Материал: Управления образования западноказахстанской области

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
системаға құрт, құмырсқалар сияқты, микроорганизмдер дүниесі енгізілген жоқ. Оны Карл Линней «хаос» яғни ешқандай берекесі жоқ жәндіктер тобына жатқызған. Бұдан ол жай кӛзге керінбейтін осы организмдерді зерттеудің қажеті жоқ деген қорытындыға келді. Басқаша айтқанда, ол микроорганизмдерді адам түсінбейтін құпия сыры бар дүние деп танытпақшы болды. Дегенмен бұл кезде микроорганизмдер жайында дәйекті материалдар жинала берді. Сондықтан бұл кезеңді біз микробиология дамуының морфологиялық кезеңі деп атауымызға болады.

Микробиология ғылымының одан әрі дамуында орыстың кӛрнекті табиғат зерттеушісі М.М.Тереховский (1740—1796) еңбегінің зор маңызы болды. 1775 жылы Тереховский Страсбург университетінде ӛзінің

микроорганизмдер жӛніндегі еңбегін қорғады. Ол табиғатта кездесетін микробтардың шығу тегін зерттеген болатын. Тереховский ӛз зерттеуінде ең алғашқы рет эксперименттік әдісті қолданды және микроорганизмдерді адамның күнделікті тұрмысында пайдалануға мүмкіндігі барлығын дәделдеді. XVIII ғасырда микроорганизмдердін. ашылуы ғалымдар арасында тартыстар тудырды. Ғылымда бұл кезде «тіршілік ӛздігінен пайдаоладш/деген жалған үғым үстем еді. Микроорганизмдердің бірқатар ортада ӛніп-ӛсетіндігін байқаған бүл ғалымдар олардың дамуында ешқандай заңдылық жоқ және кез келген жерде ӛздігінен пайда бола береді деген болжаулар айтты. М. М.Тереховский ӛзінің италиялық досы Спаланцанимен бірлесе отырып, мұндай жалған қағиданы жоққа шығарды. Тұрып қалған тұнық суларда немесе басқа да сұйықтарда кездесетін организмдер негізінде тірі жәндіктер, ал бұл сұйықтарды 45

минут бойына қайнатып, ыдыстың аузын ауа енбейтіндей етіп жапса, онда осы сұйықтарда тірі жәндіктердің, демек микроорганизмдердің, пайда болуы байқалмайды деп кӛрсетті. Бұл жағдайда сүйықтарда жәндіктердің ӛніп-ӛсуі, ауаның сүйыққа енуінен болатынын дәлелдеді. Бірақта ол кезде Тереховский еңбегі оқымыстылар қауымына жете таныс болмағандықтан микробиологияда эксперименталды әдіс қолданылмай, бұрынғысынша, морфологиялық бағыт басым болып қала берді.

XIX ғасырдың бірінші жартысында микробиологияның дамуы баяулады десек қателескен болар едік. Оба ауруын жоюда ұзақ жылдар аянбай күрес жүргізген орыстың кӛрнекті дәрігері Д. Самойлович (1744— 1805), осы ауруды қоздырушы — кӛзге кӛрінбейтін организм деген пікір айтты. Оның бүл пікірін кейінгі зерттеушілер толық дәлелдеді. Бұл кезеңде теориялық және практикалық маңызы әлі анықталмаған жеке деректер микробиологияда басым болды, бірақ микробиология жеке ғылым болып, атаққа ие бола қоятындай дәрежеге жетпеген еді.


XIX ғасырдың екінші жартысында ӛнеркәсіптік капитализмнін, ӛрлеу барысында, ғылым мен техниканың қарқындап дамуына байланысты микробиология ғылымы едәуір табыстарға жетті. Микробиология ғылымының кӛрнекті қайраткері және осы ғылым-ның негізін қалаушы француз оқымыстысы Луи Пастер (1822— 1895) ӛзінің зерттеулерінін, нәтижесінде табиғатта және ӛнеркәсіпте кездесетін ашу процестері микроорганизмдердің әсерінен болатындығын дәлелдеді.

Луи Пастер. Микробиологияда физиологиялық бағыттың негізін қалады. Осы кезге дейін спирттік ашу процесі және түрлі органикалық қалдықтардың шіруі таза химиялық жолмен жүреді деген пікір үстем болып келді. Әсіресе бұл пікірді қолдаған атақты неміс химигі Ю.Либих еді. Л. Пастер ашу процесінің табиғатын жете зерттей отырып, бүл құбылыстың микроорганизмдер қатысымен жүретінін дәлелдеді. Осының нәтижесінде сүт қышкылды ашу, спиртті ашу процестерін қоздырушы бактерияларды тауып, оларды жекелеп бӛліп алып ӛсіреді. Бұдан әрі ашудың химиялық тео-риясын — бүл процесте оттегінің міндетті түрде қатысатыны, онсыз ашу процесінін, жүрмейтіні жайында пікір айтты.

Пастер 1861 жылы ашудың басқа түрі — май қышқылды ашу процесін тапты. Ол бұл процестің ауадағы оттегінсіз жүретіндігін анықтады. Сӛйтіп, Пастер микроорганизмдердін, екі тобының болатындығын, яғни аэробты (оттегі бар жерде тіршілік ететін) және анаэробты (оттегінсіз тірщілік ететін) топтарын ашты. Пастердің бүл жүмысының тағамдық заттарды сақтауда, түрлі ашу процестерінің технологиясын жасауда зор маңызы болды. Кӛптеген микробиологиялық әдістер де, яғни қоректік ортаны даяр- лау, оны залалсыздандыру (стерилизация) Пастердің еңбегінің арқасында ашылды.

Адамда кездесетін жүқпалы аурулардың тегін зерттей келе, Пастер оларды қоздырушы микроорганизмдер екендігін анықтады және мал мен адамды бұл аурулардан сақтандырудың жолдарын кӛрсетті. Ол — топалан және құтырма ауруларына қарсы вакциналар жасап, іс жүзінде қолдана білді. Микробиология ғылымының бұдан былай дамуында Пастердіқ осы жүмысының зор маңызы болды. Ӛзінің даңқты жүмыстарымен Пастер микробиологияны практикалық маңызы зор ғылымға айналдырды. Пастер жүмыста-рының соншалықты маңызды екендігін академик Заболотный былай сипаттаған еді: «Пастер едбегінен шаруалар топырақ құнарлылығын арттыратын микробтық процестердің құпия сырын түсіне алады; жұмысшылар — ашу процесінің мәнін аңғарады; дәрігер — медицинаның қазіргі кездегі жайымен танысады; табиғатшы (натуралист)—жұмбақ деп есептелген биологиялық мәселелердің шешуін таба алады».


Микробиология ғылымының дамуында неміс оқымыстысы Роберт Қохтың (1843—1910) еңбектерінің зор маңызы болды.Ол туберкулез (ӛкпе ауруы), холера ауруларын қоздырушы микроорганизмдерді тауып, зерттеп, олармен күресудің нақты жолдарын кӛрсетті. Сонымен қатар Роберт Қох белгілі микроорганизмдерді ӛсіру үшін жеке бӛліп алып, тығыз қоректік ортаны қолдануды ұсынған алғашқы ғалым. Бұл әдісті қолдана отырып мамандардың табиғаттағы микроорганизмдер тобынан қажетті түрік жеке бӛліп алуларына мүмкіндік туды. Орыс ғалымы Л.С.Ценковский (1822— 1887) сол кездегі эволюциялық кӛзқарасты колдаушылар-дың бірі болды. Мамандығы ботаник болса да қарапайым микрос-коптық организмдерді зерттеді. Ол тӛменгі сатыдағы балдырлар, инфузориялар, миксомицеттер, басқа да қарапайымдылардың 43-ке жуық жаңа түрін тауып, сипаттап жазды, және бүларға бактерия-лардың туыстық жағынан қатысы бар деген пікірін айтты. 1883 жылы ол сибирь жарасына қарсы вакцина жасаған болатын.

Микробиология ғылымына бұдан былай елеулі үлес қосқан отандық оқымыстылар болды. Бұл салада, әсіресе орыс оқымыстысы

И. И. Мечниковтың (1845—1916) еңбегі зор. Ол микробиологияда бірқатар жаңалықтар ашты. Соның ішінде, әсіресе иммунитет және бактериология жайындағы еңбектері ӛте бағалы. И. И. Мечников «фагоцитоз және оның иммунитеттегі ролі» туралы тыңғылықты ілім жасады. Фагоцитоз деп зиянды микробтарды жоятын организмдегі ерекше обыр клеткалардың қасиетін айтады. И. И. Мечников адам баласы қартаюыңың басты себебі

болып есеп-телетін түрлі жұқпалы ауруларды емдеуде қазір қолданылып жүр-ген дәрілерді (антибиотиктерді) алудың ғылыми теориялық не-гізі — антагонизм туралы ілім жасады. Антагонизм — тіршілік әрекеті барысында микроорганизмдердіқ бір-бірінен күресі. Сӛйтіп, И. И. Мечников организмнің ұзақ жылдар бойьша тіршілік етуге қабілеттілігі бар екенін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Ол Россияда бірінші болып Одесса қаласында бактериологиялық лаборатория ұйымдастырды.

Отандық, әсіресе советтік микробиологияны тамаша табыстарға жеткізіп, біздің елімізде денсаулық сақтау жӛніндегі барлық ма-ңызды мәселелерді шешуге бар күшін жұмсаған оқымыстылардың бірі — құрметті академик Н.Ф.Гамалея (1859—1949). Ол микробиология және бактериология саласында кӛп еңбектер жасады. Мечниковпен бірге Россияда бактериологиялық ла-бораторияны ашуға белсене қатысты, ал Мечников қайтыс болғаннан кейін оны ӛзі басқарды. Ол кӛп
жылдық еңбектерінің нәтижесінде микробтар дүниесіндегі ерекше организмдер — бактериофагтарды ашып, зерттеді. Сӛйтіп, ол соңғы жылдары елімізде зор қарқынмен дамыған вирусология ғылымының негізін қалау-шылардың бірі болды. Гамалея оба және туберкулез ауруларының кейбір мәселелерін зерттей отырып, оларды емдейтін отандық пре-параттар жасады. Ол совет микробиологтарының тамаша, кӛрнекті ғалымдарын даярлады.

Орыс оқымыстылары Д.К.Заболотный (1866—1929) мен Т.А.Тарасевич (1868—1927) оба, мерез, туберкулез тағы басқа да ауруларды зерттеудегі табыстарымен әлемге әйгілі болды. Бұл оқымыстылар елімізде зор қарқынмен дамып отырған эпидемиология ғылымының негізін қалады. Дүние жүзілік және отандық микробиология тарихында орыс оқымыстысы Д. И. Ивановскийдің (1864—1920) алатын орныерекше. Ивановекий бұдан бүрын ешкім байқамаған темекінің мозаиа және рябуха дегеы ауруларын зерттей отырып, олардың әрқайсысыӛз алдына жеке ауру екенін және бүл ауруларды қоздырушылардың ӛзі осы аурулардан бӛлек болатынын аныктады. Сӛйтіп, мӛлшері жағынан әдеттегі микроорганизмдерден бірнеше есе кіші, арнаулы бактериялық сүзгіден ӛтіп кететін вирус деп аталатын микроағза Ивановский , Д.Инизмдердің ерекше бір түрін тапты. Бұдан кейінгі ғалымдар вирустардың адам мен жануарлардың бірқатар ауруларын қоздырушы екендігін дәлелдеді. Ивановскийің вирустар жайындағы еңбегі, кӛптеген зерттеулермен толықтырылып, вирусология ғылымы деп аталды.

Ауыл шаруашылығы және техника саласындағы микробиология да айта қаларлыктай жетістіктерге жетіп, дамып келеді. Микробиологияның бүл саласына: С.Н.Виноградский, В.Л.Омелянский, С.П.Костычев, Н.Н.Худяков, В.С.Буткеевич, В.Н.Шапошников, М.В.Федоров, Н.А.Қрасильников, Е.Н.Мишустин сияқты ғалымдарымыз үлкен үлес қосты.

С.Н.Виноградский (1856— 1953) ӛз ӛмірін топырақ микроорганизмдерін зерттеуге сарп еткен орыстың кӛрнекті оқымыстыларының бірі болғандықтан, ол топырақ, микробиологиясының

негізін қалаушы деп аталады. Ӛзінің алғашқы ғылыми жүмыстарында Виноградский күкірт бактерияларын зерттеген. Мұнда ол күкірт бактериялары ӛздерінін, тіршілік барысында

С.Н.Виноградский күкірт сутегін күкірт қышқылына дейін тотықтыра алатындығын дәлелдеді. Осы реакция барысында бӛлінетін энергия ауадағы кӛмір қышқыл газын күкірт бактерияла-рының сіңіруіне кӛмектеседі. Сондықтан да бұл бактериялар органикалык қалдықтар
жоқ ортада тіршілік ете береді. Бұл құбы-лысты Виноградский хемосинтез деп атады. Кейін дәл осындай құбылысты темір бактерияларынан да анықтады. Сонымен қатар ол топырақтағы нитрификациялаушы бактериялар әсерінен органикалық қалдықтардың шіріп азот қышіқылына, ал кейіннен оның азот кышқылының тұздарына айналатындығын дәлелдеді. Микроорганизмдердің жеке тобына лайық қоректік ортаның біраз түрін ұсынған да осы Виноградский еді.

Виноградскийдің ілімін одан әрі дамытқандардың бірі — В.Л.Омелянский (1867—1928). Ол клетчатканы ыдырататын микроорганизмдерді зерттеп, бүл құбылыстың бірқатар жақтарын анықтады. Ақыр аяғында оның 1909 жылы жазған «Микробиология иегіздері» деген оқулығы тек микробиология ғана емес, басқа ғылым саласындағы оқымыстыларға әйгілі болды және бірнеше шетел тілдерге аударылды.

Микробиология тарихында орыс оқымыстысы М.С.Воронин да елеулі орын алады. Ол бұршақ тұқымдас ӛсімдіктер тамырында тіршілік ететін және тіршілігі барысында ауадағы атмосфералық азотты ӛз бойына сіңіре алатын микроорганизмдердің ерекше тобы — түйнек бактерияларын тауып, жете зерттеді. Осы кезеңде голландия оқымыстысы М.Бейерник те бұл бактерияларды зерттеген болатын. Ол бұл бактериялардың атмосфера азотын сіңіретіндігін дәлелдеп қана қоймай, сонымен бірге осы микробтарды таза, жеке күйінде бӛліп алып, арнаулы коректік ортада ӛсірді. Кейіннен ол осы бактерияларды бұршақ тұқымдас ӛсімдіктер тұқымына жұқтырып, жақсы нәтижеге ие болды. 1901 жылы Бейеринк топырақтың құнарлылығын едәуір арттыратын және топырақта бос күйінде тіршілік ететін азот бактерияларын тапты. Ал бұл бактериялардың атмосфера азотын қалай және қандай жағдайда сіңіре алатындығын С.П.Костычев жете зерттеді.

В.С.Буткеевичпен бірге ол микроскоптық саңырауқұлақтардың тіршілігі барысында түрлі органикалық қышқылдар түзетіндігін дәлелдеді. Мұның ӛзі елімізде лимон қышқылының ӛнеркәсібін салып, ӛркендетуде зор роль атқарды. С.А.Королев (1876—1932) пен А.Ф.Войткевич (1876— 1950) сүт қышқылы бактерияларының тіршілігін зерттеуде кӛп жұмыстар жүргізді. Олардың бұл еңбегі сүт тағамдарын даярлаудың технологиялық ережелеріне кӛптеген ӛзгерістер енгізді. В.Н.Шапониковтың және басқа да ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде елімізде ӛндірістік микро- организмдердің кӛмегімен сүт қышқылын, ацетонды және бутил спиртін алу
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/45216