Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам



Экология (9 сынып)


Оқушылар білуі тиіс.

  1. Экология ғылымының теориялық негіздері, зерттеу объектілері, қалыптасу кезеңдері.

  2. Географиялық қабық және қоршаған ортаға тигізетін адамның іс-әрекеті.

  3. Биосферадағы ӛзгерістер және оның тұрақтылығын сақтау.

  4. Биоценоздар мен экожүйелердегі ӛзгерістер, олардың себептері.

  5. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар.

  6. Ауа, су, жер ресурстарының ластану кӛздері мен ластағыш заттары.

  7. Қазақстандағы апат аймақтары, олардың зардаптары мен қазіргі жағдайы.

  8. Табиғат қорғаудың экологиялық зардаптары.

  9. Қорықтар және ерекше қорғалатын аумақтар, олардың мәні.

  10. Экологиялық проблемаларды шешу мүмкіндіктері мен жолдары.

  11. Табиғаттағы болып жатқан ӛзгерістерді экологиялық тұрғыдан түсіндіре білу.

  12. Экожүйелердің жарамсыздану себептерін анықтау және зардаптарын болжау.

  13. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарына талдау жасап, олардың зардаптарын жою

шараларына қатысу.

  1. Экология және табиғат қорғау мәселелерін ұштастыра білу.

  2. Қорықтар ісін жандандыруға ат салысу.

  3. Жергілікті жердің экологиялық проблемаларын анықтап, қоғамдық пікір туғызып, оларды шешу.

  4. Жергілікті жердегі ауа, су, азық-түлік құрамына қарапайым экологиялық сараптама жасай білу.

  5. Лабораториялық жағдайда ластағыштарды анықтаудың экспресс әдістерін меңгеру.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


    1. Ә.Бейсенова, Ж.Шілдебаев Бағдарламалар "Экология" 5-11 сыныптар Алматы «Мектеп» 2005

    2. Ә.Бейсенова, Ж.Шілдебаев "Экология" 9 сынып оқулық Алматы

«Мектеп» 2005

    1. Ұ.Б.Асқарова "Экология және қоршаған ортаны қорғау" Оқу құралы

Алматы 2007

    1. Е.Ағелеуов, К.Дӛненбаева және т.б. Ботаника Алматы «Санат» 1998.

    2. К.Ә.Дәуітбаева Омыртқасыздар зоологиясы ІІ том, Алматы 2005.

    3. Қ.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов Омыртқалылар зоологиясы І том, Алматы 2007.

    4. Қ.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов Омыртқалылар зоологиясы ІІ том, Алматы 2007.

    5. Қызыл кітап беттерінен Алматы 2005.

    6. Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова «Қызықты биология» Алматы 2006.

    7. Л.А.Байдолова, Қ.Б.Болатова "Омыртқасыздар зоологиясының практикумы" Орал, 2005.

    8. Чудеса природы Алматы кітап баспасы, 2008.

    9. Е.А.Криксунов, В.В.Пасечник "Экология" 9 класс, Учебное- методическое пособие Москва Издательский дом "Дрофа" 1998

Сабақтар ҥлгілері


Экология-9 сынып

Тақырыбы: "Проблемалар және дилеммалар" (карточкалық ойын)

Мақсаты:


  1. Оқушыларға экологиялық проблемалар туралы түсінік бере отырып, шешу жолдарын табуға бағыт-бағдар беру.

  2. Оқушылардың ойлау қабілеті мен сӛйлеу мәнерін дамыта отырып, ӛз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

  3. Экологиялық білім мен мәдениетке тәрбиелеу

Сабақтың тҥрі: Ойын

Сабақтың әдісі: Карточкалық ойын

Кӛрнекілігі: Презентация, карточкалар, DVD диск және т.б.

Сабақтың барысы: Ҧйымдастыру бӛлімі


Сынып оқушыларын 5 оқушыдан тұратын 5 топқа бӛліп отырғызу. Әр топтан 1 оқушы келіп карточка таңдайды. Сол карточканың негізгі проблемасын әр топ ӛз бетінше оқып танысады, соңындағы жауаптың біреуін таңдап, сол жауапқа ӛз ойларын қоса отырып жеткізеді. Оған арнайы уақыт беріледі.

Оқушыларға берілетін карточкалардың бағыттары:

Ауа топырақ ӛнеркәсіп


біздің ғаламшарымыз болашақта

денсаулық және қоршаған орта

Ауа - ӛзіңізді қоршаған ортаны қорғау министрі деп есептеңіз. Сіздің алдыңызда ауаның ластану деңгейін тӛмендету міндеті тұр.
Сіздің кеңесшілеріңіз бен сарапшылар бұл мәселені шешудің бірнеше ықтимал жолдарын ұсынады. Олардың қайсысын Сіз анағұрлым тиімді деп есептейсіз?

  1. Оларды пайдаланудың анағұрлым жоғары тиімділігіне қол жеткізу, сұранысты азайту және оның салдары ретінде ластайтын заттардың қалдықтарын және олармен ауаның ластануын тӛмендету мақсатында энергия тасымалдағыштар мен электр энергиясының бағасын кӛтеру.

  2. Олардың жұмысы қоршаған ортаны қатты ластандыруға әкеп соғатын ескірген ӛндірістік кәсіпорындарды және тиімділігі аз ауа фильтрлері бар ӛндірістерді жабу.

  3. Шекті рұқсат берілетін ластайтын концентраттардың және шекті рұқсат берілетін қалдықтардың (атап айтқанда, күкірт газы, азот оксиді және шаң тозаңдар) нормаларын заңнамалық тұрғыдан тӛмендету.

  4. Ӛнеркәсіптік кәсіпорындарда атмосфераға түсетін ластайтын заттардың қалдықтарын тӛмендетуге ықпал ететін тазалау ғимараттарын орнату.

Топырақ - адамдар су мен ауаның ластануы сияқты жер қыртысының құлдырауы мен бұзылуына алаңдауда. Тӛменде санамаланған жер қыртысы құлдырау себептерінің қайсысын Сіз осы мәселенің ӛзектілігіне қоршаған адамдардың кӛзін жеткізу үшін пайдаланар едіңіз?

  1. Агротехниканың бұзылуынан (жоғары ӛнімділікті қамтамасыз ету үшін ӛсімдіктерді ӛсіру тәсілдері кешенінен), табиғи ӛсімдікті жоюдан, мал күтімінен жер қыртысының мүжілуі.

  2. Жер қыртысының сортаңдануы.

  3. Жер қыртысының ауыр металдармен, пестицидтермен, нитраттармен ластануы.

Ӛнеркәсіп - Сіз қоршаған ортаны ластайтын зауыттың иесісіз. Жақын арада қоршаған ортаны қорғауды күшейту туралы қабылданған жергілікті заң Сізді белгілі бір дәрежеде зиянды шығарындыларды азайтуды міндеттейді. Сондықтан Сіз консультанттардан осы проблеманы зерделеуді сұрадыңыз. Зерттеулер шығарындыларды тазалау үшін қосымша құрал-жабдықты сатып алу керек екенін кӛрсетті. Бірақ оның бағасы қымбат болғандықтан, Сізге 100 жұмысшыны жұмыстан босату керек. Сіздің әрекетіңіз?

  1. Құрал-жабдықты сатып алып, жұмысшыларды жұмыстан босатасыз.

  2. Уақытты ұзартып,әзірше ештеңе ауыстырмайсыз.

  3. Жаңа құрал-жабдыққа ақша жинайсыз немесе коммерциялық несие аласыз.

  4. Басқа консультанттарды жалдап, оларға тазалаудың неғұрлым арзан жолдарын табуды ұсынасыз.

Біздің ғаламшарымыз болашақта - қоршаған ортаға қауіп-қатер тӛндіретін бірқатар жаһандық мәселелер бар. Сіздің пікіріңізше, тӛменде

келтірілген мәселелердің қайсысы ғаламшарымыздың келешегі үшін нақты қауіп тӛндіреді?

  1. Климаттың жаһандық ӛзгеруі.

  2. Биоәртүрліліктің азаюы (ӛсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жойылып кетуі).

  3. Табиғи қорларды ұтымсыз және шамадан тыс пайдалану.

  4. Судың, ауаның және топырақтың ластануы.

Денсаулық және қоршаған орта - қоршаған орта біздің денсаулығымызға ықпал ететіні сӛзсіз. Сіздің пікіріңізше, қандай факторлар адамдардың денсаулығына елеулі ықпал етеді?

  1. Судың сапасы.

  2. Тамақтың сапасы.

  3. Ауаның сапасы.

Оқушылардың пікірлерін тыңдап, бағалайтын сарапшылар тағайындалады.

Олар: 1. Жергілікті тҧрғын


    1. Жастар тарапынан

    2. Бизнес (ӛндіріс саласы)

    3. Қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша.

Оқушы пікірлерін тыңдай отырып бағалайды. Бағалау нормалары тӛмендегідей.

Жасыл тҥс-ӛте жақсы пікіріңізге толық келісемін. Орындауға атсалысыңыз.

Кӛк тҥс-жауап нақты емес әлі толықтыру қажет. Егер толықтырылса қолдаймын.

Қызыл тҥс-ең негізгі мәселелер айтылмай қалды, жауап мардымсыз.

Бұл нұсқаны қолдамаймын.

Экология – 9 класс №11 сабақ барысы Тақырыбы: «Арал экологиясы»


Мақсаты: Оқушылардың Арал экологиясы жайындағы пікірін, кӛзқарасымен танысу және сӛйлеу шеберлігін байқап, ораторлық қасиеттерін анықтап, жетілдіру. Табиғат байлығын ұқыпты жұмсап, қымбат қазынаны қадірлеуге, қорғауға жанашырлық сезімдерін тереңдете түсу арқылы ой-ӛрісін дамыту.

Экологиялық мәдениеттілікке, табиғатты сүюге, қастерлеуге, қорғауға баулу

және экологиялық тәрбие беру.

Кӛрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы, буклет, Аралды жоқтау (видео касета)

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес Сабақтың түрі: Дебат сабақ

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бӛлімі

Мұғалім сӛзі: Сәлеметсіздерме оқушылар, біз ӛткен сабағымызда

«Арал теңізінің экологиясы» тақырыбын бастаған болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда тақырыпты әрі қарай жалғастырамыз. Арал теңізі қазіргі

таңда бүкіл әлемдік проблемаға айналып отыр, осы ретте біздер ӛз ой- пікірімізді, жанайқайымызды жеткізетін сәт бүгін түсіп тұрғандай. Олай болса бүгінгі дебат сабағымызда мынадай мәселелерге кӛңіл бӛлеміз. Соңғы уақыттарда табиғатымыздың ӛңі ӛзгеріп, экологиялық дағдарыстар кӛбеюде.

Бұл дебат сабағымызға қатысушыларды айтып ӛтетін болсам: Спикер-1 оқушы, Правительство (үкімет) – 3 оқушы, Опозиция (даттаушы)

– 3 оқушы, және қалған оқушылар парламент мүшелері. Сонымен қазір ӛз ойларын ортаға салғалы отырған 2 топтың мүшелері дұрыс, жүйелі, нақты дәлелдер айтып оны жоққа шығара алуы тиіс.

Сӛз кезегін спикерге беремін.

Спикер сӛзі: Сәлеметсіздерме Құрметті парламент мүшелері, қатысушы топтар бүгінгі Арал теңізінің экологиясы тақырыбындағы дебат сабағымызға қош келдіңіздер.

Дебаттың шарты: Ойынға екі топ қатысады. Топ мынадай мүшелерден тұрады:

  1. Жақтаушы топ басшысы - Тӛлегенова Назым сӛйлеу уақыты – 6 минут.

  2. 1-ші мүше Мусаралиева Райхан сӛйлеу уақыты – 5 минут.

  3. 2-ші мүше Жоламанова Айдана сӛйлеу уақыты 4 минут. Даттаушы топ басшысы – Кусесова Айгерім сӛйлеу уақыты – 6 мин. 1-ші мүше Ниетқалиева Жадыра сӛйлеу уақыты – 5 мин. 2-ші мүше Ермеков Ербол сӛйлеу уақыты 4 минут. Белгілі бір мәселені талқылаған кезде екі топтың бірі даттаса, бірі жақтауы тиіс. Әр топ ӛз кӛзқарасын дұрыс, жүйелі, нақты дәлелдеуі тиіс және дәлелді жоққа шығаруы керек.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216