Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
және денсаулыққа теріс әсер ететін мутациялық ӛзгерістерді болдырмауда ғана.

Табиғи сұрыпталу адамда негізінен ұрықтық клетка деңгейінде болады. Балалар негізінен генетикалық тұрғыдан дені сау клеткалардан туады. Мұның дәлелін ата-аналардың жыныстық клеткаларының ірі генетекалық бұзылысқа ұшырауы салдарынан кӛп жағдайда ұрықтанған тұқым клеткалары даму басталған алғашқы кезде-ақ ӛліп кететін фактілерінен кӛруге болады.

Адамның әлеуметтік бейнесінің ӛзгеруімен бірге оның биологиялық табиғатыда, сырт кейпі де, ақыл-ой қабілетіде ӛзгере ме? Денесі мен ақыл- ойы жағынан адамның жаңа ұрпағы бұрынғыларынан гӛрі дамығандай болама?- деген сұрақтар тууы мүмкін.

Алдымен дене құрылысы жағынан алып қарасақ, Homo sapiens түрінің даму тарихы барысында оның дене құрылымы мен денсаулығы айтарлықтай жақсарғаны анық: халықтың орташа ӛмір жасы ӛсті. Ертедегі дүние азаматтың орташа жасы 20-22жыл болған болса, XVIII ғасырда 30 жасқа дейін ӛсті. XIX ғасырдың аяғымен XX ғ. Басына қарай Батыс Еуропа елдерінде ортша жас шамамен 56 жылға жеткен болса, бүгін таңда 75-78 жасқа жетіп отыр. Ал социологиялық және медицинлық зерттеулерге

қарағанда, қазіргі адамның «қалыпты» орташа жасы 80-90 жыл болуы тиіс екен.

Тағы бір мысал. Социологиялық зерттеулерге сүйенсек, XX ғ. 50-60 жылдары ӛскен жастардың бойы 30-40 жылдарда ӛскен жастардың бойынан, орташа алғанда, 6-8 см. Ұзын, ал 80-90 жылдардағы жастардың бойы одан бұрынғы 60-70 жылдардағы жастардың бойынан 5-7 см-дей ұзын кӛрінеді. Бұл, әрине, ең алдымен әлеуметтік тұрмыс жағдайымен жақсаруының алдары деуге болады.

Сонымен бірге ойлаудың басты органы болып табылатын мидың эволюциясын растайтын мәлеметтер де бүгінгі таңда жоқ. Мидың эволюциясының тоқтағанын тікелей негіздейтін дәлел болмағанымен, бірақ Homo sapiensпайда болғаннан бергі 30-40 мың жыл ішінде оның мӛлшері ӛзгермей келе жатқаны жанама дәлел бола алады, ал оғандейінгі адам тектес маймылдардың эволюциясы кезінде олардың миы үнемі дамып, ӛсіп отырған болатын. Мысалы: австралопитектің миының мӛлшері 500-600 см3 болған болса, питекантроптың миы 900см3, синантроптардың миы 1000 см3 –ге дейін болады. Ал қазіргі адам миының орташа мӛлшері ересектерде-1400см
3, әйелдерде-1270см3. Сонымен қатар адамның жеке басының дарындылығы оның миының мӛлшеріне тікелей тәуелді бола бермейді.

Сонымен антропогенез процесінің дамуы адам түрінің қалыптасуының аяқталуымен тоқтайды. Ал ол бұдан 30-40 мың жылдай бұрын болған. Сол уақыттан бастап адам эволюциясының шешуші факторы ретінде топтық сұрыпталудың әсері де тоқтайды. Осы кезден бастап эволюция әлеуметтік ӛмірмен байланысты іске асып, адамның болашағы мәдиниеттің деңгеіне тәуелді бола бастады. Эволюцияың негізін адамның ақыл-ойы және саналы іс-әрекеті құрады. Сондай-ақ адам мен қоғамның пайда болуына байланысты генетикалық информация адамның ӛмірінде жетекші маңызынан айырылып, оның орнына әлеуметтік инфомация келгенін атап айту қажет.

Сабақтың тақырыбы: Адамның табиғаттағы орны

Мақсаты: Адамның табиғаттағы орны, қазіргі кездегі табиғатқа әсері туралы мағлұмат беру.

Адам баласы ӛзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы, ӛнеркәсіптің ӛркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті. Орманды жерлердің ӛртелуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азаюы (тіпті жойылуы) адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. Бір кезде "табиғатты таусылмайтын қазына" деп есептеп, "табиғаттың бермесін тартып алу" деген теріс кӛзқарастардың әсерінен табиғат талан- таражға түсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жүргізген іс- әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бұзылды. Бұл казіргі кезде адамның ӛз тіршілігіне де зор қауіп тӛндіріп отыр.

Әрбір халықтың табиғатқа деген қарым- қатынасы, жанашырлық сезімі тарихи дәуірлерде қалыптасады. Қазақ халқы ұлан байтақ даланы ғасырлар бойы мал шаруашылығына дұрыс пайдалана білді. Әрбір түліктің ӛзіне тән ӛрісін де тандай біліп, жазда жайлауға, қыста қыстауға, т.б. орын ауыстырып тұруы табиғатқа деген қамқорлығының құнды кӛрінісі. Халқымыз кең байтақ жайылымдарды жыл мезгілдеріне сай дұрыс әрі тиімді пайдалана білген. Халқымыздың асыл азаматы Міржақып Дулатұлы 1910 жылы жазған мақаласында тӛрт түлік малдың халық ӛміріндегі алатын орнын ерекше атап
кӛрсеткен.

"Мал оның күнкӛріс кӛзі. Оның барлық мүддесі мал тӛңірегінде, игілікті ӛмірге қолын жеткізетін иен дәулеті де осы мал байлығы... Табиғаттың кейбір заңдылығын бақыламай, білмей отыра алмайды", — деген ойлары ӛте орынды айтылған. Бір кезде халқымыздың кӛзінің карашығындай корғап келген жайылымдарының казіргі тағдыры мүлде сын кӛтермейді.

1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игеру деген жаңсақ ұранмен миллиондаған гектар жайылымдар босқа жыртылды. Ондай жерлерде алдын ала ғылыми зерттеулер жүргізілмеді және әрбір аймақтың жергілікті табиғи жағдайлары ескерілмеді.

Ғалымдардың деректері бойынша Қазакстанда 180 млн га мал жайылымының 30 млн га алқабы мал тұяғынан тозаңы шықты, 50 млн га жер су тапшылығынан жарамсыз күйге ұшырады. Бірнеше жылдың ішінде еліміздің солтүстік аймақтарындағы шұрайлы жерлер эрозияға (желдің әсерінен) ұшырап, не егін егуге, не мал жайылымына жарамай қалды. Мұндай мысалдарды Жер шарының басқа аймақтарынан да келтіруге болады. БҰҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, Жер шарындағы құрлықтың 30% алқабы қазіргі кезде техногендік әсерден шӛлді аймаққа айналған. Бұл кӛрсеткіш жыл сайын 6 млн г-ға ӛсіп отырғаны да белгілі.

Ӛнеркәсіптің ӛркендеуіне байланысты пайдалы қазбаларды ӛндіру кезінде жылына 100 млрд т-дан астам тау жыныстары қопарылады. Осы жер қойнауынан алынатын шикізаттың бар болғаны 10%-ы дайын заттар жасауға жұмсалады да, қалған 90%-ы жарамсыз қалдықтарға айналады.

Адамның ойланбай жасалған іс-әрекеттерінің әсерінен жануарлардың кӛптеген түрі жойылған. 1600 жылдан бастап қазіргі кезге дейін құстардың 162, сүтқоректілердің 100-ге жуық түрі біржола жойылып кеткен. Олардың кӛпшілігінің жойылуына тікелей адамдардың шектен тыс аулауы әсер еткен.

Кейде ӛсімдіктер мен жануарларды бір жерден екінші жерге алдын ала ойланбай жерсіндіру де пайдалы бола бермейді. Мысалы, Аустралия жерінде жабайы қояндардың кӛбейіп кетуі, кактустың қаптап ӛсуі ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіруде.

Қоршаған ортаның ӛнеркәсіп орындарынан, кӛліктерден, тұрмыстық ӛажетінен бӛлінген улы газдардан ірі қалалардың ауасы ластануы кең ӛріс алуда.

Соңғы кезде ауаның радиоактивті заттармен кӛптеп ластануы адамзатты кӛбірек толғандырып отыр. 1986 жылы сәуір айында болған Чернобыль экологиялық апатынан табиғатқа орны толмас орасан зор нұқсан
келді.

Арал теңізінің кӛлемі соңғы 40 жыл ішінде 60%-ға азайды. Балқаш кӛлінің кӛлемінің кемуі де жылдан-жылға айқын байқалуда.

Қазіргі кезде Қазакстанның кӛптеген ӛңірі экологиялық апатты аймақ деп аталады. Соның мысалына Семей полигонын атауға болады. Оның аумағы шамамен 18 мың км2 алқапты камтиды. Семей полигонында 1949—1989 жыл аралығында 500-ге жуық жарылыс болып, сынақтар ӛткізілген. Осындай жойқын жарылыстардан Семей ӛңірінің табиғаты да, халқы да ӛте ауыр зардап шегуде. Мұндай әр түрлі деңгейде жүргізілген сынақтар мен арнайы жарылыстар Қазақстанның 34 жерінде жүргізілгені белгілі болып отыр.

Қазақстанда атом энергиясын халық игілігі үшін пайдалану мақсатында 1963 жылдан бастап Ақтау қаласында Каспий теңізінің суын тұщыландыру қондырғысы жұмыс істейді. Ол қондырғы "БН—350" деп аталады. Онда тәулігіне 120—150 мың м3 теңіз суы тұщыландырылады.

Кӛрнекті ғалым В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша, адам қуатты геологиялық күшке айналып отыр. Ноосферадағы табиғат пен қоғам арасындағы ӛзара үйлесімділікті сақтау, биосфераны жасампаздықпен кӛркейту жер бетіндегі барлық адамдардың бірлесе отырып, жұмыла жұмыс атқаруын қажет етеді.
Сабақтың тақырыбы: Дарвин және оның адамның шығу тегі туралы кӛзқарастары

Мақсаты: Адамның шығу тегі туралы кӛзқарастармен таныса отырып, адамның жануарлар жүйесіндегі орнын, эволюциялық ерекшеліктерін кӛрсету;

Адамның жануарлар, әсіресе сүтқоректілермен құрылысының ортақ жобасы және ұйымдасуының кӛптеген белгілерінің ұқсастығы кӛп уақыттан бері адамдардың назарын аударып келеді. Адамның табиғаттағы орнын түсінуге, оның басқа организедермен ұқсастығын, ӛзгешелігін, адам типіндегі алуан түрлі белгілерінің болу себептерін түсіндіруге кӛп елдердің адамдары кӛне заманнан-ақ, мүмкін жалпы ғылыми білім пайда болға кезден бастап әрекет жасаған болар.

Адамның шығу тегі туралы алғашқы эволюциялық кӛзқарастар кӛне заман ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. XVIII-ғасырда К.Линней адамды лемур және маймылмен бірге приматтар отрядына жатқызады. Ламарк адам ағаштарға ӛрмелеуден жер бетімен жүруге кӛшкен маймыл тәрізді ата-тектерден шықты деп жорамалдайды.

Адам тарихын түсінудегі ірі оқиға Ч.Дарвиннің "Адамның шығу тегі мен жыныстық сұрыпталу" атта еңбегі болды. Ұлы ағылшын ғалымының бұл еңбегі "Түрлердің шығу тегі" атты туындысы сияқты адамның Құдай жаратылысының ӛнімі ретінде қарастыратын кӛзқарасқа қатты соққы болды. Ал Адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының заңдылықтарын одан кейінгі уақытта тарихи материализмнің негізін қалаушылар ашты.


Адамның шығу тегі мен эволюциясын, оның жануар ата-тектерінің тіршілігі қандай биологиялық заңдылықтарға тәуелді болғанын, биологиялық заңдылықтардан әлеуметтік заңдылықтарға кӛшу процесін зерттеумен жаратылыстанудың саласы – антропология (грек тілінен anthropos – адам) – айналысады. Ең алдымен адамның жануарлар дүниесінде алатын орнын қарастырайық.

2. Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі орны.

Адамның эмбриональдық дамуы кезінде Хордалылар типінің барлық ӛкілдеріне тән белгілерді кӛруге болады. Олар: хорда, ұрықтың арқа жағындағы жүйке түтігі, тамағындағы желбезек саңылаулары. Омыртқа жотасының дамуы, аяқ-қолдарының екі жұбы болуы, жүректің дененің құрсақ бӛлігінде орналасуы адамды омыртқалылар тип тармағына жатқызуға мүмкіндік берді. Тӛрт камералы жүрек, күшті дамыған ми қыртысы, жылықандылық, сүт бездері, дененің беткі жағындағы түктер, тістердің үш түрі (азу тіс, ит тіс, күрек тіс) адамның сүтқоректілер класына жататындығын кӛрсетеді.

Ұрықтың ана денесінде дамуы және оның қағанақ арқылы қоректенуі, қағанақты жануарлар класс тармағына тән. Ұстағыш типті қол- аяқтары (бірінші бармақ қалғандарына бұрыш жасап орналасқан), аяқтарындағы тырнақтар, сүт бездер емшектерінің бір жұбы, жақсы дамыған бұғана сүйектері, онтогенез процесінде сүт тістердің тұрақты тістермен алмасуы, әдетте бір ғана тӛлдің (баланың) туылуы адамның Приматтар отрядтарындағы орнын анықтайды. Аталған белгілерге қарағанда адамның ерекше жеке белгілері – омыртқа жотасындағы құйрық бӛлімінің редукциясы, аппендикстің болуы, ми сыңарларында иірімдердің кӛп болуы, қанның негізгі тӛрт тобы (А,В,О, АВ), мимикалық бұлшық еттердің дамуы және т.б. бірқатар белгілер – адамды адам тәрізді маймылдар отряд тармағына жатқызуға мүмкіндік береді. Адамның жануарлардан шығуы бірқатар қасиеттердің болуымен дәлелденеді, олар адам омыртқалалардың ұзақ эволюциялық нәтижесі екендігін кӛрсетеді. Адам ұрығында эмбриональдық даму кезеңіндегі екі камералы жүрек, желбезек доғаларының алты жұбы, құйрық артериясы – балық тәрізді ата- тектерінің белгілері дамиды. Қосмекенділерден адам саусақтар арасындағы жүзу жарғақтарын алды, бұл жарғақтар оның ұрығында ғана болады.

Жаңа туылған нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың жылу реттелуінің әлсіз болуы адамның дене температурасы тұрақсыз жануарлардан шыққандығын кӛрсетеді. Ұрықтың бас миы мезозой

эрасының тӛменгі сатыдағы сүтқоректілердікі сияқты тегіс, оның
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216