Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


Компьютерлік томографтар және магниттік-резонанстық сканерлер (129-бетті қараңыз) ми қарыншалары деп аталатын сұйықтыққа толы қуыстарды да кӛрсете отырып, мидың кӛрінісін дәл нақтылықпен береді.

Позитрондық эмиссиондық томограф мидың түрлі бӛліктері қуатты қалай тез қолданатынын, осылайша кӛп «ойлайтынын» кӛрсетеді.

Әрекетшіл ми туралы таңғажайып фактілер


Орташа алғанда ми 1,4 кг салмақты құрайды және бастың жоғарғы жағын алып жатады.

Ерлердің миы әйелдерге қарағанда кӛбірек, ӛйткені ерлер әйелдерден ірілеу болып келеді.

Дегенмен дене мӛлшерімен салыстырғанда, әйелдің миы ерлерге қарағанда сәл артығырақ.

Бас сүйектегі миды үш жұқа жарғақша – ми қабықтары қоршаған. Олар жұлын сұйықтығын қамтиды. Ми ӛзін соққылар мен шайқалудан сақтайтын осы сұйықтықта қалқып жүреді.

Тері, шаш және тырнақ


Әдетте бастағы шаш аптасына 3,5 мм-ге ұзарады.

Орта есеппен алғанда, адамның басында 100 000-нан 120 000-ға дейін шаш болады.

Бүкіл денеде саны 20 миллионға дейін жететін ӛзге де түктер болады.

Әрбір кірпік 1-2 ай ғана ӛмір сүреді де, түсіп қалады, сонан кейін ол фолликулдан жаңа кірпік ӛсіп шығады.

Әдетте тырнақ аптасына 2,5 мм-ге ӛседі.

Кӛбірек қимылдайтын қолдың тырнақтары жылдамырақ ӛседі. Егер сіз солақай болсаңыз, сол қолыңыздың тырнақтары оң қолдікіне қарағанда тез ӛседі.

Тырнақтар қыс мезгіліне қарағанда, жазда тез ӛседі. Қолдың тырнақтары аяқтың тырнақтарынан жылдам ӛседі Сҥйектер туралы таңғажайып фактілер

Біздің денеміздің кӛп бӛліктерінің үштен бірі судан тұрады, ал сүйектер тек бестен бір бӛлігін ғана құрайды.

Бас сүйекте 22 сүйек бар, оның 14-і бет және 8-і бас ми сүйегі. Ең ұсақ сүйектер – құлақтағы ұсақ үш сүйек.

Ең ұзын сүйек – бүкіл дененің тӛрттен бір бӛлігін құрайтын сан сүйегі.

Ең жалпақ сүйек – жамбас сүйек.

Кӛптеген адамдарда 12 жұп қабырға бар, тек 500 адамның бірінде ғана 11 немесе 13 жұп қабырға болады.

Күніне бір қорап темекі шегетін адам жылына жарты кесе шайыр ішкен адаммен пара-пар.

    • Адам - барлық жаратылыс ішіндегі түзу сызық сыза алатын жалғыз сүтқоректі.

    • Адамның ӛмір бойы ӛсірген шашы шамамен 725 шақырым болады.

    • Сары шаштылардың сақалы қарашаштыларға қарағанда тез

ӛседі.


  • Күлген адамның 17 бұлшықеті жұмыс жасайды.

  • Адам ӛкпесінің жалпы ауданы 100 шаршы метр.

  • Адам ДНҚ-сындашамамен 80 000 ген болады.

  • Адам баласы әрбір саусағын ӛмір бойында 25 миллион рет

бүгеді.

    • Адам жүрегінің кӛлемі ӛзінің жұдырығындай болады. Ересектердің жүрегінің салмағы шамамен 220—260 грамм болады.

    • Адам ағзасында бар-жоғы 4 минерал болады: апатит, арагонит, кальцит және кристобалит.

    • Адам миының тәулігіне шығарған электр импульстері, әлемдегі барлық телефондардың шығаратын импульстерінен асып түседі.

    • Адам бойында ӛмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы 2 келі болады.

    • Адам миында әрбір секунд сайын 100 000 реакция ӛтеді.

    • Адам туылғанда тізесіндегі кесесі болмайды (чашка), ол 2-6 жас аралығында пайда болады.

    • Адамның ӛкпесінің жалпы ауданы, теннис алаңының ауданы мен шамалас.

    • Кеңістік пен уақытты қабылдай алмау синдромы, ресми тҥрде "Алиса ғажайыптар әлемінде" (Алиса в стране чудес) аталады.

    • Адамның ас ішегінің ұзындығы тірі кезінде 2,5 метр болса, жантапсырғанда 6 метрге ұзарады.

    • Адамның оң жақ ӛкпесіне сыятын ауа, сол жақ ӛкпеге сыятын ауадан біршама кӛп.

    • Ересек адам күніне 23 000 рет тыныс алады.

    • Адамның кӛзі 10 000 000 түсті ажырата алады.


Сабақтың тақырыбы: Экологияның адам ағзасына әсері.

Мақсаты:


Жер бетіндегі, жалпы ӛмірдегі қоғамның ең құнды, маңызды тіршілік иесі – адам екендігіне тоқталу. Адам денсаулығын қорғау мәселелері.

Жергілікті жердегі ірі ӛндіріс орындарының адам денсаулығына тигізетін зияны және зиянды болдырмау жолдарын ұсыну.

Ӛзектілігі:


Ӛмірді жалғастырушы да, дамытушы да адам болғандықтан адамның ӛмірі мен денсаулығы қазіргі таңда ең маңызды ӛзекті мәселелердің бірі.

Біздің ӛмір сүріп отырған қоғамымызда саналылығымен ерекшеленіп, ӛмір сүру қабілеті арқылы дараланып, қоғамды алға қарай ӛркендетіп, ұрпақ жалғастығын дамытып отырған тіршілік иесі – адамның пайда болуы ең құдіретті және маңызды мәселенің бірі. Адамның ерекше қасиеттері арқылы оны танып білeге болады. Адам – еңбегі мен қызметі арқылы танылып, алдымен ӛзіне сонан соң қоғамға пайда әкеледі. Жоғарыда айтқандай қоғамды білімі мен шеберлігінің арқасында дамытып, ғылым мен техниканы, ӛндірісті алға ӛркендеткен сайын экологияның нашарлауы жаһандық проблема болып отыр. Адам мен табиғат ӛте тығыз байланыста болғандықтан экологияның адам ағзасына әсері күшті екендігі белгілі.

Адамның басты байлығы – денсаулығы. Дені сау адамның қол жеткізер биіктері де кӛп болады. Әр ӛңірдің ӛндіріс кӛздері мен орналасу жеріне сай түрлі экологиялық мәселелер бар. «Жақсы ізгі қоғам құру үшін ең алдымен сол қоғам мүшелерінің денсаулығынан бастау керек» дейді ғалымдар

Адам жер жүзіндегі ең құнды, маңызды тіршілік иесі. Себебі, осы ӛмірді жалғастырушы, дамытушы және болашақтың иесі де адам болып табылады. Дегенмен, адам, қоғам, табиғат және олардың ӛзара байланысын қанша зерттесе де таусылмайтын құпияға толы ғажап дүние.

Жер бетіндегі ӛзге тіршілік иелерінен яғни, жан – жануарлардан айырмашылығы саналылығымен ерекшеленіп, сӛйлеу және ойлау қабілеті арқылы қалаған ісімен айналыса алатындығында. Мен, ӛзімнің ғылыми зерттеуімді қоғамның ең құнды бӛлігі адам туралы және қазіргі кездегі адам денсаулығын қорғау мәселелеріне тоқталғым келеді.

Ағылшын ғылымы Чарльз Дарвин «Адам маймылдан пайда болды» десе, кейбір елдердің кӛне жазбаларында адам ғарыштың бір бӛлігі

делінген. Қандай пікір айтылып зерттелсе де бір кездері адам пайда болып
, даму мен жетілудің нәтижесінде қоғамның, табиғаттың ажырамас бір бӛлігіне айналғаны рас.

Адам жалғыз ӛмір сүре алмайды. Адамды адам ететін – қоғам. Әр адамның ӛзінің айналысатын жұмысы, сенетін нәрселері, ұлтына сай тәрбиесі, мәдениеті, салт – дәстүрі секілді ӛзгеге ұқсамайтын айырмашылығы

Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша тұлға, сонша ӛмір, сонша тағдыр бар. Қазақ тілінде тіршілік деген сӛз бар. Яғни, барлық тіршілік иесі тіршілік етеді, демек ӛмір сүруді білдіреді. Бұл дегеніміз еңбек ету, бір пайдалы іспен шұғылдану, мағыналы ӛмір сүру және ӛзінен кейін ұрпақ қалдыру. Маған белгілі болғандай адамның ӛмірі тұтастай қызметпен ӛтеді. Ал адам қызмет ету үшін және жасаған еңбегінен нәтиже болсын десе, алдымен денсаулығы мықты болғаны жӛн.

Адам - қоғамның ең маңызды бӛлігі болғандықтан, оның денсаулығын қорғау да қоғамдағы ең негізгі мәселелердің бірі болып танылады.

Қалалардағы фабрика-зауыттардыңқасында жеке үйлер салынып, халық ӛмір сүруде. Бұл фабрика, шахталар алдымен табиғатқа, сонан соң адам денсаулығына зиян әкелетіні сӛзсіз. Толассыз шыққан түтін де ауаны ластап жатыр.

Сонымен қатар, дүние жүзінде жалпы таза су тапшыболып отыр. Су

  • тіршілік кӛзі. Сусыз ӛмір жоқ. Бірақ, осы біздің ішіп, қолданып отырған суымыздың денсаулығымызға әкелетін зияны бар ма, осыны ойланып кӛрсек. Кейбір дамыған елдерде халық тұтынатын су арнайы тазартылып барып, содан соң беріледі екен.

Деректерге сүйенсек, адамдардың тістерінің ерте түрлі ауруларға шалдығуы, судың әсерінен бүйрек ауруларының жоғары кӛп екендігін айта кету керек.

Жоғарыда айтылған дәлелдемелер негізінде табиғатты және адам денсаулығын сақтау, қорғау мақсатында тӛмендегідей ұсыныстар бар:

Табиғатты қадірлеу, есепсіз жер байлығын шашпау керек, бәрінің белгілі бір ӛлшемі бар екендігін ұмытпау қажет.

Адам жақсылыққа жаны жақын болып, денсаулығын сақтау мақсатында салауатты ӛмір сүруді міндет ету.

Ӛндірістен қалдық заттардың ауаға таралмау үшін будақтаған түтін шығаратын пештерге тазартқыш фильтрлерді орналастыру.

Сонымен қатар, халық тұтынатын су да тазартылып фильтр арқылы берілсе.

Ақпарат тарату кӛздері арқылы халық денсаулығына келетін зиянды
шынайы біліп отыру.

Таңғы ас алдында бір шай қасық табиғи бал, бір шай қасық қара зере майын араластырып пайдалану адам ағзасын жақсартуға септігін тигізеді.

Сабағымызды Шәкәрім Құдайбердіұлының мына даналық сӛзімен түйіндеймін.

«Балам!

Сен бола кӛр аққа жақ Болам десең Адам.

Адал еңбек берер бақ Бассаң соған қадам!!!»

Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216