққа табыну, кереметке сену уағыздалды, ғылымның орнына схоластика және діни кітаптары мадақталды.

ХІІ – ХІІІ ғасырларда қол ӛнері мен сауда дамып, қалалар пайда болуымен байланысты, Орта ғасырда қоғамдық тұрмысқа елеулі ӛзгерістер енеді. Ірі қалаларының орталығында (Париж, Рим, Лиссабон т.б.) тұңғыш университеттер ұйымдастырылды. Ол алғашқы университеттердің құрлысын кӛре аламыз. Онда тӛрт факультет: 1) діни, 2) заң, 3) медицина және 4) (ерікті ӛнер» (философияның) факультеттері болды. Мұның алдыңғы екеуі шіркеу мен дворяндардың мүддесін қорғайтын адамдарды дайындауға тиіс болды. Сонымен қатар медицина мен «ерікті ӛнер» факультеті католик шіркеуінің идеология саласындағы ықпалының үстемдігіне күшті қатер туғызды. Сондықтан шіркеу ӛзінің беделін сақтап қалу үшін басқаша әдістер қолдана бастайды. ХІІІ ғасырда католик шіркеуі инквизиция деген ат беріп, ерекше діни құрды, оның алдында «дінсіздер» мен күресу міндеті қойылады.

«Әулиинквизиция бес ғасыр билік жүргізеді. Осы кезде тек бір Испанияда ғана 35 мыңдай адам ӛртеліп, 300 мыңдай адамға азап жазалары беріледі. Испан инквизициясының бұйрығы бойынша жазылған соңғы от 1826 жылы ғана сӛнді. Сондықтан университеттердің бастапқы дәуірлерінде жаратылыс саласындағы айқын ойлар қиыншылықпен әрең жол тауып отырғандықтан таңырқауға болмайды.

Энгельс «Табиғат диалектикасы» деген еңбегінде бүкіл жаңа тарих сияқты қазіргі табиғаттағы зерттеудің басы қайта ӛркендеу дәуірін ХV ғасырдың орта кезінен басталады деп кӛрсетеді. Осы кезде король ӛкіметі, қала халқына сүйеніп дворяндық феодалды әлсіретті. Ірі монархия құрды, бұдан осы кездегі Европа мемлекеттері және осы кездегі буржуазиялық қоғамы дамып шықты.

Сауда капиталының және сауданың дамуы жаңа рынок, жаңа сауда объектілерін қажет етеді. Әсіресе, Шығыста адам айтқысыз байлықтарымен ертегілі Индия қызықтырды. ХV ғасырда Индия құрлық (Афанасий Никиитин) және теңіз жолы (Васко да Гама) ашылды. Осы

ғасырдың аяғында Индияға жаңа жол іздеп жүріп Христофор Колумб Антил аралын ашады. Соның артынан Америго Веспуччи Оңтүстік Американың жағалауларын зерттейді. 1519 – 1522 жылдары Фернан Магеллан саяхат жасап тұңғыш рет жер шарын айналып шығады. ХVІ ғасырда жер жүзінің картасын дұрыс жасау жұмысы қатты қолға алынады, ең ақырында 1770 – 1771 жылдары Джеймс Куктің саяхаты кезінде, сол кезге дейінгі белгісіз болып келген жер шарының бір бӛлігі – Австралияның нұсқасы анықтала бастайды. Сӛйтіп жер шарының қазіргі картасы жасалады.

Бекіту сҧрақтары:


Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?











Қосымша материал жинақтау
Тақырыбы: Ч. Дарвин ілімінің пайда болуының алғы шарттары Мақсаты: Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары туралы мәлімет беру.

Сабақтың барысы: Қызығушылығын ояту


Ч. Дарвин ілімінің пайда болуы туралы не білеміз

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?









Лекцияның жоспары және қысқаша мазмҧны:


1. Ч.Дарвинің ӛмірбаяны және еңбектері. Ч.Дарвинің эволюция теориясының негізгі қағидалары және теорияның бағалануы.Ч. Дарвинің эволюциялық ілімінң биологияның ілгері ӛрлеп дамуына жасаған ықпалы.

Ч.Р.Дарвин дәрігер отбасында дүниеге келген. 1831 жылы натуралист ретінде «Бигль» кемесімен 5 – ші жазғы экспедициясына қатысты. Экспедицияның басты мақсаты – Оңтүстік Американың топографиялық суреттері еді. Экспедиция Чили, Галапагос, Таити аралдарынан Жаңа Зеландия, Тасмания мен Оңтүстік Америкадан ӛтті. Галапагосс аралдарында сол жерлердің флорасы мен фаунасының материктігіне ұқсастығы Дарвиннің назарын аударды. Осы мысал түрлердің ӛзгере алатындығын дәлелдеді. Англияға қайтқаннан кейін Дарвин кӛгершіндер мен басқада үй жануарлардың сұрыпталуымен айналысты.

Одан соң ол Т.Мальтустың шығармаларын зерттеген. Дарвин сол шығармалардағы ойларды тірі табиғатқа пайдаланды. Оның тұжырымы бойынша жануарлардың жоғары репродуктивтік потенциалына қарамастан табиғи популяциялардың саны тұрақты болады. Түрлердің ӛзара бәсекелестік, күреске шыдамды, бейімделгіш түр ғана кӛп ұрпақ қалдыра алады. 1858 жылы тура сондай тұжырымға А.Р.Уоллес те келді. Бұны Ч.Лайельдің жұмыстары дәлелді. Ол прогрессивті ӛзгерістердің полеонтологиялық материалдарда болатынын кӛрсетті. Дарвин мен Уоллес Лондондағы Линнеевтік отырысқа докладпен шықты. Ал 1859
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216